Парсы патшалығының құрылуы
Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында парсы тайпалары өмір сүрген еді. Олар сыртқы жауларға қарсы күрестің барысында бірігіп, тайпалар одағын құрды. Парсы тайпалары одағын ахемен деп аталған рудан шыққан көсемдер басқарды. Солардың ішінде Кир есімді қабілетті көсем болды. Кейбір аңыз бойынша, оны кішкентай кезінде бір ерекше аң емізіп асырапты. Одан соң мал бағып жүрген малшы тауып алып, тәрбиелеп өсіріпті. Сөйтіп, құдіретті аң сүтінен нәр алып, өзі де қасиетті болыпты. Кир парсы тайпаларының одағын күшейтті. Оның басқару жүйесін жетілдірді. Содан соң өзін парсылардың патшасымын деп жариялады. Бұл кездерді Вавилонның солтүстік- шығысында Мидия мемлекеті пайда болған еді. Ассирия мемлекетінің әлсіреу мидиялықтардың күшеюіне мүмкіндік берді. Мидиялықтар Вавилонмен одақтаса отырып, әлсіреген Ассирия мемлекетін талқандайды. Одан соң мидиялықтар Кіші Азияға, оңтүстігіндегі парсыларға да өктемдік жүргізеді. Бірақ Мидияның Вавилонмен одақтастық, достық қарым-қатынасы ұзаққа бармады. Екеуінің арасындағы келіспеушілік қанды соғысқа ұласты. Мидияның патшасы Астиаг (вавилонша Иштубек) пен Вавилон билеушісі Набонид соғысып жатқан кезде Кир парсыларды мидиялық өктемдікке қарсы көтерді. Ол Мидия патшасы Астиагты оңай жеңді. Мидияны жаулап алғаннан кейін, Кир жаулаушылық саясатын кеңейте түсті. Кіші Азиядағы бірнеше мемлекетті басып алды. Бұл кезде Вавилонның өз ішінде алауыздықтар басталған еді.Әсіресе, абыздар мен саудагерлер елдегі жиі болып жатқан бүліктер мен көтерілістерге, патша билігінің әлсіздігіне наразы болды. Оны білетін Кир өзін Вавилон дінінің, мәдениетінің қамқоршысы боламын, елде тыныштық орнатамын деп мәлімдеді. Сондықтан оны вавилондық абыздар қолдады. Саудагерлер де үмітпен қарады. Кир оларға арқа сүйей отырып, барлық әскерін бастап Вавилонға басып кірді. Вавилонды Парсы патшалығына қосқаннан кейін, Кир әскерлерімен батысқа аттанды. Кешегі Египетке тәуелді болған Финикия мен Палестина халықтары парсыларға қарсылық көрсете қоймады. Бұдан соң Кир Орта Азиядағы жауынгер сақ тайпаларының жерін өзіне қаратуға ұмтылды. Бірақ оның сақтарға қарсы жорығы сәтсіздікпен аяқталады. Ол жорығының барысында парсылар талқандалып, Кирдің өзі де қаза табады. Оның орнына ұлы Камбиз патша болады. Ол Египетке жорық жасап, оны бағындырады. Сөйтіп, шығысы Орта Азияға, батысы Жерорта теңізі мен Египетке дейінгі аралықты алып жатқан ірі Парсы патшалығы құрылды.
I Дарий, оның ішкі және сыртқы саясаты
Камбиз Египеттен қайтып келе жатқанда қайтыс болды. Бағындырылған халықтар парсы өктемдігіне қарсы көтерілістерге шықты. Парсы патшасының тағына Б.з.д. 522 жылы I Дарий (парсыша Дарайявауш) отырды. Оның билігінің алғашқы жылдары көтерілістерді басумен өтті. Көтерілістер орасан зор мемлекеттің жекелеген аймақтарды арасындағы байланыстың нашар екенін, мемлекеттерді басқару жүйесін реттеу қажеттігін көрсетті. Көтерілсітерді басып, тағына мықтап отырғаннан кейін I Дарий мемлекетті басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Алдымен 20 аймаққа бөлді. Әрбір аймақты патша тағайындаған хакімдер басқарған Аймақтар белгілі бір көлемде патша қазынасына салық төлеп отыратын болды. Әрбір аймақта әскери бөлімдер тұрды. Оларды тікелей патша тағайындайтын әскербасылар басқарды. Олар аймақ хакімдеріне емес, тікелей патшаға бағынды. Сондықтан олар, әскербасылар аймақ хакімдерінің үстінен патшаға шағым айта алады. Ал аймақ хакімдері де әскербасылардың үстінен патшаға шағымдануға қақылы болды. Бұл жергілікті билеушілерді патшаға тәуелді ете түсті. Барлық билік патшаның қолына жинала берді.
I Дарий енгізген үлкен жаңалықтардың бірі әлемдегі ең таза алтын теңге шығартуы болды. Ол дарик де аталды. Оны Парсы мемлекеті ғана емес, көптеген басқа елдер де құнды ақша ретінде пайдаланды. Сөйтіп, дарик, бүгінгі таңда дағы америкалық доллар сияқты, халықаралық саудада негізгі ақша қызметін атқарды. Бұл халықаралық саудадағы Парсы елінің беделін көтерді. Елдегі сауданың дамуы, әрбір аймақтар арасындағы байланыстың нығаюы үшін үлкен жол салынды. Ол жол сонау Сарды қаласынан басталып, бүкіл Кіші Азияны басып өте отырып, Тигр өзенінің бойымен оңтүстікке қарай Вавилон мен Сузы қалаларына дейін созылды. Жол бойындағы әрбір 20 километр жерге бекеттер мен керуен сарайлар орнатылды. Оларда шабармандар мен хат тасушылар аттарымен, хабарды келесі бекеттегілерге жеткізуге дайын тұрды. Осы жол арқылы елдің орталығынан патша жарлықтары оның шеткері аймақтарына тез жеткізіліп отырды. Бұл жолды сол себепті кейде "патша жолы" деп те атады. Бұл жолмен сауда керуендері де ағылып, жұріп жатты.
Дереккөздер
Ежелгі дүние жүзі тарихы- Жалпы білім беретінмектептің 6-сыныбына арналған оқулық (Алматы "Атамұра" 2011)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Parsy patshalygynyn kuryluyEzhelgi Parsy patshalygynyn kartasy Iran үstirtinin ontүstiginde Vavilonnyn ontүstik shygysynda parsy tajpalary omir sүrgen edi Olar syrtky zhaularga karsy kүrestin barysynda birigip tajpalar odagyn kurdy Parsy tajpalary odagyn ahemen dep atalgan rudan shykkan kosemder baskardy Solardyn ishinde Kir esimdi kabiletti kosem boldy Kejbir anyz bojynsha ony kishkentaj kezinde bir erekshe an emizip asyrapty Odan son mal bagyp zhүrgen malshy tauyp alyp tәrbielep osiripti Sojtip kudiretti an sүtinen nәr alyp ozi de kasietti bolypty Kir parsy tajpalarynyn odagyn kүshejtti Onyn baskaru zhүjesin zhetildirdi Sodan son ozin parsylardyn patshasymyn dep zhariyalady Bul kezderdi Vavilonnyn soltүstik shygysynda Midiya memleketi pajda bolgan edi Assiriya memleketinin әlsireu midiyalyktardyn kүsheyuine mүmkindik berdi Midiyalyktar Vavilonmen odaktasa otyryp әlsiregen Assiriya memleketin talkandajdy Odan son midiyalyktar Kishi Aziyaga ontүstigindegi parsylarga da oktemdik zhүrgizedi Birak Midiyanyn Vavilonmen odaktastyk dostyk karym katynasy uzakka barmady Ekeuinin arasyndagy kelispeushilik kandy sogyska ulasty Midiyanyn patshasy Astiag vavilonsha Ishtubek pen Vavilon bileushisi Nabonid sogysyp zhatkan kezde Kir parsylardy midiyalyk oktemdikke karsy koterdi Ol Midiya patshasy Astiagty onaj zhendi Midiyany zhaulap algannan kejin Kir zhaulaushylyk sayasatyn kenejte tүsti Kishi Aziyadagy birneshe memleketti basyp aldy Bul kezde Vavilonnyn oz ishinde alauyzdyktar bastalgan edi Әsirese abyzdar men saudagerler eldegi zhii bolyp zhatkan bүlikter men koterilisterge patsha biliginin әlsizdigine narazy boldy Ony biletin Kir ozin Vavilon dininin mәdenietinin kamkorshysy bolamyn elde tynyshtyk ornatamyn dep mәlimdedi Sondyktan ony vavilondyk abyzdar koldady Saudagerler de үmitpen karady Kir olarga arka sүjej otyryp barlyk әskerin bastap Vavilonga basyp kirdi Vavilondy Parsy patshalygyna koskannan kejin Kir әskerlerimen batyska attandy Keshegi Egipetke tәueldi bolgan Finikiya men Palestina halyktary parsylarga karsylyk korsete kojmady Budan son Kir Orta Aziyadagy zhauynger sak tajpalarynyn zherin ozine karatuga umtyldy Birak onyn saktarga karsy zhorygy sәtsizdikpen ayaktalady Ol zhorygynyn barysynda parsylar talkandalyp Kirdin ozi de kaza tabady Onyn ornyna uly Kambiz patsha bolady Ol Egipetke zhoryk zhasap ony bagyndyrady Sojtip shygysy Orta Aziyaga batysy Zherorta tenizi men Egipetke dejingi aralykty alyp zhatkan iri Parsy patshalygy kuryldy I Darij onyn ishki zhәne syrtky sayasatyI Darij Kambiz Egipetten kajtyp kele zhatkanda kajtys boldy Bagyndyrylgan halyktar parsy oktemdigine karsy koterilisterge shykty Parsy patshasynyn tagyna B z d 522 zhyly I Darij parsysha Darajyavaush otyrdy Onyn biliginin algashky zhyldary koterilisterdi basumen otti Koterilister orasan zor memlekettin zhekelegen ajmaktardy arasyndagy bajlanystyn nashar ekenin memleketterdi baskaru zhүjesin retteu kazhettigin korsetti Koterilsiterdi basyp tagyna myktap otyrgannan kejin I Darij memleketti baskaru zhүjesine ozgerister engizudi kolga aldy Aldymen 20 ajmakka boldi Әrbir ajmakty patsha tagajyndagan hakimder baskargan Ajmaktar belgili bir kolemde patsha kazynasyna salyk tolep otyratyn boldy Әrbir ajmakta әskeri bolimder turdy Olardy tikelej patsha tagajyndajtyn әskerbasylar baskardy Olar ajmak hakimderine emes tikelej patshaga bagyndy Sondyktan olar әskerbasylar ajmak hakimderinin үstinen patshaga shagym ajta alady Al ajmak hakimderi de әskerbasylardyn үstinen patshaga shagymdanuga kakyly boldy Bul zhergilikti bileushilerdi patshaga tәueldi ete tүsti Barlyk bilik patshanyn kolyna zhinala berdi I Darij engizgen үlken zhanalyktardyn biri әlemdegi en taza altyn tenge shygartuy boldy Ol darik de ataldy Ony Parsy memleketi gana emes koptegen baska elder de kundy aksha retinde pajdalandy Sojtip darik bүgingi tanda dagy amerikalyk dollar siyakty halykaralyk saudada negizgi aksha kyzmetin atkardy Bul halykaralyk saudadagy Parsy elinin bedelin koterdi Eldegi saudanyn damuy әrbir ajmaktar arasyndagy bajlanystyn nygayuy үshin үlken zhol salyndy Ol zhol sonau Sardy kalasynan bastalyp bүkil Kishi Aziyany basyp ote otyryp Tigr ozeninin bojymen ontүstikke karaj Vavilon men Suzy kalalaryna dejin sozyldy Zhol bojyndagy әrbir 20 kilometr zherge beketter men keruen sarajlar ornatyldy Olarda shabarmandar men hat tasushylar attarymen habardy kelesi bekettegilerge zhetkizuge dajyn turdy Osy zhol arkyly eldin ortalygynan patsha zharlyktary onyn shetkeri ajmaktaryna tez zhetkizilip otyrdy Bul zholdy sol sebepti kejde patsha zholy dep te atady Bul zholmen sauda keruenderi de agylyp zhurip zhatty DerekkozderEzhelgi dүnie zhүzi tarihy Zhalpy bilim beretinmekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura 2011