Уәлиханов қонысы – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген ансамбльдер және кешендер қатарындағы ескерткіш.
Уәлиханов қонысы | |
Жалпы мәлімет | |
---|---|
Статусы | Республикалық маңызы бар сәулет ескерткіші |
Сәулет стилі | қала құрылысы және сәулет |
Мекен жайы | Айыртау ауданы, Сырымбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км |
Құрылысы басталды | 1824 жыл |
Жөнделген уақыты | 1985 жыл |
Орналасқан жері
Айыртау ауданының Сырымбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде.
Кезеңі
XIX ғасыр. Құрылысшы Ермолаев.
Тарихи деректер
Уәлихановтардың мекені XIX ғасырдың ағаш сәулет ескерткіші болып табылады. 1824 жылы император Александр және Батыс Сібір генерал- губернаторы Петр Капцевичтің жарлығымен Кіші жүз ханы Уәлидің жесірі, қазақтың көрнекті ғалымы, тарихшы, этнограф, фольклоршы, саяхатшы және ағартушы Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғанымға арналып салынды.
Үй-жай кешеніне ағаш дуалмен қоршалған тұрғын үй, мешіт, медресе, шаруашылық құрылыстар, монша кіреді. Үй-жайдың жалпы ауданы шамамен 4030 ш. м.
Шоқан Уәлихановтың балалық және жастық шағы осы қоныста өтті. Омбы кадет корпусында оқып жүрген жылдары дем алуға келіп, ал 1862–64 жылдары осында тұрған. Сол жылдары қыстауда ақындар айтысы өтіп, әнші-күйшілер өнер көрсеткен, орыс шенеуніктері, саяхатшылар мен ғалымдар, олардың қатарында Г.Н. Потанин де қонақ болған. Бір кездері үй-жай өңірдің дала халқы үшін мәдениет және ағарту орталықтарының бірі болды.
1993 жылдан бастап кешен Шоқан Уәлиханов атындағы Сырымбет тарихи-этнографиялық мұражайының құрамына енгізілді. Қазір кешенде 8400-ден астам экспонаттар бар, олардың ішінде шежіре тармақ, піл сүйегінен жасалған түпнұсқа сандық, қолжазбалар, кітаптар мен құжаттар бар.
Сырымбет мекенінде Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметіне арналған әдеби оқулар, дәрістер жүйелі түрде өтіп тұрады. Мекен өңірдің танымал туристік бағыттарының бірі болып табылады.Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары әбден тозып, талан-таражға түскен қоныс Уәлихановтың туғанына 150 жыл (1985 ж.) толумен байланысты қайта қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта қыстау орнында Сырымбет ауылы орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету орындарының альбомы/ ; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ; [жоба авторы Т. Бекбергенов ; бас ред. А. Р. Хазбулатов]... – Астана : [б. ж.], 2018. - 495 б., суретті; . – Библиогр.: 490 б. . – 100 дана – ISBN 978-9961-23-485-9
- Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Uәlihanov konysy Soltүstik Қazakstan oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine engen ansamblder zhәne keshender kataryndagy eskertkish Uәlihanov konysyZhalpy mәlimetStatusyRespublikalyk manyzy bar sәulet eskertkishiSәulet stilikala kurylysy zhәne sәuletMeken zhajyAjyrtau audany Syrymbet auylynan ontүstik shygyska karaj 3 kmҚurylysy bastaldy1824 zhylZhondelgen uakyty1985 zhylOrnalaskan zheriAjyrtau audanynyn Syrymbet auylynan ontүstik shygyska karaj 3 km zherde KezeniXIX gasyr Қurylysshy Ermolaev Tarihi derekterUәlihanovtardyn mekeni XIX gasyrdyn agash sәulet eskertkishi bolyp tabylady 1824 zhyly imperator Aleksandr zhәne Batys Sibir general gubernatory Petr Kapcevichtin zharlygymen Kishi zhүz hany Uәlidin zhesiri kazaktyn kornekti galymy tarihshy etnograf folklorshy sayahatshy zhәne agartushy Shokan Uәlihanovtyn әzhesi Ajganymga arnalyp salyndy Үj zhaj keshenine agash dualmen korshalgan turgyn үj meshit medrese sharuashylyk kurylystar monsha kiredi Үj zhajdyn zhalpy audany shamamen 4030 sh m Shokan Uәlihanovtyn balalyk zhәne zhastyk shagy osy konysta otti Omby kadet korpusynda okyp zhүrgen zhyldary dem aluga kelip al 1862 64 zhyldary osynda turgan Sol zhyldary kystauda akyndar ajtysy otip әnshi kүjshiler oner korsetken orys sheneunikteri sayahatshylar men galymdar olardyn katarynda G N Potanin de konak bolgan Bir kezderi үj zhaj onirdin dala halky үshin mәdeniet zhәne agartu ortalyktarynyn biri boldy 1993 zhyldan bastap keshen Shokan Uәlihanov atyndagy Syrymbet tarihi etnografiyalyk murazhajynyn kuramyna engizildi Қazir keshende 8400 den astam eksponattar bar olardyn ishinde shezhire tarmak pil sүjeginen zhasalgan tүpnuska sandyk kolzhazbalar kitaptar men kuzhattar bar Syrymbet mekeninde Shokan Uәlihanovtyn omiri men kyzmetine arnalgan әdebi okular dәrister zhүjeli tүrde otip turady Meken onirdin tanymal turistik bagyttarynyn biri bolyp tabylady Қazan tonkerisinen kejingi zhyldary әbden tozyp talan tarazhga tүsken konys Uәlihanovtyn tuganyna 150 zhyl 1985 zh tolumen bajlanysty kajta kalpyna keltirildi Қazirgi uakytta kystau ornynda Syrymbet auyly ornalaskan DerekkozderҚazakstannyn tarihi mәdeni nysandarynyn zhәne zhappaj ziyarat etu oryndarynyn albomy ҚR Mәdeniet zhәne sport ministrligi Қazak gylymi zertteu mәdeniet instituty zhoba avtory T Bekbergenov bas red A R Hazbulatov Astana b zh 2018 495 b suretti Bibliogr 490 b 100 dana ISBN 978 9961 23 485 9 Қazakstan ulttyk enciklopediyasy