Кондуктометрия Электролиттердің концентрациясын кондуктометрлік әдіспен анықтау талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін елшеуге негізделген. Кондуктометрия - ең қарапайым және талдап сұрыптаудын электрохимиялық әдісі. Кондуктометрлік әдістердің барлығы жылдамдығымен, өлшеуіш аспаптарының оңай табылуымен, жұмысының ыңғайлылығымен, қанағаттанарлық дәлдігімен, өндірістік, технологиялық және лабораториялык жағдайларда талдауды автоматты түрде, әрі қашықтықған жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Тікелей кондуктометрлік анықтаудын қателігі - 1-2 %. Ал белгілі бір арнайы жағдайды сақтаганда талдау қателігі 0.2 %-ке дейін азаяды. Кондуктометрлік ұяшықтарды термостатсыз өлшегенде, бұл қателіктер 3 %-ке артады, өйткені температураның бір градусқа жоғарылауы электр өткізгіштікті 2 не 3 проценттей өзгертеді. Демек, ерітінділерді термостаттау кондуктометрлік талдау әдісінің дәлдігін арттырады.
Кондуктометрияның теориялық негізі
Кондуктометрияның теориялық негізі Электролит ерітінділерінің электр өткізгіштігі - осы ерігіндінің кедергісіне кері шама, әрі ол сыртқы электр өрісінің әсерінен еріген заттыіі электр тогын өткізу қабілетіне байланысты. Ендеше бүл эдіс электрдің негізгі заңдарының бірі Ом заңына бағынады:
I = Е / R
мұндағы I - ток күші, Е - потенциал айырымы, R - кедергі.
Кондукгометрияда өлшенетін шама ерітіндінің кедергісі немесе электр өткізгіштігі болуы мүмкін. Электр өткізгіштігінің бірлігі - кедергісі 1 Ом өткізгіштің өткізгіштік қабілеті.
Электролит ерітіндісінің электр өткізгіштігі - сыртқы кернеу көзі әсерінен заттың электролиттік диссоциациялануы және иондар қозғалуының нәтижесі. Электр тогы өрісінде ерітіндідегі қозғалған иондар еріткіш молекуласы және өзін қоршаған кері зарядталған иондар тарапынан тежеу осеріне ұшырайды. Бұл әсер релаксациялык және электрофореттік эффект деп аталады, ал бұл тежеудің нәтижесі ерітінді кедергісі болып табылады. Сөйтіп, ерітіндінін электр өткізгіштігі негізінен миграциялық иондардың санымен және жылдамдығымен (қозғалғыштығымен), оларды тасымалдайтын заряд санымен анықталады. Электр өткізгіштік температураға және еріген электролит пен еріткіштің табиғатына тәуелді.
Электролит арқылы ток өткенде, оң зарядталған болшекіер катодка (теріс зарядталған электродқа), ал теріс зарядталған бөлшектер анодқа (оң зарядталған электродқа) қарай жылжиды. Демек, электролиттегі әрбір зарядталған бөлшек электр өткізгіштік сияқты жалпы процеске қатысады.
Электролит ерітіндісі - үш өлшемді өткізгіш. Ал кез келген ерітінді кедергісінің шамасы ұяшықтың құрамына, материалына, шамасына және электродтардың кеңістіктегі орналасуына тәуелді.
Барлық белгілі және табиғатта кездесетін немесе қолдан жасалған өткізгішгер олар арқылы электр тогы өткен кездегі электрдің тасымалдану механизміне тәуелділігіне қарай үш топқа бөлінеді : электрондык, иондық, аралас.
Элекптрондық өткізгіштер. Мұнда өткізгіштердегі электрді тасымзлдаушылар - электрондар. Электрондық өткізгіштерге металдар, жартылай еткізгіштер, металл құймалары, көміртек және кейбір тұздар мен тотықтар жатады.
Иондық өткізгіштер. Мұндағы электр тасымалдауыштар - иондар. Өткізгіштердің бұл тобына газдар мен электролиттер, олардың ерітінділері жатады.
Аралас откізгіштер әрі электрондық, әрі иондық қасиетке ие болады. Бұған сұйық аммиактағы сілтілік жер элементтердің ерітінділері, кейбір сұйық (балқыма) құймалар мен тұздар жатады. Мұндай өткізгіштердегі ток өткізу сипаты температураның белгілі бір аралықтарында өзгереді.
Электр өткізгіштікті өлшеуге арналған иондық немесе аралас ток өткізгіиі электролштерге мына заттардың типтері жатады: қатты күйдегі таза заттар (күміс, барий, қорғасын және металдардың галогенидтері); сұйық күйдегі заттар (, спирттер, қышқылдар, т.б.); балқыған тұздар мен гидридтер: қатты және балқыма күйдегі бірнеше заттың ерітіндісі; сулы және сусыз, яғни анорганикалық және органикалық нағыз (молекулалық) және коллоидты ерітінділер; оксидтердің, тұздар мен негіздердің және кейбір жекеленген заттар ерітінділері.
Әр түрлі ерітінділердің электр өткізгіштігін салыстыру үшін менілікті электр өткізгіштігін пайдалану қолайлы, ол мына теңдеумен беріледі:
мұндағы I - ұзындығы өгкізгіштің көлденең кимасының ауданы. Менпіікті электр өткізгіштік дегеніміз - ауданы 1 м2, ара қашықтығы 1 м болатын өзара параллель орналасқан екі электрод арасындағы 1 м3 ерітіндінің өткізгіштігі.
Меншікті (к), эквивалентті (λ) және мольдік А электр өткізгіштік деп бөлінеді, соңғысында ерітіндінің меншікті электр өткізгіштігі оның мольдік концентрациясымен анықталады.
Жалпы электр өгкізгіштік электр тасымалдау процесіне қатынасатын әрбір ионның концентрация және ұяшық сияқты параметрлері арқылы өрнектеледі:
Шексіз сұйылтқандағы катиондар мен аниондардың ионды эквиваленттік электр өткізгіштігі (25° С)
Меншікті электр өткізгіштік ерітіндінің концентрациясы өскен сайын артып, өзінін ең жоғарғы шегіне жетеді де, содан кейін төмендейді. Ерітіндідегі электролит концентрациясының артуымен меншікті электр өткізгіштігінің артуы ерітіндідегі ион санының көбеюімен байланысты. Концентрацияланған ерітіндіде ионаралық өзара әсерлесу артады да. осының нэтижесінде ионаралық ассоциагтар немесе ион суы пайда болады, ток өткізгіштікті төмендететін ерітіндінің тұтқырлығы көбейеді; нондардың қозғалыс жылдамдықтарын азайтатын басқадай эффектілер туады. Осындай факторлар қосыла келіп, электр өткізгіштіктің қисығында максимум пайда болады.
Әдетте аналитикалық мақсат үшін осы қисықтың өсімді учаскесін пайдаланады, яғни ерітіндінщ орташа концентрация аймағы.
Алайда, меншікті электр өткізгіштік концентрацияға сандық тұрғыда тым бағынатындықтан, оның орнына эквиваленттік электр откізгіштікті пайдаланған орынды.
Сонымен, ерітіндінің эквиваленттік электр өткізгіштігі дегеніміз - беткі ауданы 1 см2, ара қашықтығы 1 см параллель орншіасқан екі электрод арасында, құрамында заттың 1 моль эквиваленті болатын ерітіндінің электр өткізгіштігі, ол см · см2/моль · экв бірлігімен өлшенеді. Әдетте, концентрациясы төмен болатын аймақта А ерітінді концентрациясы азайған сайын өсе түседі. Ал күшті электролитгер үшін, концентрация шамасы < 10−3 моль/л, ол келесі теңдеумен өрнектелінеді:
Ерітінді концентрациясының өсуімен эквиваленттік электр өткізгіштіктің төмендеуі Дебай-Хюккель-Онзагер эффектісі бойынша, ион айналасында кері зарядталған иондардан иондық атмосфераның туындауымен және оған байланысты найда болатын электрофоретті релаксациялық тежеу әсерімен түсіндіріледі. Электрофореттік эффекті орталық ион бір бағытта жылжыса, оны қоршаған кері ионның оған қарама-қарсы қозғалуымен байланысты. Ал релаксациялық тежеу ион жылжыған кездегі иондық қоршаудың бұзылып, қайта құрылуымен байланысты. Осы теорияның концентрациялық тәуелділігі мына теңдеумен сипатталады:
мұндағы А мен В - электрофореттік және релаксациялық эффектілерді сипаттайтын коэффициенттер, олардың шамасы ерітіндідегі температураға, тұтқырлыққа, диэлектрлікке тэуелді, әрі теориялық тұрғыда есептелінеді.
Шекті эквивалентті электр өткізгіштік иондардың шекті электр өткізгіштіктерінің қосындысына (немесе иондардың қозғалғыштығына) тең:
Бұл тендеуді Ф. Кодьрауш (1879 жылы) заңы, кейде иондардың тәуелсіз қозғалу заңы дейді. Қалыпты жағдайда су ерітіндісіндегі иондардын қозғалтқыштық мэні 30-70 см · см2/моль әкв. аралығында болады, ал сутек пен гидроксид иондарынікі 350 мен 199 см · см2 моль · экв.-ке тең. Бұл осы иондардың электр өрісінде ерекше қозғалуымен түсіндіріледі.
Әлсіз электролиттердің электр өткізгіштігінің концентрациялық тәуелділігі аса күрделі сипат алады. Бұл жоғарыда айтылған эффектілермен қатар, әлсіз электролитті сұйылтқан кезде оның диссоциациялану дәрежесі өсіп, осы сүйытылған ерітінді аймағында оның жылдам артуын туғызатын диссоциациялану дәрежесінің айтарлықтай ықпалымен түсіндіріледі.
Әлсіз электролиттің электр өткізгіштігін пайдаланып, оның диссоциация түрақтысын есептейді.
Сусыз ерітінділердегі электр өткізгіштіктің бірқатар ерекшеліктері бар. Диэлектрлік өтімділігі жоғары болатын органикалық ерітінділердегі электр өткізгіштігінің конценфацияға тәуелділігі өрнектегідей. Егер диэлектрлік өтімділік аз болса (пириндинде, диоксонда, хинолинде жэне т.б.), онда электр өткізгіштік қисығында максимум және минимумдар пайда болады. Бұл иондардын еріткішпен өзара әсерлесу сипатының күрделілігімен түсіндіріледі. Анықтама кестелеріндегі деректерді және соңғы теңдеулерді пайдаланып, кез келген ерітінділердің электр өткізгіштігін есептеуге болады. Көп жағдайларда алынған деректердің дәлдігі өлшеу жүргізуге қажетті тәжірибе жағдайын дұрыс бағалауға жеткілікгі. Мұндай есептеулер титрлеу барысында байқалатын электр өткізгіштіктін өзгеруін алдын ала болжауға пайдалы. Иондық эквивалентті электр өткізгіштігі жоғары болатын иондарды ерітіндіде титрлеу барысында не косып, не алғаннан оньш өткізгіштігі өзгереді. Бұдан басқа реакция кезінде түзілетін жаңа өнім иондалмауы мүмкін, демек, ол нашар еткізгіш болуы мүмкін.
Кондуктометрлік әдістердін жіктелуі
Кондуктометрлік әдістердін жіктелуі Тура және жанама кондуктометрия. Талдаудың кондукто метрлік әдістерін қолдану ауқымына қарай үш топқа бөлуге болады: таза заттын, ерігіндінін құрамын және физикалық-химиялық өзгерістердің кинетикасын зерттеу; ғылымдық, технологиялық және өндірістік процестерде бақылау үшін қолданылатын талдау кондуктометриясы; эквиваленттік нүктені (э.н.) анықтау үшін пайдаланылатын кондуктометрлік (автоматтық) титрлеу.
Аналитикалык кондуктометрияны тура және жанама деп жіктейді. Тікслей кондуктометрия әдісінде зат концентрациясын ерітіндінің электр өткізгіштігі бойынша анықтайды, онда да бұл екеуінің арасындағы тура пропорционалдық тэуелділіктін болуына байланысгы. Бұл әдіс негізінен бір кұрамдас бөлікті ерітінді үшін немесе оның құрамындағы өзге қосылыстардың концентрациясы өзгеріссіз қалатын жағдайда тиімді. Анықталатын құрамдас бөліктің концентрациясы электр өткізгіштіктің ерітіпді концентрациясына тәуелділігін сипаттайды. Реттеуші график бойынша бұл тәуелділік тура сызықты сипат алуы керек. Талданатын ерітіндінің электр өткізгіштігін репеуші осы график бойынша өлшеп, іздеп отырған құрамдас бөліктін концентрациясын (немесе мөлшерін) табады.
Тура кондуктометрлік талдау әдісі өте карапайым болғанымен, ол өте шектеулі қолданылады, өйткені болмашы ғана кездейсок электролит қоспасы ерітіндінің электр өткізгіштігін едәуір езгертуге бейім тұрады. Бұл эдіс ғылыми лабораторияда сирек колданылғанымен, өндірістегі процесс барысын бақылауға қажет, әрі талдау химиясындағы маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі, мысалы: технологиялық процестерді бақылау, тұз елшеуіш көмегімен тұзды ерітінділердін концентрациясын анықтау, су тазалыгын анықтау, таза және ағын, калдықты сулар бақылау, өзен, көл, теңіз суындагы минералды анықтау, тұнбаны шайып, тазалау және иониттерді қайта тұтыну, тамақ, дәрі-дәрмек сапасын бақылау.
Жанама кондуктометрия әдісі. Бұл әдіс көп кұрамды ерітіндідегі тек бір ғана құрамдас бөлікті талдаған кезде, кондуктометриямен қатар талдаудың басқа да физикалық-химиялық әдістерін қолдануга негізделген. Сол сияқты жанама кондуктометрия әдісіне ерітіндідегі ойтеуір бір қосылыс немесе сумен әрекеттесіп, электр өткізгішті өзгертуге себепші болатын газдың концентрациясын анықтау да енеді, мысалы, С02, NH3, S02, S03, N02 және т.б.
Кондуктометрлік титрлеу
Кондуктометрлік титрлеу Титрлеу процесін бақылау үшін электр өткізгіштікті өлшеу әдісін колдануды берілген ерітіндінің электр өткізгіштігі реагент не реакция өнімінікінен айтарлықтай өзгеше болған жағдайда қолдануға болады. Титрлеу кезінде ұяшык тұрактысын білу шарт емес, өйткені ә.н.-ді табу үшін салыстырмалы шамалар да жеткілікті. Алайда электродтар арасы өзгеріссіз қалғаны абзал, яғни олар кеңістікте мықты орналасуы керек.
Кез келген ион ерігіндісінің электр өткізгіштігіне қосар үлесі, оның концентрациясы мен эквиваленттік электр өткізгіштігіне тура пропорционал, бірақ титрлеу барысында реагенттің қосылуына қарай ерітіндінің көлемі артып отырады. Бұған электр өткізгіштікті есептеу кезінде ерітіндіні сұйылтқанда өзгеріс енгізу керек. Сызықты тәуелділіктен ауытқу іс жүзінде реакцияға түсуші зат не өнімнің гидролизденуі немесе тұнбанын ішінара еруі не тұрақтануы салдарынан байкалады.
Титрлеу қисығының пішінін теориялық тұрғыдан болжауға болады. Титрлеу кезінде жүйелі нүктелердегі әр ионының концентрациясын стехиометрия, тепе-теңдік, сұйылту заңдарына, тендеуіне негізделген белгілі әдіспен есептейді. Концентрацияны шамасына көбейгіп, әрбір ионның cалыстырмалы үлесін алсақ, онда олардың қосындысы титрлеу қисығын береді.
Сұйығылған ерітіндінің электр өткізгіштігін есептегенде, иондардың қозғалткыштығының мәнін жиі пайдалануға тура келеді Ерітіндідегі әр түрлі иондар бір-бірінен қозғалғыштығымен өзгешеленеді.
Кейбір иондардың қозғалғыштығы
Катиондар Қозғалғыштық Аниондар Козғалғыштық
Жеке және қосиада кездесетін заттарды кондуктометрлік әдіспен талдағанда, әр түрлі химиялық реакциялар пайдаланылады: бейтараптау, тұндыру, сулы және сусыз ерітінділерде кешенді қосылыс түзілу. Ерітіндідегі иондардың саны мен сапасы кондуктометрлік титрлеу кезінде өзгереді, сондықтан да титранпы белгілі бір уақыт аралығында тұракты жылдамдыкпен беру арқылы оның электр өткізгіштігін өлшей отырып, титрлеу барысын мұқият бақылайды. Әдетте. титранттың үлесін әлсін-әлі коса отырып, ерітіндінің электр өткізгіштігін өлшейді.
Ерітінді электр өткізгіштігінің титрант көлеміне тэуелділігі график арқылы кескінделеді. Алынған график кондуктометрлік титрлеу қисығы деп аталады. Қисықтың сынуы эквивалент нүктеге сәйкес келеді. Титрлеу кезінде ерітінді электр өткізгіштігінің өзгерісі әркез түзу сызықты бола бермейтінін ескерген жөн.
Титрлеу қисығының сызықты емес сипаты титрлеу процесі кезінде диссоциация дәрежесі немесе зат реакциясына қатысатын гидролиз дәрежесі өзгерген жағдайларда байқалады. Егер титранттың белгілі бір стандартты ерітіндісімен талданатын зат кондуктометрлік титрлеу нәтижесінде нашар диссоциацияланатын немесе аз полюсті қосылыс түзетін болса, онда бұл жағдай ерітіндінің электр өткізгііитігін едәуір азайтады. Титрлеудің соңғы нүктесіне кондуктометрлік титрлеу қисығындағы электр өткізгіштіктің төменгі моні сәйкес келеді. Реагентті одан әрі косу ерітінді өткізгіштігін арттырады. Мұндай қисықтар жоғарыда келтірілген реакциялардың бәріне де тән. Күшті қышқылды күшті негізбен, күшті негізді күшті қышқылмен титрлеу қисығы, тұндыру реакциясы бұған мысал болады.
Кондуктометрлік титрлеу реакциясы жүргенде, яғни эквиваленттік нүктеге дейін және одан кейін титрлеу қисығында электр өткізгіштіктің өзгеруі салыстырмалы түзу сызықты болуы мүмкін. Осы түзу учаскелерді қиылысқанша экстрополюстей отырып, титрлеудің сонғы нүктесін табады, яғни екі түзудің қиылысы, осы ә.н. болады. Бұл жағдайда талдау дәлдігі қанағаттанарлық дәрежесіне жетеді.
Қайсыбір жағдайларда реакцияның мөлшерлі егуі титрлеу қисығының түзу сызықты болмауы кезінде де, мәселен, әлсіз қышқылды күшті негізбен титрлегенде байқалады. Мұндай қисыктарды эквиваленттік нүктені графикпен анықтау ушін сиректеу қолдануға тура келеді, яғни оны э.н. манайында сызықтың түзу болатын учаскесі айқын көрінгенде ғана пайдаланады. Басқа жағдайларда мұндай қисықтарды электронды есептегіш машиналар (ЭЕМ) көмегімен өңдеу қажет.
Қышқыл мен негіздің өзара әсерлесу реакциялары
Қышқыл мен негіздің өзара әсерлесу реакциялары Мұндай әрекеттесу кезінде титриметрлік кисықтың пішіні мен олардың тармақтары арасындағы бұрыштын шамасы титрлейтін жүйеде кездесетін иондардың қозғалгыштыгына ғана емес, қышқыл мен негіздің дәрежесіне, олардың ерітіндідегі концентрацнясына тәуелді болады. Қышқылды-негізді титрлеу кезінде аса қозғалғыш сутек пен иондарынан аз диссоциацияланған қосылыс - су және күшті диссоциацияланатын тұз түзіледі, алайда тұз ионда- рының қозғалі ыштығы сутек пен гидроксид иондарыныкінен аз:
Н+ + A- + Ме+ + ОН- -> Н20 + Ме+ + А-
Егер едәуір концентрленген титрантты пайдаланса, ерітіндінің сұйылуы шамалы болады, оны теориялық есептеулерде ескермегенмен, талдаудағы есептеуде ескерген жөн.
Күшті қышкыл - күшті негіз. Кондуктомегрлік қисық екі түзу сызықты тармақтан тұрады. AC тармағын нейтралдау қисығы дейді және ол электр өткізгіштігінің қосынды эффектісін көрсетеді. Бұл қисықты екі құраушыға жіктеуге болады: қышқыл концентрациясыпың азаюы (AF қышқылдық қисығы) және тұз концентрациясының артуы (EC тұз түзу қисығы). СВ кескіні де қосынды эффектіні көрсетеді: ерітінді көлемінің өзгерісін ескермеген жағдайда түзілетін тұз концентрациясы (CD кесіндісі) мен эквиваленттік нүктеден кейінгі қосылған сілті концентрациясы (СВ кесіндісі). Эквиваленттік нүктеге жақындаганда кондуктометрлік титрлеу қисығы әр кезде де түзу сызықты тәуелділіктен ауытқиды, бұл әр ионның электр өткізгіштікке қосқан үлесімен түсіндіріледі.
Орташа күшті қышқыл - күшті негіз. Бұл жағдайда титрлеу қисығының минимумы болады да, аналитикалық мәні бола бермейді. Титрлеудің бірінші сәтінде әлсіз қышқыл мен күшгі негізден түзілетін тұздың пайда болуы нәтижесінде электр өткізгіштік кемиді, өйткені бұл тұз жақсы диссоциацияланған және қышқылмен ортақ анионы болғандықтан, оның дисеоциациялануын басады, яғни сутек иондары конценграциясының кемуі басталады. Мұнан кейінгі сілтінің қосылуы тұздағы электр өткізгішгікті арттырады. Эквиваленттік нүктеден кейін ерітіндінің электр өткізгіштігі гидроксид иоидарының көбейіп кетуі салдарынан тез өседі.
Диссоциацияланбаған молекулалар (НА) концентрациясы монотонды түрде э.н.-гe дейін, кейде нөлге дейін төмендейді. Титрлеудің басында (Н+) иондарының конценфациясына тең болатын анион (А-) концентрациясы титрлеу кезінде э.н.-ге дейін өсіп, сосын тұрақты болып қалады, ал сутек ионының концентрациясы э.н.-де нөлге дейін төмендейді, ал калий иондарыныц концентрациясы титрант көлеміне сәйкес өседі.
Ерітіндінің меншікті электр өткізгіштігі э.н.-ге дейін әуелі төмендеп, сосын реакция барысында К+ мен А- иондарының саны артуына байланысты өседі. Әлсіз қышқыл ерітіндісіндегі H+ ионда- рының және оның тұзының концентрациясы аса жоғары емес, ал оның титрлеу барысындағы азаюы электр өткізгішке көп әсер ете қоймайды.
Әлсіз қышқыл - күіиті негіз. Бұл жұпта тұздан түзілетін гидролиздің ықпалы э.н. маңайында қисықтың баяу иілуімен кескінделеді Бұл жағдайда эквиваленттік нүктені кәдімгі графиктік тәсілмен анықтау мүмкін бола бермейді.
Әлсіз қышқыл - әлсіз негіз. Бұл жағдайда титрлеу қисығы э.н.- ге біршама баяу өгетіндіктен, оны ЭЕМ көмегінсіз байқау мүмкін емес. Ал кондуктометрлік титрлеуді белгілі бір дәрежеде, тек оның жоғарғы рКНА шегінде ғапа жүргізуге болады, оны мына деректермен шектейді:
Қышқыл қоспасын немесе екі негізді қышқылды титрлеу. Күшті негізді қышқылдар қоспасын (күшті және әлсіз) тигрлегенде алынатын қисықты екі рет имелі қисықпен өрнектеуге болады. Бірінші име күшті кышқылды титрлеуге сәйкес келеді. Күшті қышқылда әлсіздің диссоциациялануы басылыңқы болатындықтан, ол электр өткізгіштікке ықпал етпейді. Ерітіндінің бірінші эквиваленттік нүктесінде күшті қышқыл орі күшті негіздің тұзы, сондай-ақ әлсіз қышқыл болады. Бұдан әрі титрлегенде, ерітіндінің электр өткізгіштігі жаңадан түзілген және түзілетін тұз концентрациясымен анықталады. Әлсіз қышқыл мен күшті негіз тұзының қосымша түзілуі есебінен ол болмашы ғана өзгереді. Бірінші және екінші эквиваленттік нүктелер арасында әлсіз қышқыл титрленеді. Екінші гитрлеу нүктесінен кейін электр өткізгіштік сілтінің артық мөлшерімен анықталады да, күрт өседі.
Күшті қышқыл мөлшеріне эквивалент сілті мөлшері сілтінің бірінші эквиваленттік нүктеге дейін қосылған көлемімен (концентрациясымен) анықталады. Әлсіз қышқылдын мөлшері бірінші және екінші э.н. арасында титрлеуге кеткен сілті мөлшерімен өлшенеді. Әлсіз екі қышқыл қоспасын титрлегенде, егер, олардағы рК мәні 2-ден артық болса, онда қанағаттанарлық нәтиже алуға болады. Ал олардың концентрацияларының айырмашылығы тым көп болса, онда олардың ΔрК ≥ 3 болу қажет. Бұл жағдайларда қышқылдарды жеке титрлеуге негіз болатын бірден-бір талап. ол осы кышқылдар аниондары қозғалғыштықтарының арасында біраз айырмашылықтың болуына саяды.
Көп негізді қышқылдарды титрлеу де қышқыл қоспалардағыдай (диссоциация кезіндегі) Δ рК айырымына байланысты.
Қышқылдарды күшті негіздермен титрлегенде алынатын деректер мен дәйектемелердің дәлдігіне көмір қышқыл газы мен карбонаттардың ықпалы мол. Карбонат және бикарбонат иондары да күшті негізбен титрленеді. Демек, негіз ерітіндісінің тазалығына мән бөлген жөн. Мұндайда барий гидроксидінің ерітіндісін қолданған жақсы, өйткені оның құрамында карбонат жоқ, ол нашар ериді, әрі сүзгенде оңай бөлінеді.
Негізді титрлеу. Негізді қышқылмен титрлеу қисығының сипаты жоғарыда қарастырылған қышқылды негізбен титрлегендегі қисыққа ұқсас. Өзгешелігі мұнда ОН- иондарының қозғалғыштығы Н+ ионына қарағанда аз, сондықтан қисықтың сонғы учаскесіндегі көлбеулік үлкен болады, яғни ерітіндідегі электр откізгіштік эквиваленітік нүктеден кейін бірден өседі. Ал э.н. маңындағы қисықтың бір қалыты озгерісі қышқылды тигрлегенге қарағанда айқынырақ кескінделеді. Тұздарды титрлеу. Олсіз қышқылдың тұзын күшті қышқыл ерітіндісімен титрлегенде, олсіз қышқыл ығыстырылады, ал әлсіз негіздің тұзын күшті негізбен титрлегенде, әлсіз негіз (көбінесе тұндыру) түзіледі. Әлсіз қышқыл мен әлсіз негізден түзілген тұздарды қышқылмен де, негізбен де титрлеуге болады. Кондуктометрлік титрлеу қисығында эквиваленттік нүктедегі күрт иілу мына жағдайда іске асады:
Егер әлсіз негізбен (және күшті қышқылмен) түзілген тұзды күшті негізбен титрлесе және осы кезде катион толық гидролизге душар болса, онда бұл жағдайда титрлеу қисығы U тәріздес болады.
Гидролиз дәрежесі азайған сайын кондуктомеірлік титрлеу қисығының түрі өзгереді. Бұған семикарбазиттік гидрохлориді (рКи = 10,6) жақсы мысал болады. Бұл ортадағы катионның қозғалғыштығы натрий мен калий иондарынікінен жоғары. Егер тұз рКв < 9 аз болатын негізбен түзілсе, онда гидролиз ықпалы байкалмайды және тифлеу қисығының екі тармағы түзу сызықты болады.
Дереккөздер
- Құлажанов Қ.С.Аналитикалық химия: II томдық оқулық . II - том. Оқулық. Алматы:«ЭВЕРО» баспаханасы, 2005. - 464 б. ISBN 9965-680-95-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Konduktometriya Elektrolitterdin koncentraciyasyn konduktometrlik әdispen anyktau taldanatyn eritindinin elektr otkizgishtigin elsheuge negizdelgen Konduktometriya en karapajym zhәne taldap suryptaudyn elektrohimiyalyk әdisi Konduktometrlik әdisterdin barlygy zhyldamdygymen olsheuish aspaptarynyn onaj tabyluymen zhumysynyn yngajlylygymen kanagattanarlyk dәldigimen ondiristik tehnologiyalyk zhәne laboratoriyalyk zhagdajlarda taldaudy avtomatty tүrde әri kashyktykgan zhүrgizu mүmkindigimen sipattalady Tikelej konduktometrlik anyktaudyn kateligi 1 2 Al belgili bir arnajy zhagdajdy saktaganda taldau kateligi 0 2 ke dejin azayady Konduktometrlik uyashyktardy termostatsyz olshegende bul katelikter 3 ke artady ojtkeni temperaturanyn bir graduska zhogarylauy elektr otkizgishtikti 2 ne 3 procenttej ozgertedi Demek eritindilerdi termostattau konduktometrlik taldau әdisinin dәldigin arttyrady Konduktometriyanyn teoriyalyk negiziKonduktometriyanyn teoriyalyk negizi Elektrolit eritindilerinin elektr otkizgishtigi osy erigindinin kedergisine keri shama әri ol syrtky elektr orisinin әserinen erigen zattyii elektr togyn otkizu kabiletine bajlanysty Endeshe bүl edis elektrdin negizgi zandarynyn biri Om zanyna bagynady I E R mundagy I tok kүshi E potencial ajyrymy R kedergi Kondukgometriyada olshenetin shama eritindinin kedergisi nemese elektr otkizgishtigi boluy mүmkin Elektr otkizgishtiginin birligi kedergisi 1 Om otkizgishtin otkizgishtik kabileti Elektrolit eritindisinin elektr otkizgishtigi syrtky kerneu kozi әserinen zattyn elektrolittik dissociaciyalanuy zhәne iondar kozgaluynyn nәtizhesi Elektr togy orisinde eritindidegi kozgalgan iondar eritkish molekulasy zhәne ozin korshagan keri zaryadtalgan iondar tarapynan tezheu oserine ushyrajdy Bul әser relaksaciyalyk zhәne elektroforettik effekt dep atalady al bul tezheudin nәtizhesi eritindi kedergisi bolyp tabylady Sojtip eritindinin elektr otkizgishtigi negizinen migraciyalyk iondardyn sanymen zhәne zhyldamdygymen kozgalgyshtygymen olardy tasymaldajtyn zaryad sanymen anyktalady Elektr otkizgishtik temperaturaga zhәne erigen elektrolit pen eritkishtin tabigatyna tәueldi Elektrolit arkyly tok otkende on zaryadtalgan bolshekier katodka teris zaryadtalgan elektrodka al teris zaryadtalgan bolshekter anodka on zaryadtalgan elektrodka karaj zhylzhidy Demek elektrolittegi әrbir zaryadtalgan bolshek elektr otkizgishtik siyakty zhalpy proceske katysady Elektrolit eritindisi үsh olshemdi otkizgish Al kez kelgen eritindi kedergisinin shamasy uyashyktyn kuramyna materialyna shamasyna zhәne elektrodtardyn kenistiktegi ornalasuyna tәueldi Barlyk belgili zhәne tabigatta kezdesetin nemese koldan zhasalgan otkizgishger olar arkyly elektr togy otken kezdegi elektrdin tasymaldanu mehanizmine tәueldiligine karaj үsh topka bolinedi elektrondyk iondyk aralas Elekptrondyk otkizgishter Munda otkizgishterdegi elektrdi tasymzldaushylar elektrondar Elektrondyk otkizgishterge metaldar zhartylaj etkizgishter metall kujmalary komirtek zhәne kejbir tuzdar men totyktar zhatady Iondyk otkizgishter Mundagy elektr tasymaldauyshtar iondar Өtkizgishterdin bul tobyna gazdar men elektrolitter olardyn eritindileri zhatady Aralas otkizgishter әri elektrondyk әri iondyk kasietke ie bolady Bugan sujyk ammiaktagy siltilik zher elementterdin eritindileri kejbir sujyk balkyma kujmalar men tuzdar zhatady Mundaj otkizgishterdegi tok otkizu sipaty temperaturanyn belgili bir aralyktarynda ozgeredi Elektr otkizgishtikti olsheuge arnalgan iondyk nemese aralas tok otkizgiii elektrolshterge myna zattardyn tipteri zhatady katty kүjdegi taza zattar kүmis barij korgasyn zhәne metaldardyn galogenidteri sujyk kүjdegi zattar spirtter kyshkyldar t b balkygan tuzdar men gidridter katty zhәne balkyma kүjdegi birneshe zattyn eritindisi suly zhәne susyz yagni anorganikalyk zhәne organikalyk nagyz molekulalyk zhәne kolloidty eritindiler oksidterdin tuzdar men negizderdin zhәne kejbir zhekelengen zattar eritindileri Әr tүrli eritindilerdin elektr otkizgishtigin salystyru үshin menilikti elektr otkizgishtigin pajdalanu kolajly ol myna tendeumen beriledi X 1RS displaystyle X frac 1 RS mundagy I uzyndygy ogkizgishtin koldenen kimasynyn audany Menpiikti elektr otkizgishtik degenimiz audany 1 m2 ara kashyktygy 1 m bolatyn ozara parallel ornalaskan eki elektrod arasyndagy 1 m3 eritindinin otkizgishtigi Menshikti k ekvivalentti l zhәne moldik A elektr otkizgishtik dep bolinedi songysynda eritindinin menshikti elektr otkizgishtigi onyn moldik koncentraciyasymen anyktalady Zhalpy elektr ogkizgishtik elektr tasymaldau procesine katynasatyn әrbir ionnyn koncentraciya zhәne uyashyk siyakty parametrleri arkyly ornekteledi Sheksiz sujyltkandagy kationdar men aniondardyn iondy ekvivalenttik elektr otkizgishtigi 25 S Menshikti elektr otkizgishtik eritindinin koncentraciyasy osken sajyn artyp ozinin en zhogargy shegine zhetedi de sodan kejin tomendejdi Eritindidegi elektrolit koncentraciyasynyn artuymen menshikti elektr otkizgishtiginin artuy eritindidegi ion sanynyn kobeyuimen bajlanysty Koncentraciyalangan eritindide ionaralyk ozara әserlesu artady da osynyn netizhesinde ionaralyk associagtar nemese ion suy pajda bolady tok otkizgishtikti tomendetetin eritindinin tutkyrlygy kobejedi nondardyn kozgalys zhyldamdyktaryn azajtatyn baskadaj effektiler tuady Osyndaj faktorlar kosyla kelip elektr otkizgishtiktin kisygynda maksimum pajda bolady Әdette analitikalyk maksat үshin osy kisyktyn osimdi uchaskesin pajdalanady yagni eritindinsh ortasha koncentraciya ajmagy Alajda menshikti elektr otkizgishtik koncentraciyaga sandyk turgyda tym bagynatyndyktan onyn ornyna ekvivalenttik elektr otkizgishtikti pajdalangan oryndy Sonymen eritindinin ekvivalenttik elektr otkizgishtigi degenimiz betki audany 1 sm2 ara kashyktygy 1 sm parallel ornshiaskan eki elektrod arasynda kuramynda zattyn 1 mol ekvivalenti bolatyn eritindinin elektr otkizgishtigi ol sm sm2 mol ekv birligimen olshenedi Әdette koncentraciyasy tomen bolatyn ajmakta A eritindi koncentraciyasy azajgan sajyn ose tүsedi Al kүshti elektrolitger үshin koncentraciya shamasy lt 10 3 mol l ol kelesi tendeumen ornektelinedi Eritindi koncentraciyasynyn osuimen ekvivalenttik elektr otkizgishtiktin tomendeui Debaj Hyukkel Onzager effektisi bojynsha ion ajnalasynda keri zaryadtalgan iondardan iondyk atmosferanyn tuyndauymen zhәne ogan bajlanysty najda bolatyn elektroforetti relaksaciyalyk tezheu әserimen tүsindiriledi Elektroforettik effekti ortalyk ion bir bagytta zhylzhysa ony korshagan keri ionnyn ogan karama karsy kozgaluymen bajlanysty Al relaksaciyalyk tezheu ion zhylzhygan kezdegi iondyk korshaudyn buzylyp kajta kuryluymen bajlanysty Osy teoriyanyn koncentraciyalyk tәueldiligi myna tendeumen sipattalady mundagy A men V elektroforettik zhәne relaksaciyalyk effektilerdi sipattajtyn koefficientter olardyn shamasy eritindidegi temperaturaga tutkyrlykka dielektrlikke teueldi әri teoriyalyk turgyda eseptelinedi Shekti ekvivalentti elektr otkizgishtik iondardyn shekti elektr otkizgishtikterinin kosyndysyna nemese iondardyn kozgalgyshtygyna ten Bul tendeudi F Kodraush 1879 zhyly zany kejde iondardyn tәuelsiz kozgalu zany dejdi Қalypty zhagdajda su eritindisindegi iondardyn kozgaltkyshtyk meni 30 70 sm sm2 mol әkv aralygynda bolady al sutek pen gidroksid iondaryniki 350 men 199 sm sm2 mol ekv ke ten Bul osy iondardyn elektr orisinde erekshe kozgaluymen tүsindiriledi Әlsiz elektrolitterdin elektr otkizgishtiginin koncentraciyalyk tәueldiligi asa kүrdeli sipat alady Bul zhogaryda ajtylgan effektilermen katar әlsiz elektrolitti sujyltkan kezde onyn dissociaciyalanu dәrezhesi osip osy sүjytylgan eritindi ajmagynda onyn zhyldam artuyn tugyzatyn dissociaciyalanu dәrezhesinin ajtarlyktaj ykpalymen tүsindiriledi Әlsiz elektrolittin elektr otkizgishtigin pajdalanyp onyn dissociaciya tүraktysyn eseptejdi Susyz eritindilerdegi elektr otkizgishtiktin birkatar erekshelikteri bar Dielektrlik otimdiligi zhogary bolatyn organikalyk eritindilerdegi elektr otkizgishtiginin koncenfaciyaga tәueldiligi ornektegidej Eger dielektrlik otimdilik az bolsa pirindinde dioksonda hinolinde zhene t b onda elektr otkizgishtik kisygynda maksimum zhәne minimumdar pajda bolady Bul iondardyn eritkishpen ozara әserlesu sipatynyn kүrdeliligimen tүsindiriledi Anyktama kestelerindegi derekterdi zhәne songy tendeulerdi pajdalanyp kez kelgen eritindilerdin elektr otkizgishtigin esepteuge bolady Kop zhagdajlarda alyngan derekterdin dәldigi olsheu zhүrgizuge kazhetti tәzhiribe zhagdajyn durys bagalauga zhetkilikgi Mundaj esepteuler titrleu barysynda bajkalatyn elektr otkizgishtiktin ozgeruin aldyn ala bolzhauga pajdaly Iondyk ekvivalentti elektr otkizgishtigi zhogary bolatyn iondardy eritindide titrleu barysynda ne kosyp ne algannan onsh otkizgishtigi ozgeredi Budan baska reakciya kezinde tүziletin zhana onim iondalmauy mүmkin demek ol nashar etkizgish boluy mүmkin Konduktometrlik әdisterdin zhikteluiKonduktometrlik әdisterdin zhiktelui Tura zhәne zhanama konduktometriya Taldaudyn kondukto metrlik әdisterin koldanu aukymyna karaj үsh topka boluge bolady taza zattyn erigindinin kuramyn zhәne fizikalyk himiyalyk ozgeristerdin kinetikasyn zertteu gylymdyk tehnologiyalyk zhәne ondiristik procesterde bakylau үshin koldanylatyn taldau konduktometriyasy ekvivalenttik nүkteni e n anyktau үshin pajdalanylatyn konduktometrlik avtomattyk titrleu Analitikalyk konduktometriyany tura zhәne zhanama dep zhiktejdi Tikslej konduktometriya әdisinde zat koncentraciyasyn eritindinin elektr otkizgishtigi bojynsha anyktajdy onda da bul ekeuinin arasyndagy tura proporcionaldyk teueldiliktin boluyna bajlanysgy Bul әdis negizinen bir kuramdas bolikti eritindi үshin nemese onyn kuramyndagy ozge kosylystardyn koncentraciyasy ozgerissiz kalatyn zhagdajda tiimdi Anyktalatyn kuramdas boliktin koncentraciyasy elektr otkizgishtiktin eritipdi koncentraciyasyna tәueldiligin sipattajdy Retteushi grafik bojynsha bul tәueldilik tura syzykty sipat aluy kerek Taldanatyn eritindinin elektr otkizgishtigin repeushi osy grafik bojynsha olshep izdep otyrgan kuramdas boliktin koncentraciyasyn nemese molsherin tabady Tura konduktometrlik taldau әdisi ote karapajym bolganymen ol ote shekteuli koldanylady ojtkeni bolmashy gana kezdejsok elektrolit kospasy eritindinin elektr otkizgishtigin edәuir ezgertuge bejim turady Bul edis gylymi laboratoriyada sirek koldanylganymen ondiristegi process barysyn bakylauga kazhet әri taldau himiyasyndagy manyzdy mәselelerdi sheshuge komektesedi mysaly tehnologiyalyk procesterdi bakylau tuz elsheuish komegimen tuzdy eritindilerdin koncentraciyasyn anyktau su tazalygyn anyktau taza zhәne agyn kaldykty sular bakylau ozen kol teniz suyndagy mineraldy anyktau tunbany shajyp tazalau zhәne ionitterdi kajta tutynu tamak dәri dәrmek sapasyn bakylau Zhanama konduktometriya әdisi Bul әdis kop kuramdy eritindidegi tek bir gana kuramdas bolikti taldagan kezde konduktometriyamen katar taldaudyn baska da fizikalyk himiyalyk әdisterin koldanuga negizdelgen Sol siyakty zhanama konduktometriya әdisine eritindidegi ojteuir bir kosylys nemese sumen әrekettesip elektr otkizgishti ozgertuge sebepshi bolatyn gazdyn koncentraciyasyn anyktau da enedi mysaly S02 NH3 S02 S03 N02 zhәne t b Konduktometrlik titrleuKonduktometrlik titrleu Titrleu procesin bakylau үshin elektr otkizgishtikti olsheu әdisin koldanudy berilgen eritindinin elektr otkizgishtigi reagent ne reakciya oniminikinen ajtarlyktaj ozgeshe bolgan zhagdajda koldanuga bolady Titrleu kezinde uyashyk turaktysyn bilu shart emes ojtkeni ә n di tabu үshin salystyrmaly shamalar da zhetkilikti Alajda elektrodtar arasy ozgerissiz kalgany abzal yagni olar kenistikte mykty ornalasuy kerek Kez kelgen ion erigindisinin elektr otkizgishtigine kosar үlesi onyn koncentraciyasy men ekvivalenttik elektr otkizgishtigine tura proporcional birak titrleu barysynda reagenttin kosyluyna karaj eritindinin kolemi artyp otyrady Bugan elektr otkizgishtikti esepteu kezinde eritindini sujyltkanda ozgeris engizu kerek Syzykty tәueldilikten auytku is zhүzinde reakciyaga tүsushi zat ne onimnin gidrolizdenui nemese tunbanyn ishinara erui ne turaktanuy saldarynan bajkalady Titrleu kisygynyn pishinin teoriyalyk turgydan bolzhauga bolady Titrleu kezinde zhүjeli nүktelerdegi әr ionynyn koncentraciyasyn stehiometriya tepe tendik sujyltu zandaryna tendeuine negizdelgen belgili әdispen eseptejdi Koncentraciyany shamasyna kobejgip әrbir ionnyn calystyrmaly үlesin alsak onda olardyn kosyndysy titrleu kisygyn beredi Sujygylgan eritindinin elektr otkizgishtigin eseptegende iondardyn kozgaltkyshtygynyn mәnin zhii pajdalanuga tura keledi Eritindidegi әr tүrli iondar bir birinen kozgalgyshtygymen ozgeshelenedi Kejbir iondardyn kozgalgyshtygy Kationdar Қozgalgyshtyk Aniondar Kozgalgyshtyk Zheke zhәne kosiada kezdesetin zattardy konduktometrlik әdispen taldaganda әr tүrli himiyalyk reakciyalar pajdalanylady bejtaraptau tundyru suly zhәne susyz eritindilerde keshendi kosylys tүzilu Eritindidegi iondardyn sany men sapasy konduktometrlik titrleu kezinde ozgeredi sondyktan da titranpy belgili bir uakyt aralygynda turakty zhyldamdykpen beru arkyly onyn elektr otkizgishtigin olshej otyryp titrleu barysyn mukiyat bakylajdy Әdette titranttyn үlesin әlsin әli kosa otyryp eritindinin elektr otkizgishtigin olshejdi Eritindi elektr otkizgishtiginin titrant kolemine teueldiligi grafik arkyly keskindeledi Alyngan grafik konduktometrlik titrleu kisygy dep atalady Қisyktyn synuy ekvivalent nүktege sәjkes keledi Titrleu kezinde eritindi elektr otkizgishtiginin ozgerisi әrkez tүzu syzykty bola bermejtinin eskergen zhon Titrleu kisygynyn syzykty emes sipaty titrleu procesi kezinde dissociaciya dәrezhesi nemese zat reakciyasyna katysatyn gidroliz dәrezhesi ozgergen zhagdajlarda bajkalady Eger titranttyn belgili bir standartty eritindisimen taldanatyn zat konduktometrlik titrleu nәtizhesinde nashar dissociaciyalanatyn nemese az polyusti kosylys tүzetin bolsa onda bul zhagdaj eritindinin elektr otkizgiiitigin edәuir azajtady Titrleudin songy nүktesine konduktometrlik titrleu kisygyndagy elektr otkizgishtiktin tomengi moni sәjkes keledi Reagentti odan әri kosu eritindi otkizgishtigin arttyrady Mundaj kisyktar zhogaryda keltirilgen reakciyalardyn bәrine de tәn Kүshti kyshkyldy kүshti negizben kүshti negizdi kүshti kyshkylmen titrleu kisygy tundyru reakciyasy bugan mysal bolady Konduktometrlik titrleu reakciyasy zhүrgende yagni ekvivalenttik nүktege dejin zhәne odan kejin titrleu kisygynda elektr otkizgishtiktin ozgerui salystyrmaly tүzu syzykty boluy mүmkin Osy tүzu uchaskelerdi kiylyskansha ekstropolyustej otyryp titrleudin songy nүktesin tabady yagni eki tүzudin kiylysy osy ә n bolady Bul zhagdajda taldau dәldigi kanagattanarlyk dәrezhesine zhetedi Қajsybir zhagdajlarda reakciyanyn molsherli egui titrleu kisygynyn tүzu syzykty bolmauy kezinde de mәselen әlsiz kyshkyldy kүshti negizben titrlegende bajkalady Mundaj kisyktardy ekvivalenttik nүkteni grafikpen anyktau ushin sirekteu koldanuga tura keledi yagni ony e n manajynda syzyktyn tүzu bolatyn uchaskesi ajkyn koringende gana pajdalanady Baska zhagdajlarda mundaj kisyktardy elektrondy eseptegish mashinalar EEM komegimen ondeu kazhet Қyshkyl men negizdin ozara әserlesu reakciyalaryҚyshkyl men negizdin ozara әserlesu reakciyalary Mundaj әrekettesu kezinde titrimetrlik kisyktyn pishini men olardyn tarmaktary arasyndagy buryshtyn shamasy titrlejtin zhүjede kezdesetin iondardyn kozgalgyshtygyna gana emes kyshkyl men negizdin dәrezhesine olardyn eritindidegi koncentracnyasyna tәueldi bolady Қyshkyldy negizdi titrleu kezinde asa kozgalgysh sutek pen iondarynan az dissociaciyalangan kosylys su zhәne kүshti dissociaciyalanatyn tuz tүziledi alajda tuz ionda rynyn kozgali yshtygy sutek pen gidroksid iondarynykinen az N A Me ON gt N20 Me A Eger edәuir koncentrlengen titrantty pajdalansa eritindinin sujyluy shamaly bolady ony teoriyalyk esepteulerde eskermegenmen taldaudagy esepteude eskergen zhon Kүshti kyshkyl kүshti negiz Konduktomegrlik kisyk eki tүzu syzykty tarmaktan turady AC tarmagyn nejtraldau kisygy dejdi zhәne ol elektr otkizgishtiginin kosyndy effektisin korsetedi Bul kisykty eki kuraushyga zhikteuge bolady kyshkyl koncentraciyasypyn azayuy AF kyshkyldyk kisygy zhәne tuz koncentraciyasynyn artuy EC tuz tүzu kisygy SV keskini de kosyndy effektini korsetedi eritindi koleminin ozgerisin eskermegen zhagdajda tүziletin tuz koncentraciyasy CD kesindisi men ekvivalenttik nүkteden kejingi kosylgan silti koncentraciyasy SV kesindisi Ekvivalenttik nүktege zhakyndaganda konduktometrlik titrleu kisygy әr kezde de tүzu syzykty tәueldilikten auytkidy bul әr ionnyn elektr otkizgishtikke koskan үlesimen tүsindiriledi Ortasha kүshti kyshkyl kүshti negiz Bul zhagdajda titrleu kisygynyn minimumy bolady da analitikalyk mәni bola bermejdi Titrleudin birinshi sәtinde әlsiz kyshkyl men kүshgi negizden tүziletin tuzdyn pajda boluy nәtizhesinde elektr otkizgishtik kemidi ojtkeni bul tuz zhaksy dissociaciyalangan zhәne kyshkylmen ortak aniony bolgandyktan onyn diseociaciyalanuyn basady yagni sutek iondary koncengraciyasynyn kemui bastalady Munan kejingi siltinin kosyluy tuzdagy elektr otkizgishgikti arttyrady Ekvivalenttik nүkteden kejin eritindinin elektr otkizgishtigi gidroksid ioidarynyn kobejip ketui saldarynan tez osedi Dissociaciyalanbagan molekulalar NA koncentraciyasy monotondy tүrde e n ge dejin kejde nolge dejin tomendejdi Titrleudin basynda N iondarynyn koncenfaciyasyna ten bolatyn anion A koncentraciyasy titrleu kezinde e n ge dejin osip sosyn turakty bolyp kalady al sutek ionynyn koncentraciyasy e n de nolge dejin tomendejdi al kalij iondarynyc koncentraciyasy titrant kolemine sәjkes osedi Eritindinin menshikti elektr otkizgishtigi e n ge dejin әueli tomendep sosyn reakciya barysynda K men A iondarynyn sany artuyna bajlanysty osedi Әlsiz kyshkyl eritindisindegi H ionda rynyn zhәne onyn tuzynyn koncentraciyasy asa zhogary emes al onyn titrleu barysyndagy azayuy elektr otkizgishke kop әser ete kojmajdy Әlsiz kyshkyl kүiiti negiz Bul zhupta tuzdan tүziletin gidrolizdin ykpaly e n manajynda kisyktyn bayau iiluimen keskindeledi Bul zhagdajda ekvivalenttik nүkteni kәdimgi grafiktik tәsilmen anyktau mүmkin bola bermejdi Әlsiz kyshkyl әlsiz negiz Bul zhagdajda titrleu kisygy e n ge birshama bayau ogetindikten ony EEM komeginsiz bajkau mүmkin emes Al konduktometrlik titrleudi belgili bir dәrezhede tek onyn zhogargy rKNA sheginde gapa zhүrgizuge bolady ony myna derektermen shektejdi Қyshkyl kospasyn nemese eki negizdi kyshkyldy titrleu Kүshti negizdi kyshkyldar kospasyn kүshti zhәne әlsiz tigrlegende alynatyn kisykty eki ret imeli kisykpen ornekteuge bolady Birinshi ime kүshti kyshkyldy titrleuge sәjkes keledi Kүshti kyshkylda әlsizdin dissociaciyalanuy basylynky bolatyndyktan ol elektr otkizgishtikke ykpal etpejdi Eritindinin birinshi ekvivalenttik nүktesinde kүshti kyshkyl ori kүshti negizdin tuzy sondaj ak әlsiz kyshkyl bolady Budan әri titrlegende eritindinin elektr otkizgishtigi zhanadan tүzilgen zhәne tүziletin tuz koncentraciyasymen anyktalady Әlsiz kyshkyl men kүshti negiz tuzynyn kosymsha tүzilui esebinen ol bolmashy gana ozgeredi Birinshi zhәne ekinshi ekvivalenttik nүkteler arasynda әlsiz kyshkyl titrlenedi Ekinshi gitrleu nүktesinen kejin elektr otkizgishtik siltinin artyk molsherimen anyktalady da kүrt osedi Kүshti kyshkyl molsherine ekvivalent silti molsheri siltinin birinshi ekvivalenttik nүktege dejin kosylgan kolemimen koncentraciyasymen anyktalady Әlsiz kyshkyldyn molsheri birinshi zhәne ekinshi e n arasynda titrleuge ketken silti molsherimen olshenedi Әlsiz eki kyshkyl kospasyn titrlegende eger olardagy rK mәni 2 den artyk bolsa onda kanagattanarlyk nәtizhe aluga bolady Al olardyn koncentraciyalarynyn ajyrmashylygy tym kop bolsa onda olardyn DrK 3 bolu kazhet Bul zhagdajlarda kyshkyldardy zheke titrleuge negiz bolatyn birden bir talap ol osy kyshkyldar aniondary kozgalgyshtyktarynyn arasynda biraz ajyrmashylyktyn boluyna sayady Kop negizdi kyshkyldardy titrleu de kyshkyl kospalardagydaj dissociaciya kezindegi D rK ajyrymyna bajlanysty Қyshkyldardy kүshti negizdermen titrlegende alynatyn derekter men dәjektemelerdin dәldigine komir kyshkyl gazy men karbonattardyn ykpaly mol Karbonat zhәne bikarbonat iondary da kүshti negizben titrlenedi Demek negiz eritindisinin tazalygyna mәn bolgen zhon Mundajda barij gidroksidinin eritindisin koldangan zhaksy ojtkeni onyn kuramynda karbonat zhok ol nashar eridi әri sүzgende onaj bolinedi Negizdi titrleu Negizdi kyshkylmen titrleu kisygynyn sipaty zhogaryda karastyrylgan kyshkyldy negizben titrlegendegi kisykka uksas Өzgesheligi munda ON iondarynyn kozgalgyshtygy N ionyna karaganda az sondyktan kisyktyn songy uchaskesindegi kolbeulik үlken bolady yagni eritindidegi elektr otkizgishtik ekvivalenitik nүkteden kejin birden osedi Al e n manyndagy kisyktyn bir kalyty ozgerisi kyshkyldy tigrlegenge karaganda ajkynyrak keskindeledi Tuzdardy titrleu Olsiz kyshkyldyn tuzyn kүshti kyshkyl eritindisimen titrlegende olsiz kyshkyl ygystyrylady al әlsiz negizdin tuzyn kүshti negizben titrlegende әlsiz negiz kobinese tundyru tүziledi Әlsiz kyshkyl men әlsiz negizden tүzilgen tuzdardy kyshkylmen de negizben de titrleuge bolady Konduktometrlik titrleu kisygynda ekvivalenttik nүktedegi kүrt iilu myna zhagdajda iske asady Eger әlsiz negizben zhәne kүshti kyshkylmen tүzilgen tuzdy kүshti negizben titrlese zhәne osy kezde kation tolyk gidrolizge dushar bolsa onda bul zhagdajda titrleu kisygy U tәrizdes bolady Gidroliz dәrezhesi azajgan sajyn konduktomeirlik titrleu kisygynyn tүri ozgeredi Bugan semikarbazittik gidrohloridi rKi 10 6 zhaksy mysal bolady Bul ortadagy kationnyn kozgalgyshtygy natrij men kalij iondarynikinen zhogary Eger tuz rKv lt 9 az bolatyn negizben tүzilse onda gidroliz ykpaly bajkalmajdy zhәne tifleu kisygynyn eki tarmagy tүzu syzykty bolady DerekkozderҚulazhanov Қ S Analitikalyk himiya II tomdyk okulyk II tom Okulyk Almaty EVERO baspahanasy 2005 464 b ISBN 9965 680 95 7Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet