Обсерватория (лат. observatіo – бақылаушы) – астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады.
Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған. Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, т.б. жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) 17 ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан О-лардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич, т.б. жерлерде жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. 20 ғ-дың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан. Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Асы-Түрген обсерваториясы, Күн обсерваториясы бар. Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физ. құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.
Дереккөздер
- Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Observatoriya lat observatio bakylaushy astronomiyalyk fizikalyk meteorologiyalyk t b zertteu zhumystaryn zhүrgizetin gylymi mekeme Observatoriya astronomiyalyk bakylau zhүrgizuge zhәne onyn nәtizhesinde alyngan mәlimetterdi ondeuge arnalgan aspaptarmen arnauly laboratoriyalyk kuraldarmen zhabdyktalady munaralar men pavilondardan turady Әlemdegi en ezhelgi observatoriya shamamen 7 5 myn zhyl buryn salyngan Munara үstinde cilindr nemese kopburysh pishindes kүmbez pavilonda astronomiyalyk aspaptarga arnalgan ysyrylmaly kakpak bolady Optikalyk astronomiya aspaptardan үlken radioteleskoptar ashyk dalada al bakylau aspaptary kobinese kaladan tys teniz dengejinen edәuir biik taularda ornatylady Observatoriyalar adam balasynyn uakytty esepteu kurlyk pen tenizde zhol tabu kazhettiligine bajlanysty ezhelgi zamanda pajda bolgan Ezhelgi observatoriyalar kurylystarynyn kaldyktary Armeniya men Өzbekstanda Ұlykbek observatoriyasy Vavilonda Meksikada Perude Angliyada t b zherlerde saktalgan Қazirgi zamangy observatoriyalardagy koru tүtigi G Galilej zhasagan teleskoptan kejin 17 gasyrdyn basynda Europada zhasala bastady Astronomdar T Brage V Gevelizh V Gershel ashkan O lardan kejin Europada Parizh 1667 Grinvich t b zherlerde zhana observatoriyalar ujymdastyryldy 20 g dyn ortasynda dүnie zhүzinde observatoriyalardyn sany 500 ge zhetti olardyn 90 y Zherdin Soltүstik zharty sharynda ornalaskan Elimizde Қazakstan ҒA Astrofizika institutyna karasty Asy Tүrgen observatoriyasy Kүn observatoriyasy bar Kүn observatoriyasy Ile Alatauyndagy Үlken Almaty koli manynda teniz dengejinen shamamen 3000 m biiktikte Almaty kalasynan 30 km zherde ornalaskan Observatoriya әr tүrli tiptegi kүn teleskoptarymen laboratoriyalyk zhabdyktarmen bakylangan materialdardy olshejtin zhәne ondejtin esepteu tehnikasymen zhabdyktalgan Negizgi aspaptary ajnasynyn diametri 50 sm lik koldenen kүn teleskopy zhәne azhyratkyshtyk kүshi zhogary spektrograf B Lio zhүjesindegi 53 sm lik zhәne 20 sm lik koronograftar obektivinin diametri 20 sm lik fotogeliograf Bul observatoriyada Kүn daktarynyn fizikasy Kүn otalysy men Kүn tәzhinin fiz kurylymy zhonindegi zhumystar oryndaldy DerekkozderҚazak Enciklopediyasy 7 tom 4 bolim Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 ISBN 9965 808 78 3