Целиноград наразылығы — 1979 жылғы 16 — 19 маусымда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында болған әміршіл-әкімшіл жүйеге қарсы наразылық қимылдары.
Еділ бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшірілді (қ. Депортация). КОКП 20-съезінен кейін 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында таратылған көптеген автономиялы республикалар қалпына келтірілгенімен Еділ бойынан көшірілген немістер жөніндегі шешім қайта қаралмай қалды. Осыған байланысты жер аударылған немістер арасында тарихи отандары — -ға көшу мәселесі жиі көтеріле бастады. Бұл процесті тоқтату үшін кеңес өкіметі немістердің тарихи отанына оралуына шек қойды және Қазақстанда неміс автономиялы облысын құру туралы шешім қабылданды. Ол шешім 1979 жылғы көктемде КОКП ОК Саяси Бюросының мәжілісінде республика үкіметі мен Жоғарғы Кеңестің келісімінсіз қабылданды. Бұл шешімнің конституцияға сәйкес келмейтініне қарамастан, Қазақ КСР-і үкіметі мен Қазақстан Коммунистік партиясы ОК елеулі қарсылық көрсете алған жоқ. Бұл автономиялық облысқа Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау облыстарының біраз аудандары беріліп, Ерейментау қаласы оның орталығы болып белгіленді.
Автономиялы облыс құру туралы мәлімет республикаға тез тарап, қазақ халқының заңды қарсылығын туғызды. 16 маусым күні таңертең негізінен облыс орталығындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттері қаланың орталық алаңына жиналды. Жастар қазақ және орыс тілдерінде “Қазақстан бөлінбейді!”, “Неміс автономиясына жол жоқ!” және басқа да ұрандар жазылған тақтайшалар алып шықты. Митинг Кремльдің неміс автономиясын құру туралы шешімін айыптаған үндеу қабылдады. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратуға тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті. Облыстың және қаланың партия басшылығы тоталитарлық жүйенің дәстүріне сай әрекет жасай отырып, халықтың Саяси бюроның ойланбай алған шешіміне қарсы жасалған шеруі мен ашу-ызасын идеологиялық жұмыс дәрежесінің төмендігіне әкеліп саяды. Студенттер жатақханаларына “түсінік жұмысын жүргізу үшін” насихатшылар тобы жіберілді. Автономия құру туралы шешім болған жоқ деп мәлімдеп, облыс басшылығы КОКП ОК Саяси Бюросының автономиялы облыс құру жөніндегі жобасынан іс жүзінде бас тартты.
Келесі шеру 19 маусымда болды. Оны аудандардан келген соғыс және еңбек ардагерлері бастады. Оған 2-4 мыңдай адам қатысты. Шеруге қатысушылар облыс басшыларына автономияны құруға қарсы үндеу тапсырды. Целиноградтан кейін шағын митингілер мен шерулер Атбасарда, Ерейментауда, Көкшетауда өтті.
Бұл бой көрсетулерден соң жазалау науқаны шектеліп, тіпті әкімшілік істері бойынша да сот процесі жүрген жоқ. Алайда республика басшылығы және Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бұл шерулер туралы ақпарат таралмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеді. Баспасөзде, партия активтері мен пленумдарда бұл оқиғалар туралы ештеңе айтылмады. Дегенмен, Целиноград наразылығы туралы қауесет халыққа тарап кетті және ол қазақтардың ұлттық сана-сезімінің оянуына үлкен әсер етті.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Celinograd narazylygy 1979 zhylgy 16 19 mausymda Celinograd kazirgi Astana kalasynda bolgan әmirshil әkimshil zhүjege karsy narazylyk kimyldary Edil bojyndagy nemis avtonomiyasy taratylgannan kejin onyn myndagan azamattary Қazakstan zherine koshirildi k Deportaciya KOKP 20 sezinen kejin 2 dүniezhүzilik sogys zhyldarynda taratylgan koptegen avtonomiyaly respublikalar kalpyna keltirilgenimen Edil bojynan koshirilgen nemister zhonindegi sheshim kajta karalmaj kaldy Osygan bajlanysty zher audarylgan nemister arasynda tarihi otandary ga koshu mәselesi zhii koterile bastady Bul procesti toktatu үshin kenes okimeti nemisterdin tarihi otanyna oraluyna shek kojdy zhәne Қazakstanda nemis avtonomiyaly oblysyn kuru turaly sheshim kabyldandy Ol sheshim 1979 zhylgy koktemde KOKP OK Sayasi Byurosynyn mәzhilisinde respublika үkimeti men Zhogargy Kenestin kelisiminsiz kabyldandy Bul sheshimnin konstituciyaga sәjkes kelmejtinine karamastan Қazak KSR i үkimeti men Қazakstan Kommunistik partiyasy OK eleuli karsylyk korsete algan zhok Bul avtonomiyalyk oblyska Akmola Pavlodar Қaragandy zhәne Kokshetau oblystarynyn biraz audandary berilip Erejmentau kalasy onyn ortalygy bolyp belgilendi Avtonomiyaly oblys kuru turaly mәlimet respublikaga tez tarap kazak halkynyn zandy karsylygyn tugyzdy 16 mausym kүni tanerten negizinen oblys ortalygyndagy zhogary oku oryndary men tehnikumdarynyn studentteri kalanyn ortalyk alanyna zhinaldy Zhastar kazak zhәne orys tilderinde Қazakstan bolinbejdi Nemis avtonomiyasyna zhol zhok zhәne baska da urandar zhazylgan taktajshalar alyp shykty Miting Kremldin nemis avtonomiyasyn kuru turaly sheshimin ajyptagan үndeu kabyldady Oblys basshylarynyn mitingini tez arada taratuga tyryskan әreketi iske aspady Mitingige katysushylar shep tүzep kala koshelerimen urandatyp otti Oblystyn zhәne kalanyn partiya basshylygy totalitarlyk zhүjenin dәstүrine saj әreket zhasaj otyryp halyktyn Sayasi byuronyn ojlanbaj algan sheshimine karsy zhasalgan sherui men ashu yzasyn ideologiyalyk zhumys dәrezhesinin tomendigine әkelip sayady Studentter zhatakhanalaryna tүsinik zhumysyn zhүrgizu үshin nasihatshylar toby zhiberildi Avtonomiya kuru turaly sheshim bolgan zhok dep mәlimdep oblys basshylygy KOKP OK Sayasi Byurosynyn avtonomiyaly oblys kuru zhonindegi zhobasynan is zhүzinde bas tartty Kelesi sheru 19 mausymda boldy Ony audandardan kelgen sogys zhәne enbek ardagerleri bastady Ogan 2 4 myndaj adam katysty Sheruge katysushylar oblys basshylaryna avtonomiyany kuruga karsy үndeu tapsyrdy Celinogradtan kejin shagyn mitingiler men sheruler Atbasarda Erejmentauda Kokshetauda otti Bul boj korsetulerden son zhazalau naukany shektelip tipti әkimshilik isteri bojynsha da sot procesi zhүrgen zhok Alajda respublika basshylygy zhәne Memlekettik kauipsizdik komiteti bul sheruler turaly akparat taralmauy үshin koldan kelgennin bәrin istedi Baspasozde partiya aktivteri men plenumdarda bul okigalar turaly eshtene ajtylmady Degenmen Celinograd narazylygy turaly kaueset halykka tarap ketti zhәne ol kazaktardyn ulttyk sana seziminin oyanuyna үlken әser etti Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 9 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz