Жұпар (лат. muscus – ұма, ен, жұмыртқа) – кейбір өсімдік түрлерінен және жануарлардың (жылан, тасбақа, қолтырауын, жұпартышқан, құдыр, құндыз, ондатра, т.б.) арнайы жұпар бездерінен алынатын хош иісті зат. Жануарлардың Жұпар бездері, көбінесе, аталықтарында, ал жұпартышқанның аналығында да болады. Жұпар бездері түрі өзгерген тері бездеріне жатады, ол жануарлардың құрсақ жағында, құйрығының маңына немесе аталық бездерінің жанында орналасады. Жұпар бездерінен қоймалжың қоңырқай түсті, жағымды хош иісі бар ерекше сұйық зат бөлінеді. Жануарлардың осы Жұпар бездерінен бөлінетін сұйық затты “жұпар”, кейде оның хош иісіне сәйкес “аңқыма” деп те атайды. Жануарлар Жұпар бездерінен бөлінетін жұпар арқылы өздері мекендейтін жерлердің шекарасын белгілейді, өз жұптарын іздеп таба алады, түктерін майлайды. Жұпардың құрамында белок, май, холестерин және неше түрлі тұздар бар. Оның хош иісі ұзақ уақыт сақталады. Жұпар туралы жазба деректер Махмұт Қашқаридің, Әбу Райхан әл-Бирунидің, Жүсіп Баласағұнның, т.б. еңбектерінде кездеседі. Дәстүрлі қазақ қоғамында жануарлардың жұпар бездерін алып, кептіріп, сандықта сақтаған және оның кепкен кесіндісін арнайы шүберекке орап, қыз-келіншектер тұмар етіп тағатын болған. Сондай-ақ, құндыздың жұпар безінен алынатын хош иісті сұйық затты халық арасында “құндыз қайыр” деп те атайды. Ол өте қымбат бағаланатын болғандықтан қазір де әтірлерге, сабындарға, сусабындарға хош иісті болуы үшін және олардың иісінің ұзақ сақталуы үшін қосылады.
Сілтеме
- Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhupar lat muscus uma en zhumyrtka kejbir osimdik tүrlerinen zhәne zhanuarlardyn zhylan tasbaka koltyrauyn zhupartyshkan kudyr kundyz ondatra t b arnajy zhupar bezderinen alynatyn hosh iisti zat Zhanuarlardyn Zhupar bezderi kobinese atalyktarynda al zhupartyshkannyn analygynda da bolady Zhupar bezderi tүri ozgergen teri bezderine zhatady ol zhanuarlardyn kursak zhagynda kujrygynyn manyna nemese atalyk bezderinin zhanynda ornalasady Zhupar bezderinen kojmalzhyn konyrkaj tүsti zhagymdy hosh iisi bar erekshe sujyk zat bolinedi Zhanuarlardyn osy Zhupar bezderinen bolinetin sujyk zatty zhupar kejde onyn hosh iisine sәjkes ankyma dep te atajdy Zhanuarlar Zhupar bezderinen bolinetin zhupar arkyly ozderi mekendejtin zherlerdin shekarasyn belgilejdi oz zhuptaryn izdep taba alady tүkterin majlajdy Zhupardyn kuramynda belok maj holesterin zhәne neshe tүrli tuzdar bar Onyn hosh iisi uzak uakyt saktalady Zhupar turaly zhazba derekter Mahmut Қashkaridin Әbu Rajhan әl Birunidin Zhүsip Balasagunnyn t b enbekterinde kezdesedi Dәstүrli kazak kogamynda zhanuarlardyn zhupar bezderin alyp keptirip sandykta saktagan zhәne onyn kepken kesindisin arnajy shүberekke orap kyz kelinshekter tumar etip tagatyn bolgan Sondaj ak kundyzdyn zhupar bezinen alynatyn hosh iisti sujyk zatty halyk arasynda kundyz kajyr dep te atajdy Ol ote kymbat bagalanatyn bolgandyktan kazir de әtirlerge sabyndarga susabyndarga hosh iisti boluy үshin zhәne olardyn iisinin uzak saktaluy үshin kosylady ZhuparSiltemeҚazak enciklopediyasy 4 tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet