Хакас аспаптары. Хакастың астанасы Абаканға таяу жердегі Минусинск қаласында 1887 жылы негізін қалаған аса бай музей жұмыс істейді. Музейде хакастың және туваның музыкалық аспаптары сақтаулы. Хакастың, музыкалық аспаптарының өзіндік ерекшеліктері көп. Олардьің ішінде халық арасына неғұрлым кең тараған көне аспап чатханның орны ерекше. Чатхан туваның чадаганы, тофалардың чатыганы және қазақтың жетігені тәрізді аспап. Мұндай аспаптар Моңғолияда, Кореяда, Жапонияда, Вьетнамда, сондай-ақ Азияның басқа да кептеген елдерінде бар. Хакасша «чат» деген сөз — жату дегенді білдіреді. Бұлай аталу себебі оны көлденеңінен сұлатып жатқызып қойып ойнайтындығынан болу керек. Өткен жүз жылдықтардағы этнографтар көп ішекті бұл аспапты «жатқызылған арфа» деп те атаған. Чатханның ерекшелік сипаты мынадай: оның сыртқы түрі төңкерілген астауға ұқсас, бет жағына 5-тен 8-ге дейін ішек тағылады; ішектердің тиегі етіп асықты пайдаланады, осы асықтарды жылжыту арқылы аспапты күйге келтіреді. Аспаптың бұрауы орындалатын ән мен батырлар жыры әуенінің дыбыс қатарына орайласып отырған. Ойнау кезінде оң қолдың саусақтарымен ішектерді тартып отырады, ал сол қолдың саусағымен ішектің тиек сыртында қалған дыбыстамайтын жағын қысады да сәл тербеліске келтіреді, соның нәтижесінде дауыс әуені сазды естіледі. Чатханның көлемі әр түрлі болып келеді:
- жалпы ұзындығы —100—122 см,
- шанағының ені—11 см.
Бұл күнде едәуір жетілдіріліп қайта жасалған чатхан металл құлақтармен жабдықталған, ішек саны 12-ге жеткізілген, бұрауы тұрақты және хроматикалық диапазоны — октава.
Аңшылардың қолынан көп кездестіруге болатын үрлеп тартылатын аспап — пыргы, оны маралдарды алдап шақыру үшін қолданады. Аңшылар сондай-ақ, өздерінің тайгадан қайтып оралып келе жатқандарын пыргының даусымен хабарлайтын болған. Дыбыс шығару үшін олар конус түтіктегі ойықтың тар саңлауын жымырылған еріннің бір шетіне тақайды, сөйтеді де ішке ауа тартады. Аспаптың даусы ащы және ол еркек маралдың даусына ұқсап шығады. Пыргы былайша жасалады: екі жарты ағаш түтікті біріктіріп сыртынан қайыңның жапырағымен орайды, содан соң малдың ішегіне кигізеді немесе екі жарты түтіктің біріктірілген жерін ағаш шәйірімен майлайды. Сонда түтіктен ауа сыртқа шықпайтын болады. Ойнау ойықтары мүлде болмайды. Пыргының шамамен алғанда көлемі мынадай:
- ұзындығы — 50-75 см,
- түтіктің жуан ұшының диаметрі — 45 см,
- жіңішке ұшының диаметрі — 6 мм.
Дауыс еліктеткіш үрлеп тартылатын аспап сымысха қайыңның екі жалпақ қабығынан тұрады, бұл екі қабықтың арасына қайыңның жасыл жапырағын салады. Үрлеген кезде іштегі жапырақтың қозғалуынан дыбыс пайда болады. Орындаушылар лақтың даусына салады. Сымысхе алтайдың сыбыскысына, тубаның эдискиіне ұқсайды. Көлемі — 30-40 мм.
Хакас халқында екі ішекті шертіп ойналатын хомыс деген аспап бар. Оның сопақша келген ағаш шанағы қойдың немесе бұғының терісімен қапталады. Ішегі жылқының қылы, перне тағылмайды. Хомыстың құрылысындағы бір ерекшелік, дауыс шығарылатын саңлаулар шанақ қапталған теріні тіліп жасалынбайды, шанақтың түбінен тесіп жасалынады. Аңшылықтан олжалы оралу үшін хакастар әрқашан хомысшыны аң аулауға өздерімен бірге ертіп шығатын болған. Сондай-ақ олар хомыстың даусы жолдағы жын-шайтанды қуады деп сенген.
Бұл аспапты кейде қияқпен ойнайды, ондайда оны ыых деп атайды. Міне, осы себепті хакастардың өздері осы екі аспапты бір-бірінен бөліп атай алмайды, бар болғаны дыбыс шығару амалындағы өзгешілігінен ғана ажыратады. Алғашқы жағдайда ішекті қолмен тартып дыбыс шығарса, екінші жағдайда дыбыс қияқтың көмегімен алынады. Аспаптың көлемі шамамен 72-86 см, шанағының ұзындығы— 31-35 см, шанағының ені—15-18 см.
Хакас облыстық өлкетану музейінде қайта жасап жетілдірілген хомыс сақтаулы. Оның өзінен бұрынғы хомыстардан айырмашылығы, жылқы қылынан тағылатын екі не үш ішектің орнына төрт темір ішек тағылған. Мойнындағы пернелері хроматикалық тәртіппен орналастырылған. Басында механикалық құлақ бар. Шанағының беткі қақпағы тақтайдан жасалған.
Хомыс— алтайдың топшуур, қазақтың шертер, тофалардың — чарты кобус, шорцтардың — шерген, лықтардың — дошпулур деп аталатын аспаптарына өте ұқсас.
Бақсылар негізінен ұрып ойналатын аспаптар — туур (даңғыра) мен орбаны (таяқша) қолданған. Туурдың бір жағын терімен қаптаған, ал екінші жағына темір сылдырмақтар, қоңыраулар ілінген. Алтайлықтар нақ осындай аспапты тунур тувалықтар — дунгур деп атайды. Орбаға шүберек және темір сақина ілген, олармен әдетте туурды соққылаған. Мұндай таяқшаны тувалықтар орба, алтайлықтар — орбо, қазақтар — асатаяқ, якуттар — былаайах деп атайды. Орбаны ағаштан, бұғының немесе тауешкінің мүйізінен жасаған.
Өздері хобрах деп атайтын қамыстың сабағынан хакастар ысқырғышы бар аспап жасайды. Оның «хобрах» деп аталуы сол қамыстың атына байланысты. Бұл аспап алтайлықтардың ойығы жоқ шоорына ұқсас. Саусақпен тек түтіктің төменгі тесігін ғана жабады. Түтіктің өзі малдың ішегіне өткізіледі. Көлемі: жалпы ұзындығы—70-80 см, түтіктің бір ұшының диаметрі —5 см, екінші ұшының диаметрі —3,5 см.
Хакастарда қаздың қауырсынынан жасалған, үрлеп тартатын тамаша бір аспап болған. Қауырсынның бүйірін тіліп, тілше шығарған, айырмашылығы тілше басқа жаққа қаратылған. Тілшені ауызға тақамаған, тек қауырсынның ұшынан ғана ұстаған. Қауырсын түтігін үрлеген шақта тілше қозғалысқа келеді де дыбыс пайда болады. Бізге бұл аспаптың аты сыгырткыш екенін айтты. Оның көлемі: диаметрі — 3-4 мм, ұзындығы — 4-5 см.
Тілшелі аспап темір хомыс Хакасияда сирек кездеседі. Бұл арада айта кетерлік жайт: «хомыс» деп тек шертпелі аспаптарды ғана емес, сондай-ақ тілшелі аспаптарды да айтады. Оларды бір-бірінен айыру үшін темір деген сөзді қосақтайды екен, ал тілшелі аспап темірден жасалынатын көрінеді. Қырғыздарда да нақ осындай. Олар да шертпелі аспапты — комуз, ал тілшелі аспапты — темір комуз дейді. Ал егер аспап ағаштан жасалса, қырғыздар оны — жыгач комуз деп атайды. Жыгач комуздың құрылысы туваның шелер комузына ұқсас, оның екі жағынан жіп тағып қояды. Жіпті тартқылағанда тілше қозғалысқа келеді де содан барып дыбыс пайда болады. Жыгач комуздан, сондай-ақ шелер комуздан дыбыс шығарту тілшесі саусақпен қозғалысқа келтірілетін темір комузбен демир хомысқа қарағанда қиынырақ.
Дереккөздер
- Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000. ISBN 9965-485-34-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Hakas aspaptary Hakastyn astanasy Abakanga tayau zherdegi Minusinsk kalasynda 1887 zhyly negizin kalagan asa baj muzej zhumys istejdi Muzejde hakastyn zhәne tuvanyn muzykalyk aspaptary saktauly Hakastyn muzykalyk aspaptarynyn ozindik erekshelikteri kop Olardin ishinde halyk arasyna negurlym ken taragan kone aspap chathannyn orny erekshe Chathan tuvanyn chadagany tofalardyn chatygany zhәne kazaktyn zhetigeni tәrizdi aspap Mundaj aspaptar Mongoliyada Koreyada Zhaponiyada Vetnamda sondaj ak Aziyanyn baska da keptegen elderinde bar Hakassha chat degen soz zhatu degendi bildiredi Bulaj atalu sebebi ony koldeneninen sulatyp zhatkyzyp kojyp ojnajtyndygynan bolu kerek Өtken zhүz zhyldyktardagy etnograftar kop ishekti bul aspapty zhatkyzylgan arfa dep te atagan Chathannyn erekshelik sipaty mynadaj onyn syrtky tүri tonkerilgen astauga uksas bet zhagyna 5 ten 8 ge dejin ishek tagylady ishekterdin tiegi etip asykty pajdalanady osy asyktardy zhylzhytu arkyly aspapty kүjge keltiredi Aspaptyn burauy oryndalatyn әn men batyrlar zhyry әueninin dybys kataryna orajlasyp otyrgan Ojnau kezinde on koldyn sausaktarymen ishekterdi tartyp otyrady al sol koldyn sausagymen ishektin tiek syrtynda kalgan dybystamajtyn zhagyn kysady da sәl terbeliske keltiredi sonyn nәtizhesinde dauys әueni sazdy estiledi Chathannyn kolemi әr tүrli bolyp keledi zhalpy uzyndygy 100 122 sm shanagynyn eni 11 sm Bul kүnde edәuir zhetildirilip kajta zhasalgan chathan metall kulaktarmen zhabdyktalgan ishek sany 12 ge zhetkizilgen burauy turakty zhәne hromatikalyk diapazony oktava Anshylardyn kolynan kop kezdestiruge bolatyn үrlep tartylatyn aspap pyrgy ony maraldardy aldap shakyru үshin koldanady Anshylar sondaj ak ozderinin tajgadan kajtyp oralyp kele zhatkandaryn pyrgynyn dausymen habarlajtyn bolgan Dybys shygaru үshin olar konus tүtiktegi ojyktyn tar sanlauyn zhymyrylgan erinnin bir shetine takajdy sojtedi de ishke aua tartady Aspaptyn dausy ashy zhәne ol erkek maraldyn dausyna uksap shygady Pyrgy bylajsha zhasalady eki zharty agash tүtikti biriktirip syrtynan kajynnyn zhapyragymen orajdy sodan son maldyn ishegine kigizedi nemese eki zharty tүtiktin biriktirilgen zherin agash shәjirimen majlajdy Sonda tүtikten aua syrtka shykpajtyn bolady Ojnau ojyktary mүlde bolmajdy Pyrgynyn shamamen alganda kolemi mynadaj uzyndygy 50 75 sm tүtiktin zhuan ushynyn diametri 45 sm zhinishke ushynyn diametri 6 mm Dauys eliktetkish үrlep tartylatyn aspap symysha kajynnyn eki zhalpak kabygynan turady bul eki kabyktyn arasyna kajynnyn zhasyl zhapyragyn salady Үrlegen kezde ishtegi zhapyraktyn kozgaluynan dybys pajda bolady Oryndaushylar laktyn dausyna salady Symyshe altajdyn sybyskysyna tubanyn ediskiine uksajdy Kolemi 30 40 mm Hakas halkynda eki ishekti shertip ojnalatyn homys degen aspap bar Onyn sopaksha kelgen agash shanagy kojdyn nemese bugynyn terisimen kaptalady Ishegi zhylkynyn kyly perne tagylmajdy Homystyn kurylysyndagy bir erekshelik dauys shygarylatyn sanlaular shanak kaptalgan terini tilip zhasalynbajdy shanaktyn tүbinen tesip zhasalynady Anshylyktan olzhaly oralu үshin hakastar әrkashan homysshyny an aulauga ozderimen birge ertip shygatyn bolgan Sondaj ak olar homystyn dausy zholdagy zhyn shajtandy kuady dep sengen Bul aspapty kejde kiyakpen ojnajdy ondajda ony yyh dep atajdy Mine osy sebepti hakastardyn ozderi osy eki aspapty bir birinen bolip ataj almajdy bar bolgany dybys shygaru amalyndagy ozgeshiliginen gana azhyratady Algashky zhagdajda ishekti kolmen tartyp dybys shygarsa ekinshi zhagdajda dybys kiyaktyn komegimen alynady Aspaptyn kolemi shamamen 72 86 sm shanagynyn uzyndygy 31 35 sm shanagynyn eni 15 18 sm Hakas oblystyk olketanu muzejinde kajta zhasap zhetildirilgen homys saktauly Onyn ozinen buryngy homystardan ajyrmashylygy zhylky kylynan tagylatyn eki ne үsh ishektin ornyna tort temir ishek tagylgan Mojnyndagy perneleri hromatikalyk tәrtippen ornalastyrylgan Basynda mehanikalyk kulak bar Shanagynyn betki kakpagy taktajdan zhasalgan Homys altajdyn topshuur kazaktyn sherter tofalardyn charty kobus shorctardyn shergen lyktardyn doshpulur dep atalatyn aspaptaryna ote uksas Baksylar negizinen uryp ojnalatyn aspaptar tuur dangyra men orbany tayaksha koldangan Tuurdyn bir zhagyn terimen kaptagan al ekinshi zhagyna temir syldyrmaktar konyraular ilingen Altajlyktar nak osyndaj aspapty tunur tuvalyktar dungur dep atajdy Orbaga shүberek zhәne temir sakina ilgen olarmen әdette tuurdy sokkylagan Mundaj tayakshany tuvalyktar orba altajlyktar orbo kazaktar asatayak yakuttar bylaajah dep atajdy Orbany agashtan bugynyn nemese taueshkinin mүjizinen zhasagan Өzderi hobrah dep atajtyn kamystyn sabagynan hakastar yskyrgyshy bar aspap zhasajdy Onyn hobrah dep ataluy sol kamystyn atyna bajlanysty Bul aspap altajlyktardyn ojygy zhok shooryna uksas Sausakpen tek tүtiktin tomengi tesigin gana zhabady Tүtiktin ozi maldyn ishegine otkiziledi Kolemi zhalpy uzyndygy 70 80 sm tүtiktin bir ushynyn diametri 5 sm ekinshi ushynyn diametri 3 5 sm Hakastarda kazdyn kauyrsynynan zhasalgan үrlep tartatyn tamasha bir aspap bolgan Қauyrsynnyn bүjirin tilip tilshe shygargan ajyrmashylygy tilshe baska zhakka karatylgan Tilsheni auyzga takamagan tek kauyrsynnyn ushynan gana ustagan Қauyrsyn tүtigin үrlegen shakta tilshe kozgalyska keledi de dybys pajda bolady Bizge bul aspaptyn aty sygyrtkysh ekenin ajtty Onyn kolemi diametri 3 4 mm uzyndygy 4 5 sm Tilsheli aspap temir homys Hakasiyada sirek kezdesedi Bul arada ajta keterlik zhajt homys dep tek shertpeli aspaptardy gana emes sondaj ak tilsheli aspaptardy da ajtady Olardy bir birinen ajyru үshin temir degen sozdi kosaktajdy eken al tilsheli aspap temirden zhasalynatyn korinedi Қyrgyzdarda da nak osyndaj Olar da shertpeli aspapty komuz al tilsheli aspapty temir komuz dejdi Al eger aspap agashtan zhasalsa kyrgyzdar ony zhygach komuz dep atajdy Zhygach komuzdyn kurylysy tuvanyn sheler komuzyna uksas onyn eki zhagynan zhip tagyp koyady Zhipti tartkylaganda tilshe kozgalyska keledi de sodan baryp dybys pajda bolady Zhygach komuzdan sondaj ak sheler komuzdan dybys shygartu tilshesi sausakpen kozgalyska keltiriletin temir komuzben demir homyska karaganda kiynyrak DerekkozderMәdeniettanu negizderi Okulyk Almaty Dәneker 2000 ISBN 9965 485 34 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet