Шәміл (құм. Шамил, авар. Шамил; 1797, Дағыстан, Гимры ауылы — 1871, Сауд Арабиясы, Медине) — имам, Кавказ халықтарының Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі. Авар отбасында дүниеге келген. Мұсылман діни мектебінде тәрбиеленіп, араб әдебиетін жақсы меңгерді. Жас кезінде діни ұстазы Қазы-Магомедпен бірге Ресей отаршыларына қарсы тау халықтарын ғазауат соғысын жүргізуге уағыздады. Кейіннен екеуі патша әскеріне қарсы күресуші таулықтарға басшылық етті. 1834 жылы жау қолынан қаза тапқаннан кейін, имам болып тағайындалып, 25 жыл бойы Солтүстік Кавказды мекендеген тау халықтарының (аварлар, чешендер, тағы басқа) азаттық күресін басқарды (қ. Кавказ соғысы). Абайдың баласы Туралдың естеліктерінде Абайдың қазақтан басқа, өзге ел адамдарымен танысуы туралы былай баяндалады: «Патша үкіметімен алысып, каторгіге айдалып, Сібірден қашқан кавказдықтардың бірнешеуі Абайды табады. Бұлардың ішіңде Ш-дің баласы, Таштемірдің баласы деген адамдардың да Абай қолына келіп, ат мініп, жолдарына кіре пұл алып кетіп жүргендері болған. Абай Таштемірдің баласын бір жаз бойы қонақ етіп, аттандырған деседі. Бұл естеліктер М. О. Әуезовтің мұражай қорында сақтаулы. Ол патша әскерлерімен соғыста ірі-ірі жеңістерге қол жеткізді. Дегенмен, күш тең болмады. Патша әскерінің тынымсыз қудалауы, ішкі әлеуметтік жағдайдың шиеленісуі, халықтың соғыс пен қайыршылық тұрмыстан шаршауы, азық-түлік дағдарысы, жергілікті билеушілердің сатқындық жолға түсуі азаттық қозғалысын әлсіретті. 1859 жылы Шамиль ауылында қоршауда қалып, 26 тамызда тұтқынға алынды. Шамиль отбасымен Калугаға жер аударылды. Сөйтіп, Ресей империясы орасан зор әскери және экономикалық күш жұмсаудың арқасында Солтүстік Кавказ халықтарын бағындыруға қол жеткізді. 1870 жылы Шамильге Меккеге баруға рұқсат берілді. Шамильдің өмірі мен ерлік күресі тек тау халықтарына ғана емес, дүние жүзіне аңыз болып тарады. Ол жөнінде көптеген ғылыми-зерттеу еңбектер, әдеби шығармалар жазылған. Соның ішінде қазақ ақыны Абайдың ұлы Мағауия да “Шәміл” атты поэма жазды.
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shәmil kum Shamil avar Shamil 1797 Dagystan Gimry auyly 1871 Saud Arabiyasy Medine imam Kavkaz halyktarynyn Resej otarshylaryna karsy ult azattyk koterilisinin kosemi Avar otbasynda dүniege kelgen Musylman dini mektebinde tәrbielenip arab әdebietin zhaksy mengerdi Zhas kezinde dini ustazy Қazy Magomedpen birge Resej otarshylaryna karsy tau halyktaryn gazauat sogysyn zhүrgizuge uagyzdady Kejinnen ekeui patsha әskerine karsy kүresushi taulyktarga basshylyk etti 1834 zhyly zhau kolynan kaza tapkannan kejin imam bolyp tagajyndalyp 25 zhyl bojy Soltүstik Kavkazdy mekendegen tau halyktarynyn avarlar cheshender tagy baska azattyk kүresin baskardy k Kavkaz sogysy Abajdyn balasy Turaldyn estelikterinde Abajdyn kazaktan baska ozge el adamdarymen tanysuy turaly bylaj bayandalady Patsha үkimetimen alysyp katorgige ajdalyp Sibirden kashkan kavkazdyktardyn birnesheui Abajdy tabady Bulardyn ishinde Sh din balasy Tashtemirdin balasy degen adamdardyn da Abaj kolyna kelip at minip zholdaryna kire pul alyp ketip zhүrgenderi bolgan Abaj Tashtemirdin balasyn bir zhaz bojy konak etip attandyrgan desedi Bul estelikter M O Әuezovtin murazhaj korynda saktauly Ol patsha әskerlerimen sogysta iri iri zhenisterge kol zhetkizdi Degenmen kүsh ten bolmady Patsha әskerinin tynymsyz kudalauy ishki әleumettik zhagdajdyn shielenisui halyktyn sogys pen kajyrshylyk turmystan sharshauy azyk tүlik dagdarysy zhergilikti bileushilerdin satkyndyk zholga tүsui azattyk kozgalysyn әlsiretti 1859 zhyly Shamil auylynda korshauda kalyp 26 tamyzda tutkynga alyndy Shamil otbasymen Kalugaga zher audaryldy Sojtip Resej imperiyasy orasan zor әskeri zhәne ekonomikalyk kүsh zhumsaudyn arkasynda Soltүstik Kavkaz halyktaryn bagyndyruga kol zhetkizdi 1870 zhyly Shamilge Mekkege baruga ruksat berildi Shamildin omiri men erlik kүresi tek tau halyktaryna gana emes dүnie zhүzine anyz bolyp tarady Ol zhoninde koptegen gylymi zertteu enbekter әdebi shygarmalar zhazylgan Sonyn ishinde kazak akyny Abajdyn uly Magauiya da Shәmil atty poema zhazdy ShәmilSiltemelerDagystan Saud Arabiyasy ResejDerekkozderҚazak Enciklopediyasy 9 tom 18 bolimBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet