Берел қорымы (б.з.д. IV ғ. - б.з. VII ғ.) – Шығыс Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сақ дәуірінен сақталған тарихи археология ескерткіші. Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандар тізбесі қатарында.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdmEyc3ZkR2gxYldJdk9DODRNUzhsUkRBbE9URWxSREFsUWpVbFJERWxPREFsUkRBbFFqVWxSREFsUWtKZkpVUXlKVGxDSlVRd0pVSkZKVVF4SlRnd0pVUXhKVGhDSlVRd0pVSkRKVVF4SlRoQ0xtcHdaeTh6TURCd2VDMGxSREFsT1RFbFJEQWxRalVsUkRFbE9EQWxSREFsUWpVbFJEQWxRa0pmSlVReUpUbENKVVF3SlVKRkpVUXhKVGd3SlVReEpUaENKVVF3SlVKREpVUXhKVGhDTG1wd1p3PT0uanBn.jpg)
Орналасқан жері
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7–8 км жерде. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда, теңіз деңгейінен 1120 м биіктіктегі үшінші жайылма үсті терассасында орналасқан.
Тарихи деректер, қорым сипаты
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTh6THpNeEwwSmxjbVZzWDJ0MWNtZGhibk11YW5Cbkx6SXdNSEI0TFVKbGNtVnNYMnQxY21kaGJuTXVhbkJuLmpwZw==.jpg)
Сақ және түркі кезеңдерімен мерзімделетін жетпістен астам обалардан құралған қорым 4000х1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Берел қорымындағы обалар мен ғұрыптық ескерткіштер оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа созылып жатқан бірнеше тізбекке және жеке топтарға шоғырланған. Әрбір тізбекте бұл өңірді б.з.б. 1 мыңжылдыңтың екінші жартысында мекендеген тайпалық одақтардың өкілдері жерленген болуы мүмкін. Тізбектердегі үлкен, орташа жєне кішігірім обалар сол замандағы әлеуметтік жіктің болғандығының көрінісі болып табылады.
Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын).
Зерттелуі
Алғаш 1865 жылы В.В. Радлов, 1959 жылы С.С. Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З. Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Бірінші топтағылары таудағы кертпеш ортасына орналасқан. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылған 6 қорғаннан тұрады. Екінші топ солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеліп созылған 12 қорғаннан тұрады. Ол кертпештің батыс жағында орналасқан. Үшінші топты 9 қорған құрайды. Ол кертпештің шығысында орналасқан. Осы топтағы ең үлкен қорған ғылымға Үлкен Берел қорғаны деген атпен белгілі. Обалар таудың жақпар тастарымен араласқан өзеннің ұсақ малта тастарынан үйілген. Шұңқырда ағаш қимасы бар, оның сыртында әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдардың қабіріне бірге қосып көметін жылқы қаңқаларының жатуы, қарағайдың жуан діңгегінен қақ жарып қашап жасаған астау – табыт ертедегі Алтай көшпелілерінің ескерткіштеріне тән. Қазба кезінде қорғандардың ішінен 2–3 м тереңдікте ағаштан жасалған қима, оның бет жағынан бірнеше жылқының қаңқасы мен әбзелдерімен тоңда сақталған жылқы мумиясы, сыртына алтын жалатылған ағаш әшекейлер, адамның қаңқасы мен адам мумиясы алынды. Заттай деректер Берел қорымы Пазырық мәдениетінің орта (б.з.б. 5 ғасыр) және соңғы (б.з.б. 5–4 ғасырлар) кезеңінде салынғанын дәлелдейді.
Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды. Берел қорымы обалардан табылған ақсүйектер мен скиф-сібір аң стилінде жасалған заттарының нәтижесінде әлемге әйгілі болды. Берел қорымындағы тоң басқан обалардың беретін мәліметтері де ерекше. Берел қорымындағы үлкен обаларда табиғат пен климаттың және обаны үйген материалдар мен ескерткіш құрылысының үйлесімінен пайда болған тоңың нәтижесінде органика, яғни киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған.
Берел қорымынан табылған заттарды зерттеуде алғаш рет жаратылыстану ғылымдарының әдістері пайдаланылды. Бұл зерттеулердің нәтижесінде ерте көшпелілердің ДНҚ-ын анықтауға болатын, сонымен қатар Берел даласының палеоэкологиясы, палеозоологиясы мен антропологиясы бойынша құнды мәліметтер алынды.
Қорық-мұражай мақсаты
«Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы 2008 жылғы 4 шілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 674 Қаулысымен «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып ашылды.
Мұражай-қорықтың құрылу мақсаты оның құрамына кіретін тарих және мәдениеттің археологиялық ескерткіштерін олардың ішкі көріністерімен, тарихи қалпында және онымен байланысты аумақтарды қол тимеген түрде сақтау және қатаң ғылыми негізде қайта қалпына келтіру, аса көркем, мәнерлі ғылыми экспозициялардың түпнұсқалық мұражай жинақтары негізінде жылжымайтын ескерткіштер жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей міндеттер орындалады.
- Кәсіпорын аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, қорғау, зерделеу, консервациялау және пайдалану.
- Кәсіпорын аумағындағы және қорларындағы мұражай құндылықтарын және тарихи-мәдени мұра объектілерін есепке алу, сақтау, қалпына келтіру және сақталуын қамтамасыз ету.
- Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі.
- Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-әдістемелік және ғылыми-ағарту жұмыстары.
- Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылжымайтын ескерткіштер мен мұражай жинағын көпшілікке әйгілеу, ғылыми-ақпараттық және жарнамалық басылымдар дайындау.
- Белгіленген тәртіппен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы бағдарламаларды, жобаларды әзірлеу және жүзеге асыруға қатысу.
- Ескерткіштердің, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының және мұражай заттарының заңдық қорғалуын қамтамасыз ету.
- Өңірдің тарихы мен мәдениеті бойынша білімді мақсатты бағытта беру жөніндегі ағартушылық-тәрбиелік қызмет.
- Ғылыми қор жұмысы, мұражай қызметінің негізгі бағыттарын, ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу.
- Отандық және шетелдік ұйымдар өткізетін ғылыми және мәдениеттану бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
- Тарих және мәдениет мәселелері жөніндегі ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар семинарлар дайындауға және өткізуге қатысу.
- Мұражайлық маңызы бар заттарды жинау мақсатында тарихи-археологиялық экспедициялар, ғылыми іссапарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
- Тақырыптық эскпозициялық жоспарларды әзірлеу, мұражай экспозициялары мен көрмелерді жобалау және құру.
- Келушілердің түрлі санаттарымен экскурсиялар, дәрістер, тақырыптық кештер мен басқа шаралар өткізу.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
- Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы Мұрағатталған 19 мамырдың 2021 жылы.
- Мәдени мұра бағдарламасы Мұрағатталған 25 наурыздың 2014 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Berel korymy b z d IV g b z VII g Shygys Қazakstan oblysynyn respublikalyk manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine engen sak dәuirinen saktalgan tarihi arheologiya eskertkishi Қazakstannyn zhalpyulttyk kasietti nysandar tizbesi katarynda Berel korymy Ornalaskan zheriShygys Қazakstan oblysy Katonkaragaj audany Berel auylynan ontүstik batyska karaj 7 8 km zherde Қorym soltүstiginde Berel zhәne Buktyrma ozenderinin kosylgan zherimen ontүstiginde Қansu ozenimen al batysy men shygysynda taularmen shektelgen Buktyrma ozeninin on zhagasyndagy alanda teniz dengejinen 1120 m biiktiktegi үshinshi zhajylma үsti terassasynda ornalaskan Tarihi derekter korym sipatySak zhәne tүrki kezenderimen merzimdeletin zhetpisten astam obalardan kuralgan korym 4000h1000 sharshy metr zherdi alyp zhatyr Berel korymyndagy obalar men guryptyk eskertkishter ontүstik shygystan soltүstik batyska sozylyp zhatkan birneshe tizbekke zhәne zheke toptarga shogyrlangan Әrbir tizbekte bul onirdi b z b 1 mynzhyldyntyn ekinshi zhartysynda mekendegen tajpalyk odaktardyn okilderi zherlengen boluy mүmkin Tizbekterdegi үlken ortasha zhyene kishigirim obalar sol zamandagy әleumettik zhiktin bolgandygynyn korinisi bolyp tabylady Қorymdagy en erte obalar b z b 4 3 gasyrlarda үjilgen 2400 2300 zhyldary buryn al kejingileri kone tүrkiler dәuirimen merzimdeledi b z 7 8 gasyrlarda 1200 1300 zhyldary buryn ZertteluiAlgash 1865 zhyly V V Radlov 1959 zhyly S S Sorokin zerttedi 1998 zhyly Halykaralyk kazak francuz ekspediciya zhetekshisi Z Samashev korymnyn zhana zhobasyn bolzhap birneshe korgandy zerttedi Қorym 3 korgandar tobynan turady Birinshi toptagylary taudagy kertpesh ortasyna ornalaskan Ol soltүstik batystan ontүstik shygyska sozylgan 6 korgannan turady Ekinshi top soltүstik batystan ontүstik shygyska karaj tizbektelip sozylgan 12 korgannan turady Ol kertpeshtin batys zhagynda ornalaskan Үshinshi topty 9 korgan kurajdy Ol kertpeshtin shygysynda ornalaskan Osy toptagy en үlken korgan gylymga Үlken Berel korgany degen atpen belgili Obalar taudyn zhakpar tastarymen aralaskan ozennin usak malta tastarynan үjilgen Shunkyrda agash kimasy bar onyn syrtynda әleumettik mәrtebesi zhogary adamdardyn kabirine birge kosyp kometin zhylky kankalarynyn zhatuy karagajdyn zhuan dingeginen kak zharyp kashap zhasagan astau tabyt ertedegi Altaj koshpelilerinin eskertkishterine tәn Қazba kezinde korgandardyn ishinen 2 3 m terendikte agashtan zhasalgan kima onyn bet zhagynan birneshe zhylkynyn kankasy men әbzelderimen tonda saktalgan zhylky mumiyasy syrtyna altyn zhalatylgan agash әshekejler adamnyn kankasy men adam mumiyasy alyndy Zattaj derekter Berel korymy Pazyryk mәdenietinin orta b z b 5 gasyr zhәne songy b z b 5 4 gasyrlar kezeninde salynganyn dәleldejdi Berel korymynda 1997 zhyldan kazirgi kezge dejin 20 eskertkish zertteldi solardyn ishinde 4 9 10 11 obalarynan ton baskan kabirler arshyldy Berel korymy obalardan tabylgan aksүjekter men skif sibir an stilinde zhasalgan zattarynyn nәtizhesinde әlemge әjgili boldy Berel korymyndagy ton baskan obalardyn beretin mәlimetteri de erekshe Berel korymyndagy үlken obalarda tabigat pen klimattyn zhәne obany үjgen materialdar men eskertkish kurylysynyn үjlesiminen pajda bolgan tonyn nәtizhesinde organika yagni kiim at әbzelderi agash bujymdary er tokym teri men kiizden zhasalgan zattar shirimej zhaksy saktalgan Berel korymynan tabylgan zattardy zertteude algash ret zharatylystanu gylymdarynyn әdisteri pajdalanyldy Bul zertteulerdin nәtizhesinde erte koshpelilerdin DNҚ yn anyktauga bolatyn sonymen katar Berel dalasynyn paleoekologiyasy paleozoologiyasy men antropologiyasy bojynsha kundy mәlimetter alyndy Қoryk murazhaj maksaty Berel memlekettik tarihi mәdeni koryk murazhajy 2008 zhylgy 4 shilde Қazakstan Respublikasy Үkimetinin 674 Қaulysymen Berel memlekettik tarihi mәdeni koryk murazhajy respublikalyk memlekettik kazynalyk kәsiporny bolyp ashyldy Murazhaj koryktyn kurylu maksaty onyn kuramyna kiretin tarih zhәne mәdeniettin arheologiyalyk eskertkishterin olardyn ishki korinisterimen tarihi kalpynda zhәne onymen bajlanysty aumaktardy kol timegen tүrde saktau zhәne katan gylymi negizde kajta kalpyna keltiru asa korkem mәnerli gylymi ekspoziciyalardyn tүpnuskalyk murazhaj zhinaktary negizinde zhylzhymajtyn eskertkishter zhasau bolyp tabylady Қojylgan maksattardy iske asyru үshin tomendegidej mindetter oryndalady Kәsiporyn aumagyndagy tarih zhәne mәdeniet eskertkishterin anyktau esepke alu korgau zerdeleu konservaciyalau zhәne pajdalanu Kәsiporyn aumagyndagy zhәne korlaryndagy murazhaj kundylyktaryn zhәne tarihi mәdeni mura obektilerin esepke alu saktau kalpyna keltiru zhәne saktaluyn kamtamasyz etu Tarihi mәdeni murany korgau zhәne pajdalanu salasyndagy gylymi zertteu kyzmeti Tarihi mәdeni murany korgau zhәne pajdalanu salasyndagy gylymi әdistemelik zhәne gylymi agartu zhumystary Bukaralyk akparat kuraldary arkyly zhylzhymajtyn eskertkishter men murazhaj zhinagyn kopshilikke әjgileu gylymi akparattyk zhәne zharnamalyk basylymdar dajyndau Belgilengen tәrtippen tarihi mәdeni murany korgau zhәne pajdalanu salasyndagy bagdarlamalardy zhobalardy әzirleu zhәne zhүzege asyruga katysu Eskertkishterdin tarihi mәdeni mura obektilerinin korgau ajmaktarynyn kurylys saludy retteu ajmaktary men korgalatyn tabigi landshaft ajmaktarynyn zhәne murazhaj zattarynyn zandyk korgaluyn kamtamasyz etu Өnirdin tarihy men mәdenieti bojynsha bilimdi maksatty bagytta beru zhonindegi agartushylyk tәrbielik kyzmet Ғylymi kor zhumysy murazhaj kyzmetinin negizgi bagyttaryn gylymi tuzhyrymdamalaryn әzirleu Otandyk zhәne sheteldik ujymdar otkizetin gylymi zhәne mәdeniettanu bagdarlamalaryn әzirleuge zhәne iske asyruga katysu Tarih zhәne mәdeniet mәseleleri zhonindegi gylymi zhәne gylymi tәzhiribelik konferenciyalar seminarlar dajyndauga zhәne otkizuge katysu Murazhajlyk manyzy bar zattardy zhinau maksatynda tarihi arheologiyalyk ekspediciyalar gylymi issaparlar ujymdastyru zhәne otkizuge katysu Takyryptyk eskpoziciyalyk zhosparlardy әzirleu murazhaj ekspoziciyalary men kormelerdi zhobalau zhәne kuru Kelushilerdin tүrli sanattarymen ekskursiyalar dәrister takyryptyk keshter men baska sharalar otkizu DerekkozderSyrtky siltemelerҚazakstannyn ulttyk elektrondy kitaphanasy Muragattalgan 19 mamyrdyn 2021 zhyly Mәdeni mura bagdarlamasy Muragattalgan 25 nauryzdyn 2014 zhyly