Силла патшалығы (кор. 실라 [ɕilːa]; б. з. д. 57 — 935) — үш кәріс мемлекеттерінің бірі. Б. з. д. 57 жылы Самхан конфедерациясының бір патшалығы ретінде құрылған. Силла 660 жылы , ал 668 жылы Когурёи патшалықтарын басып алып, тарихқа Біріккен Силла деген атаумен енді. Бірінші мыңжылдықтың соңында Силла ыдырап, 935 жылы Корё құрамына кіреді.
Силла 신라 (新羅) | |||||||
| |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
576 жылдағы Силла | |||||||
Астанасы | |||||||
Тіл(дер)і | / Ескі корей тілі | ||||||
Діні | Буддизм (негізінен Махаяна) | ||||||
Аумағы | 32 247.78.км² | ||||||
Халқы | 12 987 317 | ||||||
Басқару формасы | Монархия | ||||||
Тарихы | |||||||
- б.з.д. 57 | Құрылуы | ||||||
- 530 | Буддизмді қабылдауы | ||||||
- 551-585 | Ұлы Жинхыңның жаулап алуы | ||||||
- 668-935 | Біріккен Силла | ||||||
- 935 | Корёның басып алуы | ||||||
Атауы
Ханчада жазылған патшалық атауының бірнеше транскрипциясы бар: 斯盧 (사로, Саро), 斯羅 (사라, Сара), 徐那[伐] (서나[벌], Сона[боль]), 徐耶[伐] (서야[벌], Соя[бёль]), 徐羅[伐] (서라[벌], Сора[боль]), 徐伐 (서벌, Соболь). Уэй әулеті заманында (220—266)қытайша Синьлу (新盧) деп аталған. 503 жылы Чиджың патша патшалықтың ресми атауын 新羅 деп өзгепртті. Корей тілінде ол «Силла» — 실라 деп оқылады. Бастапқыда бұл «елорда» деген мағынаны білдірген, алайда қазіргі кезде көптеген ғалымдар бұл сөздің басқа мағынасын тапқан.
Тарихы
Құрылуы
Орта ғасырлық корей жылнамаларына сәйкес Силланы б. з. д. 57 жылы қазіргі аймағында Пак Хёккосе құрған. Бұл жайлы ең алғаш X ғасырда жазылған «Самгук саги» корей жылнамасында жазылған.
Аңыз бойынша Хёккосе жұмыртқаны жарып шыққан, ал 13 жасқа толған кезде Чинхан конфедерациясының 6 бас қауымы оны таққа отырғызады. Алғашқыда таққа Пак, Сок және Ким тектілер отырды.
Қытай деректерінде Силла уаңдары Чинхан немесе Циңхан (秦韓) билеушілерінің ұрпақтары деп кездеседі. Сондай-ақ циңхандықтар Цинь империясынан (кинчуансон, тура сол иероглиф) бөлініп Махандықтармен біріккендердің ұрпақтары деген дерек те бар. Сол деректеріне сәйкес Силла Пэкчеге тәуелді болған, ал Силла уаңдары Пэкче патшалығынан шыққан.
Екінші ғасырда Чинхан конфедерациясы құрамындағы тайпаларға билігін жүргізе бастаған Силла патшалығының территориясы Корей түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатты, алайда үшінші ғасырдың соңына дейін Силла тек конфедерация құрамындағы қала-мемлекет статусына ие болды.
Патшалықтың гүлденуі
Ким қауымынан шыққан Нэмуль патша (356-402) мемлекеттің басқару формасын ұрпақтан ұрпаққа берілетін монархия түріне ауыстырады. Бұдан кейін мемлекет басшысының титулы «Марипкан» (ескі корей тіліндегі «хан» немесе «кан» («билеуші» немесе «ұлы») сөзінен шыққан). Бұл титул атауының моңғолдың хан титулымен ұқсас дыбысталуы - Алтай тілдерінде сөйлеген халықтардың туыстыған айқындайды. 377 жылы Нэмуль Қытай және Когурё мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатады.
Көршілес Пэкче мен жапондық Вокоу қарақшыларымен қақтығыстар көп болғандықтан, Силла Когурёмен әскери келісім-шартқа отыруға мәжбүр болды. Алайда 427 жылы Когурё өзінің оңтүстік шекарасын кеңейтіп, елорданы Пхеньянға ауыстырғандықтан, Нульджи патша бұл жолы Пэкчемен әскери одақ құруға мәжбүр болады.
Попхын патша тұсында (514-540) Силла буддизм діні басым болған мемлекетке айналды. Силла 532 жылы Кымгуан Каяны аннексиялап, ал 562 жылы Тэгаяны жаулы+п, Кая тайпалық одағын түбегейлі басып алады. Сол арқылы өзінің шекарасын Нактоңгаң өзеңіне дейін кеңейтіп алады. Осы кезде Лян әулетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылады.
Біріккен Силла
VII ғасырда (шамамен 621-624) Силла Қытайдық Тан әулетімен әскери одақ құрады. 643 жылы Ли Шинмин Пэкче мен Когурёге қарсы одақ құру жайында талқылау мақсатында Силла елшісін қабылдайды. 645 жылы патшайым Когурёге қарсы соғыста Тан императорына көмек ретінде 50 000 әскер жіберудің орнына 30 мың жібереді. Пэкчеліктер шабуыл жасап, батыстағы 7 бекініс басып алады. 655 жылы Когурё, Пэкче, Силланың солтүстік шекарасына шабуыл жасап, 33 бекіністі басып алады.
660 жылы Муйоль патша тұсында (654—661) Силла Пэкчені, ал в 668 жылы Мунму патша тұсында Когурё мемлекетін басып алады. 674 жылы Силла уаңы Когурё халқын жинап, тан әскеріне қарсы қойып жатқандығы анықталған кезде Тан-Силла одағы бұзылады. Император Мунму уаңды тақтан түсіріп, Ким Инмун князін Силла уаңы деп жариялайды. Силлаға қарсы әскер жіберіліп, 10 жылға созылған Силла-тан соғыстары басталады.
Алайда Когурёның солтүстік аймағы еш бір мемлекетке тиесілі болмағандықтан, ол жерде алғашқы манчжурлық мемлекет — патшалығы құрылады.
Тағы қараңыз
Сыртқы сілтемелер
- Бичурин. «Мәліметтер жинағы…»
- Кёңджу мемлекеттік мұражайы (ағыл.)
- Силла, Пэкче және Корё
- Үш патшалық
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Silla Kingdom |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Silla patshalygy kor 실라 ɕilːa b z d 57 935 үsh kәris memleketterinin biri B z d 57 zhyly Samhan konfederaciyasynyn bir patshalygy retinde kurylgan Silla 660 zhyly al 668 zhyly Koguryoi patshalyktaryn basyp alyp tarihka Birikken Silla degen ataumen endi Birinshi mynzhyldyktyn sonynda Silla ydyrap 935 zhyly Koryo kuramyna kiredi Silla 신라 新羅 b z d 57 935 Eltanbasy576 zhyldagy SillaAstanasyTil der i Eski korej tiliDini Buddizm negizinen Mahayana Aumagy 32 247 78 km Halky 12 987 317Baskaru formasy MonarhiyaTarihy b z d 57 Қuryluy 530 Buddizmdi kabyldauy 551 585 Ұly Zhinhynnyn zhaulap aluy 668 935 Birikken Silla 935 Koryonyn basyp aluyAtauyHanchada zhazylgan patshalyk atauynyn birneshe transkripciyasy bar 斯盧 사로 Saro 斯羅 사라 Sara 徐那 伐 서나 벌 Sona bol 徐耶 伐 서야 벌 Soya byol 徐羅 伐 서라 벌 Sora bol 徐伐 서벌 Sobol Uej әuleti zamanynda 220 266 kytajsha Sinlu 新盧 dep atalgan 503 zhyly Chidzhyn patsha patshalyktyn resmi atauyn 新羅 dep ozgeprtti Korej tilinde ol Silla 실라 dep okylady Bastapkyda bul elorda degen magynany bildirgen alajda kazirgi kezde koptegen galymdar bul sozdin baska magynasyn tapkan TarihyҚuryluy Orta gasyrlyk korej zhylnamalaryna sәjkes Sillany b z d 57 zhyly kazirgi ajmagynda Pak Hyokkose kurgan Bul zhajly en algash X gasyrda zhazylgan Samguk sagi korej zhylnamasynda zhazylgan Anyz bojynsha Hyokkose zhumyrtkany zharyp shykkan al 13 zhaska tolgan kezde Chinhan konfederaciyasynyn 6 bas kauymy ony takka otyrgyzady Algashkyda takka Pak Sok zhәne Kim tektiler otyrdy Қytaj derekterinde Silla uandary Chinhan nemese Cinhan 秦韓 bileushilerinin urpaktary dep kezdesedi Sondaj ak cinhandyktar Cin imperiyasynan kinchuanson tura sol ieroglif bolinip Mahandyktarmen birikkenderdin urpaktary degen derek te bar Sol derekterine sәjkes Silla Pekchege tәueldi bolgan al Silla uandary Pekche patshalygynan shykkan Ekinshi gasyrda Chinhan konfederaciyasy kuramyndagy tajpalarga biligin zhүrgize bastagan Silla patshalygynyn territoriyasy Korej tүbeginin ontүstik shygys boligin alyp zhatty alajda үshinshi gasyrdyn sonyna dejin Silla tek konfederaciya kuramyndagy kala memleket statusyna ie boldy Patshalyktyn gүldenui Kim kauymynan shykkan Nemul patsha 356 402 memlekettin baskaru formasyn urpaktan urpakka beriletin monarhiya tүrine auystyrady Budan kejin memleket basshysynyn tituly Maripkan eski korej tilindegi han nemese kan bileushi nemese uly sozinen shykkan Bul titul atauynyn mongoldyn han titulymen uksas dybystaluy Altaj tilderinde sojlegen halyktardyn tuystygan ajkyndajdy 377 zhyly Nemul Қytaj zhәne Koguryo memleketterimen diplomatiyalyk karym katynas ornatady Korshiles Pekche men zhapondyk Vokou karakshylarymen kaktygystar kop bolgandyktan Silla Koguryomen әskeri kelisim shartka otyruga mәzhbүr boldy Alajda 427 zhyly Koguryo ozinin ontүstik shekarasyn kenejtip elordany Phenyanga auystyrgandyktan Nuldzhi patsha bul zholy Pekchemen әskeri odak kuruga mәzhbүr bolady Pophyn patsha tusynda 514 540 Silla buddizm dini basym bolgan memleketke ajnaldy Silla 532 zhyly Kymguan Kayany anneksiyalap al 562 zhyly Tegayany zhauly p Kaya tajpalyk odagyn tүbegejli basyp alady Sol arkyly ozinin shekarasyn Naktongan ozenine dejin kenejtip alady Osy kezde Lyan әuletimen diplomatiyalyk karym katynas ornatylady Korolevskie mogilnye kurgany v KyondzhuBirikken Silla VII gasyrda shamamen 621 624 Silla Қytajdyk Tan әuletimen әskeri odak kurady 643 zhyly Li Shinmin Pekche men Koguryoge karsy odak kuru zhajynda talkylau maksatynda Silla elshisin kabyldajdy 645 zhyly patshajym Koguryoge karsy sogysta Tan imperatoryna komek retinde 50 000 әsker zhiberudin ornyna 30 myn zhiberedi Pekchelikter shabuyl zhasap batystagy 7 bekinis basyp alady 655 zhyly Koguryo Pekche Sillanyn soltүstik shekarasyna shabuyl zhasap 33 bekinisti basyp alady 660 zhyly Mujol patsha tusynda 654 661 Silla Pekcheni al v 668 zhyly Munmu patsha tusynda Koguryo memleketin basyp alady 674 zhyly Silla uany Koguryo halkyn zhinap tan әskerine karsy kojyp zhatkandygy anyktalgan kezde Tan Silla odagy buzylady Imperator Munmu uandy taktan tүsirip Kim Inmun knyazin Silla uany dep zhariyalajdy Sillaga karsy әsker zhiberilip 10 zhylga sozylgan Silla tan sogystary bastalady Alajda Koguryonyn soltүstik ajmagy esh bir memleketke tiesili bolmagandyktan ol zherde algashky manchzhurlyk memleket patshalygy kurylady Tagy karanyzKoreya tarihy KoguryoSyrtky siltemelerBichurin Mәlimetter zhinagy Kyondzhu memlekettik murazhajy agyl Silla Pekche zhәne Koryo Үsh patshalykOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Silla Kingdom