Кесеқап – көші-қонда шыны, қыш, кәрлен кеселер сынбас үшін салынатын, ағаштан, теріден, киізден жасалатын қап, ыдыс.
Қолданыста пайда болуы
Кесеқаптар ертеректе пайда болып, ХVІІІ ғасырда қазақ арасына Қытайдың фарфор ыдыстары кеңінен тарай бастағанда, аталмыш ыдысты сындырмай алып жүру қажеттілігінен молая түскен. Адольф Янушкевич қазақ даласына жер аударылып, ел аралағанда жазған күнделігінде 1846 жылы қазақтар қымызды Қытай ыдысына құйып бергендігін келтіруі осының дәлелі болса керек. Халық арасында кесеқап тәркешқап, тәркеш, теркеш, қалмақбас деп түрліше аталған. Мұндай ыдысты өзбектер теркеш, түрікмендер серкеш, қарақалпақтар шынықап, қырғыздар пиалақап деп атаған. Қалмақбас деп аталуының себебі кесеқап теріден тігіліп, арнаулы қалыптан шыққан соң, жарты шар тәрізді доп-домалақ күйге енеді. Төбесіндегі қарқарасы (қайыс шашағы) шашын тықырлап қырып, төбесіне айдар қалдырып қойған басқа ұқсайды. Кесеқаптардың "сыңар емшек", "қос емшек", "үш емшек" деген де түрлері бар.
Түрлері және жасалуы
Кесеқапты қазақтар мен Орта Азия шеберлері ағаштан, шиден, тобылғыдан иіп, тоқып, сонымен бірге теріден, көннен тігіп жасаған.
- Айталық кесеқапты теріден жасағанда ірі қараның жаңа сойылған терісін жібітіп, түгін ұстарамен қырады. Теріні жарты ағаштан жасалған шар тәрізді қалыпқа керіп жайып, қалыптың сыртына біркелкі етіп қалыңдығы 4-5 мм мүм жағады. Оған ортасында алғашқы қалыптың диаметрінен 7-8 мм кеңірек ойығы бар екінші қалыпты киігізіп, бұрап, қысады. Тері тобарсығаннан кейін сүмсуірмен терінің бетіне батыра бедерлеп өрнек салады. Тері қалыпта тұрып әбден кепкен соң, қалыпты шығарғанда шикі тері қатайып, көнге айналып, бастапқы қалпын сақтап қалады. «Көн қатса, қалыбына тартады» деген сөз осыдан шықса керек. Қалыптан шыққан теріні ыстап, майлайды. Оған қайыстан шашақ тағып, кесеқапқа ағаш қақпақ бекітеді. Қақпақтың теріден, киізден, қайыңның тозынан жасалатын қалпақты, құбыр тәрізді түрлері де болады.
- Кесеқаптың ағаштан жасалған түрі (ҚР ҰМ қорынан) екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігі дөңгелек, тегіс, ал үстіңгі бөлігі киіз үйдің шаңырағы тәрізді дөңес. Сыртқы бетіне үшбұрыш және төртбұрыш түрінде тұмарша оюы оймышталған. Екі бөлігінің екі бүйірінде бір-біріне сәйкес келетін екі құлақшасы бар. Бір бүйіріндегі тесігі бар екі құлақшадан бас жағы түйінделген ұзын былғары бау өткізіледі. Кеселерді кесеқапқа салған соң үстіңгі бөлігі мен астыңғы бөлігін біріктіріп, баудың ұзын бөлігімен кесеқаптың екінші бүйіріндегі құлақшаларын қосып байлайды.
- ҚР ҰМ қорында сақталған кесеқаптың келесі түрі бір-бірімен айқастырылған шиден жасалған. Олар екі жалпақ құрсаулар арқылы бекітілген. Бетінде айқас орналасқан, екі жағы дөңестеліп бітетін тақтайшалардан тұратын ши қақпағы бар. Олардың түйіскен жеріне металл дөңгелек қойып, дәл орта тұсынан металл шегемен бекітілген. Тақтайшалардың беті ромб тәрізді өрнекпен көмкерілген. Кесеқаптың қақпағын жауып, бекітіп байлайтын былғары бауы бар. Былғары бау қақпақтың бір жағындағы тесігіне көктеп өткізілген. Қақпағының екінші жағындағы тесігі арқылы былғары баудың екінші басы байланады.
- Киізден жасалған кесеқаптың түбі ағаштан цилиндр тәрізді ойылған. Ішкі жағы киізден астарланып, сырты қызыл қоңыр түсті қалың жүннен тоқылған матамен қапталған. Оның сыртынан ақ киізден қошқар мүйіз оюы сырылып, қара түсті сәндік шегелермен бекітілген. Кесеқаптың қақпағы да ағаштан жасалып, дәл солай қапталған. Қақпағының сыртынан дәл ортасына сәндік ретінде қара түсті шеге қағылған. Кесеқаптың мойын тұсына өріліп жасалған тұтқа орнатылған. Сонымен бірге осы мойын тұсының екі жағынан шашақты бау тағылған. Бау бойымен шашақтың жоғарғы жағына екі-екіден моншақтар өткізілген. Ұзындығы 38 см, ал диаметрі 16 см. Мұндай кесеқапқа бір-біріне кигізіп, он шақты кесе салып қоюға болады.
Кесеқаптарды теріден жасағанда байырғы шеберлер төрт немесе бес қиықтан пішіп, құрап тігетін. Оның бетін күміс сымдармен зерлеп, асыл тастан көз орнатып, күміс шытыралармен безендірген.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Шоқпарұлы Д. Теріден жасалатын бұйымдарды құрастыру технологиясы. Алматы: Кітап, 2005;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматыкітап, 2007. 107-109 бб.;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kesekap koshi konda shyny kysh kәrlen keseler synbas үshin salynatyn agashtan teriden kiizden zhasalatyn kap ydys Kesekap Nursan Әlimbajdyn materialynan Қoldanysta pajda boluyKesekaptar erterekte pajda bolyp HVIII gasyrda kazak arasyna Қytajdyn farfor ydystary keninen taraj bastaganda atalmysh ydysty syndyrmaj alyp zhүru kazhettiliginen molaya tүsken Adolf Yanushkevich kazak dalasyna zher audarylyp el aralaganda zhazgan kүndeliginde 1846 zhyly kazaktar kymyzdy Қytaj ydysyna kujyp bergendigin keltirui osynyn dәleli bolsa kerek Halyk arasynda kesekap tәrkeshkap tәrkesh terkesh kalmakbas dep tүrlishe atalgan Mundaj ydysty ozbekter terkesh tүrikmender serkesh karakalpaktar shynykap kyrgyzdar pialakap dep atagan Қalmakbas dep ataluynyn sebebi kesekap teriden tigilip arnauly kalyptan shykkan son zharty shar tәrizdi dop domalak kүjge enedi Tobesindegi karkarasy kajys shashagy shashyn tykyrlap kyryp tobesine ajdar kaldyryp kojgan baska uksajdy Kesekaptardyn synar emshek kos emshek үsh emshek degen de tүrleri bar Tүrleri zhәne zhasaluyTeri kesekap ҚR ҰM korynan Bylgary kesekapAgash kesekap ҚR ҰM korynan Shiden zhasalgan kesekap ҚR ҰM korynan Kiiz kesekap ҚR ҰM korynan Kesekapty kazaktar men Orta Aziya sheberleri agashtan shiden tobylgydan iip tokyp sonymen birge teriden konnen tigip zhasagan Ajtalyk kesekapty teriden zhasaganda iri karanyn zhana sojylgan terisin zhibitip tүgin ustaramen kyrady Terini zharty agashtan zhasalgan shar tәrizdi kalypka kerip zhajyp kalyptyn syrtyna birkelki etip kalyndygy 4 5 mm mүm zhagady Ogan ortasynda algashky kalyptyn diametrinen 7 8 mm kenirek ojygy bar ekinshi kalypty kiigizip burap kysady Teri tobarsygannan kejin sүmsuirmen terinin betine batyra bederlep ornek salady Teri kalypta turyp әbden kepken son kalypty shygarganda shiki teri katajyp konge ajnalyp bastapky kalpyn saktap kalady Kon katsa kalybyna tartady degen soz osydan shyksa kerek Қalyptan shykkan terini ystap majlajdy Ogan kajystan shashak tagyp kesekapka agash kakpak bekitedi Қakpaktyn teriden kiizden kajynnyn tozynan zhasalatyn kalpakty kubyr tәrizdi tүrleri de bolady Kesekaptyn agashtan zhasalgan tүri ҚR ҰM korynan eki bolikten turady Tomengi boligi dongelek tegis al үstingi boligi kiiz үjdin shanyragy tәrizdi dones Syrtky betine үshburysh zhәne tortburysh tүrinde tumarsha oyuy ojmyshtalgan Eki boliginin eki bүjirinde bir birine sәjkes keletin eki kulakshasy bar Bir bүjirindegi tesigi bar eki kulakshadan bas zhagy tүjindelgen uzyn bylgary bau otkiziledi Keselerdi kesekapka salgan son үstingi boligi men astyngy boligin biriktirip baudyn uzyn boligimen kesekaptyn ekinshi bүjirindegi kulakshalaryn kosyp bajlajdy ҚR ҰM korynda saktalgan kesekaptyn kelesi tүri bir birimen ajkastyrylgan shiden zhasalgan Olar eki zhalpak kursaular arkyly bekitilgen Betinde ajkas ornalaskan eki zhagy donestelip bitetin taktajshalardan turatyn shi kakpagy bar Olardyn tүjisken zherine metall dongelek kojyp dәl orta tusynan metall shegemen bekitilgen Taktajshalardyn beti romb tәrizdi ornekpen komkerilgen Kesekaptyn kakpagyn zhauyp bekitip bajlajtyn bylgary bauy bar Bylgary bau kakpaktyn bir zhagyndagy tesigine koktep otkizilgen Қakpagynyn ekinshi zhagyndagy tesigi arkyly bylgary baudyn ekinshi basy bajlanady Kiizden zhasalgan kesekaptyn tүbi agashtan cilindr tәrizdi ojylgan Ishki zhagy kiizden astarlanyp syrty kyzyl konyr tүsti kalyn zhүnnen tokylgan matamen kaptalgan Onyn syrtynan ak kiizden koshkar mүjiz oyuy syrylyp kara tүsti sәndik shegelermen bekitilgen Kesekaptyn kakpagy da agashtan zhasalyp dәl solaj kaptalgan Қakpagynyn syrtynan dәl ortasyna sәndik retinde kara tүsti shege kagylgan Kesekaptyn mojyn tusyna orilip zhasalgan tutka ornatylgan Sonymen birge osy mojyn tusynyn eki zhagynan shashakty bau tagylgan Bau bojymen shashaktyn zhogargy zhagyna eki ekiden monshaktar otkizilgen Ұzyndygy 38 sm al diametri 16 sm Mundaj kesekapka bir birine kigizip on shakty kese salyp koyuga bolady Kesekaptardy teriden zhasaganda bajyrgy sheberler tort nemese bes kiyktan piship kurap tigetin Onyn betin kүmis symdarmen zerlep asyl tastan koz ornatyp kүmis shytyralarmen bezendirgen DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterShokparuly D Teriden zhasalatyn bujymdardy kurastyru tehnologiyasy Almaty Kitap 2005 Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almatykitap 2007 107 109 bb ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan