Сабын – тілімізге арабтың «сабун» деген сөзінен енген кірме сөз. Сілтінің, сақардың және майдың қосындысынан жасалған, суда еритін кір жууға арналған кесек немесе қоймалжың сұйық зат. Бүгінде сабынның сан түрлі атаулары бар. Сабын өндірісі бұдан 6000 жыл бұрын жүзеге асқанын археолог-ғалымдар дәлелдеп отыр. Сабынның адам баласына ертеден белгілі екендігі туралы Рим дәрігері Гален шығармаларында жазылған. Оны көп мөлшерде өндіру ХІХ ғасырда сода тәсілі табылғаннан кейін жедел өркендеді. Орта ғасырларда сабын өндіру жөнінен Марсель портты қаласының аты шықты. Ресейде сабын І Петр дәуірінде пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін ақсүйектерге ғана белгілі болды. Қазақ арасында сабын сөзі одан әлдеқайда ертерек пайда болғанын мына мысалдардан аңғаруға болады. Мәселен, Бұқар жырау (1668-1791 жж) өлеңдерінде мынандай жолдар бар екен:
Қара қойдың терісін,
Сабындап жусаң ағармас…
Одан кейінірек Шал ақын Құлекеұлы (1748-1818 жж) былай депті:
Сабының сақар болды дені келін,
Көрмедің шыбын құрлы мені келін
Сабын — жоғары май қышқылдарының тұздары. Жалпы химиялық формуласы: RCOONa. Тарихта сабын туралы мәліметтер ерте кезден белгілі. Мысалы, римдіктердің сабын қайнатқаны туралы дәрігер Галеннің шығармаларында жазылған; Әбу Әли ибн Сина өз қолжазбаларында шығыс елдерінде сабын қолданылғаны және Византияда сабын жасалғандығы туралы мәлімет берген. Ал скифтердің жуғыш заттар қолданғандығы туралы Геродот жазған. 9 — 10 ғасырларда Орта Азияның (), , Термез қалаларында сабын сатылып, моншалар салынған. Сабынды көп мөлшерде өндіру 19 ғасырда сода алу әдісі ашылған соң өркендей бастады. Сабын — кристалл қатты заттар, 220 — 270C-та балқиды; ыстық суда, органикалық еріткіштерде жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің беттік актив заттар ретінде жуғыш қасиеті бар, себебі сабын әлсіз қышқыл және күшті негіздің тұзы болғандықтан гидролизге ұшырайды. Мысалы, RCOONa+HOHR—COOH+ +NaOH. Мұндағы R радикал, егер ол кіші мән H, CH3, C2H5, C3H7-ге тең болса сабын жақсы еріп, жуғыштығы жоғары болады. Қарапайым сабын — карбон қышқылдарының тұздары. Оларды глицерин мен әр түрлі май қышқылдарының болып саналатын табиғи майлардан (өсімдік, жануар, балық майлары) алады. Қазақтар жануар майын алабұта, балаты қурайы, сексеуіл шырпысы немесе басқа өсімдік күлімен (сақар) араластырып, қайнату арқылы қолдан сабын жасаған. Өнеркәсіптік жолмен сабын алу үшін көптеген шикізаттар (өсімдік майы, жануар майы, KOH, сода, NaOH, сақар, , , т.б.) қолданылады. Майдың гидролизінен алынған ерітінді қатайғанда, глицерині бар сабын түзіледі. Оған ас тұзын қосқанда қатты сабын алынады. Құрамында май қышқылдарының тұзы мен органикалық және бейорганикалық қосымша заттар болатын кір сабын, 72%-ды қатты сабын, хош иісті заттардан тұратын иіс сабын, медицинада қолданылатын арнайы сабын тәрізді түрлері бар. Тоқыма, былғары, металлургия өнеркәсібінде, сондай-ақ, зиянды жәндіктерге қарсы күресте препараттар дайындауда техникалық сабын қолданылады.
Сабын молекуласы
Сабын молекуласы–кішкене бақаға ұқсайтын құрылымдар.Әрбір молекуланың екі ұшы бар, бір ұшы құйрық сияқты ұзын полюссіз және гидрофобиялық көмірсутек шынжыры, ал екінші ұшы басы сияқты қысқа полюсті және гидрофильді карбоксильді ион болады. Молекулардың гидрофобиялық қасиеті молеклалардың суда ерімейтін, алайда майда ери алатын ерекшіліктеріне байланысты айтылса, гидрофильдік қасиеттері заттың суда еритін, алайда майда ерімейтін ерекшіліктеріне қатысты айтылады. ==Майлы қышқылдар== Сабындарда стеарин, пальмитин және олеин қышқылдары секілді қаныққан және қанықпаған майлы қышқылдардың натрий және калий сияқты минералды тұздарынан тұрады.Мұндай қышқылдарда 10-20 көміртегі атомынан тұратын ұзын көмірсутекті тізбек және карбоксильді топ бар. Стеарин және пальмитин қышқылдары жалғыз байланыстардан тұратын қаныққа майлы қышқылдарға жатады. Олеин және линол қышқылдары бір немесе бірнеше қос байланыстан тұратын қанықпаған майлы қышқылдарға жатады.
Сабынмен тазалау
Сабын тазалау процесі барысында механизм бойынша жұмыс істейді. Сабынды сумен араластырып шайқағанда, сабын ерітіндісі концентраты түзіліп, көбік пайда болады.Көбік сабын молекулаларынан су бетінде жалғыз молекулалық қабықшаның пайда болуына ықпал етіп, олардың матаға кіруіне септігін тигізеді.Сабын молекуласының гидрофобиялық ұшы матаға сіңген кірді немесе майды қоршап алады.Ал, екінші жағынан, гидрофильді ұшы суды кірден алшақтатады. Кірді немесе майды қоршап тұрып, кір бөдшектерінен жұмсаратын сабын молекулаларының шоғыры мицелла деп аталады. Сабындарды кермек сула қолданбаған жөн.
Сабындану
Сабындану дегеніміз— химиялық реакция басында майларды гидролиздеу жолымен сабын жасау процесі. Сабындану процесі кезінде триглицеридтер натрий немесе калий гидроксидімен реакцияға түсіп, глицерин мен сабын деп аталатын майлы қышқыл түзеді. Сабындану реакциясы барысында күшті қышқылдар немесе негіздер катализатор ретінде қолданылады.
Ұнтақтардың қасиеті
- Синтетикалық ұнтақтар сабындарға қарағанда суда жақсы ериді.
- Олар сабындарға қарағанда тазалау әрекеті бойынша күштірек.
- Олар биологиялық ыдырауға түспейтін болғандықтан судың ластануына әкеледі.
- Олар қатты суда ерімейтін тұнба жасамайды.
Қызықты мәліметтер
Жібек және жүн маталарды сабынмен күнделікті жууға болмайды. Ондаға сілтілер мата талшықтарынан бүлдіруі мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
Пайдаланған әдебиет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sabyn tilimizge arabtyn sabun degen sozinen engen kirme soz Siltinin sakardyn zhәne majdyn kosyndysynan zhasalgan suda eritin kir zhuuga arnalgan kesek nemese kojmalzhyn sujyk zat Bүginde sabynnyn san tүrli ataulary bar Sabyn ondirisi budan 6000 zhyl buryn zhүzege askanyn arheolog galymdar dәleldep otyr Sabynnyn adam balasyna erteden belgili ekendigi turaly Rim dәrigeri Galen shygarmalarynda zhazylgan Ony kop molsherde ondiru HIH gasyrda soda tәsili tabylgannan kejin zhedel orkendedi Orta gasyrlarda sabyn ondiru zhoninen Marsel portty kalasynyn aty shykty Resejde sabyn I Petr dәuirinde pajda bolyp HIH gasyrdyn ortasyna dejin aksүjekterge gana belgili boldy Қazak arasynda sabyn sozi odan әldekajda erterek pajda bolganyn myna mysaldardan angaruga bolady Mәselen Bukar zhyrau 1668 1791 zhzh olenderinde mynandaj zholdar bar eken Dekorativi sabyndar zhiyntygy Sabynnyn osy tүri konak үjlerde zhii kezdesedi Қara kojdyn terisin Sabyndap zhusan agarmas Odan kejinirek Shal akyn Қulekeuly 1748 1818 zhzh bylaj depti Sabynyn sakar boldy deni kelin Kormedin shybyn kurly meni kelin Sabyn zhogary maj kyshkyldarynyn tuzdary Zhalpy himiyalyk formulasy RCOONa Tarihta sabyn turaly mәlimetter erte kezden belgili Mysaly rimdikterdin sabyn kajnatkany turaly dәriger Galennin shygarmalarynda zhazylgan Әbu Әli ibn Sina oz kolzhazbalarynda shygys elderinde sabyn koldanylgany zhәne Vizantiyada sabyn zhasalgandygy turaly mәlimet bergen Al skifterdin zhugysh zattar koldangandygy turaly Gerodot zhazgan 9 10 gasyrlarda Orta Aziyanyn Termez kalalarynda sabyn satylyp monshalar salyngan Sabyndy kop molsherde ondiru 19 gasyrda soda alu әdisi ashylgan son orkendej bastady Sabyn kristall katty zattar 220 270 C ta balkidy ystyk suda organikalyk eritkishterde zhaksy eridi Sudagy eritindilerinin bettik aktiv zattar retinde zhugysh kasieti bar sebebi sabyn әlsiz kyshkyl zhәne kүshti negizdin tuzy bolgandyktan gidrolizge ushyrajdy Mysaly RCOONa HOH R COOH NaOH Mundagy R radikal eger ol kishi mәn H CH3 C2H5 C3H7 ge ten bolsa sabyn zhaksy erip zhugyshtygy zhogary bolady Қarapajym sabyn karbon kyshkyldarynyn tuzdary Olardy glicerin men әr tүrli maj kyshkyldarynyn bolyp sanalatyn tabigi majlardan osimdik zhanuar balyk majlary alady Қazaktar zhanuar majyn alabuta balaty kurajy sekseuil shyrpysy nemese baska osimdik kүlimen sakar aralastyryp kajnatu arkyly koldan sabyn zhasagan Өnerkәsiptik zholmen sabyn alu үshin koptegen shikizattar osimdik majy zhanuar majy KOH soda NaOH sakar t b koldanylady Majdyn gidrolizinen alyngan eritindi katajganda glicerini bar sabyn tүziledi Ogan as tuzyn koskanda katty sabyn alynady Қuramynda maj kyshkyldarynyn tuzy men organikalyk zhәne bejorganikalyk kosymsha zattar bolatyn kir sabyn 72 dy katty sabyn hosh iisti zattardan turatyn iis sabyn medicinada koldanylatyn arnajy sabyn tәrizdi tүrleri bar Tokyma bylgary metallurgiya onerkәsibinde sondaj ak ziyandy zhәndikterge karsy kүreste preparattar dajyndauda tehnikalyk sabyn koldanylady Sabyn molekulasySabyn molekulasy kishkene bakaga uksajtyn kurylymdar Әrbir molekulanyn eki ushy bar bir ushy kujryk siyakty uzyn polyussiz zhәne gidrofobiyalyk komirsutek shynzhyry al ekinshi ushy basy siyakty kyska polyusti zhәne gidrofildi karboksildi ion bolady Molekulardyn gidrofobiyalyk kasieti moleklalardyn suda erimejtin alajda majda eri alatyn erekshilikterine bajlanysty ajtylsa gidrofildik kasietteri zattyn suda eritin alajda majda erimejtin erekshilikterine katysty ajtylady Majly kyshkyldar Sabyndarda stearin palmitin zhәne olein kyshkyldary sekildi kanykkan zhәne kanykpagan majly kyshkyldardyn natrij zhәne kalij siyakty mineraldy tuzdarynan turady Mundaj kyshkyldarda 10 20 komirtegi atomynan turatyn uzyn komirsutekti tizbek zhәne karboksildi top bar Stearin zhәne palmitin kyshkyldary zhalgyz bajlanystardan turatyn kanykka majly kyshkyldarga zhatady Olein zhәne linol kyshkyldary bir nemese birneshe kos bajlanystan turatyn kanykpagan majly kyshkyldarga zhatady Sabynmen tazalauSabyn tazalau procesi barysynda mehanizm bojynsha zhumys istejdi Sabyndy sumen aralastyryp shajkaganda sabyn eritindisi koncentraty tүzilip kobik pajda bolady Kobik sabyn molekulalarynan su betinde zhalgyz molekulalyk kabykshanyn pajda boluyna ykpal etip olardyn mataga kiruine septigin tigizedi Sabyn molekulasynyn gidrofobiyalyk ushy mataga singen kirdi nemese majdy korshap alady Al ekinshi zhagynan gidrofildi ushy sudy kirden alshaktatady Kirdi nemese majdy korshap turyp kir bodshekterinen zhumsaratyn sabyn molekulalarynyn shogyry micella dep atalady Sabyndardy kermek sula koldanbagan zhon SabyndanuSabyndanu degenimiz himiyalyk reakciya basynda majlardy gidrolizdeu zholymen sabyn zhasau procesi Sabyndanu procesi kezinde trigliceridter natrij nemese kalij gidroksidimen reakciyaga tүsip glicerin men sabyn dep atalatyn majly kyshkyl tүzedi Sabyndanu reakciyasy barysynda kүshti kyshkyldar nemese negizder katalizator retinde koldanylady Ұntaktardyn kasietiSintetikalyk untaktar sabyndarga karaganda suda zhaksy eridi Olar sabyndarga karaganda tazalau әreketi bojynsha kүshtirek Olar biologiyalyk ydyrauga tүspejtin bolgandyktan sudyn lastanuyna әkeledi Olar katty suda erimejtin tunba zhasamajdy Қyzykty mәlimetterZhibek zhәne zhүn matalardy sabynmen kүndelikti zhuuga bolmajdy Ondaga siltiler mata talshyktarynan bүldirui mүmkin Pajdalanylgan әdebietter Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdalamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 456 bet ISBN 5 7667 8284 5 Қazak enciklopediyasy 7 tomPajdalangan әdebiet