Жүніс бай Мешіті, Юнус бай мешіті – архитектуралық ескерткіш. Тараз қаласында 1904–1906 жылдары жергілікті азамат Жүніс байдың () қаражатына шебер Сейдулла Қожаның басшылығымен салынған.
1982 жылы Жүніс бай мешітін “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкерлері зерттеді. Мешіттің үш қабырғасы күйдірілген кірпіштен қаланып, шығыс қабырғасы ағаштан тұрғызылған. Ғимараттың төбесі уық ағашпен жабылып, ағаш тұғырларға орнатылған белдемелер арқылы бекітілген. Ішкі қабырғасы мен төбесі табиғи бояуларды қолдану арқылы өсімдік тектес және қима өрнекті суреттермен көмкерілген. Алғашқы нұсқасында мешіттің жалпы аумағы 27*12 шаршы метр болған. Осы көлемдегі ғимараттың төбе жаппасын 18 ағаш тұғыр ұстап тұр. Михрабы батыс қабырғаға орналасқан. Мешіттің ішкі бөлігі ағашқа ойылған ойма ою-өрнектермен әшекейленген.
1974 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
1998 – 1999 жылдары сәулетші жобасымен жүргізілген қайта жөндеу кезінде кеңейтіліп, қосымша тұғырлар орнатылды. Аулаға жаңа үлгідегі табан тастар төселіп, есіктер қойылған. Кіре беріс қақпа аркамен көмкеріліп, екі биік тұғыр-мұнарамен жалғастырылды. Жаңадан қосылған намазхана аумағы 9*26 шаршы метр Мешіт қазір “Әулие Ата мешіті” деп аталады. Ол Тараз қаласындағы үлкен діни-рухани орталық болып саналады.
Дереккөздер
- Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-322-1
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhүnis baj Meshiti Yunus baj meshiti arhitekturalyk eskertkish Taraz kalasynda 1904 1906 zhyldary zhergilikti azamat Zhүnis bajdyn karazhatyna sheber Sejdulla Қozhanyn basshylygymen salyngan 1982 zhyly Zhүnis baj meshitin Ezhelgi Taraz eskertkishteri memlekettik koryk murazhajynyn gylymi kyzmetkerleri zerttedi Meshittin үsh kabyrgasy kүjdirilgen kirpishten kalanyp shygys kabyrgasy agashtan turgyzylgan Ғimarattyn tobesi uyk agashpen zhabylyp agash tugyrlarga ornatylgan beldemeler arkyly bekitilgen Ishki kabyrgasy men tobesi tabigi boyaulardy koldanu arkyly osimdik tektes zhәne kima ornekti surettermen komkerilgen Algashky nuskasynda meshittin zhalpy aumagy 27 12 sharshy metr bolgan Osy kolemdegi gimarattyn tobe zhappasyn 18 agash tugyr ustap tur Mihraby batys kabyrgaga ornalaskan Meshittin ishki boligi agashka ojylgan ojma oyu ornektermen әshekejlengen 1974 zhyly zhondeu zhumystary zhүrgizilgen 1998 1999 zhyldary sәuletshi zhobasymen zhүrgizilgen kajta zhondeu kezinde kenejtilip kosymsha tugyrlar ornatyldy Aulaga zhana үlgidegi taban tastar toselip esikter kojylgan Kire beris kakpa arkamen komkerilip eki biik tugyr munaramen zhalgastyryldy Zhanadan kosylgan namazhana aumagy 9 26 sharshy metr Meshit kazir Әulie Ata meshiti dep atalady Ol Taraz kalasyndagy үlken dini ruhani ortalyk bolyp sanalady DerekkozderIslam Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 ISBN 9965 26 322 1 Bul Islam turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz