Сарайшық (1993 ж. дейін — Опытное) — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Сарайшық ауылдық округі орталығы. Ауыл жанында Сарайшық көне қаласының орны орналасқан.
Ауыл | |
Сарайшық | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 47°30′15″ с. е. 51°43′07″ ш. б. / 47.50417° с. е. 51.71861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°30′15″ с. е. 51°43′07″ ш. б. / 47.50417° с. е. 51.71861° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1956 |
Бұрынғы атаулары | Опытное поле (Опытное) |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲2260 адам (2021) |
Этнохороним | сарайшықтық, сарайшықтықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды | 06 |
Сарайшық шекарасы |
Географиялық орны
Аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 18 км-дей жерде.
Тарихы
Сарайшық селосында 1929 жылы Тәжірибе алқабы құрылды. Кейін шаруашылық кеңейіп, 1956 жылы Гурьев мемлекеттік ауылшаруашылығы тәжірибе станциясына айналды. Ол Сарайшық (бұрынғы Опытное) селосында орын тепті. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор, академик Аймақ Жайғалиұлы Жанғалиев басшылық еткен 1953 жылдан бастап ауылға жеміс бағы егілді (30 гектар жерге 10 800 түп жеміс ағашы отырғызылып, кейін 60 гектарға жетті). Алуан түрлі сорттар зерттеліп, бақта алманың 153, алмұрттың 15, шиенің 12, өріктің бес, алхорының сегіз, жүзімнің 16 сорты отырғызылып, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. 1962 жылдан 1969 жылға дейін станция директоры Гурьев облысына танымал агроном Нұрмұхан Ауданов болды. Шаруашылық партия комитетінің секретары болып Х.Аманов, селолық кеңестің төрағасы болып Б.Ержанов қызмет етті. Бұл жылдары тәжірибе станциясы Махамбет ауданындағы Заурал кеңшарымен біріктіріліп, №5 Сарайшық бөлімшесі атанды. Ірі шаруашылық құрылып, ғылыми жұмыстар мен шаруашылық қатар, ұштастырып жүргізілді. 1968 жылы Гурьев мемлекеттік ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы Заурал кеңшарынан бөлініп, қайтадан Сарайшыққа көшіп, ғылым саласындағы дербес мекемеге айналды.
1987-1990 жылдар аралығында биология ғылымының кандидаты Жанай Берқалиев директор қызметін атқарды. Бұл жылдары тәжірибе станциясының техникалық базасы нығайтылып, мал басы өсіп, егіс көлемі едәуір кеңейтілді. Тың жерлер игеріліп, көкөніс, мал азығы дақылдары мол дайындалды. Айта кетерлік жайт, осы директор ауылға көптеген жаңа үйлер салғызды. Әр көшеге асфальт төселіп, көшелерге жарық жүргізіліп, көптеген техникалар жаңартылды. 1990 жылы станция тәжірибе шаруашылығына айналды.
1995 жылдың аяқ шенінде Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің қаулысымен және облыстық жекешелендіру комитетінің шешімімен тәжірибе шаруашылығы таратылып, Атырау қаласындағы ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына қосылды. Тәжірибе станциясының ғылыми бөлімдері мен ғылыми кітапханасы да сонда көшірілді.
2010 жылы институттың аты өзгеріп, ол Оңтүстік-Батыс мал және егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Атырау филиалы атанды. Жалпы өмір сүру, жұмыс істеу барысында станция ғылымнан басқа, кәдімгі кеңшарлар секілді шаруашылықпен де айналысты. «Егіз» жайлауында көптеген қой отарлары болса, ауыл басында сауын сиыр кешені, жемдеу цехы, сиыр қора (коровник), ат қоралары болды. «Қаратал», «Жайсаң», «Нұрабай», «Егіз», «Тіленші», «Қосымбай», «Байнияз», «Бескемпір», «Алтын», «Мойнақ» деген қыстақтарда қой, жылқы малдары бағылды. Сөйтіп, 66 жыл бойы республика мен облыстың ғылымын, шаруашылығын дамытуға ауқымды үлес қосқан станция нарықтық экономика талаптарына байланысты Сарайшықтағы жұмысын тоқтатты.
Сонымен қатар, Сарайшықтың өзінде тоқсаныншы жылдары Ержан Мұқашев жетекшілік еткен «Сарайшық» кооперативі құрылды. 2000 жылдың 30 қазанында коопертивті жауып, құжаттарын облыстық жекешелендіру жөніндегі комитетке табыс етті. Сөйтіп, 60-70-80 жылдары Сарайшық ауылын гүлдендірумен қатар, елдің ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан станция тарихы қойнауына кетті.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 1757 адам тұрған.1999 жылы тұрғындар саны 1939 адам (970 ер адам және 969 әйел адам) болса, 2009 жылы 1900 адамды (910 ер адам және 990 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2260 адамды (1114 ер адам және 1146 әйел адам) құрады.
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
Мектеп
- Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі — 1917 жылғы Октябрь революциясынан кейін мектепті шіркеуден ажырату жөніндегі декретке сай діни мектеп жабылып, ауылдағы зиялылар мектебі шаруа жастар мектебі (школа крестьянской молодежи) болып қайта құрылды. Шаруа жастар мектебі сауатсыздықты жою бағытында жұмыс істеп, кейін бастауыш мектепке айналған. 1933 жылдан бастап Сарайшық бастауыш мектебі орталау мектеп болып қайта құрылған. 1937-38 жылдан бастап Сарайшық орталау мектебі — Молотов атындағы Сарайшық орта мектебі атанды. 1957 оқу жылында Молотов атындағы Сарайшық орта мектебі жабылып, орнына 6 сыныптық орыс-қазақ бастауыш мектебі ашылды. Осы мектеп негізінде 1961 жылы Сарайшық сегізжылдық мектебі болып, жаңа Сарайшық селосына көшірілді. 1993 жылы Махамбет аудандық әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссияның шешімімен мектеп «Қазмұхамбет Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі» болып аталды.
Мектепке дейінгі білім
- "Бүлдіршін" бөбекжай-бақшасы — 1963 жылғы 1 шілдеде 30 балалық орынмен ашылды. 1976 жылы балабақша 120 орындық ғимаратқа көшті. 1981 жылдан бастап Сарайшық «Бүлдіршін» балабақшасы болып аталды. 1999 жылдан бастап балабақша коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны «Бүлдіршін» балалар бақшасы болып өзгерді. Балабақша 2005 жылы жаңа заманға сай икемделген жобада қайта жасақталған екі қатарлы ғимаратқа көшті.
Колледж
- Махамбет көп бейінді ауыл-шаруашылық колледжі — Қазақ ССР Министрлер Советінің 22.04.1958 жылғы №632 –Р нұсқауына сәйкес және облыстық еңбекші депутаттар советінің шешімімен «Сарайшық ауыл шаруашылығын механикаландыру училищесі» болып құрылды. 1971 жылдан бастап арнаулы мамандықтармен қоса, орта білім беретін оқу орнына айналдырылды. 1985 жылы «№10 орта кәсіптік-техникалық училище» болып өзгертілді. 1999 жылы «№7 кәсіптік-техникалық мектеп» болып жасақталды. 2007-2012 жылдар аралығында «№10 кәсіптік лицей» болып нәтижелі жұмыстар атқарылды. 2012 жылдан бастап мекеме «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» болып жұмыс атқарды. 2013 жылы мекеме атауы: Атырау облысы Білім беру басқармасының «Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді.
Мәдени мекемелер
- Сарайшық ауылдық мәдениет үйі
- «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы
- «Сарайшық» сапар орталығы — 2023 жылы мамыр айында ашылды. Мұнда экспозициялық көрме залдары, қор қоймасы, конференц-зал, сондай-ақ зертханалық және реставрациялық бөлмелер, электронды деректер базасы бар кітапхана кіреді. Орталықта дәріс өткізуге арналған алаңдар, ашық аспан астындағы музей және этноауыл орналасқан.
Діни ұйымдар қызметі
- Сарайшық ауылдық мешіті (музей-қорық жанындағы)
Дереккөздер
- Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан
- ШАРУАШЫЛЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ ЕДІ...
- 1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- Мектеп тарихы Мұрағатталған 26 тамыздың 2022 жылы.
- Балабақша тарихы Мұрағатталған 22 қыркүйектің 2022 жылы.
- Сарайшық колледжі
- Атырауда «Сарайшық» сапар орталығы ашылды
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sarajshyk 1993 zh dejin Opytnoe Atyrau oblysy Mahambet audanyndagy auyl Sarajshyk auyldyk okrugi ortalygy Auyl zhanynda Sarajshyk kone kalasynyn orny ornalaskan AuylSarajshykӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyAuyldyk okrug ortalygyOblysyAtyrauAudanyMahambetAuyldyk okrugiSarajshykTarihy men geografiyasyKoordinattary47 30 15 s e 51 43 07 sh b 47 50417 s e 51 71861 sh b 47 50417 51 71861 G O Ya Koordinattar 47 30 15 s e 51 43 07 sh b 47 50417 s e 51 71861 sh b 47 50417 51 71861 G O Ya Қurylgan uakyty1956Buryngy ataularyOpytnoe pole Opytnoe Uakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny 2260 adam 2021 Etnohoronimsarajshyktyk sarajshyktyktarSandyk identifikatorlaryAvtomobil kody06Sarajshyk Sarajshyk kartadaSarajshykSarajshyk shekarasy Baska magynalar үshin Sarajshyk ajryk degen betti karanyz Geografiyalyk ornyAudan ortalygy Mahambet auylynan ontүstik shygyska karaj 18 km dej zherde TarihySarajshyk selosynda 1929 zhyly Tәzhiribe alkaby kuryldy Kejin sharuashylyk kenejip 1956 zhyly Gurev memlekettik auylsharuashylygy tәzhiribe stanciyasyna ajnaldy Ol Sarajshyk buryngy Opytnoe selosynda oryn tepti Auyl sharuashylygy gylymynyn doktory professor akademik Ajmak Zhajgaliuly Zhangaliev basshylyk etken 1953 zhyldan bastap auylga zhemis bagy egildi 30 gektar zherge 10 800 tүp zhemis agashy otyrgyzylyp kejin 60 gektarga zhetti Aluan tүrli sorttar zerttelip bakta almanyn 153 almurttyn 15 shienin 12 oriktin bes alhorynyn segiz zhүzimnin 16 sorty otyrgyzylyp gylymi zertteu zhumystary zhүrgizildi 1962 zhyldan 1969 zhylga dejin stanciya direktory Gurev oblysyna tanymal agronom Nurmuhan Audanov boldy Sharuashylyk partiya komitetinin sekretary bolyp H Amanov selolyk kenestin toragasy bolyp B Erzhanov kyzmet etti Bul zhyldary tәzhiribe stanciyasy Mahambet audanyndagy Zaural kensharymen biriktirilip 5 Sarajshyk bolimshesi atandy Iri sharuashylyk kurylyp gylymi zhumystar men sharuashylyk katar ushtastyryp zhүrgizildi 1968 zhyly Gurev memlekettik auyl sharuashylygy tәzhiribe stanciyasy Zaural kensharynan bolinip kajtadan Sarajshykka koship gylym salasyndagy derbes mekemege ajnaldy 1987 1990 zhyldar aralygynda biologiya gylymynyn kandidaty Zhanaj Berkaliev direktor kyzmetin atkardy Bul zhyldary tәzhiribe stanciyasynyn tehnikalyk bazasy nygajtylyp mal basy osip egis kolemi edәuir kenejtildi Tyn zherler igerilip kokonis mal azygy dakyldary mol dajyndaldy Ajta keterlik zhajt osy direktor auylga koptegen zhana үjler salgyzdy Әr koshege asfalt toselip koshelerge zharyk zhүrgizilip koptegen tehnikalar zhanartyldy 1990 zhyly stanciya tәzhiribe sharuashylygyna ajnaldy 1995 zhyldyn ayak sheninde Қazakstan Respublikasy Ministrler Kenesinin kaulysymen zhәne oblystyk zhekeshelendiru komitetinin sheshimimen tәzhiribe sharuashylygy taratylyp Atyrau kalasyndagy auyl sharuashylygy gylymi zertteu institutyna kosyldy Tәzhiribe stanciyasynyn gylymi bolimderi men gylymi kitaphanasy da sonda koshirildi 2010 zhyly instituttyn aty ozgerip ol Ontүstik Batys mal zhәne egin sharuashylygy gylymi zertteu institutynyn Atyrau filialy atandy Zhalpy omir sүru zhumys isteu barysynda stanciya gylymnan baska kәdimgi kensharlar sekildi sharuashylykpen de ajnalysty Egiz zhajlauynda koptegen koj otarlary bolsa auyl basynda sauyn siyr kesheni zhemdeu cehy siyr kora korovnik at koralary boldy Қaratal Zhajsan Nurabaj Egiz Tilenshi Қosymbaj Bajniyaz Beskempir Altyn Mojnak degen kystaktarda koj zhylky maldary bagyldy Sojtip 66 zhyl bojy respublika men oblystyn gylymyn sharuashylygyn damytuga aukymdy үles koskan stanciya naryktyk ekonomika talaptaryna bajlanysty Sarajshyktagy zhumysyn toktatty Sonymen katar Sarajshyktyn ozinde toksanynshy zhyldary Erzhan Mukashev zhetekshilik etken Sarajshyk kooperativi kuryldy 2000 zhyldyn 30 kazanynda koopertivti zhauyp kuzhattaryn oblystyk zhekeshelendiru zhonindegi komitetke tabys etti Sojtip 60 70 80 zhyldary Sarajshyk auylyn gүldendirumen katar eldin auyl sharuashylygy gylymynyn damuyna olsheusiz үles koskan stanciya tarihy kojnauyna ketti Halky1989 zhyly eldi mekende 1757 adam turgan 1999 zhyly turgyndar sany 1939 adam 970 er adam zhәne 969 әjel adam bolsa 2009 zhyly 1900 adamdy 910 er adam zhәne 990 әjel adam kurady 2021 zhylgy sanak korytyndysy bojynsha 2260 adamdy 1114 er adam zhәne 1146 әjel adam kurady Mәdeni әleumettik mekemeleriMektep Қ Қarashauly atyndagy Sarajshyk orta mektebi 1917 zhylgy Oktyabr revolyuciyasynan kejin mektepti shirkeuden azhyratu zhonindegi dekretke saj dini mektep zhabylyp auyldagy ziyalylar mektebi sharua zhastar mektebi shkola krestyanskoj molodezhi bolyp kajta kuryldy Sharua zhastar mektebi sauatsyzdykty zhoyu bagytynda zhumys istep kejin bastauysh mektepke ajnalgan 1933 zhyldan bastap Sarajshyk bastauysh mektebi ortalau mektep bolyp kajta kurylgan 1937 38 zhyldan bastap Sarajshyk ortalau mektebi Molotov atyndagy Sarajshyk orta mektebi atandy 1957 oku zhylynda Molotov atyndagy Sarajshyk orta mektebi zhabylyp ornyna 6 synyptyk orys kazak bastauysh mektebi ashyldy Osy mektep negizinde 1961 zhyly Sarajshyk segizzhyldyk mektebi bolyp zhana Sarajshyk selosyna koshirildi 1993 zhyly Mahambet audandyk әkimdigi zhanyndagy onomastikalyk komissiyanyn sheshimimen mektep Қazmuhambet Қarashauly atyndagy Sarajshyk orta mektebi bolyp ataldy Mektepke dejingi bilim Bүldirshin bobekzhaj bakshasy 1963 zhylgy 1 shildede 30 balalyk orynmen ashyldy 1976 zhyly balabaksha 120 oryndyk gimaratka koshti 1981 zhyldan bastap Sarajshyk Bүldirshin balabakshasy bolyp ataldy 1999 zhyldan bastap balabaksha kommunaldyk kazynalyk memlekettik kәsiporny Bүldirshin balalar bakshasy bolyp ozgerdi Balabaksha 2005 zhyly zhana zamanga saj ikemdelgen zhobada kajta zhasaktalgan eki katarly gimaratka koshti Kolledzh Mahambet kop bejindi auyl sharuashylyk kolledzhi Қazak SSR Ministrler Sovetinin 22 04 1958 zhylgy 632 R nuskauyna sәjkes zhәne oblystyk enbekshi deputattar sovetinin sheshimimen Sarajshyk auyl sharuashylygyn mehanikalandyru uchilishesi bolyp kuryldy 1971 zhyldan bastap arnauly mamandyktarmen kosa orta bilim beretin oku ornyna ajnaldyryldy 1985 zhyly 10 orta kәsiptik tehnikalyk uchilishe bolyp ozgertildi 1999 zhyly 7 kәsiptik tehnikalyk mektep bolyp zhasaktaldy 2007 2012 zhyldar aralygynda 10 kәsiptik licej bolyp nәtizheli zhumystar atkaryldy 2012 zhyldan bastap mekeme Mahambet kop bejindi auyl sharuashylyk kolledzhi bolyp zhumys atkardy 2013 zhyly mekeme atauy Atyrau oblysy Bilim beru baskarmasynyn Mahambet kop bejindi auyl sharuashylyk kolledzhi kommunaldyk memlekettik kazynalyk kәsiporny bolyp ozgertildi Mәdeni mekemeler Sarajshyk auyldyk mәdeniet үji Sarajshyk memlekettik tarihi mәdeni muzej korygy Sarajshyk sapar ortalygy 2023 zhyly mamyr ajynda ashyldy Munda ekspoziciyalyk korme zaldary kor kojmasy konferenc zal sondaj ak zerthanalyk zhәne restavraciyalyk bolmeler elektrondy derekter bazasy bar kitaphana kiredi Ortalykta dәris otkizuge arnalgan alandar ashyk aspan astyndagy muzej zhәne etnoauyl ornalaskan Dini ujymdar kyzmetiSarajshyk auyldyk meshiti muzej koryk zhanyndagy DerekkozderOb upopyadochenii tpanskribipovaniya na pusskom yazyke kazahskih toponimov naimenovanii i pepeimenovanii otdelnyh administpativno teppitopialnyh edinic Respubliki Kazahstan ShARUAShYLYҚ PEN ҒYLYMNYҢ ҚARA ShAҢYRAҒY EDI 1989 zhylgy Қazak KSR bojynsha Bүkilodaktyk halyk sanagynyn korytyndylary 3 tom 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Mektep tarihy Muragattalgan 26 tamyzdyn 2022 zhyly Balabaksha tarihy Muragattalgan 22 kyrkүjektin 2022 zhyly Sarajshyk kolledzhi Atyrauda Sarajshyk sapar ortalygy ashyldy