К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры – Қарағанды облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші, мәдени-сахналық ұжым.
К.С. Станиславский атындағы Қарағанды облыстық орыс драма театры | |
---|---|
Орналасуы | Қарағанды |
Негізделгені | 1930 |
Директоры | Дунай Еспаев |
Тарихы
Театрдың тарихы 1930 жылдардан басталады. Сол кезде Семей қаласында үгіт-насихат бригадасының негізінде "Живая газета" деп аталатын мәдени-бұқаралық жылжымалы әуесқой театры ұйымдастырылған еді. 1932 жылы оны Түріксіб пойызының құрамына қосылған үгіт-насихат вагонына орналастырып, жылжымалы театрға айналдырды. Театрдың тұңғыш директоры әрі көркемдік жетекшісі, әрі театр драматургі кейін Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болған В. Портнов еді. Үш вагонның біреуінде тұрып, қалған екеуінде репитиция жасаған ұжым оның скетчтері мен пъесаларын қойды, кейіннен кеңес драматургтерінің, батыс еуропалық классиктерінің туындыларын сахналады. 1935 жылы жылжымалы театр Қостанайға тоқтағанда оның репертуарында В. Шекспирдің, А. Островскийдің, А. Афиногенов пен өзге де авторлардың пьесалары бар еді. 1936 жылы ұжым "Қарағанды облыстық орыс драма театры" деп аталды. 1937 жылы В. Портнов театрдың көркемдік жетекшісі қызметін Ленинградтан жер аударылып келген К. Раушқа тапсырды. Ол келгеннен кейін ұжымның кәсіби деңгейі жоғарылап, репертуары едәуір кеңейді. Б. Шоу, Ж. Б. Мольер, Л. Толстой, П.О. Бомарше және тағы да басқа классиктердің еңбектері сахнаға шығарылды. 1940 жылы театр ұжымын Қарағанды қаласына ауыстырды. Труппа өзінің алғашқы мерейтойын «Гамлетпен» қарсы алды. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында театрдың 20 қызметкері өз еріктерімен майданға аттанды. Театрдың өзге мүшелерінен концерттік бригада құрылып, Балтық майданына жіберілді.
Шығармашылық ұжым
Жылдар бойғы жемісті еңбегі үшін 1963 жылы театрға К. Станиславский есімі берілді. Бұл жылдары шығармашылық ұжымға Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген әртістері, режиссерлер А. Подобед, Г. Жезмер, республика халық әртісі Р. Андриасян, М. Зильберман жетекшілік еткен болатын. 1986 жылдан 2006 жылға дейін театрдың бас режиссері қызметін ҚР еңбек сіңірген қайраткері Г. Оганесян атқарды. Театрға одан кейінгі жылдары Д. Әбілтаев басшылық етті, бүгінгі таңда – Д. Еспаев.
Қарағанды сахнасында әр жылдары Қазақ ССР-інің халық әртістері В. Караваев, А. Демидова, В. Корниенко, В. Борисов, республиканың еңбек сіңірген әртістері К. Рауш, З. Горева, Г. Подзолкин, Н. Белкин, И. Калачанов, И. Кошелев, Т.Зеленин, Т. Давыдова, В. Макуш, Д. Белов, Л. Спасский, А. Зимарева, А. Григоров еңбек етті. Театрда көптеген талантты суретшілер жұмыс істеді.
Театр жетістіктері
- Театр ұжымы үш мәрте «Театр балалар көзімен» фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
- 1979 жылы Мәскеу қаласына сапар барысында режиссер, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері Н. Воложанин қойған спектакльде пьеса авторлары - В. Розов, А. Арбузов, В. Тендряков болып, оған жоғары баға берді.
- 1981 жылы театр Халықтар достығы орденімен марапатталды.
- 2008 жылы театр ұжымы Ресейдің Омбы қаласына гастрольдік сапармен барып, табысты қайтты.
- 2010 жылы А. Дударевтің «Не покидай меня...» спектаклі үшін театр республикалық театр фестивалінің дипломын иеленді.
Галерея
Дереккөздер
- Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
Театр сайты
http://stanislavsky.kz/
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
K S Stanislavskij atyndagy Қaragandy oblystyk orys drama teatry Қaragandy oblysynyn zhergilikti manyzy bar tarih zhәne mәdeniet eskertkishteri tizimine engen sәulet oneri eskertkishi mәdeni sahnalyk uzhym K S Stanislavskij atyndagy Қaragandy oblystyk orys drama teatryOrnalasuy Қazakstan ҚaragandyNegizdelgeni 1930Direktory Dunaj EspaevTarihyTeatrdyn tarihy 1930 zhyldardan bastalady Sol kezde Semej kalasynda үgit nasihat brigadasynyn negizinde Zhivaya gazeta dep atalatyn mәdeni bukaralyk zhylzhymaly әueskoj teatry ujymdastyrylgan edi 1932 zhyly ony Tүriksib pojyzynyn kuramyna kosylgan үgit nasihat vagonyna ornalastyryp zhylzhymaly teatrga ajnaldyrdy Teatrdyn tungysh direktory әri korkemdik zhetekshisi әri teatr dramaturgi kejin Қazak SSR inin enbek sinirgen kajratkeri atagyna ie bolgan V Portnov edi Үsh vagonnyn bireuinde turyp kalgan ekeuinde repiticiya zhasagan uzhym onyn sketchteri men pesalaryn kojdy kejinnen kenes dramaturgterinin batys europalyk klassikterinin tuyndylaryn sahnalady 1935 zhyly zhylzhymaly teatr Қostanajga toktaganda onyn repertuarynda V Shekspirdin A Ostrovskijdin A Afinogenov pen ozge de avtorlardyn pesalary bar edi 1936 zhyly uzhym Қaragandy oblystyk orys drama teatry dep ataldy 1937 zhyly V Portnov teatrdyn korkemdik zhetekshisi kyzmetin Leningradtan zher audarylyp kelgen K Raushka tapsyrdy Ol kelgennen kejin uzhymnyn kәsibi dengeji zhogarylap repertuary edәuir kenejdi B Shou Zh B Moler L Tolstoj P O Bomarshe zhәne tagy da baska klassikterdin enbekteri sahnaga shygaryldy 1940 zhyly teatr uzhymyn Қaragandy kalasyna auystyrdy Truppa ozinin algashky merejtojyn Gamletpen karsy aldy Ұly Otan sogysynyn algashky zhyldarynda teatrdyn 20 kyzmetkeri oz erikterimen majdanga attandy Teatrdyn ozge mүshelerinen koncerttik brigada kurylyp Baltyk majdanyna zhiberildi Shygarmashylyk uzhymZhyldar bojgy zhemisti enbegi үshin 1963 zhyly teatrga K Stanislavskij esimi berildi Bul zhyldary shygarmashylyk uzhymga Қazak SSR inin enbek sinirgen әrtisteri rezhisserler A Podobed G Zhezmer respublika halyk әrtisi R Andriasyan M Zilberman zhetekshilik etken bolatyn 1986 zhyldan 2006 zhylga dejin teatrdyn bas rezhisseri kyzmetin ҚR enbek sinirgen kajratkeri G Oganesyan atkardy Teatrga odan kejingi zhyldary D Әbiltaev basshylyk etti bүgingi tanda D Espaev Қaragandy sahnasynda әr zhyldary Қazak SSR inin halyk әrtisteri V Karavaev A Demidova V Kornienko V Borisov respublikanyn enbek sinirgen әrtisteri K Raush Z Goreva G Podzolkin N Belkin I Kalachanov I Koshelev T Zelenin T Davydova V Makush D Belov L Spasskij A Zimareva A Grigorov enbek etti Teatrda koptegen talantty suretshiler zhumys istedi Teatr zhetistikteriTeatr uzhymy үsh mәrte Teatr balalar kozimen festivalinin bas zhүldesin zhenip aldy 1979 zhyly Mәskeu kalasyna sapar barysynda rezhisser ҚazKSR nyn enbek sinirgen oner kajratkeri N Volozhanin kojgan spektaklde pesa avtorlary V Rozov A Arbuzov V Tendryakov bolyp ogan zhogary baga berdi 1981 zhyly teatr Halyktar dostygy ordenimen marapattaldy 2008 zhyly teatr uzhymy Resejdin Omby kalasyna gastroldik saparmen baryp tabysty kajtty 2010 zhyly A Dudarevtin Ne pokidaj menya spektakli үshin teatr respublikalyk teatr festivalinin diplomyn ielendi GalereyaDerekkozderҚazakstannyn mәdeni oshaktary Kulturnye centry Kazahstana Fotoalbom Almaty ASA Baspa үji ZhShS 2012 288 b kazak orys tilderinde ISBN 978 601 80325 0 9Teatr sajtyhttp stanislavsky kz