Импровизация (лат. improvisus — кенеттен, тұтқиылдан), суырып салмалық – көркем туындыны орындау кезінде өнерпаздың аяқ астынан туындыға өз жанынан жаңалық қосып, оны орындауды жалғастырып әкетуі.
Импровизация поэзияда, музыкада, театрда, биде, т.б. кездеседі. Кәсіби өнердегі импровизацияның тууы, негізінен, халық шығармашылығымен тығыз байланысты. Ежелден-ақ көптеген халықтарда импровизацияның айрықша белгілерін көрсететін суырып салмашылар болған. Қазақ халқының ақын-жыраулары, шешендері, күйшілері, әншілері импровизацияның озық үлгісін көрсеткен. Ежелгі Грекияда аэдаларда, Батыс Еуропаның жонглерлері мен шпильмандарында, орыстың скоморохтары мен аңызшыларында, украиндардың кобзарьлары мен кавказдықтардың ашугтарында, қырғыз бен қарақалпақтың ақындары мен әнші-күйшілерінде де импровизация дәстүрге айналған.
Өзге қарағанда, импровизация қазақтарда жалпыұлттық сипат алған. – ақын немесе жыршының алдын ала дайындықсыз берілген тақырыпта кенеттен жыр шығаруы. Қазақ ауыз әдебиетінің өкілдері, негізінен, суырып салмашылық өнерге шебер болған. Ежелгі дәстүр бойынша жылдам, әрі бөгетсіз өлең шығарып айта білмегенді халық ақын деп танымаған. Импровизацияның үздік үлгісі – ақындар айтысы. Шынайы импровизация өнері саналатын айтыс – сөз сайысының ерекше түрі болып табылады. Ақындық дарын өзара айтыс пен өнер жарыстарында (ойын-той, жиын-мереке) сынға түскен. Ақын халықтың тарихын, әдет-ғұрпын, салт-санасын жетік білген, өмірден түйгені мол, озық ойлы, белгілі бір тақырыпқа жыр шығарып айтқанда, сөз сайысына түскенде тапқырлығымен, білгірлігімен, қапияда сөз тапқыштығымен көзге түседі. Ал мұндай биіктен көріну үшін импровизация өнерінің қыр-сырын жетік меңгеру қажет.
Музыкалық импровизация алғашында ортағасырлық Еуропада (вокальдік діни музыка) тарады. Сол кездегі нота жазуының (невма, крюктер жазуы) шала-ғайлығынан орындаушы-әншілер музыкалық шығарманың кемшілігін иммпровизация арқылы өз жанынан толықтырып отырған. Музыканттың кәсіби дәрежесі көпке дейін суырып салмалық қасиетімен бағаланып келді. 15 ғасырдағы импровизация өнерінде даңққа ие болған француздың композмтор-органисі Ф.Ландин. 19 ғасырдың 1-жартысында импровизация көрнекті композиторлардың (Л.Бетховен, Н.Паганини, Ф.Лист, т.б.) шығармашылығында басты орын алды. Импровизация қазақ музыкасында көне заманнан белгілі. Ән мен аспаптық шығармаларды есте сақтап, жатқа орындау негізінде, халық шығармашылығының ауызекі дәстүрінде халық музыканттары импровизация дәстүрін жиі пайдаланды. Олар қалыптасқан ойға, әуен-ырғаққа сүйенді, музыканы еркін вариациялап, оны ылғи байытып, дамытып отырды. Қазақтың халық музыкасында Біржан салдың “Жанботасы”, “Ләйлім шырағы”, Ақан серінің “Құлагері”, Иса Байзақовтың сұлу сазды төкпе желдірмелері – импровизациялық туындылар. Қазіргі кезде импровизация джаз музыкасында өрістеп келеді. Композиторлық шығармашылықта импровизация музыкалық бейнелерді дамыту, сомдау үшін қолданылады. “Фантазия”, “экспромт”, “прелюдия”, “импровизация”, “вариация” сияқты кәсіби музыкалық жанрлар импровизациямен біршама байланысты. Мысалы, М.Сағатовтың виолончель мен фортепианоға арнап жазған “Импровизациясы”, Е.Рахмадиев, С.Мұхамеджанов, Н.Меңдіғалиев, М.Қойшыбаев, т.б. композиторлардың халық әндері тақырыбына жазған вариациялары.
Бидегі импровизация – ежелгі дәуірден-ақ ұлттық ойын-сауықтардың басты шартының бірі болып саналады. Шығыста би импровизациясы халық ойындарында ғана емес, кәсіби өнерде де сақталған. 20 ғасырдың 2-жартысында импровизация көпшілік билерінің басты элементтерінің біріне айналып, бал, спорт билерінде (чарлстон, , , , , , , т.б.) кең өріс алды. Театрдағы импровизация – мәтінсіз сахналық сауықтарда актердің алдын ала дайындықсыз-ақ өзі ойнайтын рөлінің сөздерін жанынан шығаруы. Халық театр шығармашылығында туған импровизация Ежелгі Шығыс (қазіргі театрларда да кездеседі), көне, ортағасырлық, қайта өркендеу дәуіріндегі театрларда да бой көрсетті. Импровизация Италияның дель арте комедиясы (16 – 18 ғасырлар) мен француз фарстарында (15 – 16 ғасырлар) өзінің шырқау биігіне көтерілді.
20 ғасырда өнерде импровизация қайта туды. Ол алдымен К.С. Станиславскийдің, одан кейін Мәскеу көркем академиялық театрының 1-студиясында тәлім-тәрбие алған, дарынды актер М.А. Чеховтың шығармашылығында жаңа, терең мазмұнға ие болды. 1919 – 38 ж. Мәскеуде “Семперанте” атты импровизациялық театр жұмыс істеді. Импровизация өнері театр педагогикасының негізгі бір саласына жатады. Қазақтың сахна шеберлері Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбековтың театрдағы алғашқы сахналық ойындары, Ш.Жиенқұлованың билері импровизацияға байлығымен әлемдік және отандық сахна өнері тарихында қалды.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Improvizaciya lat improvisus kenetten tutkiyldan suyryp salmalyk korkem tuyndyny oryndau kezinde onerpazdyn ayak astynan tuyndyga oz zhanynan zhanalyk kosyp ony oryndaudy zhalgastyryp әketui Improvizaciya poeziyada muzykada teatrda bide t b kezdesedi Kәsibi onerdegi improvizaciyanyn tuuy negizinen halyk shygarmashylygymen tygyz bajlanysty Ezhelden ak koptegen halyktarda improvizaciyanyn ajryksha belgilerin korsetetin suyryp salmashylar bolgan Қazak halkynyn akyn zhyraulary sheshenderi kүjshileri әnshileri improvizaciyanyn ozyk үlgisin korsetken Ezhelgi Grekiyada aedalarda Batys Europanyn zhonglerleri men shpilmandarynda orystyn skomorohtary men anyzshylarynda ukraindardyn kobzarlary men kavkazdyktardyn ashugtarynda kyrgyz ben karakalpaktyn akyndary men әnshi kүjshilerinde de improvizaciya dәstүrge ajnalgan Өzge karaganda improvizaciya kazaktarda zhalpyulttyk sipat algan akyn nemese zhyrshynyn aldyn ala dajyndyksyz berilgen takyrypta kenetten zhyr shygaruy Қazak auyz әdebietinin okilderi negizinen suyryp salmashylyk onerge sheber bolgan Ezhelgi dәstүr bojynsha zhyldam әri bogetsiz olen shygaryp ajta bilmegendi halyk akyn dep tanymagan Improvizaciyanyn үzdik үlgisi akyndar ajtysy Shynajy improvizaciya oneri sanalatyn ajtys soz sajysynyn erekshe tүri bolyp tabylady Akyndyk daryn ozara ajtys pen oner zharystarynda ojyn toj zhiyn mereke synga tүsken Akyn halyktyn tarihyn әdet gurpyn salt sanasyn zhetik bilgen omirden tүjgeni mol ozyk ojly belgili bir takyrypka zhyr shygaryp ajtkanda soz sajysyna tүskende tapkyrlygymen bilgirligimen kapiyada soz tapkyshtygymen kozge tүsedi Al mundaj biikten korinu үshin improvizaciya onerinin kyr syryn zhetik mengeru kazhet Muzykalyk improvizaciya algashynda ortagasyrlyk Europada vokaldik dini muzyka tarady Sol kezdegi nota zhazuynyn nevma kryukter zhazuy shala gajlygynan oryndaushy әnshiler muzykalyk shygarmanyn kemshiligin immprovizaciya arkyly oz zhanynan tolyktyryp otyrgan Muzykanttyn kәsibi dәrezhesi kopke dejin suyryp salmalyk kasietimen bagalanyp keldi 15 gasyrdagy improvizaciya onerinde dankka ie bolgan francuzdyn kompozmtor organisi F Landin 19 gasyrdyn 1 zhartysynda improvizaciya kornekti kompozitorlardyn L Bethoven N Paganini F List t b shygarmashylygynda basty oryn aldy Improvizaciya kazak muzykasynda kone zamannan belgili Әn men aspaptyk shygarmalardy este saktap zhatka oryndau negizinde halyk shygarmashylygynyn auyzeki dәstүrinde halyk muzykanttary improvizaciya dәstүrin zhii pajdalandy Olar kalyptaskan ojga әuen yrgakka sүjendi muzykany erkin variaciyalap ony ylgi bajytyp damytyp otyrdy Қazaktyn halyk muzykasynda Birzhan saldyn Zhanbotasy Lәjlim shyragy Akan serinin Қulageri Isa Bajzakovtyn sulu sazdy tokpe zheldirmeleri improvizaciyalyk tuyndylar Қazirgi kezde improvizaciya dzhaz muzykasynda oristep keledi Kompozitorlyk shygarmashylykta improvizaciya muzykalyk bejnelerdi damytu somdau үshin koldanylady Fantaziya ekspromt prelyudiya improvizaciya variaciya siyakty kәsibi muzykalyk zhanrlar improvizaciyamen birshama bajlanysty Mysaly M Sagatovtyn violonchel men fortepianoga arnap zhazgan Improvizaciyasy E Rahmadiev S Muhamedzhanov N Mendigaliev M Қojshybaev t b kompozitorlardyn halyk әnderi takyrybyna zhazgan variaciyalary Bidegi improvizaciya ezhelgi dәuirden ak ulttyk ojyn sauyktardyn basty shartynyn biri bolyp sanalady Shygysta bi improvizaciyasy halyk ojyndarynda gana emes kәsibi onerde de saktalgan 20 gasyrdyn 2 zhartysynda improvizaciya kopshilik bilerinin basty elementterinin birine ajnalyp bal sport bilerinde charlston t b ken oris aldy Teatrdagy improvizaciya mәtinsiz sahnalyk sauyktarda akterdin aldyn ala dajyndyksyz ak ozi ojnajtyn rolinin sozderin zhanynan shygaruy Halyk teatr shygarmashylygynda tugan improvizaciya Ezhelgi Shygys kazirgi teatrlarda da kezdesedi kone ortagasyrlyk kajta orkendeu dәuirindegi teatrlarda da boj korsetti Improvizaciya Italiyanyn del arte komediyasy 16 18 gasyrlar men francuz farstarynda 15 16 gasyrlar ozinin shyrkau biigine koterildi Teatrdagy improvizaciya 20 gasyrda onerde improvizaciya kajta tudy Ol aldymen K S Stanislavskijdin odan kejin Mәskeu korkem akademiyalyk teatrynyn 1 studiyasynda tәlim tәrbie algan daryndy akter M A Chehovtyn shygarmashylygynda zhana teren mazmunga ie boldy 1919 38 zh Mәskeude Semperante atty improvizaciyalyk teatr zhumys istedi Improvizaciya oneri teatr pedagogikasynyn negizgi bir salasyna zhatady Қazaktyn sahna sheberleri Қ Қuanyshbaev S Қozhamkulov E Өmirzakov Қ Zhandarbekovtyn teatrdagy algashky sahnalyk ojyndary Sh Zhienkulovanyn bileri improvizaciyaga bajlygymen әlemdik zhәne otandyk sahna oneri tarihynda kaldy DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet