Ырғыз ауданы — Ақтөбе облысының шығысындағы әкімшілік бөлік.
Қазақстан ауданы | |
Ырғыз ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны | 7 |
Ауыл саны | 18 |
Әкімі | Қызбергенов Нұрлан Қасымханұлы |
Аудан әкімдігінің мекенжайы | Ырғыз ауылы, ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл көшесі, №96 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 48°22′28″ с. е. 62°23′59″ ш. б. / 48.37444° с. е. 62.39972° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°22′28″ с. е. 62°23′59″ ш. б. / 48.37444° с. е. 62.39972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1928 |
Жер аумағы | 41,5 мың км² |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | 13 843 адам (2024) |
Тығыздығы | 0,3 адам/км² |
Ұлттық құрамы | қазақтар (99,75%), орыстар (0,14%), басқалары (0,11%) |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды | +7 71343 |
Пошта индексі | 030400-030413 |
Автомобиль коды | 04 |
Ырғыз ауданының әкімдігі | |
| |
|
Географиялық орны
Аудан батысында Шалқар, солтүстігінде Әйтеке би, шығысында Қостанай облысының Жангелді ауданы, оңтүстік-шығысында Ұлытау облысының Ұлытау ауданы, оңтүстігінде Қызылорда облысының Арал ауданымен шектеседі. Орталығы – Ырғыз ауылы. 1928 жылы құрылған. Жер аумағы 41,5 мың км².
Халқы
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|---|
22695 | ▼17516 | ▲18430 | ▼14944 | ▲16743 | ▼15610 | ▼14416 | ▲14898 |
Тұрғындар саны 14999 адам (2019). Ұлттық құрамы – қазақтар (99,72%), орыстар (0,17%), басқалары (0,11%).
Әкімшілік бөлінісі
Аудан жеріндегі 18 елді мекен 7 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Аманкөл ауылдық округі | Құтикөл ауылы | 3 | ▼1661 |
Жайсаңбай ауылдық округі | Жайсаңбай ауылы | 1 | ▼461 |
Құмтоғай ауылдық округі | Құмтоғай ауылы | 3 | ▼903 |
Қызылжар ауылдық округі | Құрылыс ауылы | 3 | ▼2000 |
Нұра ауылдық округі | Нұра ауылы | 4 | ▼998 |
Тәуіп ауылдық округі | Құйылыс ауылы | 1 | ▼553 |
Ырғыз ауылдық округі | Ырғыз ауылы | 3 | ▲7338 |
Ірі елді мекендері
Атауы | Статусы | Халқы (2009) |
---|---|---|
Ырғыз | ауыл | ▲ 5410 |
Құрылыс | ауыл | ▼ 1024 |
Құтикөл | ауыл | ▲ 902 |
Құйылыс | ауыл | ▼ 782 |
Аманкөл | ауыл | ▼ 706 |
Нұра | ауыл | ▼ 681 |
Шеңбертал | ауыл | ▲ 621 |
Жаныс би | ауыл | ▲ 607 |
Құмтоғай | ауыл | ▼ 595 |
Ақши | ауыл | ▼ 578 |
Жайсаңбай | ауыл | ▲ 535 |
Климаты
Аудан климаты тым континенттік, қыста Сібір антициклоны ықпалын тигізсе, жазда шөл даланың құрғақ субтропикалық ауасы кедергісіз жетеді. Орташа жылдық температура 5,3 °C. Жылдың ең ыстық айы шілдеде ауаның орташа температурасы 25 °C. Тіркелген ең жоғарғы температура 44 °C. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері- 102-183 мм. Қаңтар-ақпан айларының орташа температурасы -12-17 °C. ең төменгі температура -39-42 °C аяз.
Жер бедері
Ырғыз ауданының аумағы солтүстіктен оңтүстікте қарай еңіс келеді. Аудан жері жер бедерінің сипатына қарай геоморфологиялық тұрғыдан 2 ауданға бөлінеді. Оның біріншісі, Мұғалжар тауының сілемдері, теңіз деңгейінен 200-250 м биіктікте жатқан бұл жайпақ үстірт Ырғыз өзенінің оң жақ сағаларымен енсіз, терең алқаптарға тарамдалып, Сарыбастөбе (теңіз деңгейінен биіктігі 205 м), Мәні әулие (211,8 м), Темірастау (241,3 м), Сарысай (275,4 м), Бөкенбай шоқысы (240,3 м), Суық бет (240,5 м), Қабанқұлақ (213,1 м) биіктері бір-бірімен жалғасып Айырқызыл құмына тіреледі. Аталған сілемдер аудан аумағында 150 шақырымға созылып жатыр. Іргесінде 4–5 шақырым жерде ағып жатқан Ырғыз өзенінің теңіз деңгейінен биіктігі 130,7 метр болса, Мәні әулие жотасының биіктігі 211,8 м. Ырғыз өзенінің сол жағын жағалай орналасқан Төлебай (246,2 метр), Бесмола (225,2 метр), Бесоба (232,2 метр), Қызылқабақ (214,8 метр) биіктіктері мен жоғарыдағы аталған Ырғыз өзенінің оң жақ жағалауындағы үстірттерінің арасы бағзы заманда Ырғыз өзенінің арнасы 4-5 шақырымға жайылып ағып Шалқар теңізіне құйғанын аңғартып-ақ тұр. Екінші морфологиялық аудан Торғай-Арал маңының төрткүл жазықтығы (Торғай үстірті) ауданның шығыс бөлігін алып жатыр. Ол солтүстіктегі Нұра биіктігінен (теңіз деңгейінен 200 м) басталып, Торғай-Ырғыз өзендері аяғында және Шалқар теңіз еңісіне (небәрі 50-70 метр) дейін созылады. Үстірттің бедерінде ондаған метр биіктігі бар тік жар, кейбір жерлері су арналары мен тілімдеген төрткүл биіктер болып келеді. Қараатозған (151,5 м), Нұра (166,4 м), Құланақ (160,2 м), Ақназар (160,1 м) Айырбидайық (140,7 м), Шалқар (184 м), Ақжар (183,4 м), Жанайшоқы (190,6 м), Сұңқарқия (191,5 м), Қосбүйрек (158,8 м), Жаманай (209,5 м), Мыңсай (180,2 м), Атанбас (193,3 м) шоқылары бір-бірімен тізбектеліп, 250 шақырымға созылып жайғасқан. Үстірттің бетінде, әсіресе, Торғай, Ырғыз, Өлкейек өзендерінің аяқтарында және Арал маңының терістігінде бос сулы көп ойпаттар, сортаңдар мен тақырлар көп. Жазықтың оңтүстік бөлігі Арал маңы ойпатындағы биіктіктер 80-150 метр аралығында құбылады. Мұндағы алқаптарды көлемді құмдар алып жатыр. Солардың ішіндегі ең ірілері Айырқызыл, Нарқызыл, Жаманқұм, Тәуіп болып Аралдың Қарақұмымен жалғасады. Теңдесі жоқ табиғаттың ғажайып құбылысы – Жаманшың метеорит кратері осы Ырғыз жерінің еншісінде. Ғалымдардың болжамы бойынша мұнан 700 мың жыл бұрын осы Жаманшыңға алып метеорит түскен. Сол он мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай жарылыстан тереңдігі 700 м, диаметрі 5,5 шақырымға созылатын шұңқыр пайда болған. Жарылыс төңірегіндегі қысым жүздеген килобарға, температура бірнеше мың градусқа жеткен. Осының нәтижесінде импактит, тектит (иргизит) жыныстары пайда болған. Мұнан миллиондаған жылдар бұрынғы Ырғыз даласында алып денелі хайуанаттар өмір сүрген. Осы ғажайыпқа қызыққан орыс геологтары К.К.Матвеев пен П.М.Василевский 1912-1916 жылдары Ырғыз аймағына зерттеулер жүргізіпті. К.К.Матвеев 1912 жылы осы өңірдің Шалқар теңіз (Құрдым) аймағындағы өзеннің жер қабатынан индрикотерий (сүт қоректілердің дүние жүзінде ішінара кездесетін алыбы) сүйегін тапқан. Ғылымдағы осы ғаламат оқиға туралы сол кездегі газет-журналдардың барлығы дерлік жазыпты. Өйткені, биіктігі бес метрдей, ұзындығы сегіз метрдей, бұл алып хайуанның әлемде теңдесі жоқ болатын. 1922 жылы 1-12 маусым аралығында Петроградта өткен бірінші Бүкілроссиялық геологиялық сезінде профессор А.А.Борисяк Ырғыздан табылған осы индрокотерий фаунасын жиналғандарға мақтанышпен көрсетіпті. Осындай бір алып хайуанаттың бірі 1979 жылы Ақши аулынан табылып, Ырғыз мұражайына тапсырылған мамонттың жілігі.
Су жүйесі
Бұл өлкені батысынан Ырғыз өзені, солтүстік–шығысынан Торғай өзені орап өтеді. Ырғыз өзені басын Мұғалжар тауының жотасы - Өтеш үстіртінен алып 440 шақырым оңтүстік–шығысқа ақса, Торғай өзені басын Ұлытаудан алып 150 шақырым солтүстік–батысқа құлайды да, одан оңтүстік–батысқа кілт бұрылып, шығысқа ағады. Осы екі өзен екі жүз километрден Ырғыз жерін басып өтіп, Тәуіп даласында тоғысып, әрі қарай бір арнамен Ырғыз–Торғай болып жұптаса Шалқар теңізіне (ел аузында Құрдым деп аталады) сарқылады. 136 үлкенді–кішілі салалар көктемде бар суын Ырғызға құйып, 31 мың шаршы шақырым алқапты суландырады. Бұл өлкеде Ырғыз, Торғай өзендерінен басқа: Өлкейек, Телқара, Қарақай, Ащысай, Сарыөзек, Шоңқай, Талдысай аталатын ұзынды–қысқалы өзендер мен отыздан астам аумақты көлдер бар. Бұлардың ішінде ұзын ағатындары: Өлкейек, Қарақай, Телқара. Өлкейек – Жантай, Толыбай өзендерінің қосылған сағасынан басталып, Нұра бойындағы Қызылкөлге құятын арасы 349 шақырымға созылатын, су шығатын алқабы 3600 шаршы шақырым құрайтын сулы өзен. Қарғын кезінде аңғары кей тұста 1 шақырымнан 3,5 шақырымға жетеді. Көктемгі қар суының тасқынынан кейін суы үзілген арналар қара суларға айналады. Қарақай – Басқұдық жерінен басталып, Күшіккөлге құятын ұзындығы 146 шақырымға созылатын өзен. Көктемгі тасқында суын 3150 шаршы шақырым алқапқа жаяды. Құрғақшылық жылдары арнасы үзіліп, көп тұстары құрғап қалады. Алқабынан мол түсімді мал азығы дайындалады. Телқара ағысы 100 шақырымға созылатын, Ырғыз жерінен басталып, Торғай өзеніне құятын, 1400 шаршы шақырым су шығатын алқабы бар өзен. Кең жайылымы – алуан түрлі шөп өсетін шабындық. Ырғыз ауданының көлдері ішінде Байтақ, Қызылкөл, Бақшақкөл, Малайдар, Қармақкөл, Айыркөл, Алакөл, Жаркөл, Аманкөл, Жалаңаш көлдерін атап өтіге болады. Байтақкөлдің көлемі 47 шаршы шақырым, тереңдігі 3 метр. Көктемде Торғай өзенінен сабасын толтыратын көл. Бөгенкөл – теңіз деңгейінен 52 метр биіктікте жатқан ағынды көл. Көктемде 12,5 шаршы шақырымға шалқып, төңірегіндегі ұсақ көлдермен тұтасады. Ырғыз елінің Байтақкөлден кейінгі мақтанышы – Қызылкөл. Бұл ұзындығы 11 шақырым, ені 6,2 шақырым, жалпы ауданы 14,6 шаршы шақырым ағынсыз, тұйық көл. Жағалауын белдеулеп шоқ-шоқ қамыс өседі. Ырғыз су бассейніне 87 мың шаршы шақырым су қоры жинақталғанымен, оның біразы көктемде Шалқар теңізіне (Құрдымға) сіңеді. Құрдым табиғаттың артық су жинайтын алапат қоймасы тәрізді. Өйткені, ұзындығы 22,6 шақырым, ені 10,9 шақырым, тереңдігі 1,6 м, жалпы көлемі 30 шаршы шақырым құрайтын тұйық көлдің сабасы көктем мезгілінде де ешқашан суға толған емес.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Түр-тұқымына қарағанда ауданда өсімдіктің әр түрлісі бар. Шөп бітіктігі негізінен екі түрмен сипатталады: далалықта – дақылдық, қуаң далада – жусанды өсімдіктер. Ауданда кездесетін түрі негізінен жусанды өсімдіктер. Олардың кейбіреулері мыналар: бидайық, қамыс құрақ, қоға, шағыр, көкпек, барқын, боздық, көде (еркек), алабота, қына, жантақ, түйе жапырақ, адыраспан, киік оты, жалбыз, қурай, есекмия, өлеңшөп, саңырауқұлақ, бүлдірген, жусан, шілік, қызғалдақ, жабайы тал, шеңгел, жыңғыл, тобылғы, изен. Географиялық орналасуы мен ландшафты-климат жағдайының әртүрлілігінен аудан жерінде аң-құстың түрлері де сан алуан. Өңірде сүт қоректілердің 42, құстардың 250 және балықтың 11 түрі кездеседі. Ауданда кездесетін жануарлар: жабайы шошқа, ақбөкен, бұлан, елік, шибөрі, қасқыр, шағыл мысығы, қамыс мысығы, қарсақ, түлкі, борсық, ақкіс, сасық күзен, су егеуқұйрығы, ондатр, саршұнақ, құмқоян, орқоян, аққоян, аламан. Бұлардың ішінде шағыл мысығы мен қызыл қасқыр ҚР «Қызыл кітабына» енгізіліп, қорғауға алынған. Жабайы шошқа қамыс-құрақты қопалары бар ірі су арналарын, тоғайларды мекендейді. Тұяқтылар ішіндегі ең көп тарағаны киік. Ырғыз жерінде олар жаз айларында кездеседі, қысты үстірт жазығында, Байғанин және Шалқар аудандары өңірінде өткізеді. Қыс қатаң болса, одан әрі оңтүстікке көшеді. Өңірде құстың түрі көптеп кездеседі. Оның 35 түрі ұя салады, қалғаны жыл құстары. Құс түрлерінің көпшілігі тұрақты және кеңінен таралған. Ырғыз өңірінде мекендейтін кейбір құстар: сұрқаз, шаңқылдаққаз, от үйрек, даурықпа шүрегей, қызылтұмсық сүңгуір, барылдауық үйрек, сарыайдар үйрек, бізқұйрық үйрек, жалпақтұмсық үйрек, сұр үйрек, ысылдақ шүрегей, үлкен суқұзғын, үлкен әупілдек, қызылбас сүңгуір, алакөз сүңгуір, айдарлы сүңгуір, қасқалдақ, шіл, бөдене, көкқұтан, тауқұдірет, жылқышы, қызғыш, үлкен шалшықшы, қараторғай, айдарлы үйрек, секпілтас бейнарық, дала шілі, көк кептер, күжіркей, шаушалшық, қасқа шалшықшы, үлкен шырғалақ, кіші шырғалақ, қарақаз, көкшіл көгершін, атшакөкек. Құстардың 32 түрі сирек және жойылуға қалған санатқа жатқызылып, ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген. Олар: қызғылт бірқазан, бұйра бірқазан, кіші аққұтан, жалбағай, қарабай, қара дегелек немесе ләйлек, қоқиқаз, бидайық, реликті шағала, қара бауыр бұлдырық, балшықшы тұйғын, тұрымтай, үкі, бақалтақ қыран, сұңқылдақ аққу, кіші аққу, мәрмір шүрегей, қара тұрпан, ақбас үйрек, дуадақ, безгелдек, жорға дуадақ, аққұйрық тарғақ, тарғақ, орақ тұмсық, кіші шалшықшы, дала қыраны, қарақұс, ителгі, көкқұс. Аудан аймағында Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан.
Дереккөздер
- Ырғыз ауданы әкімдігі.
- Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2024 жылғы 1 тамызға)
- Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
- Қазақстан почталық индекстері
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары
- ҚР халық санақтары
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Yrgyz audany Aktobe oblysynyn shygysyndagy әkimshilik bolik Қazakstan audanyYrgyz audanyӘkimshiligiOblysyAktobe oblysyAudan ortalygyYrgyzAuyldyk okrugter sany7Auyl sany18ӘkimiҚyzbergenov Nurlan ҚasymhanulyAudan әkimdiginin mekenzhajyYrgyz auyly ҚR Tәuelsizdigine 20 zhyl koshesi 96Tarihy men geografiyasyKoordinattary48 22 28 s e 62 23 59 sh b 48 37444 s e 62 39972 sh b 48 37444 62 39972 G O Ya Koordinattar 48 22 28 s e 62 23 59 sh b 48 37444 s e 62 39972 sh b 48 37444 62 39972 G O Ya Қurylgan uakyty1928Zher aumagy41 5 myn km Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny13 843 adam 2024 Tygyzdygy0 3 adam km Ұlttyk kuramykazaktar 99 75 orystar 0 14 baskalary 0 11 Sandyk identifikatorlaryTelefon kody 7 71343Poshta indeksi030400 030413Avtomobil kody04Yrgyz audanynyn әkimdigiGeografiyalyk ornyAudan batysynda Shalkar soltүstiginde Әjteke bi shygysynda Қostanaj oblysynyn Zhangeldi audany ontүstik shygysynda Ұlytau oblysynyn Ұlytau audany ontүstiginde Қyzylorda oblysynyn Aral audanymen shektesedi Ortalygy Yrgyz auyly 1928 zhyly kurylgan Zher aumagy 41 5 myn km Halky1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 22695 17516 18430 14944 16743 15610 14416 14898 Turgyndar sany 14999 adam 2019 Ұlttyk kuramy kazaktar 99 72 orystar 0 17 baskalary 0 11 Әkimshilik bolinisiAudan zherindegi 18 eldi meken 7 auyldyk okrugke biriktirilgen Әkimshilik birlik Ortalygy Eldi mekenderi Halky 2021 Amankol auyldyk okrugi Қutikol auyly 3 1661Zhajsanbaj auyldyk okrugi Zhajsanbaj auyly 1 461Қumtogaj auyldyk okrugi Қumtogaj auyly 3 903Қyzylzhar auyldyk okrugi Қurylys auyly 3 2000Nura auyldyk okrugi Nura auyly 4 998Tәuip auyldyk okrugi Қujylys auyly 1 553Yrgyz auyldyk okrugi Yrgyz auyly 3 7338Iri eldi mekenderiAtauy Statusy Halky 2009 Yrgyz auyl 5410Қurylys auyl 1024Қutikol auyl 902Қujylys auyl 782Amankol auyl 706Nura auyl 681Shenbertal auyl 621Zhanys bi auyl 607Қumtogaj auyl 595Akshi auyl 578Zhajsanbaj auyl 535KlimatyAudan klimaty tym kontinenttik kysta Sibir anticiklony ykpalyn tigizse zhazda shol dalanyn kurgak subtropikalyk auasy kedergisiz zhetedi Ortasha zhyldyk temperatura 5 3 C Zhyldyn en ystyk ajy shildede auanyn ortasha temperaturasy 25 C Tirkelgen en zhogargy temperatura 44 C Zhyldyk ortasha zhauyn shashyn molsheri 102 183 mm Қantar akpan ajlarynyn ortasha temperaturasy 12 17 C en tomengi temperatura 39 42 C ayaz Zher bederiYrgyz audanynyn aumagy soltүstikten ontүstikte karaj enis keledi Audan zheri zher bederinin sipatyna karaj geomorfologiyalyk turgydan 2 audanga bolinedi Onyn birinshisi Mugalzhar tauynyn silemderi teniz dengejinen 200 250 m biiktikte zhatkan bul zhajpak үstirt Yrgyz ozeninin on zhak sagalarymen ensiz teren alkaptarga taramdalyp Sarybastobe teniz dengejinen biiktigi 205 m Mәni әulie 211 8 m Temirastau 241 3 m Sarysaj 275 4 m Bokenbaj shokysy 240 3 m Suyk bet 240 5 m Қabankulak 213 1 m biikteri bir birimen zhalgasyp Ajyrkyzyl kumyna tireledi Atalgan silemder audan aumagynda 150 shakyrymga sozylyp zhatyr Irgesinde 4 5 shakyrym zherde agyp zhatkan Yrgyz ozeninin teniz dengejinen biiktigi 130 7 metr bolsa Mәni әulie zhotasynyn biiktigi 211 8 m Yrgyz ozeninin sol zhagyn zhagalaj ornalaskan Tolebaj 246 2 metr Besmola 225 2 metr Besoba 232 2 metr Қyzylkabak 214 8 metr biiktikteri men zhogarydagy atalgan Yrgyz ozeninin on zhak zhagalauyndagy үstirtterinin arasy bagzy zamanda Yrgyz ozeninin arnasy 4 5 shakyrymga zhajylyp agyp Shalkar tenizine kujganyn angartyp ak tur Ekinshi morfologiyalyk audan Torgaj Aral manynyn tortkүl zhazyktygy Torgaj үstirti audannyn shygys boligin alyp zhatyr Ol soltүstiktegi Nura biiktiginen teniz dengejinen 200 m bastalyp Torgaj Yrgyz ozenderi ayagynda zhәne Shalkar teniz enisine nebәri 50 70 metr dejin sozylady Үstirttin bederinde ondagan metr biiktigi bar tik zhar kejbir zherleri su arnalary men tilimdegen tortkүl biikter bolyp keledi Қaraatozgan 151 5 m Nura 166 4 m Қulanak 160 2 m Aknazar 160 1 m Ajyrbidajyk 140 7 m Shalkar 184 m Akzhar 183 4 m Zhanajshoky 190 6 m Sunkarkiya 191 5 m Қosbүjrek 158 8 m Zhamanaj 209 5 m Mynsaj 180 2 m Atanbas 193 3 m shokylary bir birimen tizbektelip 250 shakyrymga sozylyp zhajgaskan Үstirttin betinde әsirese Torgaj Yrgyz Өlkejek ozenderinin ayaktarynda zhәne Aral manynyn teristiginde bos suly kop ojpattar sortandar men takyrlar kop Zhazyktyn ontүstik boligi Aral many ojpatyndagy biiktikter 80 150 metr aralygynda kubylady Mundagy alkaptardy kolemdi kumdar alyp zhatyr Solardyn ishindegi en irileri Ajyrkyzyl Narkyzyl Zhamankum Tәuip bolyp Araldyn Қarakumymen zhalgasady Tendesi zhok tabigattyn gazhajyp kubylysy Zhamanshyn meteorit krateri osy Yrgyz zherinin enshisinde Ғalymdardyn bolzhamy bojynsha munan 700 myn zhyl buryn osy Zhamanshynga alyp meteorit tүsken Sol on myndagan megatonna bombanyn kuatyndaj zharylystan terendigi 700 m diametri 5 5 shakyrymga sozylatyn shunkyr pajda bolgan Zharylys toniregindegi kysym zhүzdegen kilobarga temperatura birneshe myn graduska zhetken Osynyn nәtizhesinde impaktit tektit irgizit zhynystary pajda bolgan Munan milliondagan zhyldar buryngy Yrgyz dalasynda alyp deneli hajuanattar omir sүrgen Osy gazhajypka kyzykkan orys geologtary K K Matveev pen P M Vasilevskij 1912 1916 zhyldary Yrgyz ajmagyna zertteuler zhүrgizipti K K Matveev 1912 zhyly osy onirdin Shalkar teniz Қurdym ajmagyndagy ozennin zher kabatynan indrikoterij sүt korektilerdin dүnie zhүzinde ishinara kezdesetin alyby sүjegin tapkan Ғylymdagy osy galamat okiga turaly sol kezdegi gazet zhurnaldardyn barlygy derlik zhazypty Өjtkeni biiktigi bes metrdej uzyndygy segiz metrdej bul alyp hajuannyn әlemde tendesi zhok bolatyn 1922 zhyly 1 12 mausym aralygynda Petrogradta otken birinshi Bүkilrossiyalyk geologiyalyk sezinde professor A A Borisyak Yrgyzdan tabylgan osy indrokoterij faunasyn zhinalgandarga maktanyshpen korsetipti Osyndaj bir alyp hajuanattyn biri 1979 zhyly Akshi aulynan tabylyp Yrgyz murazhajyna tapsyrylgan mamonttyn zhiligi Su zhүjesiBul olkeni batysynan Yrgyz ozeni soltүstik shygysynan Torgaj ozeni orap otedi Yrgyz ozeni basyn Mugalzhar tauynyn zhotasy Өtesh үstirtinen alyp 440 shakyrym ontүstik shygyska aksa Torgaj ozeni basyn Ұlytaudan alyp 150 shakyrym soltүstik batyska kulajdy da odan ontүstik batyska kilt burylyp shygyska agady Osy eki ozen eki zhүz kilometrden Yrgyz zherin basyp otip Tәuip dalasynda togysyp әri karaj bir arnamen Yrgyz Torgaj bolyp zhuptasa Shalkar tenizine el auzynda Қurdym dep atalady sarkylady 136 үlkendi kishili salalar koktemde bar suyn Yrgyzga kujyp 31 myn sharshy shakyrym alkapty sulandyrady Bul olkede Yrgyz Torgaj ozenderinen baska Өlkejek Telkara Қarakaj Ashysaj Saryozek Shonkaj Taldysaj atalatyn uzyndy kyskaly ozender men otyzdan astam aumakty kolder bar Bulardyn ishinde uzyn agatyndary Өlkejek Қarakaj Telkara Өlkejek Zhantaj Tolybaj ozenderinin kosylgan sagasynan bastalyp Nura bojyndagy Қyzylkolge kuyatyn arasy 349 shakyrymga sozylatyn su shygatyn alkaby 3600 sharshy shakyrym kurajtyn suly ozen Қargyn kezinde angary kej tusta 1 shakyrymnan 3 5 shakyrymga zhetedi Koktemgi kar suynyn taskynynan kejin suy үzilgen arnalar kara sularga ajnalady Қarakaj Baskudyk zherinen bastalyp Kүshikkolge kuyatyn uzyndygy 146 shakyrymga sozylatyn ozen Koktemgi taskynda suyn 3150 sharshy shakyrym alkapka zhayady Қurgakshylyk zhyldary arnasy үzilip kop tustary kurgap kalady Alkabynan mol tүsimdi mal azygy dajyndalady Telkara agysy 100 shakyrymga sozylatyn Yrgyz zherinen bastalyp Torgaj ozenine kuyatyn 1400 sharshy shakyrym su shygatyn alkaby bar ozen Ken zhajylymy aluan tүrli shop osetin shabyndyk Yrgyz audanynyn kolderi ishinde Bajtak Қyzylkol Bakshakkol Malajdar Қarmakkol Ajyrkol Alakol Zharkol Amankol Zhalanash kolderin atap otige bolady Bajtakkoldin kolemi 47 sharshy shakyrym terendigi 3 metr Koktemde Torgaj ozeninen sabasyn toltyratyn kol Bogenkol teniz dengejinen 52 metr biiktikte zhatkan agyndy kol Koktemde 12 5 sharshy shakyrymga shalkyp toniregindegi usak koldermen tutasady Yrgyz elinin Bajtakkolden kejingi maktanyshy Қyzylkol Bul uzyndygy 11 shakyrym eni 6 2 shakyrym zhalpy audany 14 6 sharshy shakyrym agynsyz tujyk kol Zhagalauyn beldeulep shok shok kamys osedi Yrgyz su bassejnine 87 myn sharshy shakyrym su kory zhinaktalganymen onyn birazy koktemde Shalkar tenizine Қurdymga sinedi Қurdym tabigattyn artyk su zhinajtyn alapat kojmasy tәrizdi Өjtkeni uzyndygy 22 6 shakyrym eni 10 9 shakyrym terendigi 1 6 m zhalpy kolemi 30 sharshy shakyrym kurajtyn tujyk koldin sabasy koktem mezgilinde de eshkashan suga tolgan emes Өsimdigi men zhanuarlar dүniesiTүr tukymyna karaganda audanda osimdiktin әr tүrlisi bar Shop bitiktigi negizinen eki tүrmen sipattalady dalalykta dakyldyk kuan dalada zhusandy osimdikter Audanda kezdesetin tүri negizinen zhusandy osimdikter Olardyn kejbireuleri mynalar bidajyk kamys kurak koga shagyr kokpek barkyn bozdyk kode erkek alabota kyna zhantak tүje zhapyrak adyraspan kiik oty zhalbyz kuraj esekmiya olenshop sanyraukulak bүldirgen zhusan shilik kyzgaldak zhabajy tal shengel zhyngyl tobylgy izen Geografiyalyk ornalasuy men landshafty klimat zhagdajynyn әrtүrliliginen audan zherinde an kustyn tүrleri de san aluan Өnirde sүt korektilerdin 42 kustardyn 250 zhәne balyktyn 11 tүri kezdesedi Audanda kezdesetin zhanuarlar zhabajy shoshka akboken bulan elik shibori kaskyr shagyl mysygy kamys mysygy karsak tүlki borsyk akkis sasyk kүzen su egeukujrygy ondatr sarshunak kumkoyan orkoyan akkoyan alaman Bulardyn ishinde shagyl mysygy men kyzyl kaskyr ҚR Қyzyl kitabyna engizilip korgauga alyngan Zhabajy shoshka kamys kurakty kopalary bar iri su arnalaryn togajlardy mekendejdi Tuyaktylar ishindegi en kop taragany kiik Yrgyz zherinde olar zhaz ajlarynda kezdesedi kysty үstirt zhazygynda Bajganin zhәne Shalkar audandary onirinde otkizedi Қys katan bolsa odan әri ontүstikke koshedi Өnirde kustyn tүri koptep kezdesedi Onyn 35 tүri uya salady kalgany zhyl kustary Қus tүrlerinin kopshiligi turakty zhәne keninen taralgan Yrgyz onirinde mekendejtin kejbir kustar surkaz shankyldakkaz ot үjrek daurykpa shүregej kyzyltumsyk sүnguir baryldauyk үjrek saryajdar үjrek bizkujryk үjrek zhalpaktumsyk үjrek sur үjrek ysyldak shүregej үlken sukuzgyn үlken әupildek kyzylbas sүnguir alakoz sүnguir ajdarly sүnguir kaskaldak shil bodene kokkutan taukudiret zhylkyshy kyzgysh үlken shalshykshy karatorgaj ajdarly үjrek sekpiltas bejnaryk dala shili kok kepter kүzhirkej shaushalshyk kaska shalshykshy үlken shyrgalak kishi shyrgalak karakaz kokshil kogershin atshakokek Қustardyn 32 tүri sirek zhәne zhojyluga kalgan sanatka zhatkyzylyp ҚR Қyzyl kitabyna engizilgen Olar kyzgylt birkazan bujra birkazan kishi akkutan zhalbagaj karabaj kara degelek nemese lәjlek kokikaz bidajyk relikti shagala kara bauyr buldyryk balshykshy tujgyn turymtaj үki bakaltak kyran sunkyldak akku kishi akku mәrmir shүregej kara turpan akbas үjrek duadak bezgeldek zhorga duadak akkujryk targak targak orak tumsyk kishi shalshykshy dala kyrany karakus itelgi kokkus Audan ajmagynda Yrgyz Torgaj memlekettik tabigi rezervaty ornalaskan DerekkozderYrgyz audany әkimdigi Қazakstan Respublikasy halkynyn zhynysy zhәne zhergilikti zherdin tipine karaj sany 2024 zhylgy 1 tamyzga Қazakstan Respublikasy halkynyn zhekelegen etnostary bojynsha sany 2022 zhyl basyna Қazakstan pochtalyk indeksteri Resej imperiyasy KSRO halyk sanaktary ҚR halyk sanaktary