Пазырық мәдениеті, Пазырық обалары, патша обалары – Таулы Алтай өлкесін ерте темір дәуірінде мекендеген тайпалардың археологиялық мәдениеті (біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың ортасы – 3 ғасыр). Осы мәдениеттің айрықша ескерткіштері үлкен обалардың ғылыми әдебиеттегі шартты атауы. Пазырық мәдениеті, негізінен, РФ Алтай Республикасының оңтүстік-шығыс және шығыс өлкелерінде көбірек зерттелген. Зерттеу жұмыстары 17 – 18 ғасырларда басталды. Зерттелу тарихының басты ерекшелігі – 1960 жылға дейін негізгі деректер үнемі үлкен обалардан алынып, ескерткіштердің басқа түрлерін (кіші обалар, қоныстар, т.б.) қазу мен зерттеу тек осыдан кейін ғана қолға алынды. В.В. Радловтың Үлкен Катанда (Қотанды), Үлкен Берел (Қазақстанның Катонқарағай өлкесінде) обаларында жүргізген қазбалары барысында көне дәуірдегі тайпа көсемдері жерленген қабірлер ашылды. Олардың санының көптігі, деректерінің құндылығы 20 ғ. зерттеушілері арасында үлкен ғылыми қызығушылық туғызды. Ертеректе зерттелгендерінің қатарына мыналар жатады: Үлкен Катанда обасы (Радлов 1865 ж.; қайыра зерттеген А.А. Гаврилова 1957 ж.), Үлкен Берел обасы (Радлов 1865 ж., толық деректерін баспаға шығарған С.С. Сорокин 1962, 1967 ж.), Шибе обасы (М.П. Грязнов 1927 ж.), Пазырық қорымындағы 5 оба (С.И. Руденко 1929 ж. 1-оба, 1947 – 1948 ж. 2, 3, 4-обалар, 1949 ж. – 5-оба), Қаракөл қорымының 2-обасы (С.В. Киселев 1934 ж.), Курота-1 қорымының 1-обасы (Киселев 1937 ж.), Яконур қорымының 5-обасы (Грязнов 1939 ж.), Башадар қорымының 2 обасы (Руденко 1950 ж.), Тұйықты қорымының 2 обасы (Руденко 1954 ж.). Бұған қоса 1990 жылдан бастап Ак-Алаха-1, 3, Құтырғантас сияқты үлкен обалар зерттелді. 1980 жылдан бастап дәйекті түрде жүргізіліп келе жатқан ғылыми қорытындылау жұмыстарында В.А. Могильников, А.С. Cуразаков, В.Д. Кубарев, Л.С. Марсадолов, М.Т. Абдулганеев, П.И. Шульга, Ю.Ф. Кирюшин, Н.В. Полосьмак, т.б. зерттеулері маңызды. Пазырық мәдениеті – жинақталған деректерінің көлемі, олардың маңызы мен зерттелу деңгейі, қатысқан зерттеушілердің санының молдығы, ол туралы пікірлердің жан-жақтылығы мен құндылығы жағынан Еуразия археологиясындағы ерекше құбылыстардың бірі. Дерекнамалық қорды 135-тен астам қорымға біріккен 650-ге жуық обадан алынған мәліметтер құрайды. Үлкен обалардағы жерлеу ғұрпының аса маңызды белгілеріне қабірлердің үлкен, терең болуы, қабір түбіне салынған, ішіне сәнді оюлы саркофагта адам жерленетін ағаш қима, оның сыртына көптеген жылқы мүрделері қойылуы жатады. Қабір түбіне кетіп отырған ылғал қатып, тереңнен қайта буланып шыға алмағандықтан, үлкен обаларда мәңгі тоң қабаты қалыптасқан. Осының салдарынан қабірге салынған адам мен жылқы мүрделері, көптеген бұйымдар жақсы сақталған. Заттай деректер арасында қыш, ағаш, металл ыдыстар, қару түрлері, сәндік бұйымдар, еңбек құралдары көптеп саналады. Қазіргі күнде көптеген қоныстары белгілі болғанымен, олар тек соңғы 15 – 20 ж. ішінде ғана зерттеле бастағандықтан, мәліметтері дәйекті зерттеулер деңгейіне жеткен жоқ. Шешуі табылмай отырған мәселелердің бірі мәдениеттің шығу тегін анықтау болып отыр. Дәл осы аумақта осының алдында, яғни б.з.б. 7 – 6 ғасырларда өркендеген майемер мәдениетімен екі арада тікелей генетикалық сабақтастық жоқ деген пікір қалыптасқан. Расында да Пазырық мәдениетіне тән негізгі белгілер (өлген адамның басын шығысқа қарату, үлкен қабірдегі ағаш қима, көптеп қойылған жылқылар, жалпы үлкен оба тұрғызу дәстүрі, т.б.) б.з.б. 6 ғасырдың ортасына қарай кенеттен пайда болып, күрт қанат жайып, көбейіп кетеді. Руденко кезінде бұл мәдениеттің бүгінгі жалғастырушылары осы күнгі қазақ, қырғыз халықтары деген болатын. Бір топ ғалымдар шығу тегі бойынша Пазырық мәдениеті байырғы түркілердің мәдениетіне жатады деген пікірді ұсынған. Сонымен қатар, зерттеушілердің негізгі бөлігі мұны көне үндіеуропалықтар (иран тілдес тайпалар) мәдениетінің ауқымында ұстап келеді. Үлкен обалардан алынған деректер арасында Алдыңғы Азияның мәдениетіне сәйкес келетін маңызды белгілердің болуына орай соңғы кезде Пазырық мәдениетінің осы өлкелермен екі арадағы тікелей сабақтастығы жайлы пікірлер айтылды. Бұл зерттеушілердің болжамы бойынша, Алдыңғы Азияда (Иран) скифтермен бірге жорықта болып, біраз уақыт билік құрып, кейін ығыстырып шығарылған көшпелі киммериялықтар (кемерлер) Таулы Алтай өңіріне келіп, мәдениеттің қалыптасуына мұрындық болған. Қазақстан ғалымдары (К.Ақышев, т.б.) Пазырық мәдениетін сақ мәдениеттерінің бірі деп санады. Пазырық мәдениетінің ерекше бір саласы – Пазырық обалары. Таулы Алтайдағы Үлкен өзенінің оң жағалауында, Пазырық алқабында диаметрі 24 – 47 м, биіктігі 1,5 – 3,7 м болатын бес үлкен оба қазылды. Тас үйінділердің астында тереңдігі 4 м, ауданы шамамен 50 м2-ге жететін үлкен қабірлер ашылған. Оюлы ағаш саркофаг-табыттарға салынған адам мүрделері биіктігі 2 м, қабырғалары екі қабаттап өрілген, едені мен төбесі бар, іші кең бөрене қималардың ішіне қойылған. Қиманың сыртынан көптеген жылқы сүйектері табылған, мысалы 1-обада 10, 2-обада 7, 5-обада 9 жылқы денесі табылса, 3, 4-обаларда олардың саны 14-ке жетеді. Кезінде қатты тоналғанына қарамастан, қабір ішінде сақталған тоң қабатына байланысты көптеген металл, ағаш, киіз, тері, мата бұйымдары бұзылмаған. Олардың арасында түрлі киім үлгілері, арба, Алдыңғы Азиядан әкелінген түкті кілем сияқты жәдігерлер айрықша орын алады. Бальзамдалған ерлер мен әйелдер мүрделері аса құнды ғылыми деректер саналады. Бұл обаларда тайпа көсемдері мен бай ақсүйектер жерленген. Бұл әлемнің басқа жерінде кездеспейтін, ең алдымен, Еуразияның далалық өлкелеріне тән құбылыс. Қазіргі күнде негізгі бөлігі қазылды..
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыртқы сілтемелер
Қазақстан тарихы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Pazyryk mәdenieti Pazyryk obalary patsha obalary Tauly Altaj olkesin erte temir dәuirinde mekendegen tajpalardyn arheologiyalyk mәdenieti bizdin zamanymyzdan buryngy 6 gasyrdyn ortasy 3 gasyr Osy mәdeniettin ajryksha eskertkishteri үlken obalardyn gylymi әdebiettegi shartty atauy Pazyryk mәdenieti negizinen RF Altaj Respublikasynyn ontүstik shygys zhәne shygys olkelerinde kobirek zerttelgen Zertteu zhumystary 17 18 gasyrlarda bastaldy Zerttelu tarihynyn basty ereksheligi 1960 zhylga dejin negizgi derekter үnemi үlken obalardan alynyp eskertkishterdin baska tүrlerin kishi obalar konystar t b kazu men zertteu tek osydan kejin gana kolga alyndy V V Radlovtyn Үlken Katanda Қotandy Үlken Berel Қazakstannyn Katonkaragaj olkesinde obalarynda zhүrgizgen kazbalary barysynda kone dәuirdegi tajpa kosemderi zherlengen kabirler ashyldy Olardyn sanynyn koptigi derekterinin kundylygy 20 g zertteushileri arasynda үlken gylymi kyzygushylyk tugyzdy Erterekte zerttelgenderinin kataryna mynalar zhatady Үlken Katanda obasy Radlov 1865 zh kajyra zerttegen A A Gavrilova 1957 zh Үlken Berel obasy Radlov 1865 zh tolyk derekterin baspaga shygargan S S Sorokin 1962 1967 zh Shibe obasy M P Gryaznov 1927 zh Pazyryk korymyndagy 5 oba S I Rudenko 1929 zh 1 oba 1947 1948 zh 2 3 4 obalar 1949 zh 5 oba Қarakol korymynyn 2 obasy S V Kiselev 1934 zh Kurota 1 korymynyn 1 obasy Kiselev 1937 zh Yakonur korymynyn 5 obasy Gryaznov 1939 zh Bashadar korymynyn 2 obasy Rudenko 1950 zh Tujykty korymynyn 2 obasy Rudenko 1954 zh Bugan kosa 1990 zhyldan bastap Ak Alaha 1 3 Қutyrgantas siyakty үlken obalar zertteldi 1980 zhyldan bastap dәjekti tүrde zhүrgizilip kele zhatkan gylymi korytyndylau zhumystarynda V A Mogilnikov A S Curazakov V D Kubarev L S Marsadolov M T Abdulganeev P I Shulga Yu F Kiryushin N V Polosmak t b zertteuleri manyzdy Pazyryk mәdenieti zhinaktalgan derekterinin kolemi olardyn manyzy men zerttelu dengeji katyskan zertteushilerdin sanynyn moldygy ol turaly pikirlerdin zhan zhaktylygy men kundylygy zhagynan Euraziya arheologiyasyndagy erekshe kubylystardyn biri Dereknamalyk kordy 135 ten astam korymga birikken 650 ge zhuyk obadan alyngan mәlimetter kurajdy Үlken obalardagy zherleu gurpynyn asa manyzdy belgilerine kabirlerdin үlken teren boluy kabir tүbine salyngan ishine sәndi oyuly sarkofagta adam zherlenetin agash kima onyn syrtyna koptegen zhylky mүrdeleri kojyluy zhatady Қabir tүbine ketip otyrgan ylgal katyp terennen kajta bulanyp shyga almagandyktan үlken obalarda mәngi ton kabaty kalyptaskan Osynyn saldarynan kabirge salyngan adam men zhylky mүrdeleri koptegen bujymdar zhaksy saktalgan Zattaj derekter arasynda kysh agash metall ydystar karu tүrleri sәndik bujymdar enbek kuraldary koptep sanalady Қazirgi kүnde koptegen konystary belgili bolganymen olar tek songy 15 20 zh ishinde gana zerttele bastagandyktan mәlimetteri dәjekti zertteuler dengejine zhetken zhok Sheshui tabylmaj otyrgan mәselelerdin biri mәdeniettin shygu tegin anyktau bolyp otyr Dәl osy aumakta osynyn aldynda yagni b z b 7 6 gasyrlarda orkendegen majemer mәdenietimen eki arada tikelej genetikalyk sabaktastyk zhok degen pikir kalyptaskan Rasynda da Pazyryk mәdenietine tәn negizgi belgiler olgen adamnyn basyn shygyska karatu үlken kabirdegi agash kima koptep kojylgan zhylkylar zhalpy үlken oba turgyzu dәstүri t b b z b 6 gasyrdyn ortasyna karaj kenetten pajda bolyp kүrt kanat zhajyp kobejip ketedi Rudenko kezinde bul mәdeniettin bүgingi zhalgastyrushylary osy kүngi kazak kyrgyz halyktary degen bolatyn Bir top galymdar shygu tegi bojynsha Pazyryk mәdenieti bajyrgy tүrkilerdin mәdenietine zhatady degen pikirdi usyngan Sonymen katar zertteushilerdin negizgi boligi muny kone үndieuropalyktar iran tildes tajpalar mәdenietinin aukymynda ustap keledi Үlken obalardan alyngan derekter arasynda Aldyngy Aziyanyn mәdenietine sәjkes keletin manyzdy belgilerdin boluyna oraj songy kezde Pazyryk mәdenietinin osy olkelermen eki aradagy tikelej sabaktastygy zhajly pikirler ajtyldy Bul zertteushilerdin bolzhamy bojynsha Aldyngy Aziyada Iran skiftermen birge zhorykta bolyp biraz uakyt bilik kuryp kejin ygystyryp shygarylgan koshpeli kimmeriyalyktar kemerler Tauly Altaj onirine kelip mәdeniettin kalyptasuyna muryndyk bolgan Қazakstan galymdary K Akyshev t b Pazyryk mәdenietin sak mәdenietterinin biri dep sanady Pazyryk mәdenietinin erekshe bir salasy Pazyryk obalary Tauly Altajdagy Үlken ozeninin on zhagalauynda Pazyryk alkabynda diametri 24 47 m biiktigi 1 5 3 7 m bolatyn bes үlken oba kazyldy Tas үjindilerdin astynda terendigi 4 m audany shamamen 50 m2 ge zhetetin үlken kabirler ashylgan Oyuly agash sarkofag tabyttarga salyngan adam mүrdeleri biiktigi 2 m kabyrgalary eki kabattap orilgen edeni men tobesi bar ishi ken borene kimalardyn ishine kojylgan Қimanyn syrtynan koptegen zhylky sүjekteri tabylgan mysaly 1 obada 10 2 obada 7 5 obada 9 zhylky denesi tabylsa 3 4 obalarda olardyn sany 14 ke zhetedi Kezinde katty tonalganyna karamastan kabir ishinde saktalgan ton kabatyna bajlanysty koptegen metall agash kiiz teri mata bujymdary buzylmagan Olardyn arasynda tүrli kiim үlgileri arba Aldyngy Aziyadan әkelingen tүkti kilem siyakty zhәdigerler ajryksha oryn alady Balzamdalgan erler men әjelder mүrdeleri asa kundy gylymi derekter sanalady Bul obalarda tajpa kosemderi men baj aksүjekter zherlengen Bul әlemnin baska zherinde kezdespejtin en aldymen Euraziyanyn dalalyk olkelerine tәn kubylys Қazirgi kүnde negizgi boligi kazyldy V V RadlovDerekkozder Қazak Enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Syrtky siltemelerҚazakstan tarihy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet