Дәркембай (Дәркенбай) Шоқпарұлы (23.5.1946, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ақши ауылы. – 20.5.2006, Алматы; Ақши ауылдың маңындағы Ошақбайда жерленді) – қолөнер шебері, педагог, этнодизайншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998).
Шапырашты руынан шыққан.
Мәдениет саласындағы қызметі
Қолөнер шебері, ұстаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан ұсталық өнерге әуес болып өсті. 1972 жылы ҚазПИ-дің (ҚазҰПУ) көркемсурет-графика ф-тін бітірген. 1972 – 82 жылы Алматы қаласындағы Республикалық қолөнер мұражайында, “Қазреставрация” бірлестігінде бас суретші-реставратор ретінде қызмет атқарды. Шоқпарұлы қазақтың ұлттық қолөнері бұйым-заттарын қайта жаңғыртып, осы заманға орай сәнді етіп жасауда көп ізденіп, нәтижесінде ағаш, сүйек, металл, тері, жүн, киіз, мата, ши, қамыс, тас, қыш, шыны, т.б. материалдардан неше түрлі сәнді қолөнері бұйымдарын (мысалы, сандық, 1972; , 1975; қымыз ыдыс-аяқтары, 1983; ер-тұрман, 1985) жасады.
Шебердің қолынан туған әдемі бұйым-заттар (алқа, білезік, шолпы, т.б.) халықтың ежелден келе жатқан қолданбалы өнер туындыларының озық үлгілерін қайта тірілтті. Шоқпарұлы халықтың музыкалық аспаптарын (дабыл, 1975; шертер, 1978; дауылпаз, 1979; домбыра, 1982) жасауда да өзінің эстетикалық талғампаздығын танытумен бірге нағыз ұсталық өнердің ісмері екенін дәлелдеді.
Шоқпарұлының есімі Алматы облысында тұрғызылған бірқатар ескерткіштердің (мысалы, А.Розыбақиев, 1977, Еңбекшіқазақ ауданы; Құланаян Құлмамбет, 1998, Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы; Мұхтар Әуезов, 2000, Есік қаласы; т.б.) авторы ретінде де белгілі. 1981 жылы Алматы қаласында ашылған халық музыка аспаптары мұражайының бұйымдарын жинау мен толықтыру жұмысына да белсене ат салысты. Шоқпарұлының қолымен жасалған әр алуан музыкалық аспаптар кезінде “Адырна”, “Алтынай”, “Сазген”, т.б. ансамбльдерде кеңінен пайдаланылды. Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытушы, доцент, профессор, металл мен ағашты көркемдеп өңдеу кафедрасының меңгерушісі болып, педагогикалық қызметпен де айналысқан. Ол 1996 жылы туған ауылында “Асыл” атты қолөнер шеберхана-мектебін (оның қорында 5 мыңға жуық экспонат бар) ұйымдастырды.
Шоқпарұлы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтың лауреаты (1982).
Шығармашылығы
Шоқпарұлы халықтың қолданбалы өнері, оның шығу тегі мен атаулары, этнографиясына байланысты мерзімді басылымдарда көптеген ғылыми-танымдық мақалалар, сондай-ақ кітаптар мен әдістемелік-оқу құралдарын (“Өрім өру”, 1994; “Домбыра жасау”, 1996; “Бесікке бөлеу – бабалар дәстүрі”, 2001, т.б.) жазды.
Д
Дереккөздер
- Құрастырушы авторы А.Байғазыұлы Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Сары Үйсін. Шапырашты — Алматы: Издательство Өнер, 2000. — ? б. — ISBN 5-89840-441-4.
- әркембай Шоқпарұлы. Альбом, Алматы, 2005.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dәrkembaj Dәrkenbaj Shokparuly 23 5 1946 Almaty oblysy Enbekshikazak audany Akshi auyly 20 5 2006 Almaty Akshi auyldyn manyndagy Oshakbajda zherlendi koloner sheberi pedagog etnodizajnshy Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri 1998 Shapyrashty ruynan shykkan Mәdeniet salasyndagy kyzmetiҚoloner sheberi ustanyn otbasynda dүniege kelgen Zhastajynan ustalyk onerge әues bolyp osti 1972 zhyly ҚazPI din ҚazҰPU korkemsuret grafika f tin bitirgen 1972 82 zhyly Almaty kalasyndagy Respublikalyk koloner murazhajynda Қazrestavraciya birlestiginde bas suretshi restavrator retinde kyzmet atkardy Shokparuly kazaktyn ulttyk koloneri bujym zattaryn kajta zhangyrtyp osy zamanga oraj sәndi etip zhasauda kop izdenip nәtizhesinde agash sүjek metall teri zhүn kiiz mata shi kamys tas kysh shyny t b materialdardan neshe tүrli sәndi koloneri bujymdaryn mysaly sandyk 1972 1975 kymyz ydys ayaktary 1983 er turman 1985 zhasady Sheberdin kolynan tugan әdemi bujym zattar alka bilezik sholpy t b halyktyn ezhelden kele zhatkan koldanbaly oner tuyndylarynyn ozyk үlgilerin kajta tiriltti Shokparuly halyktyn muzykalyk aspaptaryn dabyl 1975 sherter 1978 dauylpaz 1979 dombyra 1982 zhasauda da ozinin estetikalyk talgampazdygyn tanytumen birge nagyz ustalyk onerdin ismeri ekenin dәleldedi Shokparulynyn esimi Almaty oblysynda turgyzylgan birkatar eskertkishterdin mysaly A Rozybakiev 1977 Enbekshikazak audany Қulanayan Қulmambet 1998 Enbekshikazak audany Tүrgen auyly Muhtar Әuezov 2000 Esik kalasy t b avtory retinde de belgili 1981 zhyly Almaty kalasynda ashylgan halyk muzyka aspaptary murazhajynyn bujymdaryn zhinau men tolyktyru zhumysyna da belsene at salysty Shokparulynyn kolymen zhasalgan әr aluan muzykalyk aspaptar kezinde Adyrna Altynaj Sazgen t b ansamblderde keninen pajdalanyldy Қazak ulttyk oner akademiyasynda okytushy docent professor metall men agashty korkemdep ondeu kafedrasynyn mengerushisi bolyp pedagogikalyk kyzmetpen de ajnalyskan Ol 1996 zhyly tugan auylynda Asyl atty koloner sheberhana mektebin onyn korynda 5 mynga zhuyk eksponat bar ujymdastyrdy Shokparuly Қazakstan Lenin komsomoly syjlyktyn laureaty 1982 ShygarmashylygyShokparuly halyktyn koldanbaly oneri onyn shygu tegi men ataulary etnografiyasyna bajlanysty merzimdi basylymdarda koptegen gylymi tanymdyk makalalar sondaj ak kitaptar men әdistemelik oku kuraldaryn Өrim oru 1994 Dombyra zhasau 1996 Besikke boleu babalar dәstүri 2001 t b zhazdy DDerekkozderҚurastyrushy avtory A Bajgazyuly Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Sary Үjsin Shapyrashty Almaty Izdatelstvo Өner 2000 b ISBN 5 89840 441 4 әrkembaj Shokparuly Albom Almaty 2005 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom