Жыл мезгілдері– аспан сферасы (эклиптика) бойымен қозғалатын Күннің көрінерлік қозғалысына және табиғаттағы маусым өзгерістеріне байланысты жылдың кезеңдерге бөлінуі.
Ежелгі дәуірде адамдар жылды әр түрлі бөліктерге бөлген. Үнді мұхитының аралдарындағы тайпалар соғуына қарай, жылды екі мезгілге бөлген. Олардың жерінде муссон 180 – 185 күн оңтүстік-батысқа қарай, содан кейін 180 – 185 күн солтүстік-шығысқа қарай соғады. Орталық Африка тайпалары өз жерлерінде ауа райының нөсер жауынды, қапырық ыстық және жайдары құрғақ болуына қарай жылды үш мезгілге бөлген. Осы күнгі халықтардың көпшілігі жылды жазғытұры (көктем), жаз, күз, қыс деп төрт мезгілге бөледі. Бұлай бөлуге тиянақты астрономиялық негіз бар. Жердің орбитасы, яғни оның Күнді айналып жүретін жылдық жолының түрі эллипс түрінде болады. Жер эллипстің доғасын бойлап, орбита бойынша Күнді айналумен бірге өз осінен де айналып тұрады. Ол өз осінен бір рет айналып шыққанда бір тәулік уақыт өтеді. Жердің «күнгейі» немесе «теріскейі» жоқ, осьтен айналу салдарынан оның бетіндегі нүктелер, мысалы, қалалар тиісті ретімен Күн жаққа ауысып отырады. Жердің жарық түскен жарты бетінде күндіз, көлеңкеде қалған жарты бетінде түн болады. Жердің осі – ойша болжанатын геометриялық түзу сызық. Бұл ось Жердің полюстерінен өтіп, оның Күнді айналу орбитасы жазықтығында жуық түрде 66°33` бұрыш жасайды. Осьтің бағыты өзгермейді деуге болады (мардымсыз аз өзгерісі есепке алынбайды). Егер Жердің осі оның Күнді айналу орбитасы жазықтығына перпендикуляр болса, Күн сәулелері Жер бетінің әрбір нүктесіне бүкіл жыл бойы біркелкі түсіп, оны үнемі біркелкі жылытып отырар еді, яғни Жыл мезгілдері ауыспас еді. Күн мен түн де ұзарып-қысқарып отырмай, өзара тең 12 сағаттан болар еді. Жер әрі Күнді, әрі өз осінен айналып жүретіндіктен және осінің бағыты өзгермейтіндіктен, орбитаның АВС доғасында оның оңтүстік полюсі () көлеңкеде қалады да, солтүстік полюсіне () жарық түсіп тұрады, ал CDA доғасында – солтүстік полюсі көлеңкеде қалады да, оңтүстік полюсіне жарық түсіп тұрады. Сондықтан полюстерде жарты жыл түн – қараңғылық болады да, жарты жыл күндіз – жарық болады. Солтүстік полюстің түні қыркүйектен наурызға дейін созылады. Жер экваторындағы нүктелер ұзақ уақыт көлеңкеде қала алмайды, олар ретімен жарты тәулік Күн жаққа шығып, жарты тәулік көлеңке жақта болады. Экватор мен аралығындағы жарты шарларда күн мен түн бірде қысқарып, бірде ұзарып отырады. Бұл жарты шарларда күн мен түн жылына екі-ақ рет A және C нүктелерінде теңеледі. 21 наурыз – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда жазғытұры (Оңтүстік жарты шарда – күзгі) теңелу күні. 23 қыркүйек – күн мен түннің Солтүстік жарты шарда күзгі (Оңтүстік жарты шарда – жазғытұры) теңелу күні. B және D нүктелерінде күн тоқырайды. Солтүстік жарты шар үшін 22 маусым – жазғы тоқырау күні, 22 желтоқсан – қысқы тоқырау күні. Астрономиялық тұрғыдан алғанда, орбитаның АВ бөлігі жазғытұрымға, яғни көктемге (20 – 21.3 – 21 – 22.6), ВС – жазға (21 – 22.6 – 23.9), СD – күзге (24.9 – 21 – 22.12). DA – қысқа (21 – 22.12 – 20 – 21.3) сәйкес келеді. Оңтүстік жарты шарда Жыл мезгілдері бұған кері, яғни АВ күзге, BC қысқа, CD – жазғытұрымға, DA жазға сәйкес болады. Астрономиялық Жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес: көктем 92,8 күн, жаз 93,6 күн, күз 89,8 күн, қыс 89 (кібісе жылдары 90) күн. Жылдың бірінші жартысы 186, екінші жартысы 179 (180) күн. Демек, Жер орбитаның АВС бөлігінде шапшаң, CDA бөлігінде баяу қозғалады. Оның орбитадағы орташа жылдамдығы сағатына 108 мың км. Күнделікті тұрмыста наурыз, сәуір, мамыр – жазғытұры айлар, маусым, шілде, тамыз – жаз айлары; қыркүйек, қазан, қараша – күз айлары; желтоқсан, қаңтар, ақпан – қыс айлары болып есептеледі.
«Жыл мезгілдері» Абай жыл мезгілдеріне байланысты табиғат көріністерін суреттеуді дербес жанр етіп калыптастырды. Жылдың төрт мезгілін көркем бейнелейтін «Жазғытұры», «Жаз», «Күз». «Қыс» тағы басқа өлеңдеріңде табиғат суреттері өздерінің бар бояуымен, ақиқат қалпыңда, жаңды күйіңде көрінеді. Ақын табиғат көрінісін сол көздегі қазақ өмірінің тұрмыс тіршілігімен байланыстыра қарастырады.
«Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі»,
деп басталатын «Жазғытұры» өлеңінде көктемнің жайма-шуақ, жылы лебі есілгендей сезіледі. Өлеңнен мал баққан қазақ аулы тіршілігінің әр алуан көрінісі орын алған. Қазақ халқында жыл басы - наурыз айының «Ұлыстың Ұлы күнінен» басталатыны белгілі. Ақын жазғытұры деп, көктемнің осы кезеңін айтып отыр. «Жаз» өлеңінде адам мен табиғат туралы тақырып өзара ұластырыла, тұтас күйде алынған. Жазғы жайлауға көшіп қонған ауылдың бейнесі табиғаттың ғажайып бояуларымен ұштастырыла суреттелген. Жыл мезгілдерінің жадау да жабырқау, қайыршыдай жұтаң бір кезін суреттеуден басталатын «Күзде» ақын ескі ауыл тіршілігін, кедейлердің сол күз күніндей күйзелген, тоналған тұрмысын бейнелейді.
«Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.
Қайыршы шал-кемпірдей тұсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай»
-
деп, табиғаттың реңсіздігін қайыршы шал-кемпірге теңейді. Ақын қыс мезгіліне портреттік сипаттама бере, мінездей келіп, оны жанды адам бейнесінде суреттейді:
«Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды».
Ақын табиғат суреттерін адамның әр алуан көңіл күйлері, сыр-сезімдерімен ұштастыра жырлайды. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ауылдың жанында гүрілдеп аққан өзен, сәулесі суда дірілдеген жарық ай, жапырақтары сыбдырлай, сыр шерткен тәрізді қалың ағаштар, тау жаңғыртқан ән, манаураған желсіз түн аясында кездесіп, тіл қатпай, үнсіз ұғынысқан екі жас ғажайып сырлы бояумен әсем бейнеленген. Абай жыл мезгілдері жайындағы өлеңдерінде табиғат суреттері арқылы әлеуметтік өмір шындығын терең ашқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhyl mezgilderi aspan sferasy ekliptika bojymen kozgalatyn Kүnnin korinerlik kozgalysyna zhәne tabigattagy mausym ozgeristerine bajlanysty zhyldyn kezenderge bolinui KoktemZhazKүzҚys Ezhelgi dәuirde adamdar zhyldy әr tүrli bolikterge bolgen Үndi muhitynyn araldaryndagy tajpalar soguyna karaj zhyldy eki mezgilge bolgen Olardyn zherinde musson 180 185 kүn ontүstik batyska karaj sodan kejin 180 185 kүn soltүstik shygyska karaj sogady Ortalyk Afrika tajpalary oz zherlerinde aua rajynyn noser zhauyndy kapyryk ystyk zhәne zhajdary kurgak boluyna karaj zhyldy үsh mezgilge bolgen Osy kүngi halyktardyn kopshiligi zhyldy zhazgytury koktem zhaz kүz kys dep tort mezgilge boledi Bulaj boluge tiyanakty astronomiyalyk negiz bar Zherdin orbitasy yagni onyn Kүndi ajnalyp zhүretin zhyldyk zholynyn tүri ellips tүrinde bolady Zher ellipstin dogasyn bojlap orbita bojynsha Kүndi ajnalumen birge oz osinen de ajnalyp turady Ol oz osinen bir ret ajnalyp shykkanda bir tәulik uakyt otedi Zherdin kүngeji nemese teriskeji zhok osten ajnalu saldarynan onyn betindegi nүkteler mysaly kalalar tiisti retimen Kүn zhakka auysyp otyrady Zherdin zharyk tүsken zharty betinde kүndiz kolenkede kalgan zharty betinde tүn bolady Zherdin osi ojsha bolzhanatyn geometriyalyk tүzu syzyk Bul os Zherdin polyusterinen otip onyn Kүndi ajnalu orbitasy zhazyktygynda zhuyk tүrde 66 33 burysh zhasajdy Ostin bagyty ozgermejdi deuge bolady mardymsyz az ozgerisi esepke alynbajdy Eger Zherdin osi onyn Kүndi ajnalu orbitasy zhazyktygyna perpendikulyar bolsa Kүn sәuleleri Zher betinin әrbir nүktesine bүkil zhyl bojy birkelki tүsip ony үnemi birkelki zhylytyp otyrar edi yagni Zhyl mezgilderi auyspas edi Kүn men tүn de uzaryp kyskaryp otyrmaj ozara ten 12 sagattan bolar edi Zher әri Kүndi әri oz osinen ajnalyp zhүretindikten zhәne osinin bagyty ozgermejtindikten orbitanyn AVS dogasynda onyn ontүstik polyusi kolenkede kalady da soltүstik polyusine zharyk tүsip turady al CDA dogasynda soltүstik polyusi kolenkede kalady da ontүstik polyusine zharyk tүsip turady Sondyktan polyusterde zharty zhyl tүn karangylyk bolady da zharty zhyl kүndiz zharyk bolady Soltүstik polyustin tүni kyrkүjekten nauryzga dejin sozylady Zher ekvatoryndagy nүkteler uzak uakyt kolenkede kala almajdy olar retimen zharty tәulik Kүn zhakka shygyp zharty tәulik kolenke zhakta bolady Ekvator men aralygyndagy zharty sharlarda kүn men tүn birde kyskaryp birde uzaryp otyrady Bul zharty sharlarda kүn men tүn zhylyna eki ak ret A zhәne C nүktelerinde teneledi 21 nauryz kүn men tүnnin Soltүstik zharty sharda zhazgytury Ontүstik zharty sharda kүzgi tenelu kүni 23 kyrkүjek kүn men tүnnin Soltүstik zharty sharda kүzgi Ontүstik zharty sharda zhazgytury tenelu kүni B zhәne D nүktelerinde kүn tokyrajdy Soltүstik zharty shar үshin 22 mausym zhazgy tokyrau kүni 22 zheltoksan kysky tokyrau kүni Astronomiyalyk turgydan alganda orbitanyn AV boligi zhazgyturymga yagni koktemge 20 21 3 21 22 6 VS zhazga 21 22 6 23 9 SD kүzge 24 9 21 22 12 DA kyska 21 22 12 20 21 3 sәjkes keledi Ontүstik zharty sharda Zhyl mezgilderi bugan keri yagni AV kүzge BC kyska CD zhazgyturymga DA zhazga sәjkes bolady Astronomiyalyk Zhyl mezgilderinin uzaktygy birdej emes koktem 92 8 kүn zhaz 93 6 kүn kүz 89 8 kүn kys 89 kibise zhyldary 90 kүn Zhyldyn birinshi zhartysy 186 ekinshi zhartysy 179 180 kүn Demek Zher orbitanyn AVS boliginde shapshan CDA boliginde bayau kozgalady Onyn orbitadagy ortasha zhyldamdygy sagatyna 108 myn km Kүndelikti turmysta nauryz sәuir mamyr zhazgytury ajlar mausym shilde tamyz zhaz ajlary kyrkүjek kazan karasha kүz ajlary zheltoksan kantar akpan kys ajlary bolyp esepteledi Zhyl mezgilderi Abaj zhyl mezgilderine bajlanysty tabigat korinisterin suretteudi derbes zhanr etip kalyptastyrdy Zhyldyn tort mezgilin korkem bejnelejtin Zhazgytury Zhaz Kүz Қys tagy baska olenderinde tabigat suretteri ozderinin bar boyauymen akikat kalpynda zhandy kүjinde korinedi Akyn tabigat korinisin sol kozdegi kazak omirinin turmys tirshiligimen bajlanystyra karastyrady Zhazgytury kalmajdy kystyn syzy Masatydaj kulpyrar zherdin zhүzi Zhan zhanuar adamzat antalasa Ata anadaj elzhirer kүnnin kozi dep bastalatyn Zhazgytury oleninde koktemnin zhajma shuak zhyly lebi esilgendej seziledi Өlennen mal bakkan kazak auly tirshiliginin әr aluan korinisi oryn algan Қazak halkynda zhyl basy nauryz ajynyn Ұlystyn Ұly kүninen bastalatyny belgili Akyn zhazgytury dep koktemnin osy kezenin ajtyp otyr Zhaz oleninde adam men tabigat turaly takyryp ozara ulastyryla tutas kүjde alyngan Zhazgy zhajlauga koship kongan auyldyn bejnesi tabigattyn gazhajyp boyaularymen ushtastyryla surettelgen Zhyl mezgilderinin zhadau da zhabyrkau kajyrshydaj zhutan bir kezin suretteuden bastalatyn Kүzde akyn eski auyl tirshiligin kedejlerdin sol kүz kүnindej kүjzelgen tonalgan turmysyn bejnelejdi Zhasyl shop bәjsheshek zhok buryngydaj Zhastar kүlmes zhүgirmes bala shulaj Қajyrshy shal kempirdej tusi ketip Zhapyragynan ajrylgan agash kuraj dep tabigattyn rensizdigin kajyrshy shal kempirge tenejdi Akyn kys mezgiline portrettik sipattama bere minezdej kelip ony zhandy adam bejnesinde surettejdi Ak kiimdi deneli ak sakaldy Sokyr mylkau tanymas tiri zhandy Үsti basy ak kyrau tusi suyk Baskan zheri sykyrlap kelip kaldy Akyn tabigat suretterin adamnyn әr aluan konil kүjleri syr sezimderimen ushtastyra zhyrlajdy Zhelsiz tүnde zharyk aj oleninde auyldyn zhanynda gүrildep akkan ozen sәulesi suda dirildegen zharyk aj zhapyraktary sybdyrlaj syr shertken tәrizdi kalyn agashtar tau zhangyrtkan әn manauragan zhelsiz tүn ayasynda kezdesip til katpaj үnsiz ugynyskan eki zhas gazhajyp syrly boyaumen әsem bejnelengen Abaj zhyl mezgilderi zhajyndagy olenderinde tabigat suretteri arkyly әleumettik omir shyndygyn teren ashkan DerekkozderҚazak enciklopediyasy Abaj Enciklopediya Almaty Қazak enciklopediyasynyn Bas redakciyasy Atamura baspasy ISBN 5 7667 2949 9Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet