Сеңкібай Қабанбайұлы - жоңғар шапқыншылығына қарсы шайқастарда батырлық, ерлігімен даңқы ерте шыққан жас батыр әрі шешен. Ол шамамен 1712-1779 жылдар аралығында ғұмыр кешкен. Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Қазақтың төбе биі үйсін Төле бидің туыс, ет жақын бауыры. Төле бабамыз Әлібектің екінші әйелі Бүркіттен, ал бәйбішесі Молбикеден Тыныбек, Ақбота, Шора туған. Тыныбектен - Абыл, Қабыл тарайды. Сеңкібайдың әкесі Қабан да батыр кісі болған екен. Оны Майкөт ақынның мына бір өлең жолдары растай түседі, ақын былай деп жырлайды:
- Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр.
- Бақ-дөулет ұрпағына қонып жатыр.
- Таластан тоған қазып, егін салып,
- Суландырған даласын о да батыр.
Жастайынан Төле бидің тәлім-тәрбиесін алған Сеңкібай жаратылысынан зерек, алғыр болып өседі. Ол алғашқы рет жоңғарлармен қарсы күресте Аңырақай шайқасында батырлығымен көзге түседі. Бұл кезде оның жасы әлі жиырмаға да толмаған еді. Қалмақтармен жүргізілген кескілескен қанды шайқастарда Сеңкібай Мәмбет, Шойбек батырлармен үнемі бірге тізе қосып, ұрыс қимылдарын қанаттаса жүргізеді, қол бастайды. Алайда батыр бабамыздың өмірбаянына қатысты мәлімет аз. Бастан өткерген қиыншылығы мен ауыртпалығы, жауына қарсы ерлігі жыр-дастан болған қазақтардың жазба тарихы хатқа түспегендіктен - көп мұралар ата-бабаларымызбен бірге кетті. Қазіргі жағдайымыз әттең-ай демес үшін, опық жеп қалмас үшін бабаларымыздың мұралары мен олардың жасаған ерліктерін, айтқан аталы, билікті сөздерін мүмкіндігінше қағаз бетіне түсіріп қалу. Ел болған соң, ерін жоқтар азаматтар жоқ емес. Күні кешеге дейін Сеңкібайдың есімі жұртшылыққа белгісіз болып келді. Бұқар жырында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, Шапырашты Наурызбай сынды айбынды қолбасшылармен қатар Сеңкібай батырдың да аты аталатынына назар сала алғанымыз жоқ. М. Мағауин, М. Байділдаевтың құрастыруымен 1984 жылы "Жазушы" баспасынан жарық көрген үш кітаптан тұратын "Бес ғасыр жырлайды" кітабының бірінші томына енген Бұқар жырау Қалқаманұлының "Қалданменен ұрысы" деген толғауында мынандай жолдар бар:
- ... Шапырашты Наурызбай,
- Құдаменді Жібектей қасында,
- Бақ, дәулеті басында,
- Секербай мен Шойбекбай,
- Таңсық қожа, Мамыт бар,
- Қасқарауұлы Молдабай,
- Қатардан жақсы қалдырмай,
- Айнакүл Бәти ішінде;
- Өңкей батыр жиналып,
- Абылай салды жарлықты.
Осы жырда есімдері ерекше аталған бірсыпыра батырлардың аттары қате жазылған, бірақ бұл жыр бағасыз тарихи құжат болып саналатындықтан, текстологиялық қатені кейінгі ұрпақ түзетіп оқуға тиіс. Бұхар жырындағы Секербай деп отырған осы Сеңкібай батыр да, ал Шойбекбай - Шойбек батыр. Бұл екі батырдың есімін қалпына келтіруге себепші - кітап шығару тарихында сирек кездесетін асыл мұраларымызға айналып отырған Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлының 1993 жылы "Жалын" баспасынан жарық көрген "Түп-тұқияннан өзіме шейін" деген еңбегі болып отыр. Осы кітапта Қазыбек бек Бұхар жыраудың өз аузынан жазып алған бірнеше өлеңін келтіреді. Соның бірінде жырау былайша толғайды:
- ...Қаракерей Қабанбай,
- Қанжығалы Бөгенбай,
- Шапырашты Наурызбай,
- Ту түбінде тұр еді.
- Айбатты бұ күн Абылай,
- Төбеде жыға шаншылып,
- Әрі-бері жүр еді.
- Қиядан қиқу салғанда,
- Қазағым халқым - батырым
- Дұшпанын жерге тіреді.
- Бауырын сөгіп іреді.
- Ерегіскен көп дұшпан,
- Қара жерге кіреді.
- Қазақ деген халқынан,
- Батыр шыққан даңқынан.
- Сіргелі қара Тілек,
- Қарақалпақ Қылышбек,
- Текеден шыкқан Сатай,
- Бөлек Келді туға жанасып,
- Көп қосынды шатқа бөлеп,
- Батырлардың асқары –
- Қазыбекұлы Қасқары.
- Қаумен Дәулет қасында,
- Бақ-дәулеті басында,
- Сеңкібай мен Шойбек бар,
- Таңсық қожа Мәмбет бар,
- Осылардың қасында.
- Досты жаудан айырған,
- Тағыны таңнан кайырған,
- Қасқараұлы Молдабай
- Қара күші мол Бағай –
- Бәрің батыр, бәрің бек,
- Тұрсың-ау ығай мен сығай.
Сөйтіп Бұхар бабамыз жырға қосқан Сеңкібай батырдың аты Тауасарұлының кітабы арқылы ұрпағымен қайта қауышты. Аталмыш кітабында, Сеңкібайды алғаш көруі туралы Қазыбек бек Тауасарұлы былай депті: "Төле ағаны бұрын да көргенмін, талай бір дастарқан басында дөм татқанбыз. Қосшы балалар тұра жүгіріп, өзіміздің адамдар болтан соң, аттарын матастырып байлап жатты. Шынымен Төле би екен. Жанында Сеңкібай мен Шойбек бар, бәрі тоғыз адам. -Жолым болсын деп, үлкен үйден дәм татуға келдім, - деді Төле. -Бәсе, қалай-ақ Жайылмыстар апасын жауға тастап кетті деп едім, - деп қалжың айтты күйеусінген әкем. Төле би сәл жымиды да: -Елдің басын қосу керек, - деді ол, - еру елдің, жай алдын тосуы керек. Сондықтан елден бұрын көштім. Жау тиген елде береке болмайды. Әзір жайбарақат отырған ел арасынан қол жиғым келеді. Мына Сеңкібай мен Шойбекті ертіп алғаным сол" (119-бет). Сеңкібай батыр Далатаудағы ұрыста он екі қалмақты шауып аттан түсіреді, соның бірі Қалданның жақыны екен. 1728 жылы Ордабасыда үш жүздің басы қосылған ұлы жиын етіп қалмақтарға қарсы қазақ қолын басқару Әбілқайыр ханға тапсырылып, ол бас қолбасшы болып сайланады. Осы алғашқы шешуші ұрысқа Ұлы жүзден он жеті мың адам қатысады. Дулаттардан жиналған сегіз мың қолға Сеңкібай, Шойбек, Шымыр Қойгелді, Ботпай Сәмен басшылық етеді. Сөйтіп Сеңкібай соғыс өнерін ерте үйреніп, майдан даласында ерте танылған қолбасшылардың біріне айналады.
Қаз дауысты Қазыбек би қайтыс болып Жетісудан оның қырқына барған кісілерге бидің қызы Қамқа дауыс айтып, жоқтауына Найман Ақылбай биді, Ысты Оңқайды, Дулат Сеңкібай мен Шойбек батырды да қосқанын жазады Тауасарұлы. Осы бір деректер өз заманында Сеңкібайдың ерлігін ел танығанын көрсетеді. Сеңкібай ұзақ ғұмыр кешіп дүниеден өтеді. Оның сүйегі Жамбыл қаласының іргесіндегі Талас өзенінің жағасына қойылады, үрім-бұтақтары басына сагана тұрғызады. Өкініштісі сол көне қорымның орнын, мазарларды 1970 жылы Ровный кеңшарының директоры Песатиди деген грек жігіті жұрттың сөзін құлағына да ілмей бульдозермен тегістетіп пияз ектіреді.
Сеңкібай бабамыз Төле бидің өнегесімен қартайып шау тартканына қарамастан ел-жұрттың басын қосып, Талас өзенінің Тектұрмас тұсынан ұзындығы 32 шақырымдай канал - үлкен арық қаздырады. Арық күні бүгінге дейін "Сеңкібай арығы" аталады, ұлтаны құрғаған емес.
Абылай ханның жанына топтасқан даңқты батырлардың бірі болған Сеңкібайдан таралған ұрпақ бүгінде Байзақ ауданында өніп-өсуде.
Сеңкібай батырлық, өжеттігімен даңқы шыққан батыр ғана емес, дау-дамайларға, айтыс-тартыстарға төрелік айткан беделді шешен, елдің береке-бірлігінің, татулығының ұйытұысы, алдынан атты кісі кесе көлденең өтпейтін айбарлы адам болған. Көнеден бізге жеткен әңгіме-аңыз, жыр-толғаулар осыны аңдатқандай. Сеңкібайдың шешендік, билік, нақыл сөздері болашақта табылып, оның өмірбаяны толыға түсер деп ойлаймыз. Бұл бағытта Бақтияр Әбілдаұлының ізденісі жеміссіз болмас. Сеңкібай шешеннің бір-екі шешендік сөзін келтіруді жөн көрдік.
Сеңкібайдың 13-14-тегі бозбала шағы екен. Ол басқа туыстарымен бірге Ташкент түбіндегі ағасы Төле биге сөлем бере барады. Дау үстінен түседі. Бір қырғыз жігіті қазақтың жылқылы байы бесіктегі баласын өлтірді деп айыптап, қүн сұрай келіпті. Қырғыздың айтуына қарағанда, бай қалың жылқысын қырғыздың киіз үйіне тақай қаптатып өткізген көрінеді. Қалың дүбірден, шұрқыраған, кісінеген дыбыстан бесіктегі баланың шошып жүрегі жарылып өлді деп дау айтады қырғыз жігіті. Осы әңгімені естіген Сеңкібай елеңдеп, орнында отыра алмай қопаңдап, тыпырши береді. Осыны байқап отырған сезімтал Төле би Сеңкібайға: -Інім, делебең қозып отырған сияқты, мына дауға билік айтам десең саған бердім кезекті, - дейді. Қаумалаған қалың жұрт "айтсын, айтсын" деседі. Сонда: -Онда мына қосақтаулы бір отар саулықты сауғызып, сүтін бір қазанға пісіріп, талдырып айран ұйытылсын. Қырғыз жігітінің үйінің жанынан шұрқырап өткен калың жылқы дайын тұрсын, - депті. Төле бидің өзі келіскен соң, таңырқаған жұрт бұл билікке тақ тұрады. Ертеңгісін тұс қайта жылқылы бай, қырғыз жігіті, Төле би, Сеңкібай және баска да мүдделі жұрт бір казан ұйытылған қою айранды ашып көрсе, қалың қаймағы тұтасып тұр екен.
Сеңкібай бала үй жанынан қалың жылқыны тағы да шұбыртып айдап өтуді талап етеді. Қазанның қақпағы болса жабулы. Айғырлары арқырап, құлындары шұрқырап, биелері кісінеп, үй жанынан дүркіреп өткенде жер сілкінгендей болады. Шұбырынды шаң басылған соң жиналған жүрт қазанның қақпағын ашып көрсе, ұйыған айранның шынтақ елі қалың қаймағы төрт жерден қақырап айрылып кетіпті. Соңда Сеңкібай:
- Қақ айрылғаны айғақ емес пе?
- Құдайдың кең жері тұрғанда,
- Ауыл үстінен жылқы айдап,
- Өткен бай кінәлі.
- Бала құнын төлесін!
- - Жас баланың жүрегі
- Қатығы қою қаймақ емес пе?
- Әшейінде теп-тегіс,
- Шұбырып жылқы өткенде,
- деген екен.
Төле би де жиналған жұрт та бұл әділ билікке риза болып, бай құн төлейді.
Бірде Сеңкібайдың екі туысы - Жапарбай мен Пісібай деген кедей дауласып, ақыры Сеңкібай шешенге жүгіне келеді. Даудың мәнісі Пісібай байдың бір өгізін жаздай жалдап, егін егіп, астығын базарға сатқан соң өгізді пайдаланған ақысына - майына байға он тіллә ұсынады. Бірақ Жапар мұны азсынып алмайды. Сеңкібай байға: -Базарда бір өгіз қанша сом тұрады? - деген сауал қояды. -Менің өгізімдей болса, төрт тіллә, ары кетсе бес тіллә, - дейді - Жапар. -Онда сенің талабың қиянат екен. Өгізің бір жылда өгіз тумайды. Саған төрт тіллә да жетеді. Бесіншісі өсім-ақ болсын, - деп Сеңкібай он тілләнің жартысын кедейге қайтып береді. Өйткені кедей туысының бала-шағасы көп екен. Міне, осындай әділ билік жасаған, туғанына да, туысына да тартпаған. Сеңкібай даулы мәселені дұрыс шешіп отыратын шешен әрі ел атасы да атанған.
Дереккөздер
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() | Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Senkibaj Қabanbajuly zhongar shapkynshylygyna karsy shajkastarda batyrlyk erligimen danky erte shykkan zhas batyr әri sheshen Ol shamamen 1712 1779 zhyldar aralygynda gumyr keshken Dulat tajpasynyn Zhanys ruynan Қazaktyn tobe bii үjsin Tole bidin tuys et zhakyn bauyry Tole babamyz Әlibektin ekinshi әjeli Bүrkitten al bәjbishesi Molbikeden Tynybek Akbota Shora tugan Tynybekten Abyl Қabyl tarajdy Senkibajdyn әkesi Қaban da batyr kisi bolgan eken Ony Majkot akynnyn myna bir olen zholdary rastaj tүsedi akyn bylaj dep zhyrlajdy Atasy Senkibajdyn Қaban batyr Bak doulet urpagyna konyp zhatyr Talastan togan kazyp egin salyp Sulandyrgan dalasyn o da batyr Zhastajynan Tole bidin tәlim tәrbiesin algan Senkibaj zharatylysynan zerek algyr bolyp osedi Ol algashky ret zhongarlarmen karsy kүreste Anyrakaj shajkasynda batyrlygymen kozge tүsedi Bul kezde onyn zhasy әli zhiyrmaga da tolmagan edi Қalmaktarmen zhүrgizilgen keskilesken kandy shajkastarda Senkibaj Mәmbet Shojbek batyrlarmen үnemi birge tize kosyp urys kimyldaryn kanattasa zhүrgizedi kol bastajdy Alajda batyr babamyzdyn omirbayanyna katysty mәlimet az Bastan otkergen kiynshylygy men auyrtpalygy zhauyna karsy erligi zhyr dastan bolgan kazaktardyn zhazba tarihy hatka tүspegendikten kop muralar ata babalarymyzben birge ketti Қazirgi zhagdajymyz әtten aj demes үshin opyk zhep kalmas үshin babalarymyzdyn muralary men olardyn zhasagan erlikterin ajtkan ataly bilikti sozderin mүmkindiginshe kagaz betine tүsirip kalu El bolgan son erin zhoktar azamattar zhok emes Kүni keshege dejin Senkibajdyn esimi zhurtshylykka belgisiz bolyp keldi Bukar zhyrynda Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Shakshakuly Zhәnibek Shapyrashty Nauryzbaj syndy ajbyndy kolbasshylarmen katar Senkibaj batyrdyn da aty atalatynyna nazar sala alganymyz zhok M Magauin M Bajdildaevtyn kurastyruymen 1984 zhyly Zhazushy baspasynan zharyk korgen үsh kitaptan turatyn Bes gasyr zhyrlajdy kitabynyn birinshi tomyna engen Bukar zhyrau Қalkamanulynyn Қaldanmenen urysy degen tolgauynda mynandaj zholdar bar Shapyrashty Nauryzbaj Қudamendi Zhibektej kasynda Bak dәuleti basynda Sekerbaj men Shojbekbaj Tansyk kozha Mamyt bar Қaskarauuly Moldabaj Қatardan zhaksy kaldyrmaj Ajnakүl Bәti ishinde Өnkej batyr zhinalyp Abylaj saldy zharlykty Osy zhyrda esimderi erekshe atalgan birsypyra batyrlardyn attary kate zhazylgan birak bul zhyr bagasyz tarihi kuzhat bolyp sanalatyndyktan tekstologiyalyk kateni kejingi urpak tүzetip okuga tiis Buhar zhyryndagy Sekerbaj dep otyrgan osy Senkibaj batyr da al Shojbekbaj Shojbek batyr Bul eki batyrdyn esimin kalpyna keltiruge sebepshi kitap shygaru tarihynda sirek kezdesetin asyl muralarymyzga ajnalyp otyrgan Shapyrashty Қazybek bek Tauasarulynyn 1993 zhyly Zhalyn baspasynan zharyk korgen Tүp tukiyannan ozime shejin degen enbegi bolyp otyr Osy kitapta Қazybek bek Buhar zhyraudyn oz auzynan zhazyp algan birneshe olenin keltiredi Sonyn birinde zhyrau bylajsha tolgajdy Қarakerej Қabanbaj Қanzhygaly Bogenbaj Shapyrashty Nauryzbaj Tu tүbinde tur edi Ajbatty bu kүn Abylaj Tobede zhyga shanshylyp Әri beri zhүr edi Қiyadan kiku salganda Қazagym halkym batyrym Dushpanyn zherge tiredi Bauyryn sogip iredi Eregisken kop dushpan Қara zherge kiredi Қazak degen halkynan Batyr shykkan dankynan Sirgeli kara Tilek Қarakalpak Қylyshbek Tekeden shykkan Sataj Bolek Keldi tuga zhanasyp Kop kosyndy shatka bolep Batyrlardyn askary Қazybekuly Қaskary Қaumen Dәulet kasynda Bak dәuleti basynda Senkibaj men Shojbek bar Tansyk kozha Mәmbet bar Osylardyn kasynda Dosty zhaudan ajyrgan Tagyny tannan kajyrgan Қaskarauly Moldabaj Қara kүshi mol Bagaj Bәrin batyr bәrin bek Tursyn au ygaj men sygaj Sojtip Buhar babamyz zhyrga koskan Senkibaj batyrdyn aty Tauasarulynyn kitaby arkyly urpagymen kajta kauyshty Atalmysh kitabynda Senkibajdy algash korui turaly Қazybek bek Tauasaruly bylaj depti Tole agany buryn da korgenmin talaj bir dastarkan basynda dom tatkanbyz Қosshy balalar tura zhүgirip ozimizdin adamdar boltan son attaryn matastyryp bajlap zhatty Shynymen Tole bi eken Zhanynda Senkibaj men Shojbek bar bәri togyz adam Zholym bolsyn dep үlken үjden dәm tatuga keldim dedi Tole Bәse kalaj ak Zhajylmystar apasyn zhauga tastap ketti dep edim dep kalzhyn ajtty kүjeusingen әkem Tole bi sәl zhymidy da Eldin basyn kosu kerek dedi ol eru eldin zhaj aldyn tosuy kerek Sondyktan elden buryn koshtim Zhau tigen elde bereke bolmajdy Әzir zhajbarakat otyrgan el arasynan kol zhigym keledi Myna Senkibaj men Shojbekti ertip alganym sol 119 bet Senkibaj batyr Dalataudagy urysta on eki kalmakty shauyp attan tүsiredi sonyn biri Қaldannyn zhakyny eken 1728 zhyly Ordabasyda үsh zhүzdin basy kosylgan uly zhiyn etip kalmaktarga karsy kazak kolyn baskaru Әbilkajyr hanga tapsyrylyp ol bas kolbasshy bolyp sajlanady Osy algashky sheshushi uryska Ұly zhүzden on zheti myn adam katysady Dulattardan zhinalgan segiz myn kolga Senkibaj Shojbek Shymyr Қojgeldi Botpaj Sәmen basshylyk etedi Sojtip Senkibaj sogys onerin erte үjrenip majdan dalasynda erte tanylgan kolbasshylardyn birine ajnalady Қaz dauysty Қazybek bi kajtys bolyp Zhetisudan onyn kyrkyna bargan kisilerge bidin kyzy Қamka dauys ajtyp zhoktauyna Najman Akylbaj bidi Ysty Onkajdy Dulat Senkibaj men Shojbek batyrdy da koskanyn zhazady Tauasaruly Osy bir derekter oz zamanynda Senkibajdyn erligin el tanyganyn korsetedi Senkibaj uzak gumyr keship dүnieden otedi Onyn sүjegi Zhambyl kalasynyn irgesindegi Talas ozeninin zhagasyna kojylady үrim butaktary basyna sagana turgyzady Өkinishtisi sol kone korymnyn ornyn mazarlardy 1970 zhyly Rovnyj kensharynyn direktory Pesatidi degen grek zhigiti zhurttyn sozin kulagyna da ilmej buldozermen tegistetip piyaz ektiredi Senkibaj babamyz Tole bidin onegesimen kartajyp shau tartkanyna karamastan el zhurttyn basyn kosyp Talas ozeninin Tekturmas tusynan uzyndygy 32 shakyrymdaj kanal үlken aryk kazdyrady Aryk kүni bүginge dejin Senkibaj arygy atalady ultany kurgagan emes Abylaj hannyn zhanyna toptaskan dankty batyrlardyn biri bolgan Senkibajdan taralgan urpak bүginde Bajzak audanynda onip osude Senkibaj batyrlyk ozhettigimen danky shykkan batyr gana emes dau damajlarga ajtys tartystarga torelik ajtkan bedeldi sheshen eldin bereke birliginin tatulygynyn ujytuysy aldynan atty kisi kese koldenen otpejtin ajbarly adam bolgan Koneden bizge zhetken әngime anyz zhyr tolgaular osyny andatkandaj Senkibajdyn sheshendik bilik nakyl sozderi bolashakta tabylyp onyn omirbayany tolyga tүser dep ojlajmyz Bul bagytta Baktiyar Әbildaulynyn izdenisi zhemissiz bolmas Senkibaj sheshennin bir eki sheshendik sozin keltirudi zhon kordik Senkibajdyn 13 14 tegi bozbala shagy eken Ol baska tuystarymen birge Tashkent tүbindegi agasy Tole bige solem bere barady Dau үstinen tүsedi Bir kyrgyz zhigiti kazaktyn zhylkyly bajy besiktegi balasyn oltirdi dep ajyptap kүn suraj kelipti Қyrgyzdyn ajtuyna karaganda baj kalyn zhylkysyn kyrgyzdyn kiiz үjine takaj kaptatyp otkizgen korinedi Қalyn dүbirden shurkyragan kisinegen dybystan besiktegi balanyn shoshyp zhүregi zharylyp oldi dep dau ajtady kyrgyz zhigiti Osy әngimeni estigen Senkibaj elendep ornynda otyra almaj kopandap typyrshi beredi Osyny bajkap otyrgan sezimtal Tole bi Senkibajga Inim deleben kozyp otyrgan siyakty myna dauga bilik ajtam desen sagan berdim kezekti dejdi Қaumalagan kalyn zhurt ajtsyn ajtsyn desedi Sonda Onda myna kosaktauly bir otar saulykty saugyzyp sүtin bir kazanga pisirip taldyryp ajran ujytylsyn Қyrgyz zhigitinin үjinin zhanynan shurkyrap otken kalyn zhylky dajyn tursyn depti Tole bidin ozi kelisken son tanyrkagan zhurt bul bilikke tak turady Ertengisin tus kajta zhylkyly baj kyrgyz zhigiti Tole bi Senkibaj zhәne baska da mүddeli zhurt bir kazan ujytylgan koyu ajrandy ashyp korse kalyn kajmagy tutasyp tur eken Senkibaj bala үj zhanynan kalyn zhylkyny tagy da shubyrtyp ajdap otudi talap etedi Қazannyn kakpagy bolsa zhabuly Ajgyrlary arkyrap kulyndary shurkyrap bieleri kisinep үj zhanynan dүrkirep otkende zher silkingendej bolady Shubyryndy shan basylgan son zhinalgan zhүrt kazannyn kakpagyn ashyp korse ujygan ajrannyn shyntak eli kalyn kajmagy tort zherden kakyrap ajrylyp ketipti Sonda Senkibaj Қak ajrylgany ajgak emes pe Қudajdyn ken zheri turganda Auyl үstinen zhylky ajdap Өtken baj kinәli Bala kunyn tolesin Zhas balanyn zhүregi Қatygy koyu kajmak emes pe Әshejinde tep tegis Shubyryp zhylky otkende degen eken Tole bi de zhinalgan zhurt ta bul әdil bilikke riza bolyp baj kun tolejdi Birde Senkibajdyn eki tuysy Zhaparbaj men Pisibaj degen kedej daulasyp akyry Senkibaj sheshenge zhүgine keledi Daudyn mәnisi Pisibaj bajdyn bir ogizin zhazdaj zhaldap egin egip astygyn bazarga satkan son ogizdi pajdalangan akysyna majyna bajga on tillә usynady Birak Zhapar muny azsynyp almajdy Senkibaj bajga Bazarda bir ogiz kansha som turady degen saual koyady Menin ogizimdej bolsa tort tillә ary ketse bes tillә dejdi Zhapar Onda senin talabyn kiyanat eken Өgizin bir zhylda ogiz tumajdy Sagan tort tillә da zhetedi Besinshisi osim ak bolsyn dep Senkibaj on tillәnin zhartysyn kedejge kajtyp beredi Өjtkeni kedej tuysynyn bala shagasy kop eken Mine osyndaj әdil bilik zhasagan tuganyna da tuysyna da tartpagan Senkibaj dauly mәseleni durys sheship otyratyn sheshen әri el atasy da atangan DerekkozderBaspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Izdatelstvo Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet