Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын береді. Бірақ қазіргі заман мәдениетінде ол тіке мағынасында емес, көбіне көп ауыспалы, жетілдірілген, түрлендірілген мағынада қолданылады.
Мотивацияның сыр-сипаты
Мотивация - психология ғылымы бойынша адамға әрекет ету жоспарын құрғызған, іс бастатқызған, мақсатқа бағыттаған, талпыныс жігерін күшейткен, істі табанды жалғастырып, мақсатқа жетуге құлшындырған ішкі ынталылықтың ықпалдылығы. Ол мақсатқа деген күшті аңсар (ынта), ішкі өздік кедергілер мен келіссіздіктерді жою (арылу), саналы да, жігерлі қозғалыс (батыл кірісу) -үштігінің бірлігінен көрінеді. Мотивацияны әрекетіміздің, ниетіміздің, қалауымыздың себепті ішкі түрткісі депте атасақ қате болмайды. Бұл сөз зат есім болғанда «Ниет түрткісі» сөзіне, етістік болғанда «Жігерлену» сөзіне жақын келеді. Жігерлену арқылы ниеті шабыттанып, іске кірісуге қозғау салынған адам бір түрлі бұлқынған ішкі қозғаушы күшке ие болады, өзінің көздеген мақсатына қарай кедергілерден тайсалмай белсенді жүру жігері кеудесін кернейді. Бұл барыста ниет шамасында өзгерістер болуы мүмкін, ол кейде күшейюі, кейде әлсіреуі мүмкін. Бірақ ниет шамасының қалай болуына қарамастан адамдар белгілі бір ниеттену тұрақтылығын сақтай алса, көңілінде сол іске деген құштарлығын өшірмей, сол мақсатқа қарай белсенді құлшынып, көздеген мақсатына жетпей тынбайтын болады. Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы күші болғандықтан, егер адамның қандай ниеті барын білсең, онда оның әрекетінің ауқымы мен беталысын анық шамалай аласың.
Платонның адам рухы үш бөліктің бірлігінен құралады деген идеясында осы мотивация ұғымының мағынасы қамтылған. Нәпсі дегеніміз тамақ жеу, көбею ниеті болып, дене қажетін орындауды талап етеді. Нәпсіні адамның ақылы емес, көңілі тізгіндеп ұстауы керек. Дегенмен, ішсем-жесем, денелік қанағаттансам дейтін ішкі талап пен таным-ақыл талабы шығыса бермейді. Ежелгі заман философиясы, әсіресе бақыт туралы ілім бақытқа деген қажеттілік соған талпындыратын мотивацияның негізі деп түсіндіреді. Дегенмен, бақытқа болсын, басқаға болсын адамды шабыттандыратын түрткі күшке XX ғасырдың 30 жылдарына дейін кез келген ғылым саласы арнаулы түрде мән берген жоқ.
Адам санасын танудың қазіргі жаңа беталысына орай, мотивация адам қажетсінуінің адамды сыртқа (әрекетке) бағыттауы, ал қажетсіну мотивацияның ішке (тоюға, ләззаттануға, рахаттануға, қуануға) бағыттауы. Былайша айтқанда, адам жаны сыртқы мақсатқа бағытталса мотивация, ішкі толықтауға (аштық секілді талапқа) бағытталса қажетсіну болмақ. Дегенмен бұлай түсіндіру салыстырмалы. Мысалы Мослоудың қажетсіну қабаты теориясында қажетсіну мен ниет араластырылып түсіндірілген.
Мотивация түрлері
Ішкі және Сыртқы мотивация
Ішкі мотивация - сыртқы орта қалай болуына қарамастан мотивациялық талпыныс ішкі ниеттен оянады және мақсат атаулы субъективті болады. Онда міндеттің өзі құштарлық және шаттық туғызады. Сыртқы себеп емес, ішкі ұнату негізгі қозғалыс түрткісі болады. Ішкі мотивацияның артықшылығы, міндетке қарата ішкі құштарлық оянған жағдайда адамның өз артықшылықтары түгел іске қосылады және міндетті орындауға қажетті қабілет пен өнерді өздігінен үйренеді. Ішкі мотивация XXғ. 70 жылдары әлеуметтік психология мен педагогикалық психологияның назарын аударған болатын.
Егер әлдекім өз табысы мен нәтижесін күшейтуге өзі белсеніп, өзін өзі мақсат талабы бойынша тізгіндеп, ырықты түрде өз мақсатына белсенсе, және оның өзіне сенімі айтарлықтай жоғары болса, онда оның жетістікке жету мөлшері қашанда жоғары болады. Дегенмен, ішкі мотивация сыртқы мүмкіндіктерге назар аудармаса, тырысуды ғана біліп, сол тырысуының өнімді болуына назар аудармаса, өзге табысты адамдардан шабыт алмаса, үлгі көрмесе, онда ол өз мақсаты үшін тым ұзақ жол басуы мүмкін, немесе күндердің бірі көкейінде теріс мотивация туып, ниетінен ақырындап, не бірден айнып қалуы мүмкін.
Сыртқы мотивация - мотивация тұрақты талпындырушы ретінде көбінесе сыртқы орта талаптарынан қоздатылады. Мұнда кіріс, мәртебе, мансап секілді сыртқы нәрселердің талабымен мақсатқа белсену туады және оның белсенуі ішкі мотивация ниетімен қайшыласып та жатады. Яғни, өз талпынысын соншылық сүйе қоймайды, бірақ қажеттілік үшін соған барынша талпынуға мәжбүр болады. Сыртқы мотивация жекенің сыртынан келеді. Әрекет өз табысынан рахаттану үшін емес, ақша табу, мансапқа жету, мүдде, балл алу, мәжбүрлену, жазалану секілділер сыртқы мотивацияға ілік болады. Ондағы шабыттандыру әлдебір сыртқы талаптардан тууы мүмкін. Жалданып істеу, біреуге тәуелді болу, тұрмыс жағдайының нашарлығы, қорқу, ұялу дегендер осы түрдегі мотивацияға себеп болады. Кейбіреулердің айтуынша сыйлық алу мен медаль тағу да сыртқы мотивацияға жатады екен. Дегенмен, бұл енді сол адамның соны мәнді іс көріп өз мақсаты тұту-тұтпауына қатысты болса керек.
Әлеуметтік психологияның зерттеуінше, сырттан алар нәпақа мотивацияның өз уәжі шегінен шығып кететін (over justification effect) көрінеді. Сырттан алар нәпақаға құлшынған сайын ішкі мотивация әлсірей түсетіні де байқалады. Тәжірибе көрсеткендей, сурет сызу арқылы тағы да сыйлық алғысы келген бала еш сыйлық алмаған балаға қарағанда аз сурет сызады екен. Өзі-себепкер ілімі (Self-determination theory) бойынша, сыйланбаған, сыйлау күтпейтін бала міндет орындалса өз жеке өлшемі мен сенімін қанағаттандырады, сыртқы талап өздесіп, жекенің ішкі сұранысына айналады. Ендеше ол сурет сыздуды өз талабын қанағаттандыру үшін салудан ләззат алатын болады. Демек, сырттан шабыттандырылған мотивацияның ықпалына сене беруге болмайды, ішкі құштарлықты оятуға барынша күш салу керек.
Оң және теріс мотивация
Адам еркін шабыттандырып, жігерлендіріп, белсенді етіп, үміткер етіп, қайтпас қайсар етіп сомдаған мотивация оң мотивация деп аталады. Ал, адам еркін салғырттандырып, енжар етіп, үмітсіз етіп, босбелбеу етіп, шегіншектетіп сомдаған мотивация теріс мотивация делінеді.
Тұрақты және тұрақсыз мотивация
Мотивацияның тұрақты-тұрақсыздығы, яғни оның адам әрекетіндегі ықпалының сақталу ұзақтығы адамның ішкі ұстанымының берік-әлсіздігіне, ниеттің шын-жалғандығына, кедергілердің сипатына, ортаның жол қою дәрежесіне байланысты болады.
Жекелік және топтық мотивация
Жекелік: Ашығу мен шөлдеуден, тоңудан сақтану, азаптан құтылу т.б. үшін қажетті мотивациялар. Топтық: Ұрпақ өсіру, отбасылық, әулеттік, ұлттық, мемлекеттік тұрмысқа мүмкіндік қарастыру, өзі тәуелді топтың (отбасы, әулет, ұлт, мемлекет) тұрақтылығын сақтауға тырысу қатарлылар.
Мотивация ілімдері
Қоғамның тез өзгеруіне, ақпарат технологиясының қауырыт дамуына орай түрлі Жігерлендіру идеялары жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай өмірге келді. Олардың арасында Хоторн эффекті, Маслоудың , Дуглас МакГрегордың Х және Y ілімі, Герцбергтің Қос фактор ілімі, МакКлелландтің , , Бихевиоризм, Врумның , Адамстың Әділдік ілімі, Аптердің Ауысым ілімі қатарлылар бар.
Хоторн Эффекті (Hawthorne Effect) АҚШ-тың Western Electric компаниясы жүргізген мотивациялық зерттеулерден шыққан қорытынды. Оның маңыздылығы өмір тәжірибесінде де, ғылым саласында да айқын байқалады. Хоторн Эффектінің мағынасы бойынша, бақыланушы өзінің бақыланып жатқанын білген кезде әрекет ниетін өзгерте бастайды екен. Яғни, мысалы жұмысшылардың жағдайын (жалақысын, тұрмысын, демалысын) жақсартқан күнде де жаңа жағдай шарты астында жұмысшылар бәрібір бұрынғы секілді жұмыс жасай беретіні байқалған. Ал, егер жағдай қалай болса да мейлі, егер жұмысшыларға белсенді назар аударылып, олардың өзін еркін басқаруына мүмкіндік берілсе, олардың әр қимылы көпшіліктің дүбірлі қолдауы ішінде өткізілсе, онда белсенді топ қалыптасуына ілесіп еңбек өнімділігі де күрт жоғарлайтын көрінеді.
Яғни:
1. қызмет жағдайын жақсарту мен еңбек өнімділігін арттыру арасында тіке себеп-салдар байланысы жоқ;
2.еңбек өнімділігін жоғарлатудың ең ұтымды жолы жұмыс жағдайын жақсартумен бірге, бастысы жұмысшылардың көңіл күйін көтеру болмақ;
3.жұмысшының көңіл күйі мен наразылығына мән беру еңбек өнімділігін көтерудің түйіні.
Хоторн Эффектінің пайдалы тұстары:
1.жұмысшы мән берген іске мән беруді үйретеді;
2.егер құрылым моделі дұрыс және лайықты болса, бұл эффектті пайдаланып жұмысшыларды көңілдендіру арқылы, топтық бәсекелер, ойындар, арнайы жарыстар арқылы жұмыс өнімділігін ұзақ мерзімге жақсартуға болады;
3.жұмысшылардың еңбек жағдайына жеткілікті бағалау жүргізу басқарушының ұзақ мерзімді жоспар құруына көмектеседі.
Хоторн Эффекті назар аудармайтын тұстар:
1.жұмыс ортасының кейбір ішкі жағдайы бәрібір айқындалмайды, мысалы ұйымдастыру ниеті;
2.өндіріс моделінің таңдалуы басқарушының субъектив пікірін негіз етеді;
3.шешушісі, жұмыс ортасы динамикалы болады, модел үздіксіз өңделіп, нақты жағдайға бейімделуі керек;
4.өндіріс моделінің дұрыстығы мен басқарушының шешім ету көрегендігі сабақтасып жатады.
қажеттілік пирамидасы
Өзін әйгілеу қажеті |
Құрметтелу қажеті |
Әлуеметтік байланыс қажеті |
Амандық қажеті |
Денелік қажет |
Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі
Маслоудың қажеттілік қабаты ілімі (Need-hierarchy theory) – Маслоу пирамидасы деп те аталады. АҚШ-тың еврей нәсілді гуманизм психологі Ибраһим Маслоу ортаға қойған, адамның ниеттену жүйесіне арналған ең кең таралған ілімдердің бірі. Қажеттілік қабаты ілімі адамдық қасиетті түсіндіруге де, адам талпынысының нақты мақсатын айқындауға да керек теория. Онда адам өсуінің ең басты қозғаушысы «ниет» деп түсіндіріледі. Ниет түрлі қабаттағы түрлі ерекшелікке ие қажеттіліктерден құралады. Сол қажеттілік қабаттарының жоғары-төмендік тәртіптік айырмашылығы бар және төмен қажеті қанағаттанғанда жоғары қабаты оянып отырады. Әрбір қабаттың қанағаттану дәрежесі жеке болмысының даму деңгейін белгілейді. Қажеттілік қабаты ілімі бойынша адамда төменнен жоғарыға дейін 5 негізгі қажет бар, олардың әрқайсысының шабыттану мүмкіндігі ұқсамайды.
- Физиологиялық қажет (physiological needs), маңыздылары тамақ, су, ауа, жыныстық құштарлық, денсаулық, т.б.
- Амандық қажет (Safety needs), негізгілері денелік амандық, тұрмыстың жайлылығы мен тұрақтылығы, қайғыдан, мәжбүрлеуден, ауырудан аулақ болу, ақша-байлық қажеті, т.б.
- Адамдармен байланыс қажеті (Love needs), достық, махаббат, туыстық байланыс, т.б. қажеттерінен туған ниеттенулер;
- Құрметтелу қажеті (Esteem needs) табысқа жету, атақ, орын мен мәртебе, мансап, т.б. Құрметтелу қажеті себепті, өзінің құнына деген жекелік түйсігін қанағаттандыруға, басқалардың өзін мойындауы мен құрметтеуіне қол жеткізуге тырысады.
- Өзін іске асыру қажеті (Self-actualization) ниеттенудің ең жоғары түрі, ол ақиқат, ізгілік, сұлулыққа талпынатын, адам өмірінің биік мұратына қол созатын жоғары деңгейдегі талап деуге болады.
Алдыңғы төрт қажет қанағаттанғанда барып ең жоғарғы осы қажет оянады және ол өзін іске асыруға, жасырын әлеуетін толық алып шығуға белсенеді.
Х ілімі және Y ілімі
Х және Y ілімі адами байлықты басқару ілімі, ұйымдастыру биховиоризмі, сондай-ақ әлеумет психологиясы салаларындағы жігерлендіру ілімі ретінде 1960 жылдары Дуглас МакГрегор жағынан ортаға қойылды. Y ілімін кейде "адам табиғаты ізгілік" деген мағынада да қолданады.
Жалпы айтқанда, Х ілімі жұмыста «жағымсыз салғырттықты» қозғаушы күш етуді, Y ілімі жұмыста «жағымды белсенділікті» қозғаушы күш етуді көрсетеді. Бұл ілімі бойынша адам егер өмірде және жұмыста жеткілікті жігерленбесе, онда бұл мешеу басқарудың адам белсенділігін тосып тастағанының кесірі.
X ілімі | Y ілімі |
---|---|
|
|
Х ілімін ұстанатын басқарушы қатал тәртіп-түзім орнатып, қызметкердің жұмысқа енжарлығын түзеткісі келеді. Y ілімін ұстанатын басқарушы адамгершілік арқылы шабыттандыруға мән береді, адамдардың жеке мақсаты мен ұжым мақсатын біріктіруге тырысады, қызметкерге көбірек құқық-билік береді, қызметкерлердің белсенділігін арттырып, артықшылығын күшейтеді.
Адам табиғаты ізгі деп есептейтін Y ілімінің ереже-талаптары:
- Демократиялы басқару;
- Барлық адамды тең қатыстыру;
- Бәрімен қоян-қолтық араласу, ашық әңгімелесу;
- Адамдарды мазалаған қажеттерін қамдау;
- Артықшылықты асыру, пайдаға жарату;
- Әркімге жеткілікті құқық беру.
Қос фактор ілімі - кейде мотивациялық гигиена ілімі (Motivator-Hygiene Theory) деп те аталады. Оны АҚШ психологі Ф.Герцберг 1950 жылдары ортаға қойған. Аталған ілімі бойынша екі түрлі фактор болады, біреуі адамда мотивация пайда қылатын, яғн құлшындыратын фактор (intrinsic factors), ал енді біреуі адамда мотивация пайда қылмайтын, оны көбінесе гигиена факторы (hygiene factors). Осы қос фактор болмаса адам өз ниетінен ажырап қалады.
Мотивация тудыратын фактор - Құлшындыратын фактор: жұмыстағы жаңа орайлар, табысқа жету, жұмыс жауапкершілігінің артуы, тәуекелшілдік... Мотивация тудырмайтын фактор - Гигиена факторы: жалақы, адамаралық байланыстың жақсаруы, жақсы жұмыс жағдайына ие болу қатарлылар. Маслоудың қажеттілік қабаты ілімінен өзгеше түрде Ф.Герцберг төмен қажеттіліктердің қанағаттануы сөзсіз түрде жоғары шабыттар тудырады деуге болмайды, қайта ары болғанда көңіл толмау жағдайын ғана бәсеңдетеді, бірақ жұмыста жоғары ерлік көрсетіп, өте жойқын мотивацияға ие болуға көп әсер ете қоймайды деп есептеген.
Табыс мотивациясы ілімі кейде үш түрлі қажеттілік ілімі деп те аталады. Оны АҚШ психологі Д.МакКлелланд өмірге әкелген.
Аталған ілім бойынша мына үш қажеттілік ұқсамаған деңгейде әрекетімізге ықпал етпек, олар:
- Табыскерлік қажеті (the need for achievement), барынша тамаша іс істеп, табысқа қол жеткізу аңсары;
- Билік қажеті (the need for power), басқалардың басқаруына түспеу, басқалардың талабына әсер ету, басқару;
- Сүйіспеншілік қажеті (the need for affiliation), көңілді, достыққа, махаббатқа толы адамаралық байланыс қалыптастыру қажеті.
Жұмыс сипаты ілімі
АҚШ ғалымдары Richard Hackman мен Greg Oldham ұсынған теория. Олардың ойынша жұмыс атаулының керемет орындалуын белгілейтін ортақ ережелер бар, олар: Жұмыстың мәнділігі, жауапкершілігі және жұмыс міндетін дұрыс түсіну қатарлылар. Бұл ережелерге түйін болған бес негізгі сипат бар, олар:
- Өнер түрлішелігі(skill Variety)- Кез келген жұмыстың орындалуы үшін көп түрлі өнер керек. Қызметкер көп түрлі өнерді игерсе, ол істі тіпті де жақсы істей алады.
- Міндет бірлігі(task Identity)- Егер қызметкер тек өз саласын ғана емес, бүкіл саланы түсінсе, бүкіл жұмысқа міндеттенсе, оның белсенділігі тіпті де зор болады. Міндет бірлігі қызметкерлер міндетінің бәріне ортақтастырылуы болмақ.
- Міндет мәнділігі(task Significance)- Егер қызметкер жұмысты істеп қана қоймай, оны істеуден рахат ала алса, міне сонда істің өнімділігі артады.
- Автономия(Autonomy)- Жұмыстағы еркіндік, дербестік, басқаруға араласу жұмыс өнімділігін көтереді. "Жетелеген тазы түлкі алмайды демекші, дербес шешім ету мен өзіндік еркіндік болмаса жұмыс жасанды ғана, қолдың ұшымен ғана орындалады.
- Аңыс(Feedback)- Жұмыс анық, нақты, жіңішке бөлінуі, пайда беретін нақты жоспарлар болуы тиіс. Орындалған істен аңыс уағында алынып отырса, ол келесі кезекте істі жақсартуға көмегі тиеді.
Бұл 5 сипатқа сай бес нәтиже болады: олар мотивация (motivation), қанағаттану (satisfaction), көрсету (performance), жоспарлылық (absenteeism), жұмыс мөлшері (turnover) қатарлылар. Олардың ойынша мотивацияның формуласы:
Биховиоризм (Behaviorism) ілімі XXғ. басында АҚШ-та пайда болған психология ағымы. Олар еш негізсіз, нақты дәлелсіз психологиялық болжаулық теорияларға қарсы шығып, адамның іс-әрекет дағдысын тіке күзету және нақты өлшеу арқылы адам психологиясын анықтауға болады деп есептеді. Олар ішкі толғанысқа сенбеді, тәжірибелік нақты зерттеу әдіснамаларын ұсынды.
Биховиоризм ерік еркіндігін құр қиял деп есептеді, адамның барлық ісін тума қасиеті және тәжірибе ортасы белгілейді, тума қасиеттер тәжірибе ортасында ашылады, не өзгереді, адамдардың барлық тәжірибесін сыртқы қажеттілікке талпыну аңсары белгілейді, сондықтан әрекет дағдысын жақсарту мен күшейту адам өмірінде өзгеріс туғызады деп есептеді.
Үміт ілімі
Үміт ілімі кейде Валенттілік -Амал-Үміт теориясы (ВАҮ, немесе VIE) деп те аталады, Америкалық әйгілі психолог, биховиорист В.Врум 1964ж. өзінің "Жұмыс және Шабыт" кітабында ұсынған жігерлендіру ілімі.
Теориялық түйіні | Басқаруға ұсыныс |
---|---|
Валенттілік | Қызметшінің талабын анықтау, қызметші талабына сай сыйлау жүйесін құру. |
Амал | Жетістік пен сыйлықты байланыстыру, жалақы өсіру уәдесін қатаң орындау |
Үміт | Адам таңдау жігері, адамдық жетілуге құлшынуы, міндет-мақсатты айқын түсіндіру |
Аталған теория бойынша қызметші белсенділігін көтерудің үш шарты бар:
- Валенттілікі(Valence):Сыйлау және жеке қажеттерін қанағаттандыру
- Амал(Instrumentality):Жетістік пен сыйлықтың байланысы
- Үміт(Expectancy):Жетістік пен талпыныстың байланысы
Мотивация деңгейі осы үшеуінің көбейтіндісіне тең:
Әділдік ілімі (Equity theory) АҚШ психологі Адамс (J. Stacy Adams) 19631965 жылдары ортаға қойған мотивация ілім. Ол бойынша жұмысшының мотивациялану шамасы өзінің кіріс үшін жұмсаған белсенділігінің бағалану, қайтарылу деңгейіне қарата субъективті салыстыру санасына байланысты. Әділдік ілімі бойынша әр адамның төккен тері мен оның алған нәпақасы басқалардың төккен тері мен алған нәпақасына тең болуы керек. Сонда ол мотивацияланады.
(individual's outcomes = жекенің табысы, individual's own inputs = жекенің құлшынысы, relational partner's outcomes = әріптесінің табысы, relational partner's inputs = әріптесінің құлшынысы)
Ауысым ілімі
Ауысым ілімі (ағылш. Reversal theory) - АҚШ психологі Аптер (Michael J. Apter) 1982 жылы ұсынған мотивациялық теория. Аталған ілім бойынша адам әрекетінде қарама-қарсы екі мотивация өмір сүреді, әдетте сол екеуінің тек біреуі ғана қозғатылады. Нақты іске кіріскен кезде бір түрлі ниеттен екіншісіне секіру, бір түрлі мотивациядан оның қарсы жағындағы мотивацияға ауысу оп-оңай. Мысалы, кейде тауға шығу адамды рухтандырса, басқа кезде адамды алаңдатады. Кейде жылаған бала жанашырлықты оятса, кейде жүйкеңе тиеді.
Аталған ілім бойынша адам тәжірибесінде 4 негізгі метамотивациялық ауысым мүмкіндігі бар:
- Әдіс-мақсат, оған қарата адам салмақты қарайды, не ойын деп қарайды. Яғни ол іс арқылы болашақ табысқа жетуді көздей ме, әлде істен сол майданда рахат алуды көздей ме?
- Ереже, оған қарата көнеді, не қарсы шығады. Құрылымды жақтай ма, әлде оған еркін қарсы шыға ма?
- Келісім, оның өзі үстемдік ету, немесе жанашырлық таныту болады. Яғни адам өзінің үстем екенін көрсете ме, әлде қарсы жаққа жанашырлық танытып көмектесе ме?
- қарым-қатынас,адамара қарым-қатынаста өзімшілдік немесе өзгешілдік, Мен, немесе Мен емес мәмілесін ұстанады. Яғни бір адам өз мүддесін ойлай ма, әлде басқа адамның мүддесін ойлай ма?
Айтпақшы!
Неврология (митану ғылымы) түрлі-түсті жасырын қоздыратын, шабыттандыратын биологиялық негіздер туралы айтады. Олар қозған гормондар және орталық нерв жүйесін көбірек төңіректеп айтады. Әсіресе және гормон туралы айтқандары біршама өзгеше. Мысалы, айтуларынша, гормон деңгейі әрекет етушінің түрлі мінезі мен беталысына әсер ететін көрінеді. Дегенмен, жоғары деңгейдегі мотивацияға миды әсері шынымен қаншалық, бұл енді әлі де нақты зерттей түсуге тиісті іс.
Қосымша
Мотивация - экономика ғылымындағы басқару атқарымдарының бірі; басқарудың тиісті әдістерін таңдау және орындаушылардың уәжі ұйымның жалпы мақсаттарына қол жеткізуге септігін тигізетін жағдай жасау. Уәждеме екі фактормен айқындалады, олар: ұйымда қалыптасқан сыйақы мен еңбек жағдайы жүйесі және басшының жеке басының қабілет-қарымы (басшылықтың стилі). Бірқатар ғалымдардың пікірінше уәждеме жүйесінде адамға бағдарланған еңбек жағдайы (ұйым арасында қызметкерлердің жұмыс істеуіне жайлы жағдай жасау, ұйымдастыру мәдениетінің жоғары деңгейде болуы), сондай-ақ қызметкерлердің еңбегіне лайықты сыйақы төлеу, әдетте өнімділіктің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге жол ашатын басты қағидат. Осыған орай уәждемені талдау қазіргі заманда маркетингілік зерттеулердің біршама жаңа, келешегі зор бағытына айналып отыр. Уәждемені зерттеу – тұтынушының нарықтағы мінез-құлқын айқындайтын себептер мен жағдайларды, ең алдымен әлеуметтік психология аясындағы себептер мен жағдайларды іздеп табуға саяды. Сатып алушының белгілі бір тауарды өз пайдасына таңдау жасауына қарай себептер кешенін зерделеп білу кәсіпорынның өткізу мен жарнама қызметінде кездесетін ықтимал қателерден аман болуына мүмкіндік береді.
Дереккөздер
- McClelland (1985), Human motivation, Glenview, IL: Scott, Foresman, pp.183
- P. Subba Rao, Personnel and Human Resource Management – Text and cases; (2000) – Himalaya Publishing House ISBN 81-7493-777-3
- Denhardt, Robert B. Managing human behavior in Public and Non-profit organizations. California, U.S.A: SAGE Publications, Inc. : 146. ISBN 9781412956673 (English).
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Motivaciya agylsh motivation koldanylu yngajyna karaj kazaksha niet tүrtki kirisu zhigerlenu yntalanu sozderinin magynasyna zhakyn keletin kazirgi zaman mәdenieti men gumanitarlyk gylymdarynda ken koldanylatyn ugym Bul ugymdy algash ret nemistin irracionaldy volyuntarizm filosofy A Shopengauer ozinin filosofiyalyk shygarmasynda zhetkilikti tort negizdin biri retinde karastyrgan Moveo latynsha soz bolyp kozgalu әreket etu magynasyn beredi demek motivation sozbe soz magynada kozgaltu әreketke keltiru magynasyn beredi Birak kazirgi zaman mәdenietinde ol tike magynasynda emes kobine kop auyspaly zhetildirilgen tүrlendirilgen magynada koldanylady Isinizge omirinizge koniliniz tolmasa onda sizdi shabyttandyratyn motivaciya kerek bolgany Motivaciyanyn syr sipatyMotivaciya psihologiya gylymy bojynsha adamga әreket etu zhosparyn kurgyzgan is bastatkyzgan maksatka bagyttagan talpynys zhigerin kүshejtken isti tabandy zhalgastyryp maksatka zhetuge kulshyndyrgan ishki yntalylyktyn ykpaldylygy Ol maksatka degen kүshti ansar ynta ishki ozdik kedergiler men kelissizdikterdi zhoyu arylu sanaly da zhigerli kozgalys batyl kirisu үshtiginin birliginen korinedi Motivaciyany әreketimizdin nietimizdin kalauymyzdyn sebepti ishki tүrtkisi depte atasak kate bolmajdy Bul soz zat esim bolganda Niet tүrtkisi sozine etistik bolganda Zhigerlenu sozine zhakyn keledi Zhigerlenu arkyly nieti shabyttanyp iske kirisuge kozgau salyngan adam bir tүrli bulkyngan ishki kozgaushy kүshke ie bolady ozinin kozdegen maksatyna karaj kedergilerden tajsalmaj belsendi zhүru zhigeri keudesin kernejdi Bul barysta niet shamasynda ozgerister boluy mүmkin ol kejde kүshejyui kejde әlsireui mүmkin Birak niet shamasynyn kalaj boluyna karamastan adamdar belgili bir niettenu turaktylygyn saktaj alsa konilinde sol iske degen kushtarlygyn oshirmej sol maksatka karaj belsendi kulshynyp kozdegen maksatyna zhetpej tynbajtyn bolady Motivaciyalyk niet istin ishki kozgaushy kүshi bolgandyktan eger adamnyn kandaj nieti baryn bilsen onda onyn әreketinin aukymy men betalysyn anyk shamalaj alasyn Platonnyn adam ruhy үsh boliktin birliginen kuralady degen ideyasynda osy motivaciya ugymynyn magynasy kamtylgan Nәpsi degenimiz tamak zheu kobeyu nieti bolyp dene kazhetin oryndaudy talap etedi Nәpsini adamnyn akyly emes konili tizgindep ustauy kerek Degenmen ishsem zhesem denelik kanagattansam dejtin ishki talap pen tanym akyl talaby shygysa bermejdi Ezhelgi zaman filosofiyasy әsirese bakyt turaly ilim bakytka degen kazhettilik sogan talpyndyratyn motivaciyanyn negizi dep tүsindiredi Degenmen bakytka bolsyn baskaga bolsyn adamdy shabyttandyratyn tүrtki kүshke XX gasyrdyn 30 zhyldaryna dejin kez kelgen gylym salasy arnauly tүrde mәn bergen zhok Adam sanasyn tanudyn kazirgi zhana betalysyna oraj motivaciya adam kazhetsinuinin adamdy syrtka әreketke bagyttauy al kazhetsinu motivaciyanyn ishke toyuga lәzzattanuga rahattanuga kuanuga bagyttauy Bylajsha ajtkanda adam zhany syrtky maksatka bagyttalsa motivaciya ishki tolyktauga ashtyk sekildi talapka bagyttalsa kazhetsinu bolmak Degenmen bulaj tүsindiru salystyrmaly Mysaly Mosloudyn kazhetsinu kabaty teoriyasynda kazhetsinu men niet aralastyrylyp tүsindirilgen Motivaciya tүrleriIshki zhәne Syrtky motivaciya Ishki motivaciya syrtky orta kalaj boluyna karamastan motivaciyalyk talpynys ishki nietten oyanady zhәne maksat atauly subektivti bolady Onda mindettin ozi kushtarlyk zhәne shattyk tugyzady Syrtky sebep emes ishki unatu negizgi kozgalys tүrtkisi bolady Ishki motivaciyanyn artykshylygy mindetke karata ishki kushtarlyk oyangan zhagdajda adamnyn oz artykshylyktary tүgel iske kosylady zhәne mindetti oryndauga kazhetti kabilet pen onerdi ozdiginen үjrenedi Ishki motivaciya XXg 70 zhyldary әleumettik psihologiya men pedagogikalyk psihologiyanyn nazaryn audargan bolatyn Eger әldekim oz tabysy men nәtizhesin kүshejtuge ozi belsenip ozin ozi maksat talaby bojynsha tizgindep yrykty tүrde oz maksatyna belsense zhәne onyn ozine senimi ajtarlyktaj zhogary bolsa onda onyn zhetistikke zhetu molsheri kashanda zhogary bolady Degenmen ishki motivaciya syrtky mүmkindikterge nazar audarmasa tyrysudy gana bilip sol tyrysuynyn onimdi boluyna nazar audarmasa ozge tabysty adamdardan shabyt almasa үlgi kormese onda ol oz maksaty үshin tym uzak zhol basuy mүmkin nemese kүnderdin biri kokejinde teris motivaciya tuyp nietinen akyryndap ne birden ajnyp kaluy mүmkin Syrtky motivaciya motivaciya turakty talpyndyrushy retinde kobinese syrtky orta talaptarynan kozdatylady Munda kiris mәrtebe mansap sekildi syrtky nәrselerdin talabymen maksatka belsenu tuady zhәne onyn belsenui ishki motivaciya nietimen kajshylasyp ta zhatady Yagni oz talpynysyn sonshylyk sүje kojmajdy birak kazhettilik үshin sogan barynsha talpynuga mәzhbүr bolady Syrtky motivaciya zhekenin syrtynan keledi Әreket oz tabysynan rahattanu үshin emes aksha tabu mansapka zhetu mүdde ball alu mәzhbүrlenu zhazalanu sekildiler syrtky motivaciyaga ilik bolady Ondagy shabyttandyru әldebir syrtky talaptardan tuuy mүmkin Zhaldanyp isteu bireuge tәueldi bolu turmys zhagdajynyn nasharlygy korku uyalu degender osy tүrdegi motivaciyaga sebep bolady Kejbireulerdin ajtuynsha syjlyk alu men medal tagu da syrtky motivaciyaga zhatady eken Degenmen bul endi sol adamnyn sony mәndi is korip oz maksaty tutu tutpauyna katysty bolsa kerek Әleumettik psihologiyanyn zertteuinshe syrttan alar nәpaka motivaciyanyn oz uәzhi sheginen shygyp ketetin over justification effect korinedi Syrttan alar nәpakaga kulshyngan sajyn ishki motivaciya әlsirej tүsetini de bajkalady Tәzhiribe korsetkendej suret syzu arkyly tagy da syjlyk algysy kelgen bala esh syjlyk almagan balaga karaganda az suret syzady eken Өzi sebepker ilimi Self determination theory bojynsha syjlanbagan syjlau kүtpejtin bala mindet oryndalsa oz zheke olshemi men senimin kanagattandyrady syrtky talap ozdesip zhekenin ishki suranysyna ajnalady Endeshe ol suret syzdudy oz talabyn kanagattandyru үshin saludan lәzzat alatyn bolady Demek syrttan shabyttandyrylgan motivaciyanyn ykpalyna sene beruge bolmajdy ishki kushtarlykty oyatuga barynsha kүsh salu kerek On zhәne teris motivaciya Adam erkin shabyttandyryp zhigerlendirip belsendi etip үmitker etip kajtpas kajsar etip somdagan motivaciya on motivaciya dep atalady Al adam erkin salgyrttandyryp enzhar etip үmitsiz etip bosbelbeu etip sheginshektetip somdagan motivaciya teris motivaciya delinedi Turakty zhәne turaksyz motivaciya Motivaciyanyn turakty turaksyzdygy yagni onyn adam әreketindegi ykpalynyn saktalu uzaktygy adamnyn ishki ustanymynyn berik әlsizdigine niettin shyn zhalgandygyna kedergilerdin sipatyna ortanyn zhol koyu dәrezhesine bajlanysty bolady Zhekelik zhәne toptyk motivaciya Zhekelik Ashygu men sholdeuden tonudan saktanu azaptan kutylu t b үshin kazhetti motivaciyalar Toptyk Ұrpak osiru otbasylyk әulettik ulttyk memlekettik turmyska mүmkindik karastyru ozi tәueldi toptyn otbasy әulet ult memleket turaktylygyn saktauga tyrysu katarlylar Motivaciya ilimderiҚogamnyn tez ozgeruine akparat tehnologiyasynyn kauyryt damuyna oraj tүrli Zhigerlendiru ideyalary zhanbyrdan kejingi sanyraukulaktaj omirge keldi Olardyn arasynda Hotorn effekti Masloudyn Duglas MakGregordyn H zhәne Y ilimi Gercbergtin Қos faktor ilimi MakKlellandtin Biheviorizm Vrumnyn Adamstyn Әdildik ilimi Apterdin Auysym ilimi katarlylar bar Hotorn effekti Hotorn Effekti Hawthorne Effect AҚSh tyn Western Electric kompaniyasy zhүrgizgen motivaciyalyk zertteulerden shykkan korytyndy Onyn manyzdylygy omir tәzhiribesinde de gylym salasynda da ajkyn bajkalady Hotorn Effektinin magynasy bojynsha bakylanushy ozinin bakylanyp zhatkanyn bilgen kezde әreket nietin ozgerte bastajdy eken Yagni mysaly zhumysshylardyn zhagdajyn zhalakysyn turmysyn demalysyn zhaksartkan kүnde de zhana zhagdaj sharty astynda zhumysshylar bәribir buryngy sekildi zhumys zhasaj beretini bajkalgan Al eger zhagdaj kalaj bolsa da mejli eger zhumysshylarga belsendi nazar audarylyp olardyn ozin erkin baskaruyna mүmkindik berilse olardyn әr kimyly kopshiliktin dүbirli koldauy ishinde otkizilse onda belsendi top kalyptasuyna ilesip enbek onimdiligi de kүrt zhogarlajtyn korinedi Yagni 1 kyzmet zhagdajyn zhaksartu men enbek onimdiligin arttyru arasynda tike sebep saldar bajlanysy zhok 2 enbek onimdiligin zhogarlatudyn en utymdy zholy zhumys zhagdajyn zhaksartumen birge bastysy zhumysshylardyn konil kүjin koteru bolmak 3 zhumysshynyn konil kүji men narazylygyna mәn beru enbek onimdiligin koterudin tүjini Hotorn Effektinin pajdaly tustary 1 zhumysshy mәn bergen iske mәn berudi үjretedi 2 eger kurylym modeli durys zhәne lajykty bolsa bul effektti pajdalanyp zhumysshylardy konildendiru arkyly toptyk bәsekeler ojyndar arnajy zharystar arkyly zhumys onimdiligin uzak merzimge zhaksartuga bolady 3 zhumysshylardyn enbek zhagdajyna zhetkilikti bagalau zhүrgizu baskarushynyn uzak merzimdi zhospar kuruyna komektesedi Hotorn Effekti nazar audarmajtyn tustar 1 zhumys ortasynyn kejbir ishki zhagdajy bәribir ajkyndalmajdy mysaly ujymdastyru nieti 2 ondiris modelinin tandaluy baskarushynyn subektiv pikirin negiz etedi 3 sheshushisi zhumys ortasy dinamikaly bolady model үzdiksiz ondelip nakty zhagdajga bejimdelui kerek 4 ondiris modelinin durystygy men baskarushynyn sheshim etu koregendigi sabaktasyp zhatady kazhettilik piramidasy Өzin әjgileu kazhetiҚurmettelu kazheti kogamnyn mojyndauy Әluemettik bajlanys kazheti adamdarmen karym katynas Amandyk kazhetiDenelik kazhet fiziologiyalyk talaptar Masloudyn kazhettilik kabaty ilimi Masloudyn kazhettilik kabaty ilimi Need hierarchy theory Maslou piramidasy dep te atalady AҚSh tyn evrej nәsildi gumanizm psihologi Ibraһim Maslou ortaga kojgan adamnyn niettenu zhүjesine arnalgan en ken taralgan ilimderdin biri Қazhettilik kabaty ilimi adamdyk kasietti tүsindiruge de adam talpynysynyn nakty maksatyn ajkyndauga da kerek teoriya Onda adam osuinin en basty kozgaushysy niet dep tүsindiriledi Niet tүrli kabattagy tүrli erekshelikke ie kazhettilikterden kuralady Sol kazhettilik kabattarynyn zhogary tomendik tәrtiptik ajyrmashylygy bar zhәne tomen kazheti kanagattanganda zhogary kabaty oyanyp otyrady Әrbir kabattyn kanagattanu dәrezhesi zheke bolmysynyn damu dengejin belgilejdi Қazhettilik kabaty ilimi bojynsha adamda tomennen zhogaryga dejin 5 negizgi kazhet bar olardyn әrkajsysynyn shabyttanu mүmkindigi uksamajdy Fiziologiyalyk kazhet physiological needs manyzdylary tamak su aua zhynystyk kushtarlyk densaulyk t b Amandyk kazhet Safety needs negizgileri denelik amandyk turmystyn zhajlylygy men turaktylygy kajgydan mәzhbүrleuden auyrudan aulak bolu aksha bajlyk kazheti t b Adamdarmen bajlanys kazheti Love needs dostyk mahabbat tuystyk bajlanys t b kazhetterinen tugan niettenuler Қurmettelu kazheti Esteem needs tabyska zhetu atak oryn men mәrtebe mansap t b Қurmettelu kazheti sebepti ozinin kunyna degen zhekelik tүjsigin kanagattandyruga baskalardyn ozin mojyndauy men kurmetteuine kol zhetkizuge tyrysady Өzin iske asyru kazheti Self actualization niettenudin en zhogary tүri ol akikat izgilik sululykka talpynatyn adam omirinin biik muratyna kol sozatyn zhogary dengejdegi talap deuge bolady Aldyngy tort kazhet kanagattanganda baryp en zhogargy osy kazhet oyanady zhәne ol ozin iske asyruga zhasyryn әleuetin tolyk alyp shyguga belsenedi H ilimi zhәne Y ilimi H zhәne Y ilimi adami bajlykty baskaru ilimi ujymdastyru bihoviorizmi sondaj ak әleumet psihologiyasy salalaryndagy zhigerlendiru ilimi retinde 1960 zhyldary Duglas MakGregor zhagynan ortaga kojyldy Y ilimin kejde adam tabigaty izgilik degen magynada da koldanady Zhalpy ajtkanda H ilimi zhumysta zhagymsyz salgyrttykty kozgaushy kүsh etudi Y ilimi zhumysta zhagymdy belsendilikti kozgaushy kүsh etudi korsetedi Bul ilimi bojynsha adam eger omirde zhәne zhumysta zhetkilikti zhigerlenbese onda bul mesheu baskarudyn adam belsendiligin tosyp tastaganynyn kesiri X ilimi Y ilimiAdam negizinen zhalkau nәrse zhumys az bolsa bekershilik pen ojyn toj kop bolsa sonsha zhaksy dep turady Adam degen zhumystan amal bar kashatyn nәrse Kop adamdar uzhymdyk kompaniya organ oryn kogam ujym maksatka pyskyrmajdy Baskarushylar eriksiz kataldyk koldanady zhazalajdy zhetelejdi aksha men mүdde adamdardyn zhumys isteuinin negizgi kozgatushysy Solar bolmasa ol sausagyn da kimyldatudan erinedi Әdette adamdardyn algabasarlyk ruhy ote nashar bolady zhetelesen gana zhүredi auzyna soz salsan gana ajtady belsenu olar үshin olim sekildi Sondyktan baskarushylar olarga kysym tүsiruge mәzhbүr Adamda alga basu nieti kemshil ol zhauapkershilikten kashady zhәne mүmkin bar bastyk boluga tyrysady Adam balasy ozin tүzetudi ozgerudi zhaksylykka talpynudy shyndap kalamajdy Onyki tek kozboyaushylyk kana Adamnyn enbek etu zhәne mi zhumsauga belsenui bejne demalu men konil ashuga belsenui sekildi Қyzmet etudin rahaty korinip tur zhәne kop sandy adam enbekten kashpajdy Zhumys kashanda adamga tabigi konildilik syjlajdy Syrtky kysym men zhaza bolmasa da adam bәribir oz maksaty үshin tyrysatyn bolady Adam tabigaty tuma zhalkau emes әrkimnin oz ozin tizgindeu zhәne bakylau kabileti zhetkilikti Adam koppen birge maksatka zhumylgandy zhaksy koredi Adam oz toby uzhymy үshin belsene zhumys zhasajdy zhumysta oz zhasampazdygyn tolyk korsetuge tyrysady Adam tyrysyp zhumys istegende gana zhumysta zhurttyn kurmetine bolenetinin istemej tisteu zhamandyk ekenin biledi Adam zhauapkershilikti oryndamaudy namys koredi barynsha үlken zhauapkershilikti oryndauga bәsekelesedi Koptegen adamda mәseleni zhasampazdykpen sheshetin zhogary akyl kabileti bar Tek kop sandy adamnyn oz kyzmet ornynda әleueti tolyk ashylmajdy zhasyryn kabileti men artykshylygyn korsetuge oraj bola bermejdi H ilimin ustanatyn baskarushy katal tәrtip tүzim ornatyp kyzmetkerdin zhumyska enzharlygyn tүzetkisi keledi Y ilimin ustanatyn baskarushy adamgershilik arkyly shabyttandyruga mәn beredi adamdardyn zheke maksaty men uzhym maksatyn biriktiruge tyrysady kyzmetkerge kobirek kukyk bilik beredi kyzmetkerlerdin belsendiligin arttyryp artykshylygyn kүshejtedi Adam tabigaty izgi dep eseptejtin Y iliminin erezhe talaptary Demokratiyaly baskaru Barlyk adamdy ten katystyru Bәrimen koyan koltyk aralasu ashyk әngimelesu Adamdardy mazalagan kazhetterin kamdau Artykshylykty asyru pajdaga zharatu Әrkimge zhetkilikti kukyk beru Қos faktor ilimi Қos faktor ilimi kejde motivaciyalyk gigiena ilimi Motivator Hygiene Theory dep te atalady Ony AҚSh psihologi F Gercberg 1950 zhyldary ortaga kojgan Atalgan ilimi bojynsha eki tүrli faktor bolady bireui adamda motivaciya pajda kylatyn yagn kulshyndyratyn faktor intrinsic factors al endi bireui adamda motivaciya pajda kylmajtyn ony kobinese gigiena faktory hygiene factors Osy kos faktor bolmasa adam oz nietinen azhyrap kalady Motivaciya tudyratyn faktor Қulshyndyratyn faktor zhumystagy zhana orajlar tabyska zhetu zhumys zhauapkershiliginin artuy tәuekelshildik Motivaciya tudyrmajtyn faktor Gigiena faktory zhalaky adamaralyk bajlanystyn zhaksaruy zhaksy zhumys zhagdajyna ie bolu katarlylar Masloudyn kazhettilik kabaty iliminen ozgeshe tүrde F Gercberg tomen kazhettilikterdin kanagattanuy sozsiz tүrde zhogary shabyttar tudyrady deuge bolmajdy kajta ary bolganda konil tolmau zhagdajyn gana bәsendetedi birak zhumysta zhogary erlik korsetip ote zhojkyn motivaciyaga ie boluga kop әser ete kojmajdy dep eseptegen Tabys motivaciyasy ilimi kejde үsh tүrli kazhettilik ilimi dep te atalady Ony AҚSh psihologi D MakKlelland omirge әkelgen Atalgan ilim bojynsha myna үsh kazhettilik uksamagan dengejde әreketimizge ykpal etpek olar Tabyskerlik kazheti the need for achievement barynsha tamasha is istep tabyska kol zhetkizu ansary Bilik kazheti the need for power baskalardyn baskaruyna tүspeu baskalardyn talabyna әser etu baskaru Sүjispenshilik kazheti the need for affiliation konildi dostykka mahabbatka toly adamaralyk bajlanys kalyptastyru kazheti Zhumys sipaty ilimi AҚSh galymdary Richard Hackman men Greg Oldham usyngan teoriya Olardyn ojynsha zhumys ataulynyn keremet oryndaluyn belgilejtin ortak erezheler bar olar Zhumystyn mәndiligi zhauapkershiligi zhәne zhumys mindetin durys tүsinu katarlylar Bul erezhelerge tүjin bolgan bes negizgi sipat bar olar Өner tүrlisheligi skill Variety Kez kelgen zhumystyn oryndaluy үshin kop tүrli oner kerek Қyzmetker kop tүrli onerdi igerse ol isti tipti de zhaksy istej alady Mindet birligi task Identity Eger kyzmetker tek oz salasyn gana emes bүkil salany tүsinse bүkil zhumyska mindettense onyn belsendiligi tipti de zor bolady Mindet birligi kyzmetkerler mindetinin bәrine ortaktastyryluy bolmak Mindet mәndiligi task Significance Eger kyzmetker zhumysty istep kana kojmaj ony isteuden rahat ala alsa mine sonda istin onimdiligi artady Avtonomiya Autonomy Zhumystagy erkindik derbestik baskaruga aralasu zhumys onimdiligin koteredi Zhetelegen tazy tүlki almajdy demekshi derbes sheshim etu men ozindik erkindik bolmasa zhumys zhasandy gana koldyn ushymen gana oryndalady Anys Feedback Zhumys anyk nakty zhinishke bolinui pajda beretin nakty zhosparlar boluy tiis Oryndalgan isten anys uagynda alynyp otyrsa ol kelesi kezekte isti zhaksartuga komegi tiedi Bul 5 sipatka saj bes nәtizhe bolady olar motivaciya motivation kanagattanu satisfaction korsetu performance zhosparlylyk absenteeism zhumys molsheri turnover katarlylar Olardyn ojynsha motivaciyanyn formulasy MPS Skill Variety Task Identity Task Significance 3 Autonomy Feedback displaystyle text MPS frac text Skill Variety Task Identity Task Significance text 3 times text Autonomy times text Feedback Biheviorizm Bihoviorizm Behaviorism ilimi XXg basynda AҚSh ta pajda bolgan psihologiya agymy Olar esh negizsiz nakty dәlelsiz psihologiyalyk bolzhaulyk teoriyalarga karsy shygyp adamnyn is әreket dagdysyn tike kүzetu zhәne nakty olsheu arkyly adam psihologiyasyn anyktauga bolady dep eseptedi Olar ishki tolganyska senbedi tәzhiribelik nakty zertteu әdisnamalaryn usyndy Bihoviorizm erik erkindigin kur kiyal dep eseptedi adamnyn barlyk isin tuma kasieti zhәne tәzhiribe ortasy belgilejdi tuma kasietter tәzhiribe ortasynda ashylady ne ozgeredi adamdardyn barlyk tәzhiribesin syrtky kazhettilikke talpynu ansary belgilejdi sondyktan әreket dagdysyn zhaksartu men kүshejtu adam omirinde ozgeris tugyzady dep eseptedi Үmit ilimi Үmit ilimi kejde Valenttilik Amal Үmit teoriyasy VAҮ nemese VIE dep te atalady Amerikalyk әjgili psiholog bihoviorist V Vrum 1964zh ozinin Zhumys zhәne Shabyt kitabynda usyngan zhigerlendiru ilimi Teoriyalyk tүjini Baskaruga usynysValenttilik Қyzmetshinin talabyn anyktau kyzmetshi talabyna saj syjlau zhүjesin kuru Amal Zhetistik pen syjlykty bajlanystyru zhalaky osiru uәdesin katan oryndauҮmit Adam tandau zhigeri adamdyk zhetiluge kulshynuy mindet maksatty ajkyn tүsindiru Atalgan teoriya bojynsha kyzmetshi belsendiligin koterudin үsh sharty bar Valenttiliki Valence Syjlau zhәne zheke kazhetterin kanagattandyru Amal Instrumentality Zhetistik pen syjlyktyn bajlanysy Үmit Expectancy Zhetistik pen talpynystyn bajlanysy Motivaciya dengeji osy үsheuinin kobejtindisine ten F E V I displaystyle F E left sum V I right Әdildik ilimi Әdildik ilimi Equity theory AҚSh psihologi Adams J Stacy Adams 19631965 zhyldary ortaga kojgan motivaciya ilim Ol bojynsha zhumysshynyn motivaciyalanu shamasy ozinin kiris үshin zhumsagan belsendiliginin bagalanu kajtarylu dengejine karata subektivti salystyru sanasyna bajlanysty Әdildik ilimi bojynsha әr adamnyn tokken teri men onyn algan nәpakasy baskalardyn tokken teri men algan nәpakasyna ten boluy kerek Sonda ol motivaciyalanady individual s outcomesindividual s own inputs relational partner s outcomesrelational partner s inputs displaystyle frac mbox individual s outcomes mbox individual s own inputs frac mbox relational partner s outcomes mbox relational partner s inputs individual s outcomes zhekenin tabysy individual s own inputs zhekenin kulshynysy relational partner s outcomes әriptesinin tabysy relational partner s inputs әriptesinin kulshynysy Auysym ilimi Auysym ilimi agylsh Reversal theory AҚSh psihologi Apter Michael J Apter 1982 zhyly usyngan motivaciyalyk teoriya Atalgan ilim bojynsha adam әreketinde karama karsy eki motivaciya omir sүredi әdette sol ekeuinin tek bireui gana kozgatylady Nakty iske kirisken kezde bir tүrli nietten ekinshisine sekiru bir tүrli motivaciyadan onyn karsy zhagyndagy motivaciyaga auysu op onaj Mysaly kejde tauga shygu adamdy ruhtandyrsa baska kezde adamdy alandatady Kejde zhylagan bala zhanashyrlykty oyatsa kejde zhүjkene tiedi Atalgan ilim bojynsha adam tәzhiribesinde 4 negizgi metamotivaciyalyk auysym mүmkindigi bar Әdis maksat ogan karata adam salmakty karajdy ne ojyn dep karajdy Yagni ol is arkyly bolashak tabyska zhetudi kozdej me әlde isten sol majdanda rahat aludy kozdej me Erezhe ogan karata konedi ne karsy shygady Қurylymdy zhaktaj ma әlde ogan erkin karsy shyga ma Kelisim onyn ozi үstemdik etu nemese zhanashyrlyk tanytu bolady Yagni adam ozinin үstem ekenin korsete me әlde karsy zhakka zhanashyrlyk tanytyp komektese me karym katynas adamara karym katynasta ozimshildik nemese ozgeshildik Men nemese Men emes mәmilesin ustanady Yagni bir adam oz mүddesin ojlaj ma әlde baska adamnyn mүddesin ojlaj ma Ajtpakshy Nevrologiya mitanu gylymy tүrli tүsti zhasyryn kozdyratyn shabyttandyratyn biologiyalyk negizder turaly ajtady Olar kozgan gormondar zhәne ortalyk nerv zhүjesin kobirek tonirektep ajtady Әsirese zhәne gormon turaly ajtkandary birshama ozgeshe Mysaly ajtularynsha gormon dengeji әreket etushinin tүrli minezi men betalysyna әser etetin korinedi Degenmen zhogary dengejdegi motivaciyaga midy әseri shynymen kanshalyk bul endi әli de nakty zerttej tүsuge tiisti is ҚosymshaMotivaciya ekonomika gylymyndagy baskaru atkarymdarynyn biri baskarudyn tiisti әdisterin tandau zhәne oryndaushylardyn uәzhi ujymnyn zhalpy maksattaryna kol zhetkizuge septigin tigizetin zhagdaj zhasau Uәzhdeme eki faktormen ajkyndalady olar ujymda kalyptaskan syjaky men enbek zhagdajy zhүjesi zhәne basshynyn zheke basynyn kabilet karymy basshylyktyn stili Birkatar galymdardyn pikirinshe uәzhdeme zhүjesinde adamga bagdarlangan enbek zhagdajy ujym arasynda kyzmetkerlerdin zhumys isteuine zhajly zhagdaj zhasau ujymdastyru mәdenietinin zhogary dengejde boluy sondaj ak kyzmetkerlerdin enbegine lajykty syjaky toleu әdette onimdiliktin negurlym zhogary dengejine kol zhetkizuge zhol ashatyn basty kagidat Osygan oraj uәzhdemeni taldau kazirgi zamanda marketingilik zertteulerdin birshama zhana keleshegi zor bagytyna ajnalyp otyr Uәzhdemeni zertteu tutynushynyn naryktagy minez kulkyn ajkyndajtyn sebepter men zhagdajlardy en aldymen әleumettik psihologiya ayasyndagy sebepter men zhagdajlardy izdep tabuga sayady Satyp alushynyn belgili bir tauardy oz pajdasyna tandau zhasauyna karaj sebepter keshenin zerdelep bilu kәsiporynnyn otkizu men zharnama kyzmetinde kezdesetin yktimal katelerden aman boluyna mүmkindik beredi DerekkozderMcClelland 1985 Human motivation Glenview IL Scott Foresman pp 183 P Subba Rao Personnel and Human Resource Management Text and cases 2000 Himalaya Publishing House ISBN 81 7493 777 3 Denhardt Robert B Managing human behavior in Public and Non profit organizations California U S A SAGE Publications Inc 146 ISBN 9781412956673 English Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9