Шалқарнұра кемері – Торғай үстірті мен Ұлытау таулары аралығында, Торғай қолатының шығысын ала орналасқан аласа таулы кемерлер тізбегі.
Шалқарнұра кемері | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 239 м |
Солтүстіктен оңтүстікке дейінгі қашықтық | 25 км |
Батыстан шығысқа дейінгі қашықтық | 70 км |
Орналасуы | |
48°27′14″ с. е. 62°38′18″ ш. б. / 48.45389° с. е. 62.63833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°27′14″ с. е. 62°38′18″ ш. б. / 48.45389° с. е. 62.63833° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | |
Аймақ | Ақтөбе облысы |
Географиялық орны
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Шалқарнұра кемері солтүстіктен оңтүстіккке қарай, одан әрі батыстан шығысқа қарай доғаша иіліп 70 км-ге созылып жатыр. Енді жері 25 км. Ең биік жері орта тұсында (239 м). Сай-жыралармен, шағын шатқалдармен тілімденген бірнеше аласа шоқылар (Жаманай, 209 м, Жанайшоқы, 190 м) кездеседі.
Геологиялық құрылымы
Кемердің жер қыртысы архей және протерозойдың тақтатас, кварцит және олардың туфтарынан түзілген. Кейбір жерлерде эффузивті тау жыныстары кездеседі. Торғай даласына қарайтын кемерленген батыс, оңтүстік-батысы құмды саздақтардан түзілген.
Климаты, су жүйесі
Климаты тым континенттік. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы –16 — 180С, шілденікі 20 — 220С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 мм-ге жуық. Солтүстігінің орта тұсында жазда кеуіп қалатын шағын келген Баймұрат өзені бастау алады. Құрғақ шөлейтті далаға ұласатын солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде бірнеше тұзды көлдер (Үлкенкөл, Кішікөл) орналасқан. Оңтүстігінде соры жатыр. Батыс бөлігінен Торғай өзені ағып өтеді.
Өсімдігі
Бетеге, боз, селеу, жусан өскен. Мал жайылымына пайдаланылады. Тау етектері мен кемерлер табанында тұщы бұлақтар (Аққұдық, Балта, тағы басқа) мен қыстаулар (Қызтау, Айырбидайық, Берістен, тағы басқа) жайласқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shalkarnura kemeri Torgaj үstirti men Ұlytau taulary aralygynda Torgaj kolatynyn shygysyn ala ornalaskan alasa tauly kemerler tizbegi Shalkarnura kemeriSipattamasyTeniz dengejinen biiktigi239 mSoltүstikten ontүstikke dejingi kashyktyk25 kmBatystan shygyska dejingi kashyktyk70 kmOrnalasuy48 27 14 s e 62 38 18 sh b 48 45389 s e 62 63833 sh b 48 45389 62 63833 G O Ya Koordinattar 48 27 14 s e 62 38 18 sh b 48 45389 s e 62 63833 sh b 48 45389 62 63833 G O Ya T El ҚazakstanAjmakAktobe oblysyShalkarnura kemeriShalkarnura kemeriGeografiyalyk ornyAktobe oblysy Yrgyz audany zherinde ornalaskan Zher bederiShalkarnura kemeri soltүstikten ontүstikkke karaj odan әri batystan shygyska karaj dogasha iilip 70 km ge sozylyp zhatyr Endi zheri 25 km En biik zheri orta tusynda 239 m Saj zhyralarmen shagyn shatkaldarmen tilimdengen birneshe alasa shokylar Zhamanaj 209 m Zhanajshoky 190 m kezdesedi Geologiyalyk kurylymyKemerdin zher kyrtysy arhej zhәne proterozojdyn taktatas kvarcit zhәne olardyn tuftarynan tүzilgen Kejbir zherlerde effuzivti tau zhynystary kezdesedi Torgaj dalasyna karajtyn kemerlengen batys ontүstik batysy kumdy sazdaktardan tүzilgen Klimaty su zhүjesiKlimaty tym kontinenttik Қantar ajynyn zhyldyk ortasha temperaturasy 16 180S shildeniki 20 220S Zhauyn shashynnyn zhyldyk ortasha molsheri 300 mm ge zhuyk Soltүstiginin orta tusynda zhazda keuip kalatyn shagyn kelgen Bajmurat ozeni bastau alady Қurgak sholejtti dalaga ulasatyn soltүstik soltүstik shygys boliginde birneshe tuzdy kolder Үlkenkol Kishikol ornalaskan Ontүstiginde sory zhatyr Batys boliginen Torgaj ozeni agyp otedi ӨsimdigiBetege boz seleu zhusan osken Mal zhajylymyna pajdalanylady Tau etekteri men kemerler tabanynda tushy bulaktar Akkudyk Balta tagy baska men kystaular Қyztau Ajyrbidajyk Beristen tagy baska zhajlaskan DerekkozderҚazak enciklopediyasy 9 tom 18 bolim