Жауыр – көлік малының арқасында малдың жалпы күйіне, әбзелдің ыңғайсыздығына және пайдалану, жұмыс кезіндегі күтімсіздігіне байланысты шығатын, өрши келе ауруға айналатын жараның жалпылама атауы.
Пайда болу себебі, белгісі мен өршуі
Мініс және жегін малын жұмысқа пайдалану кезінде терлік, тебінгі, айыл, тартпалары, өмілдірік, құйысқандары дұрыс қондырылмаған жағдайда арқа, мойын, қаптал шоқтығындағы түгі қажалып, қырқылып ойыла бастайды. Малдың арықтығы немесе суытылмай отқа қою, суыру сияқты себептер жауырдың ары қарай өршіп ұлғаюына себеп болады. Қылшығы жидіп жалаңаштанған соң, терiсі қызарып, қыртыстары қажалады, біртіндеп терісі бүлінеді. Ары қарай өршісе шелі мен етіне қарай тереңдеп, асқынған кезде жараға айналады. Жауыр болған жылқының белгісі: аттың күйi кетiп, жем-суға, жайылуға зауқы соқпай, арып, аза бастайды, арқасы қышиды, әбзел тұрманды салғанда қашқалақтайды, мөңкіп, оғаш мінез көрсетеді.
Халықтық ұғымдар
Халықтық ұғымда жауыр болудың басталғаны – арқа кету (немесе жайдақ жауыр) деп аталады. Арқа кетуде: қазақта ат арқасының қылшығының ұйлығысып "сынып" тұруын – жүн жауыр; мал арқасының қызара iсiнуін – арқа қызару, қылшық түгiнің түсіп, терi бетiнiң жалаңаштанып қырылуын – қажалу, терiнiң жараланып, тегiстiгiнен айырылуын – қыршаңқы деп атайды. Осылай басталған ауру ары қарай асқынуға ұласады.
Бусанып терлеп тұрған жылқыны отқа қою, суару салдарынан арқасының тез арада iсiнiп кетуiн – ыстық шығу, арқасының шектен тыс ісіп кетуiн – домбығу, iсiкке сарысу аралас қан толып асқынуын – басарқасы ошақтай болу деп жіктеген. Жауырдың келесі асқыну, өршуінен лоққы (лонқа), өлеттi жауыр, iрiңдi жауыр, желке тесiлу, жалқаяқ жауыр, шилi жауыр аталатын жара түрлеріне қарай ауысады.
Жауырдан сақтандыру жолдары
Дәстүрлі ортада ат арқасында жауырдың пайда болуынан сақтаудың ежелден орныққан қағидалары бар. Мысалы, оқпаны төмен ер-тоқымды желдік салып ерттеген. Мiнгенде, жүк артқанда көліктің арқасына түсетiн салмақтың тепе-теңдiгiн сақтау қажет деп санаған. Ол үшін мiнiс, жегiн көліктің әбзелдерінің (ер, ашамай, қамыт және т.б.) үйлесімділігіне баса назар аударған. Атты дұрыс ерттеу, атпен жүргенде көп тебiнбеу, iлгерi-кейiн, оңды-солды жантайып отырмау, қоржынды тең бөле қанжығалау қажет деген қағидалар қалыптасқан.
Жыл маусымының өтпелi кезеңi – жазғытұрымғы және күздiгүнгi таңертеңгi және кешкi салқында бусанып, денесi қызып келген аттың ерiн суыған соң ғана алған. Көктемгi қарақатқақ пен суық шақта жұмыс атын суытқан соң ғана суарып, жемдеген. Үйiрден жаңа ұсталған атты 2-3 күн бойы ауыр жүрiске салмай жаратып, "жын-тоғын бастырып" мінген. Ұзақ жүріс немесе ауыр жүкке салған атты суытып барып жем-су берген. Егер ат қатты қиналған болса түн асырып байлап, ертеңiнде таңертең шөп салған.
Арқасы жауыр атты пайдалануға тура келсе, ердiң астындағы өң немесе терлiк, iшкiлiк қабаттарына мүйет, ойма, тығылдырық қою, жаба тоқып немесе желқомдап ерттеу тәсiлдерiн қолданады: жауыр жараның айналасын қоралай мүйет қояды; аттың арқасына батқан ердiң қапталының астына тығылдырық немесе кепiл киiз деп аталатын жалпақ киiз қояды. Ал, міністен, жұмыстан ығыры шыққан ақ айыл атты мүмкіндігінше ұзақ уақыт бос жіберуге тырысқан. Сонымен қатар түйе, өгіз сияқты жұмыс малдарына арналған жабдықтарды жүк батпас және қажамас үшiн лайықтап, жұмсақтап қолданады.
Жауыр түрлерін емдеу
Жауырдың сипатына, ауыр-жеңілдігіне қарай халық арасында әртүрлі емдеудің тәсiлдерi болған. «Жайлы ерттелмеу мен дұрыс мiнiліп пайдаланбаудан өршiген жайдақ жауырды қазақтар алдымен "суықпен" емдейдi. Қабынған бөлiктi саз балшықпен сылап қояды да, оқтын-оқтын суық сумен шылап отырады", – деп жазады C.Сейдалин. Жылқы қапталы мен жая тұсының жүнi сиреп, жалаңаштанған жуыр түрлерін қазақтар А.И. Добросмысловтың жазуына қарағанда қайың, қый, сүйек майларының біріне малдың майын араластырып жағу және ыстық күлдiң қоламтасын себу арқылы емдеген.
- "Ыстық шыққан" аттың арқасын ыстық маймен сылап, құрым киiзбен жабулап тастау тәсілімен емдейді. Егер ашық жауырдың төңiрегi жиектелiп, бүртiктеп қабынуға бейiмделе түссе жаңадан сойылған қойдың өкпесi мен талағын аттың арқасына тартқан. Арқасы iсіген атты сорға түсіріп немесе ащы көлдің суына шомылдыратын тәсіл де бар.
- Ат арқасының жарасы асқынған кезде ет пен терi арасына аузы жоқ бiтеу iсiк шықса "бiтеу (жара) жауырға" айналды деп айтады. Ондайда бiтеу iсiк айналасын ыстық темiрмен қарып, iсiктiң дәл ортасынан қыздырылған iстiк ұшымен теседi немесе қандауырмен бiрнеше рет шабақтай тiледі. Одан кейін жараның аузы жабылып қалмай, қанды іріңі ағып тұруы үшін анжылайды.
- Қазақтар жауыр болған атты тал, қарақат сабағы және қара андыз, меңдуана тәрізді емдік шөптердің қайнатындыларымен суарған соң, киiзбен жабулап терлетсе, созылмалы сырқаттың бетi қайтады деп есептейдi.
- Аттың арқасы қызарып, ісініп, қанды сарысу жиналған кезде жайдақ жауыр асқына түссе лоққыға айналады.
- "Лоққы" көбiне шоқтық пен иықтан басталады. Лоққыға шалдыққан дене бөлiгiнiң iшкi бетi өлі еттеніп, iрiң толған қалтасынан сасық сұйықтық ағып тұрады. Ондайда өлi етке айналған бөлiгiн сылып, жара қалтасын тiлiп iрiңін ағызады. Лоққы жарасына қойдың өкпесiн немесе жас терiсiнiң бiр тiлiмiн тартса, өлі еттенген бөлiгi қошқыл қаракөк түске енедi. Өлі еттенген бөлiгiн оташы сылып алады да, жара орнын қызыл тұзбен немесе сақар сабынмен жуып, рауғаш үгiндiсiн себедi. Кейде сарышұнақты өлтiрiп iшек-қарнын алып тастап, аузы шыққан лоққыға 2-3 күн бойы тартып қояды.
- Жауыр өте асқынған кезінде желке тесілу деп аталатын деңгейге дейін жетеді. Терi астынан iсiндiретiн мандам, шиқан, сыздауық тәрiздi арқа мен шоқтықтың iрiңдi ауруларының бүдiрлер шоғырын қандауырмен қанын шығара шабақтап, орнына ұнтақ дәрi себедi немесе оқ дәрiмен жуады. Оған қоса қасқыр өтiн тарту, қызыл тұз, тотияйын себу, ыстық шоқ, қоз басып күйдiру секілді iрiңнен тазарту шараларын жасаған.
- Жауырдың жазыла бастаған орны – жалақ деп аталады. Алайда, жауырдың сырты жазылған сияқты көрінгенмен терi астындағы шел қабатында зақымданудың салдары қалуы мүмкін деп есептелінеді. Жалақты құрғатып, жылдам жазу үшiн қылша немесе меңдуананы өртеп күлiн жылы күйiнде сеуiп, әлсiн-әлсiн май жағады. Жараны зақымдап бүлдірмес үшін жазылғанға дейін аттың мойнына жауырағаш байлап қояды.
- Жауырдың жыл сайын өршитiн, "ойнамалы" (созылмалы, қайталанатын) түрі – шилi жауырды емшілер қанның бұзылуы салдарынан болады деп есептейді. Ондай аттың бірнеше тамырынан қан алады: танаудың барлауынан қан ағызуды – шұраны қанату; шоқтыққа жақын мойынның көлденең барлауынан алса – деп аталатын тәсілдер қолданылады. Дұрыс емделгеннен кейін жауыр орны бітіп, жүн өсіп шығады. Кейде мұндай жауырдың орнына ақ түсті жүн шығып, малдың қапталдары аққапталданып тұрады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Алекторов А.Е. Скотоводство киргизов // ОЛ. 1888, №18;
- Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Тургайский обл. стат. комитет, 1895;
- Сейдалин С. Ветеринария у киргизов // ВОВ. 1906, №4, С.19;
- Боштаев А.С. Лечение домашных животных у киргиз // ВОВ. 1911, №12. С.612;
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Бөкеев О. Ұйқым келмейдi. Алматы: Жазушы, 1992;
- Mori temegeu soyilua neyilegu uyaqu qauli bicig // Katalogsignatur Mong.90. Manuscrict. The Royal Library, Copengagen Ruth I.Meserve The traditional mongolian method of conditioning horses and preventive venerinary medicine// In: International symposium on mongolian culture Taipei, Taiwan. 1993. P.p 484-501;
- Қинаятұлы Б. Жауыр тобындағы сырқат кiнараттарды емдеудiң дәстүрлi тиiмдi тәсiлдерi // Жаршы. ҚР ҰААЗО ғылыми-теориялық журналы. А., 1997, №6. 23-32-бб.;
- Нұрғалиұлы Н., Еженбекұлы. Ат әбзелдерi. Ер // Ата салтыңды аяла (жинақ). Алматы, 1998.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhauyr kolik malynyn arkasynda maldyn zhalpy kүjine әbzeldin yngajsyzdygyna zhәne pajdalanu zhumys kezindegi kүtimsizdigine bajlanysty shygatyn orshi kele auruga ajnalatyn zharanyn zhalpylama atauy Pajda bolu sebebi belgisi men orshuiMinis zhәne zhegin malyn zhumyska pajdalanu kezinde terlik tebingi ajyl tartpalary omildirik kujyskandary durys kondyrylmagan zhagdajda arka mojyn kaptal shoktygyndagy tүgi kazhalyp kyrkylyp ojyla bastajdy Maldyn aryktygy nemese suytylmaj otka koyu suyru siyakty sebepter zhauyrdyn ary karaj orship ulgayuyna sebep bolady Қylshygy zhidip zhalanashtangan son terisi kyzaryp kyrtystary kazhalady birtindep terisi bүlinedi Ary karaj orshise sheli men etine karaj terendep askyngan kezde zharaga ajnalady Zhauyr bolgan zhylkynyn belgisi attyn kүji ketip zhem suga zhajyluga zauky sokpaj aryp aza bastajdy arkasy kyshidy әbzel turmandy salganda kashkalaktajdy monkip ogash minez korsetedi Halyktyk ugymdarHalyktyk ugymda zhauyr boludyn bastalgany arka ketu nemese zhajdak zhauyr dep atalady Arka ketude kazakta at arkasynyn kylshygynyn ujlygysyp synyp turuyn zhүn zhauyr mal arkasynyn kyzara isinuin arka kyzaru kylshyk tүginin tүsip teri betinin zhalanashtanyp kyryluyn kazhalu terinin zharalanyp tegistiginen ajyryluyn kyrshanky dep atajdy Osylaj bastalgan auru ary karaj askynuga ulasady Busanyp terlep turgan zhylkyny otka koyu suaru saldarynan arkasynyn tez arada isinip ketuin ystyk shygu arkasynyn shekten tys isip ketuin dombygu isikke sarysu aralas kan tolyp askynuyn basarkasy oshaktaj bolu dep zhiktegen Zhauyrdyn kelesi askynu orshuinen lokky lonka oletti zhauyr irindi zhauyr zhelke tesilu zhalkayak zhauyr shili zhauyr atalatyn zhara tүrlerine karaj auysady Zhauyrdan saktandyru zholdaryDәstүrli ortada at arkasynda zhauyrdyn pajda boluynan saktaudyn ezhelden ornykkan kagidalary bar Mysaly okpany tomen er tokymdy zheldik salyp erttegen Mingende zhүk artkanda koliktin arkasyna tүsetin salmaktyn tepe tendigin saktau kazhet dep sanagan Ol үshin minis zhegin koliktin әbzelderinin er ashamaj kamyt zhәne t b үjlesimdiligine basa nazar audargan Atty durys ertteu atpen zhүrgende kop tebinbeu ilgeri kejin ondy soldy zhantajyp otyrmau korzhyndy ten bole kanzhygalau kazhet degen kagidalar kalyptaskan Zhyl mausymynyn otpeli kezeni zhazgyturymgy zhәne kүzdigүngi tanertengi zhәne keshki salkynda busanyp denesi kyzyp kelgen attyn erin suygan son gana algan Koktemgi karakatkak pen suyk shakta zhumys atyn suytkan son gana suaryp zhemdegen Үjirden zhana ustalgan atty 2 3 kүn bojy auyr zhүriske salmaj zharatyp zhyn togyn bastyryp mingen Ұzak zhүris nemese auyr zhүkke salgan atty suytyp baryp zhem su bergen Eger at katty kinalgan bolsa tүn asyryp bajlap erteninde tanerten shop salgan Arkasy zhauyr atty pajdalanuga tura kelse erdin astyndagy on nemese terlik ishkilik kabattaryna mүjet ojma tygyldyryk koyu zhaba tokyp nemese zhelkomdap ertteu tәsilderin koldanady zhauyr zharanyn ajnalasyn koralaj mүjet koyady attyn arkasyna batkan erdin kaptalynyn astyna tygyldyryk nemese kepil kiiz dep atalatyn zhalpak kiiz koyady Al ministen zhumystan ygyry shykkan ak ajyl atty mүmkindiginshe uzak uakyt bos zhiberuge tyryskan Sonymen katar tүje ogiz siyakty zhumys maldaryna arnalgan zhabdyktardy zhүk batpas zhәne kazhamas үshin lajyktap zhumsaktap koldanady Zhauyr tүrlerin emdeuZhauyrdyn sipatyna auyr zhenildigine karaj halyk arasynda әrtүrli emdeudin tәsilderi bolgan Zhajly erttelmeu men durys minilip pajdalanbaudan orshigen zhajdak zhauyrdy kazaktar aldymen suykpen emdejdi Қabyngan bolikti saz balshykpen sylap koyady da oktyn oktyn suyk sumen shylap otyrady dep zhazady C Sejdalin Zhylky kaptaly men zhaya tusynyn zhүni sirep zhalanashtangan zhuyr tүrlerin kazaktar A I Dobrosmyslovtyn zhazuyna karaganda kajyn kyj sүjek majlarynyn birine maldyn majyn aralastyryp zhagu zhәne ystyk kүldin kolamtasyn sebu arkyly emdegen Ystyk shykkan attyn arkasyn ystyk majmen sylap kurym kiizben zhabulap tastau tәsilimen emdejdi Eger ashyk zhauyrdyn toniregi zhiektelip bүrtiktep kabynuga bejimdele tүsse zhanadan sojylgan kojdyn okpesi men talagyn attyn arkasyna tartkan Arkasy isigen atty sorga tүsirip nemese ashy koldin suyna shomyldyratyn tәsil de bar At arkasynyn zharasy askyngan kezde et pen teri arasyna auzy zhok biteu isik shyksa biteu zhara zhauyrga ajnaldy dep ajtady Ondajda biteu isik ajnalasyn ystyk temirmen karyp isiktin dәl ortasynan kyzdyrylgan istik ushymen tesedi nemese kandauyrmen birneshe ret shabaktaj tiledi Odan kejin zharanyn auzy zhabylyp kalmaj kandy irini agyp turuy үshin anzhylajdy Қazaktar zhauyr bolgan atty tal karakat sabagy zhәne kara andyz menduana tәrizdi emdik shopterdin kajnatyndylarymen suargan son kiizben zhabulap terletse sozylmaly syrkattyn beti kajtady dep eseptejdi Attyn arkasy kyzaryp isinip kandy sarysu zhinalgan kezde zhajdak zhauyr askyna tүsse lokkyga ajnalady Lokky kobine shoktyk pen iyktan bastalady Lokkyga shaldykkan dene boliginin ishki beti oli ettenip irin tolgan kaltasynan sasyk sujyktyk agyp turady Ondajda oli etke ajnalgan boligin sylyp zhara kaltasyn tilip irinin agyzady Lokky zharasyna kojdyn okpesin nemese zhas terisinin bir tilimin tartsa oli ettengen boligi koshkyl karakok tүske enedi Өli ettengen boligin otashy sylyp alady da zhara ornyn kyzyl tuzben nemese sakar sabynmen zhuyp raugash үgindisin sebedi Kejde saryshunakty oltirip ishek karnyn alyp tastap auzy shykkan lokkyga 2 3 kүn bojy tartyp koyady Zhauyr ote askyngan kezinde zhelke tesilu dep atalatyn dengejge dejin zhetedi Teri astynan isindiretin mandam shikan syzdauyk tәrizdi arka men shoktyktyn irindi aurularynyn bүdirler shogyryn kandauyrmen kanyn shygara shabaktap ornyna untak dәri sebedi nemese ok dәrimen zhuady Ogan kosa kaskyr otin tartu kyzyl tuz totiyajyn sebu ystyk shok koz basyp kүjdiru sekildi irinnen tazartu sharalaryn zhasagan Zhauyrdyn zhazyla bastagan orny zhalak dep atalady Alajda zhauyrdyn syrty zhazylgan siyakty koringenmen teri astyndagy shel kabatynda zakymdanudyn saldary kaluy mүmkin dep eseptelinedi Zhalakty kurgatyp zhyldam zhazu үshin kylsha nemese menduanany ortep kүlin zhyly kүjinde seuip әlsin әlsin maj zhagady Zharany zakymdap bүldirmes үshin zhazylganga dejin attyn mojnyna zhauyragash bajlap koyady Zhauyrdyn zhyl sajyn orshitin ojnamaly sozylmaly kajtalanatyn tүri shili zhauyrdy emshiler kannyn buzyluy saldarynan bolady dep eseptejdi Ondaj attyn birneshe tamyrynan kan alady tanaudyn barlauynan kan agyzudy shurany kanatu shoktykka zhakyn mojynnyn koldenen barlauynan alsa dep atalatyn tәsilder koldanylady Durys emdelgennen kejin zhauyr orny bitip zhүn osip shygady Kejde mundaj zhauyrdyn ornyna ak tүsti zhүn shygyp maldyn kaptaldary akkaptaldanyp turady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterAlektorov A E Skotovodstvo kirgizov OL 1888 18 Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg Turgajskij obl stat komitet 1895 Sejdalin S Veterinariya u kirgizov VOV 1906 4 S 19 Boshtaev A S Lechenie domashnyh zhivotnyh u kirgiz VOV 1911 12 S 612 Argynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Bokeev O Ұjkym kelmejdi Almaty Zhazushy 1992 Mori temegeu soyilua neyilegu uyaqu qauli bicig Katalogsignatur Mong 90 Manuscrict The Royal Library Copengagen Ruth I Meserve The traditional mongolian method of conditioning horses and preventive venerinary medicine In International symposium on mongolian culture Taipei Taiwan 1993 P p 484 501 Қinayatuly B Zhauyr tobyndagy syrkat kinarattardy emdeudin dәstүrli tiimdi tәsilderi Zharshy ҚR ҰAAZO gylymi teoriyalyk zhurnaly A 1997 6 23 32 bb Nurgaliuly N Ezhenbekuly At әbzelderi Er Ata saltyndy ayala zhinak Almaty 1998