Тақий әд-Дин Ахмед ибн Әбдуль-Халим ибн Әбду-ссаләм ибн Абдуллаһ ибн Әбу әл-Қасим ибн Мұхаммед ибн Таймийа, Әбу әл-Аббас (أبو العباس تقي الدين أحمد ابن عبد الحليم ابن عبد السلام ابن عبد الله ابن أبو القاسم ابن محمد ابن تيمية). «Шейх әл-Ислам» деген лақаппен танымал. 1263 жылы қаласында дүниеге келіп, 1328 Дамаск қаласында жерленген. Өз заманының атақты дін қайраткері, тәпсір, хадис және фиқһ ғылымдарын жетік меңгерген ханбали мазһабының заң маманы. Дінге жаңалық енгізудің айыптаушысы.
Ахмед ибн Әбдуль-Халим Ибн Таймийа | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми дәрежесі | Шейх әл-Ислам |
Несімен белгілі | «Маджму әл-Фатауа» пәтуалар жинағы, «Ақида әл-Уаситыя» кітабы |
Жастық шағы және білім алуы
1269 ж. моңғол шапқыншылығынан аман қалу үшін отбасымен бірге Шамға көшіп келеді. Оның әкесі Абдуль-Халим Сукарийа медресесінде сабақ бере бастады және өмірінің ақырына шейін осымен айналысты. Ибн Таймийаның ата-анасы оның білім ізденуін қолдады. Кішкентай кезінен ақ Құранды жатқа білген ол әкесінен және басқа ғұламалардан Құран тәпсірін, хадис ілімін және араб тілін оқиды. моңғол шапқыншылығынан қашқан көптеген сол кездің атақты ғұламалары пана тапқан Дамаскта өскен Ибн Таймийа білімі мол, ұшқыр ойлы болып өседі. Куәгерлердің айтуы бойынша ол он жеті жасында діни пәтуа беруге лайық болып, сол кезден бастап діни еңбектер жаза бастаған. Жасы 22-ге жеткенде әкесі қайтыс болып, оның орнына сабақ бере бастайды.
Діни көзқарастары
Ибн Таймийа өзінің еңбектерінде көптеген философтардың тұжырымдарын жоққа шығарып, Аллаһтың есімдері мен сипаттарын, діннен шығару және иман мәселелерін Құран мен Сүннетке сәйкес баяндауға шақырды. Қабірлерге зиярат жасауға, олардан пана тілеуге тиым салып, сопылық мәндегі ағымдар мен тариқаттарды айыптады. Ол ғалымдардың сөздеріне соқыр еруге қарсы шығып, олардың пікірлерін Құран мен Сүннеттен жоғары қоюға тиым салды. Аллаһтын сипаттарын жоққа шығару мен өзгертуді дінбұзарлық әрекет деп санап, Аллаһты Кұран мен Сүннетте қалай сипатталса солай сипаттады және осыған дәлел келтіріп көптеген еңбектер жазып, пәтуалар берді. Шиғалар мен олардың әр түрлі ағымдарының көзқарасын жоққа шығарып, алғашқы халифалардың билігін заңды деп мойындап, олардың артықшылықтарын атап өтті. Пайғамбардан (ғалейһиссаләм) жеткен хадистерге сүйеніп, Әли ибн Әбу Талибтің дәрежесі Әбу Бәкір мен Омар ибн әл-Хаттабтан төменірек деп, Әһлі Сүннет көзқарасын ұстанды.
Қудалануы және өмірден озуы
Ашғари пәлсапасы мен сопылықты сынға алған Ибн Таймийаны қудалауға оны жақтаған Мысыр сұлтаны кедергі болғанмен, оның билігі әлсірегеннен кейін Ибн Таймийа қамқоршыдан айырылады. 1309 ж. Мысырға барып, жергілікті діндарлармен қақтығысып қалады да, жалған айып тағылып, қазы шешімімен түрмеге қамалады. 1311 ж. түрмеден босатылып, ол сабақ беруін жалғастырады. Бұндай жағдай оның қарсыластарына ұнамаған соң, оған қайтадан айып тағылып, аз уақытқа түрмеге жабылады. Ибн Таймийа түрмеден шыққаннан кейін, билікке сопылықты жақтаған мәмлүк сұлтаны келеді. Қудалау қайта жалғасып, Ибн Таймийаның жақтастары болмаған Александрия қаласына қоныс аударылады. Бұл жағдай билікке Насыруддиннің қайта келуіне дейін, яғни жеті ай созылады. Сұлтан Ибн Таймийаның қарсыластарын жазалауға пәтуа сұрағанымен, ол оларды кешіргенін айтады. 1317 ж. Дамаскіге қайтып келіп, ұстаздық қызметін жалғастырады. Бұл жерде де қарсыластарына оның еш мәзһабқа сүйенбей пәтуа беруі ұнамай, оны 2 мәрте (1323-1324 және 1328 жылдары) түрмеге қамалып, ақыры сонда дүние салды. Оның жерлеуіне мыңдаған адам жиналды.
Шәкірттері
Ибн Таймийаның көптеген шәкірттері болды. Олардың ең танымалдары мыналар:
- Шәмсуддин ибн әл-Қаийм әл-Джәузия
- Исмаил ибн Омар ибн Кәсир
- Зайнуддин Омар, есімімен танымал
Кітаптары
Ибн Таймийаның мыңға жуық шығармасы бар.
- Уасит ақидасы (Әл-ақида әл-Уаситийа араб.: العقيدة الولسطية)
- Хама пәтуалары (Фатуа әл-Хамауийа араб.: فتوى الحموية)
- Пәтуалар жинағы (Маджмуғ әл-Фатауа араб.: مجموع الفتاوى)
- Тәпсір негіздеріне кіріспе (Муқаддима фи усуль әт-тафсир араб.: مقدمة في أصول التفسير)
- Сүннет жолы (Минһадж әс-сунна араб.: منهاج السنة)
- Аллаһтың әулиелері мен шайтанның әулиелерін айыру (Әл-фурқан бәйна аулия Аллаһ уа аулия аш-Шайтан араб.: الفرقان بين أولياء الله و أولياء الشيطان)
- Тадмурийа жолдауы (Рисала ат-Тадмурия араб.: الرسالة التدمرية)
Дереккөздер
- "Рисаля фи радд аля Ибн Араби (Ибн Арабиге қарсы жолдау)", Тақий әд-Дин Ибн Таймийа
- "Әл-джауаб аль-баһир фи зууар аль-мақабир (Қабірлерді зиярат қылушыларға әдемі жауап)", Тақий әд-Дин ибн Таймийа
- "Маджму әл-фатауа", 5-ші том, "Аллаһтың аспанда екені туралы таласқан екі адам туралы сұрақ"
- "Рисаля фи фадль хулафа ар-рашидин (Тура жолды ұстанған халифалардың артықшылы туралы жолдау)", Тақий әд-Дин Ибн Таймийа
- «Әд-дәлил әр-рашид илә мутун әл-ақида уәт-таухид» — «Манзума әл-ләмия», Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа; 2007, «Дәр әл-истиқама» баспа үйі, Египет Араб Республикасы
- «Исламский энциклопедический словарь» А. Али-заде, Ансар, 2007 г.
- "Тазкират әл-хуффаз" хафиз әз-Заһаби, 21-ші тізім
Сілтемелер
- Уикитекадағы Ибн Таймийаның араб тіліндегі шығармалары
- www.ibntaymiyyah.com - Ибн Таймийаға арналған ағылшан тіліндегі сайт
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Takij әd Din Ahmed ibn Әbdul Halim ibn Әbdu ssalәm ibn Abdullaһ ibn Әbu әl Қasim ibn Muhammed ibn Tajmija Әbu әl Abbas أبو العباس تقي الدين أحمد ابن عبد الحليم ابن عبد السلام ابن عبد الله ابن أبو القاسم ابن محمد ابن تيمية Shejh әl Islam degen lakappen tanymal 1263 zhyly kalasynda dүniege kelip 1328 Damask kalasynda zherlengen Өz zamanynyn atakty din kajratkeri tәpsir hadis zhәne fikһ gylymdaryn zhetik mengergen hanbali mazһabynyn zan mamany Dinge zhanalyk engizudin ajyptaushysy Ahmed ibn Әbdul Halim Ibn TajmijaTugan kүni1263 1263 Tugan zheriҚajtys bolgan kүni1328 1328 Қajtys bolgan zheriDamaskҒylymi ayasySharigat fikһ hadis tәpsirҒylymi dәrezhesiShejh әl IslamNesimen belgili Madzhmu әl Fataua pәtualar zhinagy Akida әl Uasityya kitabyZhastyk shagy zhәne bilim aluy1269 zh mongol shapkynshylygynan aman kalu үshin otbasymen birge Shamga koship keledi Onyn әkesi Abdul Halim Sukarija medresesinde sabak bere bastady zhәne omirinin akyryna shejin osymen ajnalysty Ibn Tajmijanyn ata anasy onyn bilim izdenuin koldady Kishkentaj kezinen ak Қurandy zhatka bilgen ol әkesinen zhәne baska gulamalardan Қuran tәpsirin hadis ilimin zhәne arab tilin okidy mongol shapkynshylygynan kashkan koptegen sol kezdin atakty gulamalary pana tapkan Damaskta osken Ibn Tajmija bilimi mol ushkyr ojly bolyp osedi Kuәgerlerdin ajtuy bojynsha ol on zheti zhasynda dini pәtua beruge lajyk bolyp sol kezden bastap dini enbekter zhaza bastagan Zhasy 22 ge zhetkende әkesi kajtys bolyp onyn ornyna sabak bere bastajdy Dini kozkarastaryIbn Tajmija ozinin enbekterinde koptegen filosoftardyn tuzhyrymdaryn zhokka shygaryp Allaһtyn esimderi men sipattaryn dinnen shygaru zhәne iman mәselelerin Қuran men Sүnnetke sәjkes bayandauga shakyrdy Қabirlerge ziyarat zhasauga olardan pana tileuge tiym salyp sopylyk mәndegi agymdar men tarikattardy ajyptady Ol galymdardyn sozderine sokyr eruge karsy shygyp olardyn pikirlerin Қuran men Sүnnetten zhogary koyuga tiym saldy Allaһtyn sipattaryn zhokka shygaru men ozgertudi dinbuzarlyk әreket dep sanap Allaһty Kuran men Sүnnette kalaj sipattalsa solaj sipattady zhәne osygan dәlel keltirip koptegen enbekter zhazyp pәtualar berdi Shigalar men olardyn әr tүrli agymdarynyn kozkarasyn zhokka shygaryp algashky halifalardyn biligin zandy dep mojyndap olardyn artykshylyktaryn atap otti Pajgambardan galejһissalәm zhetken hadisterge sүjenip Әli ibn Әbu Talibtin dәrezhesi Әbu Bәkir men Omar ibn әl Hattabtan tomenirek dep Әһli Sүnnet kozkarasyn ustandy Қudalanuy zhәne omirden ozuyAshgari pәlsapasy men sopylykty synga algan Ibn Tajmijany kudalauga ony zhaktagan Mysyr sultany kedergi bolganmen onyn biligi әlsiregennen kejin Ibn Tajmija kamkorshydan ajyrylady 1309 zh Mysyrga baryp zhergilikti dindarlarmen kaktygysyp kalady da zhalgan ajyp tagylyp kazy sheshimimen tүrmege kamalady 1311 zh tүrmeden bosatylyp ol sabak beruin zhalgastyrady Bundaj zhagdaj onyn karsylastaryna unamagan son ogan kajtadan ajyp tagylyp az uakytka tүrmege zhabylady Ibn Tajmija tүrmeden shykkannan kejin bilikke sopylykty zhaktagan mәmlүk sultany keledi Қudalau kajta zhalgasyp Ibn Tajmijanyn zhaktastary bolmagan Aleksandriya kalasyna konys audarylady Bul zhagdaj bilikke Nasyruddinnin kajta keluine dejin yagni zheti aj sozylady Sultan Ibn Tajmijanyn karsylastaryn zhazalauga pәtua suraganymen ol olardy keshirgenin ajtady 1317 zh Damaskige kajtyp kelip ustazdyk kyzmetin zhalgastyrady Bul zherde de karsylastaryna onyn esh mәzһabka sүjenbej pәtua berui unamaj ony 2 mәrte 1323 1324 zhәne 1328 zhyldary tүrmege kamalyp akyry sonda dүnie saldy Onyn zherleuine myndagan adam zhinaldy ShәkirtteriIbn Tajmijanyn koptegen shәkirtteri boldy Olardyn en tanymaldary mynalar Shәmsuddin ibn әl Қaijm әl Dzhәuziya Ismail ibn Omar ibn Kәsir Zajnuddin Omar esimimen tanymalKitaptaryIbn Tajmijanyn mynga zhuyk shygarmasy bar Uasit akidasy Әl akida әl Uasitija arab العقيدة الولسطية Hama pәtualary Fatua әl Hamauija arab فتوى الحموية Pәtualar zhinagy Madzhmug әl Fataua arab مجموع الفتاوى Tәpsir negizderine kirispe Mukaddima fi usul әt tafsir arab مقدمة في أصول التفسير Sүnnet zholy Minһadzh әs sunna arab منهاج السنة Allaһtyn әulieleri men shajtannyn әulielerin ajyru Әl furkan bәjna auliya Allaһ ua auliya ash Shajtan arab الفرقان بين أولياء الله و أولياء الشيطان Tadmurija zholdauy Risala at Tadmuriya arab الرسالة التدمرية Derekkozder Risalya fi radd alya Ibn Arabi Ibn Arabige karsy zholdau Takij әd Din Ibn Tajmija Әl dzhauab al baһir fi zuuar al makabir Қabirlerdi ziyarat kylushylarga әdemi zhauap Takij әd Din ibn Tajmija Madzhmu әl fataua 5 shi tom Allaһtyn aspanda ekeni turaly talaskan eki adam turaly surak Risalya fi fadl hulafa ar rashidin Tura zholdy ustangan halifalardyn artykshyly turaly zholdau Takij әd Din Ibn Tajmija Әd dәlil әr rashid ilә mutun әl akida uәt tauhid Manzuma әl lәmiya Shejh әl Islam Ibn Tajmija 2007 Dәr әl istikama baspa үji Egipet Arab Respublikasy Islamskij enciklopedicheskij slovar A Ali zade Ansar 2007 g Tazkirat әl huffaz hafiz әz Zaһabi 21 shi tizimSiltemelerUikitekadagy Ibn Tajmijanyn arab tilindegi shygarmalary www ibntaymiyyah com Ibn Tajmijaga arnalgan agylshan tilindegi sajt Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz