Көне обалар, ежелгі дүние обалары – ежелгі дәуірлерден сақталған археологиялық ескерткіштер, жерлеу орындары. Әлемнің көптеген елдеріне тараған. Әр жерде кездесетін адам жерленген кез келген қабірдің барлығы оба санатына кірмейді. Оба деп қабір үстіне тастан, топырақтан немесе осы екеуін араластыра үйінді тұрғызылған жерлеу орындарын айтады.
Тарих
Бұрынғы Кеңес археологиясында мұны түркі тілінен енген «курган» сөзімен атау қалыптасқан болатын. Адамзат тарихында мүрдені жерлеу салты орта палеолит кезеңінде пайда болса, қабір үстіне оба тұрғызу әлдеқайда кейін, яғни энеолит дәуірінде қалыптасты. Және де оба үю дәстүрі, ең алдымен, Еуразия далалық өлкелеріне тән. Әдетте, ғалымдар обаға жерлеу ғұрпының шығуының өзін көшпелі тұрмысқа бейімделген далалық бақташы тайпалар мәдениетімен байланыстырады. Археология деректері бойынша, обалардың пайда болуы далалық өлкелердің батысында, Орал мен Днепр аралығында б.з.б. 3-ші мыңжылдықта қанат жайған энеолиттік көнешұңқыр мәдениетімен тұстас келеді. Көнешұңқыр мәдениетінің мал шаруышылығымен айналысқан көшпелі тайпалары алғаш рет аталмыш дәстүрді дүниеге әкелсе, осыдан кейін ол Еуразияның далаларына біржолата тұрақтады. Археологияда обаларды зерттеу, жүйелеу мен сипаттаудың қалыптасқан тәртібі бар.
Оба құрылысы
Оба – мұқият зерттеуді талап ететін күрделі құрылым. Зерттеушілер алдымен жер үстінде көрініп тұрған ерекшеліктерін, яғни қоршауларын, қосымша құрылыстарын (мысалы, «мұртты» болуы мүмкін), негізгі өлшемдерін (диаметрі, биіктігі), оның сыртқы құрылымдық бейнесін анықтайды. Неден тұрғызылғаны (тас, топырақ), материалын немесе құрамын көрсетеді. Материалдардың өзі белгілі бір жүйемен пайдаланылатындықтан, оба стратиграфиясы үйіндінің қандай қабаттардан тұратынын зерттейді. Обаның астында, кейде жер астында, тіпті жер бетінде жерлеу камерасы орналасады. Мұның өзі әлдеқандай қосымша құрылыстың ішінде тұруы мүмкін. Жерлеу камерасының нақты түрлері (жер астындағы шұңқыр, жер бетіндегі ағаш қима, тастан қаланған қабірхана, т.б.) бар. Камераның ішінде адам жерлеуге арналған қосымша қабір ішіндегі құрылыстар да ұшырасады. Мәселен, шұңқыр қабірдің ішінде бір бөлігін алып жатқан ағаш қима, тас жәшік, лақат, ақым-катакомбалар осыған жатады. Осы ерекшеліктердің барлығына мүрденің жату тәртібі (шалқасынан, бүйірінен), басының қаратылуы (солт-ке, батысқа, т.б.), бірге қойылған түрлі заттар және олардың орналасу тәртібі қосыла келе жерлеу ғұрпы деп аталатын археологияның аса үлкен зерттеу саласын туғызады.
Қазақстандағы обалар
Әр дәуір ескерткіштерінің, бір дәуірде өркендеген түрлі мәдениеттердің жерлеу ғұрпының өзіне ғана тән ерекше сипаты болады. Обалардың көмегімен көне мәдениеттердің жерлеу ғұрпын анықтау, әсіресе, Еуразия далалық тайпаларының ескерткіштерін зерттеуде өте маңызды орын алады. Қазақстан өлкелерінде сан мыңдаған түрлі дәуір обалары бар. Сақ дәуірінен бастап үлкен «патша обалары» күрт көбейеді. Тарих, археология ғылымдарына баға жетпес деректер берген Есік обасы (Алтын адам), Бесшатыр, Шілікті обасы, Тасмола, Берел қорымы, Сынтас, Бесоба қорымы еліміздің бірегей ескерткіштеріне жатады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Дереккөздер
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kone obalar ezhelgi dүnie obalary ezhelgi dәuirlerden saktalgan arheologiyalyk eskertkishter zherleu oryndary Әlemnin koptegen elderine taragan Әr zherde kezdesetin adam zherlengen kez kelgen kabirdin barlygy oba sanatyna kirmejdi Oba dep kabir үstine tastan topyraktan nemese osy ekeuin aralastyra үjindi turgyzylgan zherleu oryndaryn ajtady Oba TarihBuryngy Kenes arheologiyasynda muny tүrki tilinen engen kurgan sozimen atau kalyptaskan bolatyn Adamzat tarihynda mүrdeni zherleu salty orta paleolit kezeninde pajda bolsa kabir үstine oba turgyzu әldekajda kejin yagni eneolit dәuirinde kalyptasty Zhәne de oba үyu dәstүri en aldymen Euraziya dalalyk olkelerine tәn Әdette galymdar obaga zherleu gurpynyn shyguynyn ozin koshpeli turmyska bejimdelgen dalalyk baktashy tajpalar mәdenietimen bajlanystyrady Arheologiya derekteri bojynsha obalardyn pajda boluy dalalyk olkelerdin batysynda Oral men Dnepr aralygynda b z b 3 shi mynzhyldykta kanat zhajgan eneolittik koneshunkyr mәdenietimen tustas keledi Koneshunkyr mәdenietinin mal sharuyshylygymen ajnalyskan koshpeli tajpalary algash ret atalmysh dәstүrdi dүniege әkelse osydan kejin ol Euraziyanyn dalalaryna birzholata turaktady Arheologiyada obalardy zertteu zhүjeleu men sipattaudyn kalyptaskan tәrtibi bar Oba kurylysyOba mukiyat zertteudi talap etetin kүrdeli kurylym Zertteushiler aldymen zher үstinde korinip turgan erekshelikterin yagni korshaularyn kosymsha kurylystaryn mysaly murtty boluy mүmkin negizgi olshemderin diametri biiktigi onyn syrtky kurylymdyk bejnesin anyktajdy Neden turgyzylgany tas topyrak materialyn nemese kuramyn korsetedi Materialdardyn ozi belgili bir zhүjemen pajdalanylatyndyktan oba stratigrafiyasy үjindinin kandaj kabattardan turatynyn zerttejdi Obanyn astynda kejde zher astynda tipti zher betinde zherleu kamerasy ornalasady Munyn ozi әldekandaj kosymsha kurylystyn ishinde turuy mүmkin Zherleu kamerasynyn nakty tүrleri zher astyndagy shunkyr zher betindegi agash kima tastan kalangan kabirhana t b bar Kameranyn ishinde adam zherleuge arnalgan kosymsha kabir ishindegi kurylystar da ushyrasady Mәselen shunkyr kabirdin ishinde bir boligin alyp zhatkan agash kima tas zhәshik lakat akym katakombalar osygan zhatady Osy erekshelikterdin barlygyna mүrdenin zhatu tәrtibi shalkasynan bүjirinen basynyn karatyluy solt ke batyska t b birge kojylgan tүrli zattar zhәne olardyn ornalasu tәrtibi kosyla kele zherleu gurpy dep atalatyn arheologiyanyn asa үlken zertteu salasyn tugyzady Қazakstandagy obalarӘr dәuir eskertkishterinin bir dәuirde orkendegen tүrli mәdenietterdin zherleu gurpynyn ozine gana tәn erekshe sipaty bolady Obalardyn komegimen kone mәdenietterdin zherleu gurpyn anyktau әsirese Euraziya dalalyk tajpalarynyn eskertkishterin zertteude ote manyzdy oryn alady Қazakstan olkelerinde san myndagan tүrli dәuir obalary bar Sak dәuirinen bastap үlken patsha obalary kүrt kobejedi Tarih arheologiya gylymdaryna baga zhetpes derekter bergen Esik obasy Altyn adam Besshatyr Shilikti obasy Tasmola Berel korymy Syntas Besoba korymy elimizdin biregej eskertkishterine zhatady DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazakstan Respublikasynyn Ғylym EnciklopediyasyOsy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Derekkozder