Согров – мемлекеттік табиғи зоологиялық қорықша. 1968 жылы құрылып, 1986 жылы мерзімсіз дәрежеге ауыстырылды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1986 жылғы 17 ақпандағы № 69 қаулысымен республикалық маңызы бар қорықша санатына ауыстырылды. Ауданы 134100 га. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысын іске асыру туралы Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің бұйрығымен қорықша Көкшетау ұлттық паркі құрамына бекітіліп, заңды мәртебеге ие болды. Құрылу мақсаты - аңшылық жануарлар түрлерін сақтау және көбейту.
Согров қорықшасы | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 134 100 га |
Құрылған уақыты | 1968 жыл |
Орналасуы | |
54°42′53″N 68°51′05″E / 54.71465584°N 68.85150471°E | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Солтүстік Қазақстан облысы |
Аудан | Қызылжар ауданы |
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы жерінде орналасқан, батыс шекарасы - Есіл өзенінің бойымен 45 км созылады, солтүстік шекарасы – Ресейдің Түмен облысы шекарасымен өтеді.
Флорасы
Қорықша табиғатта сирек кездесетін түрлерді қамтитын бірегей табиғи экожүйе. Есіл алабының бойында тропиктік ормандарға тән су басқан ормандар созылып жатыр. Мұнда тропикалық ормандардың өсімдіктері лиана – құлмақ, сүйсіндер, тікенді жартылай лиана - қарабүлдірген, сонымен қатар биіктігі екі метрге жететін бұталар, ағаштар мен шөптер өседі. Суық климаттың реликтісі ретінде ескі қарағайлы ормандар сақталған. Қорықшада ландшафтың тағы бір түрі – қайың-емен ормандары тән. Сонымен қатар тайгалық ландшафттың жалпақ жапырақты ормандары өсімдіктерінің, далалық ландшафттың, көлдер маңында өсетін су өсімдіктерінің, тропикалық флора элементтері бар Есіл бойындағы су басқан ормандардың қолайлы ареалы. Қорықша Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енген орхидеялардың "шолпанкебістер" деп аталатын 3 түрі өсетін жалғыз жер: ірі гүлді шолпанкебіс, кәдімгі шолпанкебіс, сепкіл шолпанкебіс және бұйра лалагүл. Қорғауға алынған түрлер: кәдімгі қарағай, қайың, көктерек, ақ терек, қара терек, мойыл, тал, кәдімгі құлмақ, көкшілсұр бүлдірген, қосүйлі мысықтабан, кәдімгі еркекқырыққұлақ, қоңырауша, дөңгелек жапырақты алмұртшөп, балшытыр, орман аюбалдырғаны.
Фаунасы
Жануарлар мен құстардан: жабайы шошқа, түлкі, жанаттәрізді ит, ақ қоян, ор қоян, сасық күзен, аққалақ, сары күзен, ақкіс, борсық, ондатр, құр, сұр шіл, үйрек, қаз, қасқалдақ, шалшықшы құс. Көрнекі түрлері: құндыз, американдық күзен, аққұр. Қазақстанның Қызыл кітабына енген түрлер: бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, шиқылдақ қаз, қызылжемсаулы қарашақаз, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, ителгі, үкі, орман сусары. Қорғауға алынған түрлер: ақмаңдайлы қаз, сұр қаз, қоңыр үйрек, барылдауық үйрек, бізқұйрық үйрек, қасқалдақ, мамырқұс, бөдене, аққұр, сұрқұр, құр, шұбарқұр, бұлан, елік, жабайы шошқа, құндыз, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, ондатр, жанаттәрізді ит, кермарал, қасқыр, аққалақ, сары күзен, американдық күзен, ақкіс, ақ қоян, ор қоян.
Дереккөздер
- Сайт "Особо охраняемые природные территории Республики Казахстан" https://oopt.kz/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sogrov memlekettik tabigi zoologiyalyk koryksha 1968 zhyly kurylyp 1986 zhyly merzimsiz dәrezhege auystyryldy Қazak KSR Ministrler Kenesinin 1986 zhylgy 17 akpandagy 69 kaulysymen respublikalyk manyzy bar koryksha sanatyna auystyryldy Audany 134100 ga Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 2008 zhylgy 15 sәuirdegi 339 kaulysyn iske asyru turaly Orman zhәne anshylyk sharuashylygy komitetinin bujrygymen koryksha Kokshetau ulttyk parki kuramyna bekitilip zandy mәrtebege ie boldy Қurylu maksaty anshylyk zhanuarlar tүrlerin saktau zhәne kobejtu Sogrov korykshasyZhalpy maglumatAudany134 100 gaҚurylgan uakyty1968 zhylOrnalasuy54 42 53 N 68 51 05 E 54 71465584 N 68 85150471 E 54 71465584 68 85150471 T El ҚazakstanAjmakSoltүstik Қazakstan oblysyAudanҚyzylzhar audanySogrov korykshasySogrov korykshasyGeografiyalyk ornySoltүstik Қazakstan oblysy Қyzylzhar audany zherinde ornalaskan batys shekarasy Esil ozeninin bojymen 45 km sozylady soltүstik shekarasy Resejdin Tүmen oblysy shekarasymen otedi FlorasyҚoryksha tabigatta sirek kezdesetin tүrlerdi kamtityn biregej tabigi ekozhүje Esil alabynyn bojynda tropiktik ormandarga tәn su baskan ormandar sozylyp zhatyr Munda tropikalyk ormandardyn osimdikteri liana kulmak sүjsinder tikendi zhartylaj liana karabүldirgen sonymen katar biiktigi eki metrge zhetetin butalar agashtar men shopter osedi Suyk klimattyn reliktisi retinde eski karagajly ormandar saktalgan Қorykshada landshaftyn tagy bir tүri kajyn emen ormandary tәn Sonymen katar tajgalyk landshafttyn zhalpak zhapyrakty ormandary osimdikterinin dalalyk landshafttyn kolder manynda osetin su osimdikterinin tropikalyk flora elementteri bar Esil bojyndagy su baskan ormandardyn kolajly arealy Қoryksha Soltүstik Қazakstan oblysynda Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen orhideyalardyn sholpankebister dep atalatyn 3 tүri osetin zhalgyz zher iri gүldi sholpankebis kәdimgi sholpankebis sepkil sholpankebis zhәne bujra lalagүl Қorgauga alyngan tүrler kәdimgi karagaj kajyn kokterek ak terek kara terek mojyl tal kәdimgi kulmak kokshilsur bүldirgen kosүjli mysyktaban kәdimgi erkekkyrykkulak konyrausha dongelek zhapyrakty almurtshop balshytyr orman ayubaldyrgany FaunasyZhanuarlar men kustardan zhabajy shoshka tүlki zhanattәrizdi it ak koyan or koyan sasyk kүzen akkalak sary kүzen akkis borsyk ondatr kur sur shil үjrek kaz kaskaldak shalshykshy kus Korneki tүrleri kundyz amerikandyk kүzen akkur Қazakstannyn Қyzyl kitabyna engen tүrler bujra birkazan kyzgylt birkazan sunkyldak akku akbas үjrek shikyldak kaz kyzylzhemsauly karashakaz sur tyrna akbas tyrna bakaltak kyran dala kyrany karakus bүrkit zhylanshy bүrkit itelgi үki orman susary Қorgauga alyngan tүrler akmandajly kaz sur kaz konyr үjrek baryldauyk үjrek bizkujryk үjrek kaskaldak mamyrkus bodene akkur surkur kur shubarkur bulan elik zhabajy shoshka kundyz tүlki karsak sasyk kүzen borsyk ondatr zhanattәrizdi it kermaral kaskyr akkalak sary kүzen amerikandyk kүzen akkis ak koyan or koyan DerekkozderSajt Osobo ohranyaemye prirodnye territorii Respubliki Kazahstan https oopt kz