Жауырағаш, кескек, мойынағаш, мойынса, ажырғы – арқасы жауыр болған аттың мойнына байланатын ағаш құрал. Бұл құрал жылқының мойнын артына қарай иліктірмей, жараны бүлінуден сақтайды.
Пайдаланылуы
Жауыр болған аттың шоқтығы мен жотасындағы жараға қонған шыбын-шіркейді қумақ болып, тістелеп, қасып жазылып келе жатқан жараны бүлдіріп, әрі ушықтырып жіберуден сақтау үшін байлайды. Әсіресе, асқынған шилі, жалаң, лоққы жауыр түрлерін емдеу кезінде қолданылады. Әрі мұндай амал жылқылардың бір-бірінің мойынын, желкесін қасып беретін әдетімен, жазылған жалақ жауырдың жарасын қайта бүлдіруінен де сақтайды.
Атаулары мен сипаты
Құралдың әр өлкеде қалыптасқан түрліше атауы бар: шығыстағы қазақтар оны "кескек" десе, оңтүстікте оны көбіне "мойынағаш", батыс-солтүстік өңірде "мойынса", кей жерлерде "ажырғы" деп те атау кездеседі. Құралдың Эрмитажда сақталған нұсқасы шырыш-крест пiшiндi болып келген. Бұл бұйым музейлік артефакт ретінде мойынса деген атпен тіркелген.
Жауырағаштың ертеде кең таралған түрі аттың мойнына қамыт тәрiздi киiлетiн, ұштары қайыс баумен біріктірілген екі жарты доға ағаштан тұрады. Доғаның дәл орта шеніне ұзындығы 3-4 қарыстай көлденең сырық бекітіледі. Ол аттың мойнын оңды, солды бұруға мұрсат бермей кедергі жасайды.
Жауырағаштың екінші бір түрі аша ағаштан иіп жасалады. Мұндай жауырағашты әрқайсысын 3-4 жерден тесіп мойынның екі жағына бұрылуға кедергі келтіретіндей етіп мойынынан асыра байлап қояды.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Тургайский обл. стат. комитет, 1895;
- Потапов Л.П. Особенности материальной культуры казахов, обусловные кочевым образом жизни // СМАЭ. Т.XII. М.-Л.: Наука, 1949. С.43-70;
- Арғынбаев Х. Мал ауруларын емдеудегi қазақтың халықтық тәжiрибесi туралы этнографиялық очерк // ТИИАЭ. Т.16. Вопросы этнографии и антропологии Казахстана. Алма-Ата, 1962. 3-35-бб.;
- Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздiк. Өлгий, 1984;
- Тоқтабаев А. Жылқы ауруларын емдеудiң халықтық тәсiлдері // Маргулановские чтения. Алматы, 1989. 279-283-бб.; Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное). Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995;
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995;
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhauyragash keskek mojynagash mojynsa azhyrgy arkasy zhauyr bolgan attyn mojnyna bajlanatyn agash kural Bul kural zhylkynyn mojnyn artyna karaj iliktirmej zharany bүlinuden saktajdy Zhauyragashtyn arnajy zhasalgan bir tүri PajdalanyluyZhauyr bolgan attyn shoktygy men zhotasyndagy zharaga kongan shybyn shirkejdi kumak bolyp tistelep kasyp zhazylyp kele zhatkan zharany bүldirip әri ushyktyryp zhiberuden saktau үshin bajlajdy Әsirese askyngan shili zhalan lokky zhauyr tүrlerin emdeu kezinde koldanylady Әri mundaj amal zhylkylardyn bir birinin mojynyn zhelkesin kasyp beretin әdetimen zhazylgan zhalak zhauyrdyn zharasyn kajta bүldiruinen de saktajdy Ataulary men sipatyZhauyragashtyn asha agashtan iip zhasalgan tүri Қuraldyn әr olkede kalyptaskan tүrlishe atauy bar shygystagy kazaktar ony keskek dese ontүstikte ony kobine mojynagash batys soltүstik onirde mojynsa kej zherlerde azhyrgy dep te atau kezdesedi Қuraldyn Ermitazhda saktalgan nuskasy shyrysh krest pishindi bolyp kelgen Bul bujym muzejlik artefakt retinde mojynsa degen atpen tirkelgen Zhauyragashtyn ertede ken taralgan tүri attyn mojnyna kamyt tәrizdi kiiletin ushtary kajys baumen biriktirilgen eki zharty doga agashtan turady Doganyn dәl orta shenine uzyndygy 3 4 karystaj koldenen syryk bekitiledi Ol attyn mojnyn ondy soldy buruga mursat bermej kedergi zhasajdy Zhauyragashtyn ekinshi bir tүri asha agashtan iip zhasalady Mundaj zhauyragashty әrkajsysyn 3 4 zherden tesip mojynnyn eki zhagyna buryluga kedergi keltiretindej etip mojynynan asyra bajlap koyady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterDobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg Turgajskij obl stat komitet 1895 Potapov L P Osobennosti materialnoj kultury kazahov obuslovnye kochevym obrazom zhizni SMAE T XII M L Nauka 1949 S 43 70 Argynbaev H Mal aurularyn emdeudegi kazaktyn halyktyk tәzhiribesi turaly etnografiyalyk ocherk TIIAE T 16 Voprosy etnografii i antropologii Kazahstana Alma Ata 1962 3 35 bb Bazylhan B Mongolsha kazaksha sozdik Өlgij 1984 Toktabaev A Zhylky aurularyn emdeudin halyktyk tәsilderi Margulanovskie chteniya Almaty 1989 279 283 bb Bokejhan Ә Tandamaly izbrannoe Almaty Қazak enciklopediyasy 1995 Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995