Есет Қараұлы (1779, Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылы. — 1869, Атырау облысы Махамбет ауданы ) — жырау. Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Беріш руынан шыққан. Исатай мен Махамбет бастаған Кіші жүз қазақтарының қатысқан. Көтеріліс басылғаннан кейін Ресей әкімш. тарапынан қуғын көріп, біраз жыл Маңғыстау, Хорезм жағында болады. Одан Жайық бойына оралып, тоқсанға келіп дүние салған. Махамбет, Абыл ақындармен достық байланыста болған. Е-тен Мұрат Мөңкеұлы, т.б. көптеген ақындар өнеге алған. 1908 ж. Қазанда басылған М.Бекмұхамбетұлының “Жақсы үгіт” жинағында Е-тің “Тауға біткен қайыңның” деп басталатын қартайған шағында айтқан толғауы жарық көрді. Толғаудағы өзекті мәселе — ерлікке, елдікке үндеу. Бұл толғау — игілік пен ізгілік туралы тегеурінді сөздермен әдемі бейнелеген тебіреніс, өмір туралы жастарға айтқан өнегелі сөздер. Е. толғауы 1908 жылдан кейін “Шайыр” (Орынбор, 1910 — 1912), “Мұрат ақынның сөздері” (Таш., 1924), “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (А., 1967), “Ақберен” (А., 1972), “Өсиетнама” (А., 1982), “ХҚХ ғасырдың қазақ поэзиясы” (А., 1985), “Бес ғасыр жырлайды” (Қ-том, А., 1984, 1989) жинақтарында жарық көрген.
Қысқаша өмірбаяны
Тарихта бұл атамыз Есет би, Есет ақын, Есет батыр атымен таныс.Батырлар, ақындар сияқты, билердің де түр-түрі болған, күнкөріс үшін бірде оған, бірде бұған бұратын, бұқпантай жалтақ билер, әкімдерден аса алмай, әділ төресін бере алмай қалтақтайтын, тағасы жоқ тайғанақ билер, қарсы алдында хан тұрса да қаймықпай, қара қылды қақ жарып турасын айтып қасқайып қарап тұратын ата билер болған. Сол аздардың бірі - Есет би.
18 - ғасырдың аяқ кезінен бастап хандар кеңесінің құрамына билер сайланатын болды. Осы кезден бастап билер халық таразысына түсті. Ханның қамын ойлаған жасқаншақ жалтақтар ұмытылып, қара басы кетсе де, халықтың қамын көздейтіндер әрі би, әрі батыр атанып, елдің есінде қалды, халықтың құрметінде болды. Сол әрі би, әрі батыр атанғандар екеу болса, соның біреуі осы Есет, ал біреу болса - онда өзі.
Есет 1779 жылы Қарабау деген жерде (осы күнгі Қызылқоға ауданы, Атырау облысы) туды.
Он екі ата Байұлының бір баласы Беріш. Осы Беріштің бір бұтағы Қаратоқай. Бұлардан тарағандар өздерін «Қаратоқай берішпіз» дейді.
Қаратоқайдан - Андағұл, Сасыған, Айтқожа, Бөкен туады. Андағұлдан - Айтболат, Айтболаттан - Бекбаулы, Есболай, Жолболды, Құттыбай, Өтебай. Есболайдан Итемген, Көтен, Күшік, Қоныс, Мәймен.
Итемгеннен - Қара, Табылды, Қабыл, Қалдыбай, Мәтен. Қарадан - Есет, Дәрі, Сары, Жанғұтты, Бөкенбай, Қамбар.
Есеттің қайда оқығаны белгісіз, білім, билік жағынан алдына жан салмаған, төбе би атанған адам. Есет заманы астарлы, кедір-бұдыры көп, қарағай басын шортан шалған қилы кезең болатын. Е.Пугачев көтерлісінің желісі үзілмей жатып, шылбырды Сырым алып кетті. Сырымның қызуы басылмай жатып Исатай-Махамбет тұтанды. Мұның ізі суымай жатып Бекет бас көтерді. Есет Көтібаров атқа мінді. Тұрлан Асауов қол жинады. Оның бәрі елге, елім деп еңіреген ерлерге, халыққа, халқым деп қан жұтқан азаматтарға шарпуын тигізбей қойған жоқ. Соның ішінде ата-бабасы ежелден хан тұқымымен төбелесіп өткен Есетке оңай түскен жоқ. Есеттің әкесі Қара, хан тұқымымен сиыспай, қақтығысып өткен. Жасы алпыстан асқанда Исатай-Махамбетке жақтасып, одан қуғын-сүргінге ұшыраған Есет тоқсан жасаса да, күн тыныш отырып, бел шешіп тамақ ішпеген адам . Түн ұйқысын төрт бөліп, қысқа күнде қырық рет дауға түсті, шыбындай жанын шүберекке түйіп, шырылдап барып жауға да түсті. Бірақ даудан ығып саспады, жаудан бұғып қашпады. Өмірінің қандай болып өткенін өзінің:
-Замандында өзімнің
Еңсеріскен ер көрдім,
Белсеніскен бел көрдім,
Жасанысқан жау көрдім,
Тізелескен дау көрдім,
Үрікпедім, саспадым,
Бір өтірік болмасын
Табаным тайып қашпадым.
Қанды көйлек жолдасты
Сары алтындай сақтадым...
-деген сөзінен айқын көреміз. Есет біреуді басынып талтаңдамаған, өзі біреуден қорқып жалтаңдамаған, ешкімнен қиянат көрмеген, біреуге қиянат істемеген, ешкімнен артық сөз естімеген, өзі біреуді балағаттап даттамаған, ешкімге білімсініп ақыл айтпаған, ал өзі білгеннің ақылын алуға әрдайым құштар болған. Әрине, мұндай парасатты жандар сирек кездеседі.
Есет 1869 жылы 90 жасында бақи дүниеге аттанды. Бейіті осы күнгі Махамбет ауданы, Малайсары деген жерде, Дәрі деп аталатын қауымда. Дәрі мен Есет бір ата, бір анадан туған бауырлас адамдар.
Есеттің сөздері мен өсиет - өлеңдері алғаш рет Мақаш Бекмұханбетовтың көзі тірісінде тапсырып, 1908 жылы Қазанда шыққан, «Жақсы үгіт» деп аталатын кітапқа енді. Одан кейін Халел Досмұханметов құрастырып, Ташкентте бастырған «Аламан» жинаққа енді. Сәкен Сейфуллиннің 1931 жылы шыққан «Қазақ әдебиеті оқулығына», Сәбит Мұқановтың қазақ әдебиетінің тарихы жайында әр жылдарда жазылған ғылыми - зерттеу еңбектеріне енді. 1972 жылы «Ақберен» жинағына, 1977 жылы С.Садырбаев құрастырған «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» кітабына, 1981жылы Х.Сүйінішәлиевтің «18 - 19-ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбегіне, «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына кірді. Әдебиет зерттеушісі ғалым Қ.Сыдиқовтың «Ақын-жыраулар» атты еңбегінде тереңірек қамтылып жазылды.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eset Қarauly 1779 Atyrau oblysy Қyzylkoga audany Қarabau auyly 1869 Atyrau oblysy Mahambet audany zhyrau Kishi zhүz kuramyndagy Bajuly tajpasynyn Berish ruynan shykkan Isataj men Mahambet bastagan Kishi zhүz kazaktarynyn katyskan Koterilis basylgannan kejin Resej әkimsh tarapynan kugyn korip biraz zhyl Mangystau Horezm zhagynda bolady Odan Zhajyk bojyna oralyp toksanga kelip dүnie salgan Mahambet Abyl akyndarmen dostyk bajlanysta bolgan E ten Murat Monkeuly t b koptegen akyndar onege algan 1908 zh Қazanda basylgan M Bekmuhambetulynyn Zhaksy үgit zhinagynda E tin Tauga bitken kajynnyn dep bastalatyn kartajgan shagynda ajtkan tolgauy zharyk kordi Tolgaudagy ozekti mәsele erlikke eldikke үndeu Bul tolgau igilik pen izgilik turaly tegeurindi sozdermen әdemi bejnelegen tebirenis omir turaly zhastarga ajtkan onegeli sozder E tolgauy 1908 zhyldan kejin Shajyr Orynbor 1910 1912 Murat akynnyn sozderi Tash 1924 Ertedegi әdebiet nuskalary A 1967 Akberen A 1972 Өsietnama A 1982 HҚH gasyrdyn kazak poeziyasy A 1985 Bes gasyr zhyrlajdy Қ tom A 1984 1989 zhinaktarynda zharyk korgen Қyskasha omirbayanyTarihta bul atamyz Eset bi Eset akyn Eset batyr atymen tanys Batyrlar akyndar siyakty bilerdin de tүr tүri bolgan kүnkoris үshin birde ogan birde bugan buratyn bukpantaj zhaltak biler әkimderden asa almaj әdil toresin bere almaj kaltaktajtyn tagasy zhok tajganak biler karsy aldynda han tursa da kajmykpaj kara kyldy kak zharyp turasyn ajtyp kaskajyp karap turatyn ata biler bolgan Sol azdardyn biri Eset bi 18 gasyrdyn ayak kezinen bastap handar kenesinin kuramyna biler sajlanatyn boldy Osy kezden bastap biler halyk tarazysyna tүsti Hannyn kamyn ojlagan zhaskanshak zhaltaktar umytylyp kara basy ketse de halyktyn kamyn kozdejtinder әri bi әri batyr atanyp eldin esinde kaldy halyktyn kurmetinde boldy Sol әri bi әri batyr atangandar ekeu bolsa sonyn bireui osy Eset al bireu bolsa onda ozi Eset 1779 zhyly Қarabau degen zherde osy kүngi Қyzylkoga audany Atyrau oblysy tudy On eki ata Bajulynyn bir balasy Berish Osy Berishtin bir butagy Қaratokaj Bulardan taragandar ozderin Қaratokaj berishpiz dejdi Қaratokajdan Andagul Sasygan Ajtkozha Boken tuady Andaguldan Ajtbolat Ajtbolattan Bekbauly Esbolaj Zholboldy Қuttybaj Өtebaj Esbolajdan Itemgen Koten Kүshik Қonys Mәjmen Itemgennen Қara Tabyldy Қabyl Қaldybaj Mәten Қaradan Eset Dәri Sary Zhangutty Bokenbaj Қambar Esettin kajda okygany belgisiz bilim bilik zhagynan aldyna zhan salmagan tobe bi atangan adam Eset zamany astarly kedir budyry kop karagaj basyn shortan shalgan kily kezen bolatyn E Pugachev koterlisinin zhelisi үzilmej zhatyp shylbyrdy Syrym alyp ketti Syrymnyn kyzuy basylmaj zhatyp Isataj Mahambet tutandy Munyn izi suymaj zhatyp Beket bas koterdi Eset Kotibarov atka mindi Turlan Asauov kol zhinady Onyn bәri elge elim dep eniregen erlerge halykka halkym dep kan zhutkan azamattarga sharpuyn tigizbej kojgan zhok Sonyn ishinde ata babasy ezhelden han tukymymen tobelesip otken Esetke onaj tүsken zhok Esettin әkesi Қara han tukymymen siyspaj kaktygysyp otken Zhasy alpystan askanda Isataj Mahambetke zhaktasyp odan kugyn sүrginge ushyragan Eset toksan zhasasa da kүn tynysh otyryp bel sheship tamak ishpegen adam Tүn ujkysyn tort bolip kyska kүnde kyryk ret dauga tүsti shybyndaj zhanyn shүberekke tүjip shyryldap baryp zhauga da tүsti Birak daudan ygyp saspady zhaudan bugyp kashpady Өmirinin kandaj bolyp otkenin ozinin Zamandynda ozimnin Enserisken er kordim Belsenisken bel kordim Zhasanyskan zhau kordim Tizelesken dau kordim Үrikpedim saspadym Bir otirik bolmasyn Tabanym tajyp kashpadym Қandy kojlek zholdasty Sary altyndaj saktadym degen sozinen ajkyn koremiz Eset bireudi basynyp taltandamagan ozi bireuden korkyp zhaltandamagan eshkimnen kiyanat kormegen bireuge kiyanat istemegen eshkimnen artyk soz estimegen ozi bireudi balagattap dattamagan eshkimge bilimsinip akyl ajtpagan al ozi bilgennin akylyn aluga әrdajym kushtar bolgan Әrine mundaj parasatty zhandar sirek kezdesedi Eset 1869 zhyly 90 zhasynda baki dүniege attandy Bejiti osy kүngi Mahambet audany Malajsary degen zherde Dәri dep atalatyn kauymda Dәri men Eset bir ata bir anadan tugan bauyrlas adamdar Esettin sozderi men osiet olenderi algash ret Makash Bekmuhanbetovtyn kozi tirisinde tapsyryp 1908 zhyly Қazanda shykkan Zhaksy үgit dep atalatyn kitapka endi Odan kejin Halel Dosmuhanmetov kurastyryp Tashkentte bastyrgan Alaman zhinakka endi Sәken Sejfullinnin 1931 zhyly shykkan Қazak әdebieti okulygyna Sәbit Mukanovtyn kazak әdebietinin tarihy zhajynda әr zhyldarda zhazylgan gylymi zertteu enbekterine endi 1972 zhyly Akberen zhinagyna 1977 zhyly S Sadyrbaev kurastyrgan Қazak halkynyn auyz әdebieti kitabyna 1981zhyly H Sүjinishәlievtin 18 19 gasyrdagy kazak әdebieti enbegine Bes gasyr zhyrlajdy zhinagynyn birinshi tomyna kirdi Әdebiet zertteushisi galym Қ Sydikovtyn Akyn zhyraular atty enbeginde terenirek kamtylyp zhazyldy Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz