Сыма Цянь (шамамен б.з.б. 140 – 86 ж.) — ежелгі қытай тарихшысы, әдебиетші. іргелі еңбек саналатын “Ши цзидің” (“Тарихи жазбалар”) авторы.
Әкесі Сыма Тань Хань әулеті сарайының басты жылнамашысы болған. Сыма Цянь жас кезінде император сарайында күзетшілік қызмет атқара жүріп, ғылыми жұмыспен айналысты. Б. з. д. 108 ж. әкесі қайтыс болған соң үш жылдан кейін, оның орнына императорлық мұрағатқа орналасты. Жаңа қызметте ол әкесі жоспарлап, жазуды бастаған қытай тарихындағы аса іргелі еңбекті әрі қарай жалғастырды. Б. з. д. 104 ж. “Тай чу ли” күнтізбесін жасауға ат салысты. Б. з. д. 99 ж. көшпелі сюннулардан жеңіліс тапқан әскери қолбасшыға ара түскені үшін түрмеге қамалды.
Зерттеулер
Түрмеден шыққан соң, мемлекеттік кеңсенің хатшысы қызметіне тұрып, өзінің негізгі еңбегін б.з.б. 92 ж. жазып бітірді. Бұл шығармада көне замандағы Аңыздарда ғана айтылатын Хуан-ди императордан бастап, замандасы У-ди император билігінің аяқ кезіне дейінгі 24 ғасырлық тарихи оқиғалар баяндалған. Еңбек 130 тараудан тұрады, 528 мың иероглифті қамтиды. “Ши цзи” бес үлкен бөлімнен: әулеттер, текті отбасылар жылнамасы, генеологиялық тізімдер, сондай-ақ дәстүрлер, күнтізбелер, астрономия, экономика, география, суғару жүйелері туралы трактаттар мен көптеген тарихи тұлғалардың өмірбаяндарынан тұрады. Сондай-ақ шығармада Рим, Жерорта теңіз жағалауы елдері, Иран, Орталық Азия және Таяу Шығыс елдері, т.б. халықтардың тарихи географиялық, этнографиялық, саяси құрылымдары, т.б. туралы мәліметтер мол. Әсіресе, Қытайдың батысындағы көшпелі сюннуларға (ғұндар) айрықша тоқталып өтіп, олардың тұрмысына, салт-дәстүріне, әлеуметтік-саяси, әскери құрылымдарына сипаттама жасайды. Бірақ автор Қытайды қоршап жатқан басқа да халықтармен бірге оларды “жабайылар” етіп көрсетіп, олармен арадағы қарым-қатынасты бұрмалап жазған. Ол Конфуцийдің “Чуньцю” (“Көктем мен күз”) кітабының үлгісімен бүкіл тарихи қолжазбаларды, құжаттарды, мәліметтерді өте мұқият түрде жинақтап отырған. Кейінгі қытай тарихшылары тарихты жазуда Сыма Цянь үлгісін жалғастырды. Сондықтан оны “Қытай тарихының атасы” санайды.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Syma Cyan shamamen b z b 140 86 zh ezhelgi kytaj tarihshysy әdebietshi irgeli enbek sanalatyn Shi czidin Tarihi zhazbalar avtory Syma Cyan shamamen b z b 151 zhyly dүniege kelgen Әkesi Syma Tan Han әuleti sarajynyn basty zhylnamashysy bolgan Syma Cyan zhas kezinde imperator sarajynda kүzetshilik kyzmet atkara zhүrip gylymi zhumyspen ajnalysty B z d 108 zh әkesi kajtys bolgan son үsh zhyldan kejin onyn ornyna imperatorlyk muragatka ornalasty Zhana kyzmette ol әkesi zhosparlap zhazudy bastagan kytaj tarihyndagy asa irgeli enbekti әri karaj zhalgastyrdy B z d 104 zh Taj chu li kүntizbesin zhasauga at salysty B z d 99 zh koshpeli syunnulardan zhenilis tapkan әskeri kolbasshyga ara tүskeni үshin tүrmege kamaldy ZertteulerTүrmeden shykkan son memlekettik kensenin hatshysy kyzmetine turyp ozinin negizgi enbegin b z b 92 zh zhazyp bitirdi Bul shygarmada kone zamandagy Anyzdarda gana ajtylatyn Huan di imperatordan bastap zamandasy U di imperator biliginin ayak kezine dejingi 24 gasyrlyk tarihi okigalar bayandalgan Enbek 130 taraudan turady 528 myn ieroglifti kamtidy Shi czi bes үlken bolimnen әuletter tekti otbasylar zhylnamasy geneologiyalyk tizimder sondaj ak dәstүrler kүntizbeler astronomiya ekonomika geografiya sugaru zhүjeleri turaly traktattar men koptegen tarihi tulgalardyn omirbayandarynan turady Sondaj ak shygarmada Rim Zherorta teniz zhagalauy elderi Iran Ortalyk Aziya zhәne Tayau Shygys elderi t b halyktardyn tarihi geografiyalyk etnografiyalyk sayasi kurylymdary t b turaly mәlimetter mol Әsirese Қytajdyn batysyndagy koshpeli syunnularga gundar ajryksha toktalyp otip olardyn turmysyna salt dәstүrine әleumettik sayasi әskeri kurylymdaryna sipattama zhasajdy Birak avtor Қytajdy korshap zhatkan baska da halyktarmen birge olardy zhabajylar etip korsetip olarmen aradagy karym katynasty burmalap zhazgan Ol Konfucijdin Chuncyu Koktem men kүz kitabynyn үlgisimen bүkil tarihi kolzhazbalardy kuzhattardy mәlimetterdi ote mukiyat tүrde zhinaktap otyrgan Kejingi kytaj tarihshylary tarihty zhazuda Syma Cyan үlgisin zhalgastyrdy Sondyktan ony Қytaj tarihynyn atasy sanajdy Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet