Тұрсынбай Ертісбайұлы (1707, Есіл өзен бойы – 1801, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлік көрсеткенбатыр, қолбасшы. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген.
Тұрсынбай Ертісбайұлы | |
Тұрсынбай батыр ескерткіші. ауданы | |
Тұрсынбай батыр | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | Есіл өзенінің бойы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет | |
Әскер түрі | атты әскерлер |
Атағы | Батыр, қолбасшысы |
Шайқасы | Жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқас |
Тұрсынбайдың атасы Артық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі “Қарнақ” медресесінде білім алды. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза тапты. Тұрсынбай жасақ құрып, жоңғарлармен күресте ерлігімен көзге түсті. Оның ерлігін ақын Дәстем Қарабасұлы жырға қосқан. 1750 – 81 жылдары қазақ әскерлеріне басшылық жасап, Абылай ханның сенімді қолбасшысы ретінде танылды. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынасын реттеуге елеулі үлес қосты. Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі, т.б. жыраулардың мұраларында Тұрсынбай дың ерлік істері жайлы көптеген мәліметтер бар.
Өмірбаяны
Тұрсынбай Ертісбайұлы - 1700 – барыс жылы көрші Ресейге қарасты қазіргі Түмен облысындағы Есіл ауданының жерінде дүниеге келіп, 1801 жылы сол Ресейге қарасты Челябі облысындағы Иткөл ауданындағы өзінің соңғы мекенінде 101 (жүз бір) жасқа келіп, ауырып дүниеден өтіпті. Руы - Керей-Ашамайлы-Балта. Тұрсынбайдың өзі қазіргі Ресей жерінде туып, Ресей жерінде дүниеден өткенімен Керей елінің мекені Қазақстанның Солтүстік аймағы екендігі белгілі. Қожаберген жырау «Елім-ай» аттты дастанында:
Мекендеп Тобыл, Ертіс екі арасын,
Қазақтың күйге бөлеп ен даласын.
Сауықшыл Орта жүздің Керейі едік,
Үш жүздің жат көрмеген еш баласын. – дейді. Ал енді ол өзінің «Ата тек» дастанында ол былай дейді:
Атанған бабам Ғали- «Ашамайлы» ,
Өсірген мыңдап тайлақ құлын-тайды.
Сібірге ұрпақтары қоныстанып,
Ел болып, ерте кезден қанат жайды.
Шалқар көл, ну орманды Сібір жері,
Сібірді мекен еткен Керей елі.
Егін сап, күн көрудің қамын ойлап,
Бас қосып, кеңес құрған би мен бегі.
Міне осы шумақтардан қазақ елі сонау көне заманнан қазіргі Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды даласын мекен еткендігіне көз жеткіземіз. ХVІІ ғасырдың соңында Сібір хандығы ыдыраған кезде қазақ жерлерінің көпшілігі Ресей меншігіне өтті. Міне содан бері талай жылдар өтсе де, халықтың тарихи санасында Сібірдің орманды даласы қалып қойған. Басына қауіп төнгенде ата-анасын, ата-қонысын, туған жерін іздейтін бала сияқты, кешегі ел басына күн туып, ауыртпашылық көрген ХХ ғасырдың 30-жылдары қазақтың көпшілігі Ресейде қалған Сібір жерінен пана тапты. Көпшілігі осы күнге дейін сол жерді мекендеп жатыр.
Батыр туралы деректер
Тұрсынбай батыр жөніндегі алғашқы деректі бізге жеткізген Сегіз сері бабамыз. Сегіз сері (Мұхамед Қанапия) Шақшақұлы тек әнші, күйші, ақын болып қана қоймай, өз елінің тарихын жақсы біліп, шежіресін қағазға түсіріп кеткен адам. Одан кейін тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембаев батыр туралы ғылыми зерттеу кітабын шығарып, оқырманға жеткізді. Дегенмен баспасөз бетінде, анықтамалық әдебиетте, тарихи шығармаларда Тұрсынбай жөнінде мәлімет аз. Тұрсынбай батыр кім? Ол қандай дәуірде өмір сүрген адам? Халқының бостандығы мен тәуелсіздігін сақтау жолында ол қандай ерлік жасады? Одан ұрпақ қалды ма? Қалса олардың тағдыры қалай болды? Батыр қорғаған жер, қаны тамған ел бүгінде қандай халде? Міне, осы сауалдар ғылымда әлі шешімін таппаған. Алдағы уақытта зерттеу жүргізіліп, батырдың ерлігі мен қайраткерлік істері ұрпаққа үлгі болары анық.
Батыр Тұрсынбай
Тұрсынбайдың әкесі Ертісбайдан 14 баласы болыпты. (Барлыбай, Ерденбай, Жарқынбай, Тұрсынбай, Тынымбай, Туғанбай, Түменбай, Тіней, Өнербай, Наурызбай, Меңдіқара, Дәуқара, Шүйіншәлі, Игілік.) Ертісбайдың он төрт ұлы да жауынгер болғандығы мәлім. Соның ішінде ең батыры Тұрсынбай екен. Батыр деген атақты ол 17 жасында иеленеді. Ауылдың ер-азаматтары соғысқа кеткенде, бір топ қалмақ келіп, жылқыға тиеді. Олар адамдарды тұтқындамақшы болады. Сонда кәрілерді, жас бала жігіттерді аттарға мінгізіп, қару асындырып, сол топты өзі бастап, 17 жасар Тұрсынбай үстіне сауыт киіп, қару – жарақ асынып, қара айғырға мініп, жауды қуып жетіп, ұран салып, зырылдауық тартып, жылқы-түйені елге қайырыпты. Ол сонда өзіне жабылмақ болған қалмақтарды асқан шапшаңдықпен бір – біріне қоспай, найзалап, аттан түсіріп үлгіріпті. Жекпе-жекте өздерін шыдатпаған соң, қалмақтардың тірі қалғандары зорға қашып құтылыпты. Содан бастап Тұрсынбайдың батыр атағы шығыпты.
1719 жылы жазда Әз Тәуке ханның асында шұбар аты бәйгеден келген жас жігіт Тұрсынбай Қырғыздан, Қоқан, Хиуа, Бұхар хандықтарынан келген балуандармен күресіп, бәрін жығады. Сөйтіп, жеті балуанды жыққан Тұрсынбайға үш жүздің игі жақсылары «түйе балуан» атағын береді.
Тұрсынбайдың қандай батыр екенін Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жыр-дастанының бірінші бөліміндегі мына шумақтардан-ақ аңғаруға болады:
Үш биден, менен бата алған,
Түйе балуан атанған.
Балта керей Тұрсынбай,
Асқан батыр қатардан.
Шыққан тегін сұрасаң,
Ертісбай сардар баласы.
Жаста болса, ол шаһыбоз,
Қазақтың үлкен панасы.
Ақылы артық өзгеден,
Үш жүздің озық данасы.
Бағалаған ерлігін,
Орта жүздің баласы.
Дұшпан шошыр айбатты,
Көп батырдан қайратты.
Қалмақ тигенін естісе,
Дей бер жауды жайратты.
Сондай ерлер аттанса,
Жоңғардың құрыр шарасы.
Ішкерілей енуге,
Келе қоймас шамасы.
Тұрсынбайдың ерлігін әділ бағалап, оның көзі тірі кезінде Қожаберген, Дәстем сал, Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей, Жанкісі (Керей), Көтеш, Жанақ (үлкен), Шал, Салғара ақындар өлеңдер, дастандар шығарған екен. Алайда ол шығармалар біздің кезеңге келіп жеткен жоқ.
Тұсынбай батыр ұрпақтары
Тұрсынбайдың 17 баласы болыпты.(Айбек, Байбек, Бердібек, Бетжан, Бекмұхаммед, Ермұхаммед, Жанмұхаммед, Ташмұхаммед, Ахмет, Махмет, Әйкен, Бәйтен, Жайкен, Баймен, Таукен, Кешубай, Келден). Тұрсынбай батырдың балаларының ішіндегі ең мықтысы Кешубай екен. Ол әрі батыр, әрі жан-жақты, үлкен қолөнерші кісі болыпты. Кешубай Құдайберді Атығай Құлсары Бөріұлы әулие – батырдың Назиха есімді қызына үйленіпті. Ол үш ұлды болыпты (Әлібай, Тәжібай, Сәлімбай).
Кешубайға әкесі Тұрсынбай енші бергенде, Тобыл өзені бойындағы Ұялысай деген жерді беріпті. Кеңес үкіметі жылдары бұл ауыл Киров атындағы колхоздың, кейіннен 60-жылдары Қаратал кеңшарының құрамына енді. Ирелеңдей аққан Тобыл өзені Ұялысай тұсында буырқанып келіп, ауылдан алыстап кетеді. Талының жуандығы білектей, жуасы жанға дауа, шөбі шүйгін, шиесі мен бүлдіргені балаларды мәз еткен қазақтың құтты қонысы талай марғасқаларды дүниеге әкелді. Кешубай ауылын халық «Батыр ауылы» деп, өз ағасы Уәли ханмен ренжісіп, бөлек кетіп, Кешубайға келіп паналаған Бақтыбай төре Абылай ханұлының ауылын «Төре ауылы» деп атаған екен.
Қолбасшы
Кей шежіреде 1755 – доңыз жылы жазда Алакөлдің жағасында хан, сұлтан, уәзірлер, шоралар, билер, бектер, батырлар бас қосқан құрылтайда Бөгенбай батырдың ұсынысы бойынша Тұрсынбай батырды боз биенің сүтіне шомылдырып, онан соң үстіне шымқай ақ киім кигізіп, көкірегіне құран ұстатып, ақ киізге отырғызып көтеріп, Ордабасы етіп сайлайды. Енді бір шежіреде Тұрсынбай сардарды 1758 – барыс жылы жазда Шығыс Түркістанды жаудан (жоңғар басқыншыларынан) тазартқан соң, аталмыш аймақтағы Сайранкөлдің жағасында жеңіс тойынан кейін құрылтай ашып, сонда үш жүздің әскерін басқаратын ордабасы етіп сайлапты.
Шығыс Түркістан жерінде Тұрфан асуы үшін болған 1758 жылдың күзіндегі соңғы шайқаста қазақ әскерін Тұрсынбай батыр басқарыпты. Сол үлкен ұрыста Тұрсынбайдың жақсы қолбасшы екенін сол кездегі ақын – жыраулар жырға қосыпты. 1771 жылы жазда Еділ бойынан шығыстағы жұртына қоныс аудару мақсатымен көшкен қалмақ шапқыншыларын талқандау кезінде де қазақ әскерін Тұрсынбай басқарыпты.
Сонымен қатар, Тұрсынбай басқарған қазақ әскері Қырғыз манаптары әскерін талқандауда ерекше ерлігімен көзге түсіпті. Қырғыз әскерінің масқара боп жеңілуі «Жайыл қырғыны» деген атақ алған екен. Ол жайында Бұқар жырау дастан шығарып, онда Тұрсынбайдың батырлығын ерекше жырлапты. Ол дастан қазақ тілінде жарық көрген жоқ. Кеңес дәуірінде орыс орта мектептеріне арналған 9-сыныптың «Қазақ әдебиеті хрестоматиясында» Бұхар жыраудың Тұрсынбай батыр туралы дастанынан орыс тілінде үзінділер берілді.
Ордабасы сайлар кезінде Тұрсынбайға көрсетілген зор құрмет оның алдындағы Бөгенбай батырға да, одан бұрынғы Батыр ақын Қожабергенге де көрсетіліпті. Әйтсе де, қазақтың ескі, яғни, Қазан төңкерісіне дейінгі тарихынан мағлұматы жоқ біреулер жоғарыдағы халық құрметін ханды сайлағанда ғана көрсетіледі деп қате түсінеді екен. Шындығында аталмыш зор құрмет ханды, бас уәзірді, төбе биді, шораны, әскербасыны сайларда көрсетілетінін естен шығармауымыз керек. Ол турасында белгілі драматург-жазушы Нәбиден Әбутәлиев өзінің 1995 жылы «Жеті жарғы» баспасынан жарық көрген «Ордабасы Қожаберген» атты монографиялық еңбегінде тайға таңба басқандай етіп, анық жазды.
Қосымша мәліметтер
Балта Керей ішінде Қарасары аймағына жататын оның ұрпақтары бүгінде сол Тобыл бойын мекендеп отыр. Тұрсынбай батырдың бүгінгі ұрпақтарының өтініші бойынша 2010 жылдың тамыз айында Меңдіқара аудандық әкімшілігі Боровской селосындағы үлкен бір көшеге Тұрсынбайдың атын берді. Әкімшілік алдындағы алаңға бабамыздың ескеркіші қойылды.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- Х.М.Ғабжалилов Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Керей — Алматы: Алаш ТЗО, Полиграфкомбинат, 2014. — Т. 15. — 607 б. — 1000 таралым. — ISBN 9965-765-46-4.
- Аманжол Күзембайұлы. http://kerey.kz/?p=3516
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tursynbaj Ertisbajuly 1707 Esil ozen bojy 1801 kazirgi Resejdin Chelyabinsk oblysy Itil audany zhongar shapkynshylygyna karsy kүreste erlik korsetkenbatyr kolbasshy Orta zhүz batyry Ertisbajdyn otbasynda dүniege kelgen Tursynbaj ErtisbajulyTursynbaj batyr eskertkishi audanyTursynbaj batyrTugan kүni1707 1707 Tugan zheriEsil ozeninin bojyҚajtys bolgan kүni1801 1801 Қajtys bolgan zheriResejdin Chelyabinsk oblysy Itil audanyMemleketҚazak handygyӘsker tүriatty әskerlerAtagyBatyr kolbasshysyShajkasyZhongar shapkynshylygyna karsy shajkas Tursynbajdyn atasy Artyk 17 gasyrda batyr әri әulie atangan Tursynbaj 9 zhasynda ata anasynan ajrylyp zhetim kalganyna karamastan otbasy shanyragyn kүjzeltpej inileri Esilbaj men Tolybajga kamkorlyk korsetken Өzi Tүrkistan tүbindegi Қarnak medresesinde bilim aldy Aktaban shubyryndy Alkakol sulama zhyldary inileri Esilbaj men Tolybaj zhau kolynan kaza tapty Tursynbaj zhasak kuryp zhongarlarmen kүreste erligimen kozge tүsti Onyn erligin akyn Dәstem Қarabasuly zhyrga koskan 1750 81 zhyldary kazak әskerlerine basshylyk zhasap Abylaj hannyn senimdi kolbasshysy retinde tanyldy Sol tarihi kezende shielenisken kazak bashkurt karym katynasyn retteuge eleuli үles kosty Bukar zhyrau Үmbetej Tәtikara Zhankisi t b zhyraulardyn muralarynda Tursynbaj dyn erlik isteri zhajly koptegen mәlimetter bar ӨmirbayanyTursynbaj Ertisbajuly 1700 barys zhyly korshi Resejge karasty kazirgi Tүmen oblysyndagy Esil audanynyn zherinde dүniege kelip 1801 zhyly sol Resejge karasty Chelyabi oblysyndagy Itkol audanyndagy ozinin songy mekeninde 101 zhүz bir zhaska kelip auyryp dүnieden otipti Ruy Kerej Ashamajly Balta Tursynbajdyn ozi kazirgi Resej zherinde tuyp Resej zherinde dүnieden otkenimen Kerej elinin mekeni Қazakstannyn Soltүstik ajmagy ekendigi belgili Қozhabergen zhyrau Elim aj attty dastanynda Mekendep Tobyl Ertis eki arasyn Қazaktyn kүjge bolep en dalasyn Sauykshyl Orta zhүzdin Kereji edik Үsh zhүzdin zhat kormegen esh balasyn dejdi Al endi ol ozinin Ata tek dastanynda ol bylaj dejdi Atangan babam Ғali Ashamajly Өsirgen myndap tajlak kulyn tajdy Sibirge urpaktary konystanyp El bolyp erte kezden kanat zhajdy Shalkar kol nu ormandy Sibir zheri Sibirdi meken etken Kerej eli Egin sap kүn korudin kamyn ojlap Bas kosyp kenes kurgan bi men begi Mine osy shumaktardan kazak eli sonau kone zamannan kazirgi Batys Sibir men Soltүstik Қazakstannyn ormandy dalasyn meken etkendigine koz zhetkizemiz HVII gasyrdyn sonynda Sibir handygy ydyragan kezde kazak zherlerinin kopshiligi Resej menshigine otti Mine sodan beri talaj zhyldar otse de halyktyn tarihi sanasynda Sibirdin ormandy dalasy ka lyp kojgan Basyna kauip tongende ata anasyn ata konysyn tugan zherin izdejtin bala siyakty keshegi el basyna kүn tuyp auyrtpashylyk korgen HH gasyrdyn 30 zhyldary kazaktyn kop shiligi Resejde kalgan Sibir zherinen pana tapty Kopshiligi osy kүnge dejin sol zherdi mekendep zhatyr Batyr turaly derekterTursynbaj batyr zhonindegi algashky derekti bizge zhetkizgen Segiz seri babamyz Segiz seri Muhamed Қanapiya Shakshakuly tek әnshi kүjshi akyn bolyp kana kojmaj oz elinin tarihyn zhaksy bilip shezhiresin kagazga tүsirip ketken adam Odan kejin tarih gylymdarynyn doktory professor Amanzhol Kүzembaev batyr turaly gylymi zertteu kitabyn shygaryp okyrmanga zhetkizdi Degenmen baspasoz betinde anyktamalyk әdebiette tarihi shygarmalarda Tursynbaj zhoninde mәlimet az Tursynbaj batyr kim Ol kandaj dәuirde omir sүrgen adam Halkynyn bostandygy men tәuelsizdigin saktau zholynda ol kandaj erlik zhasady Odan urpak kaldy ma Қalsa olardyn tagdyry kalaj boldy Batyr korgagan zher kany tamgan el bүginde kandaj halde Mine osy saualdar gylymda әli sheshimin tappagan Aldagy uakytta zertteu zhүrgizilip batyrdyn erligi men kajratkerlik isteri urpakka үlgi bolary anyk Batyr TursynbajTursynbajdyn әkesi Ertisbajdan 14 balasy bolypty Barlybaj Erdenbaj Zharkynbaj Tursynbaj Tynymbaj Tuganbaj Tүmenbaj Tinej Өnerbaj Nauryzbaj Mendikara Dәukara Shүjinshәli Igilik Ertisbajdyn on tort uly da zhauynger bolgandygy mәlim Sonyn ishinde en batyry Tursynbaj eken Batyr degen atakty ol 17 zhasynda ielenedi Auyldyn er azamattary sogyska ketkende bir top kalmak kelip zhylkyga tiedi Olar adamdardy tutkyndamakshy bolady Sonda kәrilerdi zhas bala zhigitterdi attarga mingizip karu asyndyryp sol topty ozi bastap 17 zhasar Tursynbaj үstine sauyt kiip karu zharak asynyp kara ajgyrga minip zhaudy kuyp zhetip uran salyp zyryldauyk tartyp zhylky tүjeni elge kajyrypty Ol sonda ozine zhabylmak bolgan kalmaktardy askan shapshandykpen bir birine kospaj najzalap attan tүsirip үlgiripti Zhekpe zhekte ozderin shydatpagan son kalmaktardyn tiri kalgandary zorga kashyp kutylypty Sodan bastap Tursynbajdyn batyr atagy shygypty 1719 zhyly zhazda Әz Tәuke hannyn asynda shubar aty bәjgeden kelgen zhas zhigit Tursynbaj Қyrgyzdan Қokan Hiua Buhar handyktarynan kelgen baluandarmen kүresip bәrin zhygady Sojtip zheti baluandy zhykkan Tursynbajga үsh zhүzdin igi zhaksylary tүje baluan atagyn beredi Tursynbajdyn kandaj batyr ekenin Қozhabergen zhyraudyn Elim aj zhyr dastanynyn birinshi bolimindegi myna shumaktardan ak angaruga bolady Үsh biden menen bata algan Tүje baluan atangan Balta kerej Tursynbaj Askan batyr katardan Shykkan tegin surasan Ertisbaj sardar balasy Zhasta bolsa ol shaһyboz Қazaktyn үlken panasy Akyly artyk ozgeden Үsh zhүzdin ozyk danasy Bagalagan erligin Orta zhүzdin balasy Dushpan shoshyr ajbatty Kop batyrdan kajratty Қalmak tigenin estise Dej ber zhaudy zhajratty Sondaj erler attansa Zhongardyn kuryr sharasy Ishkerilej enuge Kele kojmas shamasy Tursynbajdyn erligin әdil bagalap onyn kozi tiri kezinde Қozhabergen Dәstem sal Bukar Tәtikara Үmbetej Zhankisi Kerej Kotesh Zhanak үlken Shal Salgara akyndar olender dastandar shygargan eken Alajda ol shygarmalar bizdin kezenge kelip zhetken zhok Tusynbaj batyr urpaktaryTursynbajdyn 17 balasy bolypty Ajbek Bajbek Berdibek Betzhan Bekmuhammed Ermuhammed Zhanmuhammed Tashmuhammed Ahmet Mahmet Әjken Bәjten Zhajken Bajmen Tauken Keshubaj Kelden Tursynbaj batyrdyn balalarynyn ishindegi en myktysy Keshubaj eken Ol әri batyr әri zhan zhakty үlken kolonershi kisi bolypty Keshubaj Қudajberdi Atygaj Қulsary Boriuly әulie batyrdyn Naziha esimdi kyzyna үjlenipti Ol үsh uldy bolypty Әlibaj Tәzhibaj Sәlimbaj Keshubajga әkesi Tursynbaj enshi bergende Tobyl ozeni bojyndagy Ұyalysaj degen zherdi beripti Kenes үkimeti zhyldary bul auyl Kirov atyndagy kolhozdyn kejinnen 60 zhyldary Қaratal kensharynyn kuramyna endi Irelendej akkan Tobyl ozeni Ұyalysaj tusynda buyrkanyp kelip auyldan alystap ketedi Talynyn zhuandygy bilektej zhuasy zhanga daua shobi shүjgin shiesi men bүldirgeni balalardy mәz etken kazaktyn kutty konysy talaj margaskalardy dүniege әkeldi Keshubaj auylyn halyk Batyr auyly dep oz agasy Uәli hanmen renzhisip bolek ketip Keshubajga kelip panalagan Baktybaj tore Abylaj hanulynyn auylyn Tore auyly dep atagan eken ҚolbasshyKej shezhirede 1755 donyz zhyly zhazda Alakoldin zhagasynda han sultan uәzirler shoralar biler bekter batyrlar bas koskan kuryltajda Bogenbaj batyrdyn usynysy bojynsha Tursynbaj batyrdy boz bienin sүtine shomyldyryp onan son үstine shymkaj ak kiim kigizip kokiregine kuran ustatyp ak kiizge otyrgyzyp koterip Ordabasy etip sajlajdy Endi bir shezhirede Tursynbaj sardardy 1758 barys zhyly zhazda Shygys Tүrkistandy zhaudan zhongar baskynshylarynan tazartkan son atalmysh ajmaktagy Sajrankoldin zhagasynda zhenis tojynan kejin kuryltaj ashyp sonda үsh zhүzdin әskerin baskaratyn ordabasy etip sajlapty Shygys Tүrkistan zherinde Turfan asuy үshin bolgan 1758 zhyldyn kүzindegi songy shajkasta kazak әskerin Tursynbaj batyr baskarypty Sol үlken urysta Tursynbajdyn zhaksy kolbasshy ekenin sol kezdegi akyn zhyraular zhyrga kosypty 1771 zhyly zhazda Edil bojynan shygystagy zhurtyna konys audaru maksatymen koshken kalmak shapkynshylaryn talkandau kezinde de kazak әskerin Tursynbaj baskarypty Sonymen katar Tursynbaj baskargan kazak әskeri Қyrgyz manaptary әskerin talkandauda erekshe erligimen kozge tүsipti Қyrgyz әskerinin maskara bop zhenilui Zhajyl kyrgyny degen atak algan eken Ol zhajynda Bukar zhyrau dastan shygaryp onda Tursynbajdyn batyrlygyn erekshe zhyrlapty Ol dastan kazak tilinde zharyk korgen zhok Kenes dәuirinde orys orta mektepterine arnalgan 9 synyptyn Қazak әdebieti hrestomatiyasynda Buhar zhyraudyn Tursynbaj batyr turaly dastanynan orys tilinde үzindiler berildi Ordabasy sajlar kezinde Tursynbajga korsetilgen zor kurmet onyn aldyndagy Bogenbaj batyrga da odan buryngy Batyr akyn Қozhabergenge de korsetilipti Әjtse de kazaktyn eski yagni Қazan tonkerisine dejingi tarihynan maglumaty zhok bireuler zhogarydagy halyk kurmetin handy sajlaganda gana korsetiledi dep kate tүsinedi eken Shyndygynda atalmysh zor kurmet handy bas uәzirdi tobe bidi shorany әskerbasyny sajlarda korsetiletinin esten shygarmauymyz kerek Ol turasynda belgili dramaturg zhazushy Nәbiden Әbutәliev ozinin 1995 zhyly Zheti zhargy baspasynan zharyk korgen Ordabasy Қozhabergen atty monografiyalyk enbeginde tajga tanba baskandaj etip anyk zhazdy Қosymsha mәlimetterBalta Kerej ishinde Қarasary ajmagyna zhatatyn onyn urpaktary bүginde sol Tobyl bojyn mekendep otyr Tursynbaj batyrdyn bүgingi urpaktarynyn otinishi bojynsha 2010 zhyldyn tamyz ajynda Mendikara audandyk әkimshiligi Borovskoj selosyndagy үlken bir koshege Tursynbajdyn atyn berdi Әkimshilik aldyndagy alanga babamyzdyn eskerkishi kojyldy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom H M Ғabzhalilov Қazak ru tajpalarynyn tarihy Kerej Almaty Alash TZO Poligrafkombinat 2014 T 15 607 b 1000 taralym ISBN 9965 765 46 4 Amanzhol Kүzembajuly http kerey kz p 3516 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet