Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.
Тарихы
Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан. Тоғызқұмалақ тақтасы ретінде олар жерді қазып, арнайы шұңқырлар жасаған. Ал, құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағын кептіріп, дәл сондай 162-сін қолданған. Ауызба-ауыз таралып келген аңыздарда тоғызқұмалақ ойыны қойшылар үшін керемет ермек болды. Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды. Тоғыз-құмалақ тақтасы тек 18 отаудан емес, 14, 10 отаудан да тұруы мүмкін. Мұнда тек ойынның басында бір ұяшық отауға 9-дан артық құмалақ салуға болмайтыны маңызды. Себебі, тоғыздан кейінгі он және одан үлкен сандарды тек ондық санау жүйесінде ғана белгілеуге болады. Мысалы,он саны бір құмалақ пен бос отаудан тұрады. Сонда бос отау нөл белгісінің қызметін атқаратындығын көреміз. Тоғызқұмалақта есеп шығару кілтін 2017 жылдан бері зерттеуші Бейсенбаев А.С. насихаттап келеді. Бұл цифрсіз есеп шығару кілті арқылы кез-келген тоғыз-құмалаққа ұқсас ойын тақтасында қосу, алу, көбейту және бөлу амалдарын шығаруға болады. Бейсенбаев А.С. ұсынған Цифрсіз есеп шығару ережелері (тоғыз-құмалақ тақтасында есеп шығарудың кілті деген де атауы бар) төменде келтірілген.
Тоғыз-құмалақ тақтасының кілті:
- Бірліктер-тастар(құмалақтар)
- Сан орны-отау
- Сан белгісі-отаудағы тастар саны
- Нөл-бос отау
- Бөлшектік белгі-тұздық
- Теңдік белгі-қазан
- Қосу белгісі-ойда
- Алу белгісі-ойда
- Көбейту белгісі-ойда
- Бөлу белгісі-ойда
Қосынды мен қосылғыштардың орналасуы:
Қосылғыш әрі қосынды бастауыштың бірінші отауынан соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Құр қосылғыш қостауыштың соңғы отауынан біріншісіне қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Азайғыш пен азайтқыш, және азайтындылардың орналасуы: Азайғыш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Азайтқыш бастауыштағы азайғыштың соңғы санының бойында орналасқан қостауыштағы отаудан бастап бірінші отауға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Азайтынды қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Көбейткіш, көбейгіш және көбейтіндінің орналасуы: Көбейткіш бастауыш отаудың біріншісінен бастап соңғысына қарай санның аяғынан бастап толтырылса, көбейгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Көбейтінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады. Бөлінгіш, бөлгіш және бөлінділердің орналасуы: Бөлінгіш бастауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның басынан бастап толтырылады; Бөлгіш бастауыштың бірінші отауынан соңғыға қарай санның аяғынан бастап толтырылады; Бөлінді қостауыштың соңғы отауынан біріншіге қарай санның аяғынан бастап толтырылады.
Егерде, шығаратын есептің саны тоғызқұмалақ тақтасына сыймаса, оған тағы сондай тақта жалғау керек. Тақта табылмаған жағдайда, кесе немесе түбі шұңғыл кез келген кішкентай отаулармен шамалас ыдыс пайдалануға болады.
Санау жүйесі бойынша отаулардың сыйымдығы:
- Ондық санау жүйесі: 9 тас
- Тоғыздық санау жүйесі: 8 тас
- Сегіздік санау жүйесі: 7 тас
- Жетілік санау жүйесі: 6 тас
- Алтылық санау жүйесі: 5 тас
- Бестік санау жүйесі: 4 тас
- Төрттік санау жүйесі: 3 тас
- Үштік санау жүйесі: 2 тас
- Екілік санау жүйесі: 1 тас
Санау жүйесінің бағыты: Сағат тіліне қарсы бағытта
Санау жүйесінің ережесі:
Әр отау белгіленген санау жүйесіндегі отау сыйымдылығынан бір тасқа асқанда, отаудағы бір тас сағат тіліне қарсы келесі отауға түсіп қалғандары қазанға салынады. Соңында отауларда бейнеленген санның шамасы қазанға түскен және сол пайда болған санды құрап тұрған тастардың қосындысына тең болады.
Әлемде
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде тоғызқұмалақ жақсы насихатталып жатыр. Мәселен, Қырғызстанда мектептерде тогуз-коргоолдан олимпиада өтеді екен. Қытайда, Қарақалпақстанда кітаптар, ғылыми еңбектер шығуда. Сондай-ақ, көршілес Алтайда, , Сахада үйірмелер ашылып, Еуропаның бірнеше елдерінде тоғыз-құмалақ ойналып жатыр деген дерек бар.
Қазір әлемде тоғыз-құмалаққа ұқсас мысырлық калах, Моңғолияда эсон коргоол, Шри-Ланкада олинда калия, африкалықтарда манкала, габата, абапа, нам-нам, бао, тамподуо, омвесо, маработ, тұрақты америкалықтарда аджи-бото, варри роунд және роунд, азиялықтарда сунгка, паллангули, гонгкак сынды ойындар бар.
Мәселен, Африкадағы Уганда елінің омвесо деген ұлттық ойыны бар. Оның тоғыз-құмалақтан ерекшелігі отау саны көп (32 отау) те бірақ құмалақ саны аз (64 құмалақ). Осы ойынды угандалықтар әлемдік интеллектуалдық ойындардың қатарына кіргізіп, одан жыл сайын біресе Америкада, біресе Англияда олимпиадалар өткізеді екен. Немесе Шри-Ланканың манкала типіндегі жеті отаулық олинда калия ойын түрін алайық. Белгілі тоғыз-құмалақ маманы Мақсат Шотаевтың айтуынша, қазір бұл ойын, Интернет арқылы жедел дамып келе жатыр.
Қазақстанда
Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық.
Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғыз-құмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.
Тоғызқұмалақ ережесі
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі.
Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз.
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей:
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | Қостаушы қазаны (0) | |
9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | Бастаушы қазаны (0) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 |
Берілген диаграммаларда бастаушының отаулары мен ондағы құмалақтар мөлшері үнемі төменгі жағында орналасады.
Жүріс жасау ерекшеліктері
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады.
- 1.Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған құмалақтарды қолға алып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз.
Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады.
Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп (3 құмалақтан басқа), тақ қылса немесе өз отауымызға түссе, құмалақ ұтып алынбайды.
Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №3 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады.
Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады.
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
9 | 9 | 9 | – | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | (0) | |
9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 1 | 10 | 10 | (10) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 |
- 2.Отаудағы жалғыз құмалақ көрші отауға жүргенде орны бос қалады.
- 3.Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды.
Тұздық алу ережесі
Тоғызқұмалақ ойынында құмалақтан басқа ойында бір рет қарсыластың отауын ұтып алуға да болады. Оны ежелде – “тұзды үй”, қазіргі тілде – тұздық деп атайды.
- 4.Тұздық алу үшін жүріс жасаған кезде, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысын түсіру керек.
Сонда сол отауда қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, ойынның аяғына дейін сіздің меншігіңізге айналады.
Енді жүріс жасалған сайын тұздық алынған отауға түсетін бір құмалақ, міндетті түрде сіздің қазаныңызға салынып отырады.
Тұздық алынған отауға арнайы белгі қойылады. Жазбаша түрде – Х деген шартты таңбамен белгіленеді. Мәселен, төмендегі диаграммаға қарайық.
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
– | 10 | 10 | 1 | 11 | 11 | 11 | 11 | 11 | (0) | |
10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 10 | 2 | 11 | 1 | (12) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | № | 6№7 | №8 | №9 |
Осы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудағы 10 құмалағын тарату арқылы, соңғы құмалағын бастаушының №7 отауына түсіріп, ондағы 2 құмалақты үшеу етіп, осы құмалақтарды ұтумен қатар, осы отауға тұздық жариялайды. Сонда төмендегі жағдай қалыптасады.
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
1 | 11 | 1 | 1 | 11 | 11 | 11 | 11 | 11 | (3) | |
11 | 11 | 11 | 11 | 11 | 11 | Х | 11 | 1 | (12) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 |
Ендігі кезде бүкіл ойын барысында №7 отау – қостаушының меншігіне айналады.
- 5.Тұздық ойында бір рет алынады және №9 отаудан ешқашан алынбайды.
- 6.Тұздық аттас отаулардан алынбайды.
Мысалы, жоғарыдағы диаграммадағы жағдайда қостаушы ойыншы №7 отаудан тұздық алды, енді бастаушы ойыншы ойын барысында бұл отаудан тұздық алуға қақысы жоқ.
“Атсырау” ережесі
Ойын аяқталуға жақындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.
- 7.Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.
- 8.Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салып алады. Мысалы:
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
1 | 1 | 1 | Х | 1 | – | – | – | – | (78) | |
– | – | – | – | – | – | Х | – | 4 | (76) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 |
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады.
Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 құмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:
отаулар | №9 | №8 | №7 | №6 | №5 | №4 | №3 | №2 | №1 | |
1 | 1 | 1 | Х | 1 | – | 1 | 3 | – | (78) | |
– | – | – | – | – | – | – | – | – | (76) | |
отаулар | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | №9 |
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты.
- 9.Егер “атсырау” жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді.
Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының ресми сайты
Дереккөздер
- «Қазақ энциклопедиясының»
- Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Togyzkumalak kazaktyn ulttyk dәstүrli ojyndarynyn biri akyl ojdy damytuga arnalgan ojyn Togyz kumalak taktasynyn zhalpy kurylysyTarihySongy derekterge karaganda onyn shygu tarihy 4 myn zhyldyk kezendi kamtidy Al kejbir mamandardyn ajtuynsha onyn pajda bolgan kezi budan da kop uakyt boluy әbden mүmkin Togyzkumalak otken gasyrlarda kazak dalasyndagy en ken taragan ojyn bolatyn Қazaki anyzdarga senetin bolsak togyzkumalak ojynyn karapajym kojshylar ojlap tapkan Togyzkumalak taktasy retinde olar zherdi kazyp arnajy shunkyrlar zhasagan Al kumalaktardy dajyndau үshin kojlardyn kumalagyn keptirip dәl sondaj 162 sin koldangan Auyzba auyz taralyp kelgen anyzdarda togyzkumalak ojyny kojshylar үshin keremet ermek boldy Songy derekterge karaganda togyz kumalak syndy ojyndar erterekte arifmetikalyk esepter үshin pajdalanylyp kejin kele esepteu әdisteri umytylganga uksajdy Togyz kumalak taktasy tek 18 otaudan emes 14 10 otaudan da turuy mүmkin Munda tek ojynnyn basynda bir uyashyk otauga 9 dan artyk kumalak saluga bolmajtyny manyzdy Sebebi togyzdan kejingi on zhәne odan үlken sandardy tek ondyk sanau zhүjesinde gana belgileuge bolady Mysaly on sany bir kumalak pen bos otaudan turady Sonda bos otau nol belgisinin kyzmetin atkaratyndygyn koremiz Togyzkumalakta esep shygaru kiltin 2017 zhyldan beri zertteushi Bejsenbaev A S nasihattap keledi Bul cifrsiz esep shygaru kilti arkyly kez kelgen togyz kumalakka uksas ojyn taktasynda kosu alu kobejtu zhәne bolu amaldaryn shygaruga bolady Bejsenbaev A S usyngan Cifrsiz esep shygaru erezheleri togyz kumalak taktasynda esep shygarudyn kilti degen de atauy bar tomende keltirilgen Togyz kumalak taktasynyn kilti Birlikter tastar kumalaktar San orny otau San belgisi otaudagy tastar sany Nol bos otau Bolshektik belgi tuzdyk Tendik belgi kazan Қosu belgisi ojda Alu belgisi ojda Kobejtu belgisi ojda Bolu belgisi ojda Қosyndy men kosylgyshtardyn ornalasuy Қosylgysh әri kosyndy bastauyshtyn birinshi otauynan songysyna karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Қur kosylgysh kostauyshtyn songy otauynan birinshisine karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Azajgysh pen azajtkysh zhәne azajtyndylardyn ornalasuy Azajgysh bastauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn basynan bastap toltyrylady Azajtkysh bastauyshtagy azajgyshtyn songy sanynyn bojynda ornalaskan kostauyshtagy otaudan bastap birinshi otauga karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Azajtyndy kostauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Kobejtkish kobejgish zhәne kobejtindinin ornalasuy Kobejtkish bastauysh otaudyn birinshisinen bastap songysyna karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylsa kobejgish bastauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn basynan bastap toltyrylady Kobejtindi kostauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Bolingish bolgish zhәne bolindilerdin ornalasuy Bolingish bastauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn basynan bastap toltyrylady Bolgish bastauyshtyn birinshi otauynan songyga karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Bolindi kostauyshtyn songy otauynan birinshige karaj sannyn ayagynan bastap toltyrylady Egerde shygaratyn eseptin sany togyzkumalak taktasyna syjmasa ogan tagy sondaj takta zhalgau kerek Takta tabylmagan zhagdajda kese nemese tүbi shungyl kez kelgen kishkentaj otaularmen shamalas ydys pajdalanuga bolady Sanau zhүjesi bojynsha otaulardyn syjymdygy Ondyk sanau zhүjesi 9 tas Togyzdyk sanau zhүjesi 8 tas Segizdik sanau zhүjesi 7 tas Zhetilik sanau zhүjesi 6 tas Altylyk sanau zhүjesi 5 tas Bestik sanau zhүjesi 4 tas Torttik sanau zhүjesi 3 tas Үshtik sanau zhүjesi 2 tas Ekilik sanau zhүjesi 1 tas Sanau zhүjesinin bagyty Sagat tiline karsy bagytta Sanau zhүjesinin erezhesi Әr otau belgilengen sanau zhүjesindegi otau syjymdylygynan bir taska askanda otaudagy bir tas sagat tiline karsy kelesi otauga tүsip kalgandary kazanga salynady Sonynda otaularda bejnelengen sannyn shamasy kazanga tүsken zhәne sol pajda bolgan sandy kurap turgan tastardyn kosyndysyna ten bolady ӘlemdeTogyz kumalak Қazirgi kezde әlemnin koptegen elderinde togyzkumalak zhaksy nasihattalyp zhatyr Mәselen Қyrgyzstanda mektepterde toguz korgooldan olimpiada otedi eken Қytajda Қarakalpakstanda kitaptar gylymi enbekter shyguda Sondaj ak korshiles Altajda Sahada үjirmeler ashylyp Europanyn birneshe elderinde togyz kumalak ojnalyp zhatyr degen derek bar Қazir әlemde togyz kumalakka uksas mysyrlyk kalah Mongoliyada eson korgool Shri Lankada olinda kaliya afrikalyktarda mankala gabata abapa nam nam bao tampoduo omveso marabot turakty amerikalyktarda adzhi boto varri round zhәne round aziyalyktarda sungka pallanguli gongkak syndy ojyndar bar Mәselen Afrikadagy Uganda elinin omveso degen ulttyk ojyny bar Onyn togyz kumalaktan ereksheligi otau sany kop 32 otau te birak kumalak sany az 64 kumalak Osy ojyndy ugandalyktar әlemdik intellektualdyk ojyndardyn kataryna kirgizip odan zhyl sajyn birese Amerikada birese Angliyada olimpiadalar otkizedi eken Nemese Shri Lankanyn mankala tipindegi zheti otaulyk olinda kaliya ojyn tүrin alajyk Belgili togyz kumalak mamany Maksat Shotaevtyn ajtuynsha kazir bul ojyn Internet arkyly zhedel damyp kele zhatyr ҚazakstandaҚazirgi tanda respublikada onyn zheke kauymdastygy bar oblys ortalyktarynda togyzkumalakty үjrenemin deushilerge kauymdastyktyn bolimsheleri men үjirmeleri ashylgan Bүginde Қazakstanda osy zhumystardyn ujytkysy bolyp otyrgan tanymal birneshe azamattar bar Solardyn ishinde togyz kumalak federaciyasynyn prezidenti Әlihan Bajmenov vice prezidenti Sardar Shәripov pen Tangazhajyp togyz kumalak kitabynyn avtory togyzkumalaktan memlekettik zhattyktyrushy Maksat Shotaev degen azamattardyn esimin atau turarlyk Қazakstan tәuelsizdik algan zhyldan beri togyz kumalak zhyldan zhylga damyp keledi Bul zherde zhana kurylgan togyz kumalak federaciyasynyn ykpaly zor bolyp otyr Bүgingi tanda osy kauymdastyktyn arkasynda eldin tүkpir tүkpirinde үjirmeler ashylyp togyz kumalaktan zharystar zhii otkizilip keledi Togyzkumalak erezhesiAgash taktasy Togyzkumalak ojyny arnajy taktada eki adam arasynda ojnalady Ojyn taktasy 2 kazan 18 otau 162 kumalaktan turady Ojyn basynda әr ojynshyga bir kazan togyz otauga togyz togyzdan salyngan seksen bir kumalak tiesili Algashky zhүris zhasagan ojynshyny bastaushy karymta zhүris zhasagan ojynshyny kostaushy dep atajdy Kejde bastaushy үshin ak zhagy kostaushy үshin kara zhagy degen tirkesterdi de koldanamyz Taktanyn zhazu үlgisindegi zhalpy kurylysy tomendegidej otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 19 9 9 9 9 9 9 9 9 Қostaushy kazany 0 9 9 9 9 9 9 9 9 9 Bastaushy kazany 0 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Berilgen diagrammalarda bastaushynyn otaulary men ondagy kumalaktar molsheri үnemi tomengi zhagynda ornalasady Zhүris zhasau erekshelikteri Zhүris ojynshylar tarapynan kezektesip zhүriledi Zhүristi kimnin zhasajtyny zherebemen nemese karsylastardyn kelisimimen anyktalady 1 Zhүris zhasau үshin oz zhagynyzdagy otaulardyn birinen bireuin ornyna kaldyryp kalgan kumalaktardy kolga alyp soldan onga karaj bir birlep taratamyz Taratu sәtinde kumalaktar oz otaularymyzdan asyp ketetin bolsa karsylastyn otauyna taratamyz Eger songy kumalak karsylastyn tak sandy kumalagy bar otauyna tүsip ondagy kumalaktardy zhup kylsa 2 4 6 10 12 sol otaudagy kumalaktar utyp alynyp oz kazanymyzga salynady Eger songy kumalak karsylastyn zhup sandy kumalagy bar otauyna tүsip 3 kumalaktan baska tak kylsa nemese oz otauymyzga tүsse kumalak utyp alynbajdy Mәselen zhogarydagy taktadagy algashky zhagdajda bastaushy 3 otaudagy 9 kumalagyn taratsa songysy karsylasynyn 6 otauyna baryp tүsedi zhәne ondagy 9 kumalak songy kumalakpen 10 bolyp utyp alynady zhәne kazanga salynady Sol kezde taktada tomendegidej zhagdaj kalyptasady otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 19 9 9 10 10 10 10 10 0 9 9 9 9 9 9 1 10 10 10 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 92 Otaudagy zhalgyz kumalak korshi otauga zhүrgende orny bos kalady 3 Zhүris zhasagan kezde otaularga kumalak salmaj nemese 2 3 kumalak bolip alyp zhүruge bolmajdy Tuzdyk alu erezhesi Togyzkumalak ojynynda kumalaktan baska ojynda bir ret karsylastyn otauyn utyp aluga da bolady Ony ezhelde tuzdy үj kazirgi tilde tuzdyk dep atajdy 4 Tuzdyk alu үshin zhүris zhasagan kezde karsylastyn eki kumalagy bar otauyna taratkan kumalagynyzdyn songysyn tүsiru kerek Sonda sol otauda kalyptaskan 3 kumalakpen birge otau da utyp alynyp ojynnyn ayagyna dejin sizdin menshiginizge ajnalady Endi zhүris zhasalgan sajyn tuzdyk alyngan otauga tүsetin bir kumalak mindetti tүrde sizdin kazanynyzga salynyp otyrady Tuzdyk alyngan otauga arnajy belgi kojylady Zhazbasha tүrde H degen shartty tanbamen belgilenedi Mәselen tomendegi diagrammaga karajyk otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 1 10 10 1 11 11 11 11 11 0 10 10 10 10 10 10 2 11 1 12 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Osy zhagdajda kostaushy ojynshy 7 otaudagy 10 kumalagyn taratu arkyly songy kumalagyn bastaushynyn 7 otauyna tүsirip ondagy 2 kumalakty үsheu etip osy kumalaktardy utumen katar osy otauga tuzdyk zhariyalajdy Sonda tomendegi zhagdaj kalyptasady otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 11 11 1 1 11 11 11 11 11 3 11 11 11 11 11 11 H 11 1 12 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Endigi kezde bүkil ojyn barysynda 7 otau kostaushynyn menshigine ajnalady 5 Tuzdyk ojynda bir ret alynady zhәne 9 otaudan eshkashan alynbajdy 6 Tuzdyk attas otaulardan alynbajdy Mysaly zhogarydagy diagrammadagy zhagdajda kostaushy ojynshy 7 otaudan tuzdyk aldy endi bastaushy ojynshy ojyn barysynda bul otaudan tuzdyk aluga kakysy zhok Atsyrau erezhesi Ojyn ayaktaluga zhakyndagan sajyn әr ojynshynyn otaularyndagy kumalak tausyla bastajdy Әr kumalak utyp alyngan sajyn nemese tuzdykka tүsken sajyn karsylastardyn zhүris molsheri kemi beredi Sondyktan ojyn sonynda karsylastardyn birinin otaularynda zhүris zhasaj almajtyn zhagdaj da kezdesedi 7 Ojynshylardyn birinin otaularyndagy kumalakty birinshi tausyp alyp zhүrissiz kaluy atsyrau dep atalady 8 Atsyrauga ushyragan ojynshynyn karsylasy bul zhagdajda kosymsha bir zhүris zhasap barlyk kumalaktardy oz kazanyna salyp alady Mysaly otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 11 1 1 H 1 78 H 4 76 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Osy taktadagy zhagdajda zhүris bastaushydan Ol 9 otaudagy 4 kumalagyn taratady Өz kezeginde kostaushy 1 otauga tүsken 1 kumalakty zhүredi Bastaushy 9 otaudagy zhalgyz kumalakty 1 otauga salady Қostaushy kez kelgen otaudagy kumalakpen mәselen 1 otaudagy 1 kumalakpen zhүris zhasajdy Sonda tomendegishe zhagdaj tuyndajdy otaular 9 8 7 6 5 4 3 2 11 1 1 H 1 1 3 78 76 otaular 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Endi kostaushy otaularyndagy 8 kumalakty kazanyna salyp ojynnyn esebin zhүrgizedi Esep 76 86 Қostaushy utty 9 Eger atsyrau zhagdajynda kosymsha zhүris zhүrilgen kezde kumalaktar amalsyzdan karsylastyn otaularynyn birine tүsip zhүris beretin bolsa ojyn әri karaj zhalgasa beredi Sonymen katar ojynshy ojyn barysynda 82 kumalak zhinasa da nәtizhenin dәldigi үshin ojyndy sonyna dejin ojnauy tiis Tagy karanyzTogyzkumalaktyn ojyn sandygySiltemelerҚazakstan Respublikasy Togyzkumalak Federaciyasynyn resmi sajtyDerekkozder Қazak enciklopediyasynyn Қazakstan sportshylar eli Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Sozdik Slovar ISBN 9965 822 57 3