Көшпенділер — Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия Алмас қылыш ,Жанталас, Қаһар деген бөлімдерден тұрады.
Көшпенділер | |
Көшпенділер кітабы | |
Авторы | Ілияс Есенберлин |
---|---|
Жанры | роман, тарих, драма |
Түпнұсқасы | |
Тілі | қазақ |
Қазақша басылым | |
Баспасы | «Жазушы» |
Басылған орны | Алматы |
Басылған уақыты | 1969 |
ISBN | 978-601-218-014-5 978-601-218-011-4 |
өңдеу |
Трилогия көптеген тілдерге аударылып, 1998 жылғы ағылшын тіліндегі басылымға («The Nomads») алғысөзді Президент Нұрсұлтан Назарбаев жазған. 2012 жылы «Көшпенділер» жапон тілінде жарық көрді. 2012 жылы неміс тіліндегі аудармасы шықты.
Қысқаша мазмұны
Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.
- Алмас қылыш романында ХV –ХVІ ғасырларда Қазақ хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.
- Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.
- Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.
Трилогиядағы тарихи тұлғалар
Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғыс хан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.
- Алмас қылыш романында — Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан, Асан қайғы, Қазтуған
- Жанталас романында — Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау
- Қаһар романында — Кенесары хан, Ағыбай батыр, Жоламан батыр, Бопай сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер болып табылады.
Кітап туралы пікірлер
Нұрсұлтан Назарбаев: «Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады, ол эпикалық құлаш - қарымымен, оқиғалардың серпінділігімен, қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғаларының бейнесімен, тілінің шынайылығымен және айқындылығымен ерекшеленеді».
Шыңғыс Айтматов: «...алайда, ең бастысы, «Көшпенділердің» бұрынғы қоғам жағдайына да, қазіргі жағдайға да тәуелсіз өз құндылығы мен әдеби тағдырының барлығында жатыр».
Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжанов: «І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Шыңғыс Хұсейінов: «Көшпенділер» трилогиясы халықтың өзін - өзі танып - білуінің тамаша кезеңдік туындысы болып табылады».
Дереккөздер
- «Керуен» газеті / Ілияс Есенберлин: «Көшпенділер» және өмірге деген құштарлық Мұрағатталған 10 қарашаның 2014 жылы.
Тағы қараңыз
- http://www.tarih.spring.kz/kk/history/postwar/figures/esenberlin/ Мұрағатталған 31 желтоқсанның 2013 жылы.
- Ілияс Есенберлин
- http://shkola-isatai.at.ua/load/kitaptar/kitaptar/ilijas_esenberlin_quot_k_shpendiler_quot_kitaby_quot_a_ar_quot_3_tom_2004_zhyl/37-1-0-215
сілтемелер
- http://1referat.kz/shygarma/koshpendiler.html Мұрағатталған 27 сәуірдің 2014 жылы.
- http://doc.nlrk.kz/result/ebook_1018/#ps Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы.
- http://www.kitap.kz/ru/content/koshpendiler-2-kitap Мұрағатталған 30 желтоқсанның 2013 жылы.
- І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия.Алматы:Көшпенділер баспасы,2006.
- І.Есенберлин.Көшпенділер:Тарихи трилогия. - Алматы:І.Есенберлин атындағы қор,2002.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Koshpendiler Iliyas Esenberlinnin үsh kitaptan turatyn tarihi epopeyasy Bul shygarma kazak soz onerinin әlemdik nuskasyna kosylgan tarihty korkemdik pajymdaudyn үzdik үlgilerinin biri partiyalyk ideologiyanyn kylyshynan kan tamyp turgan uakytta dүniege kelgen shygarma Trilogiya Almas kylysh Zhantalas Қaһar degen bolimderden turady KoshpendilerKoshpendiler kitabyAvtory Iliyas EsenberlinZhanry roman tarih dramaTүpnuskasyTili kazakҚazaksha basylymBaspasy Zhazushy Basylgan orny AlmatyBasylgan uakyty 1969ISBN 978 601 218 014 5 978 601 218 011 4ondeu Trilogiya koptegen tilderge audarylyp 1998 zhylgy agylshyn tilindegi basylymga The Nomads algysozdi Prezident Nursultan Nazarbaev zhazgan 2012 zhyly Koshpendiler zhapon tilinde zharyk kordi 2012 zhyly nemis tilindegi audarmasy shykty Қyskasha mazmunyKoshpendiler trilogiyasynda bes gasyrlyk okiga yagni XV XIX gasyr aralygyndagy Қazak handygy omir sүrgen kezen suretteledi Almas kylysh romanynda HV HVI gasyrlarda Қazak handygynyn kuryluy Әbilkajyr Zhәnibek Kerej handardyn tak үshin talasy kazak rularynyn birlesu ideyasy suretteledi Zhantalas romanynda HVII HVIII gasyrlardagy Қazakstannyn shetel baskynshylarymen kүresi zhәne Әbilkajyr hannyn Қazakstannyn Batys boligimen Resej patshalygy kol astyna kirui sipattalady Қalmak handygynyn kazak eline opasyzdyk shapkynshylygy Alakol manajynda Ordabasy onirinde bolgan kyrgyn urystar kol astyna kirgen Әbilkajyrdyn tүpki armandarynyn zheke basyndagy tүnilisteri turaly zhazylgan Қaһar romanynda HVIII gasyrda Abylaj han bastagan kazak halkynyn kalmak baskynshylaryn birzholata talkan etui Abylajdyn kazak elin derbes Қazak handygyna biriktiru әreketteri zhәne Abylaj han men onyn batyrlarynyn el tәuelsizdigi үshin kүrestegi erlik danalyk isteri bayandalady Abylaj hannyn kazak elin biriktiru zholyndagy zhantalas kүjzelisteri suretteledi Trilogiyadagy tarihi tulgalarShygarma kejipkerleri negizinen tarihi tulgalar Shyngys han dәuirinen bastalyp Kenesarymen ayaktalatyn kazak memleketinin bastau kozi men kiyn kystauly tagdyr talajynyn basynda turgan handar tizbegi el muny men arman tileginin habarshysy akyn zhyraular el men zher үshin urpak bolashagy үshin zhan ayamaj shajkasyp Otanyn korgaj bilgen arystan zhүrek atan zhilik batyrlar Bular el esinde attary zhattalyp tarihta kalgan omirde bolgan tulgalar Almas kylysh romanynda Әbilkajyr han Zhәnibek han Kerej han Asan kajgy Қaztugan Zhantalas romanynda Қasym han Haknazar han Abylaj han Bukar zhyrau Қaһar romanynda Kenesary han Agybaj batyr Zholaman batyr Bopaj siyakty tarihi aty anyzga ajnalgan tulgalar basty kejipkerler bolyp tabylady Kitap turaly pikirlerNursultan Nazarbaev Iliyas Esenberlinnin shygarmashylygynda atakty Koshpendiler trilogiyasy negizgi oryn alady ol epikalyk kulash karymymen okigalardyn serpindiligimen kazak tarihynyn zhandy әri kajtalanbas tulgalarynyn bejnesimen tilinin shynajylygymen zhәne ajkyndylygymen erekshelenedi Shyngys Ajtmatov alajda en bastysy Koshpendilerdin buryngy kogam zhagdajyna da kazirgi zhagdajga da tәuelsiz oz kundylygy men әdebi tagdyrynyn barlygynda zhatyr Әnuar Turlybekuly Әlimzhanov I Esenberlinnin Koshpendiler trilogiyasynyn betterin mukiyat zerdelemejinshe kazak ultynyn san gasyrlyk tarihyn taldap pajymdau da mүmkin emes әri munsyz ol tolykkandy bolmajdy Shyngys Husejinov Koshpendiler trilogiyasy halyktyn ozin ozi tanyp biluinin tamasha kezendik tuyndysy bolyp tabylady Derekkozder Keruen gazeti Iliyas Esenberlin Koshpendiler zhәne omirge degen kushtarlyk Muragattalgan 10 karashanyn 2014 zhyly Tagy karanyzhttp www tarih spring kz kk history postwar figures esenberlin Muragattalgan 31 zheltoksannyn 2013 zhyly Iliyas Esenberlin http shkola isatai at ua load kitaptar kitaptar ilijas esenberlin quot k shpendiler quot kitaby quot a ar quot 3 tom 2004 zhyl 37 1 0 215siltemelerhttp 1referat kz shygarma koshpendiler html Muragattalgan 27 sәuirdin 2014 zhyly http doc nlrk kz result ebook 1018 ps Muragattalgan 30 zheltoksannyn 2013 zhyly http www kitap kz ru content koshpendiler 2 kitap Muragattalgan 30 zheltoksannyn 2013 zhyly I Esenberlin Koshpendiler Tarihi trilogiya Almaty Koshpendiler baspasy 2006 I Esenberlin Koshpendiler Tarihi trilogiya Almaty I Esenberlin atyndagy kor 2002 Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet