Дабыл — ертедегі ұрмалы саз аспабы. Дауысы зор болғандықтан дабылды ертеде жаугершілікте ел шетіне жау келгенін хабарлауға, жауға аттанар жасақты жиюға қолданған.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінде дабыл батырлардың бес қаруына қоса алып жүретін бұйымы ретінде көрсетіледі. «Қобыланды батыр» жырында:
...Қара қасқа aт мінген, Aт құйрығын шарт түйген. Алдына дабыл төңкеріп, Артына сауыт бөктерген...
- деп сипатталады.
Дабыл қатты дыбыс-белгі (сигнал) беретін аспап болғандықтан, басқа да тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланылған. Қазақтың музыкалық аспаптарын зерттеген мамандардың бірі Б.Сарыбаев өз еңбегінде бірқатар зерттеушілердің дабыл туралы айтқандарына сілтеме жасап дабылдың басқа да қажеттіліктерге қолданылғанын жазады. Осыған орай, П.Тиховтың «Дабылды мешіт мұнарасына алып шығып, діндарларға келе жатқан мерекені хабарлау үшін қолданған», -деген мәліметін және 1769 жылы қазақ ауылында болған П.Палластың байырғы ортада емдеу-дауалаумен, жын шақырып аластаумен шұғылданған, күн райына әсер етіп, қалауынша құбылта алатын бақсылардың да дабылды қолданғаны туралы жазған дерегін дәйек ретінде келтіруге болады.
Сонымен бірге дабылды аңшылар аң-кұс үркіту үшін де қолданған. Саятшы дабыл қағып үйрек, қаз, , шіл, қырғауыл сияқты құстарды үркітіп ұшырып барып қолдағы құсын босатып, ұшқан жабайы құсты ілдірген. Халықтық мерекелер мен той-томалақтарда, сондай-ақ халықты жиынға, ғұрыптық рәсімдерге жию мақсатында кеңінен пайдаланылған дабыл кейін келе түрленіп, музыкалық аспап ретінде би қимылдарын сүйемелдеуге қолданылып жүр.
Дабылды шанағын июге оңай көнетін тал, қайың тәрізді ағаштарды жұқарта шауып алып морға көміп балқытып шеңберлендіре иіп жасайды. Иген кезде жарылып кетпеуі үшін ішкі жағынан пышақпен көлденеңдей жиі кертіп арнаулы қалыппен иіп, әбден кепкенше көлеңке жерге қояды. Жеткілікті дәрежеде кепкеннен кейін, шеңбердің қосылған тұсы бекітіліп, желімделіп, мық(ағаш) шегемен шегеленеді. Бұдан соң көлеміне қарай дабылдың шанағының екі бетіне (асты-үсті) түгі мұқият тазартылған бұзау немесе түйенің иленбеген терісі керіле қапталады. Дабыл өтe үлкен болған жағдайда көн кепкен соң қысып сындырып жібермеуі үшін шанақтың іш жағынан бір-біріне тимейтіндей етіп, айқыш-ұйқыш ағаш кергілер салынады. Шанағы сәнді болуы үшін сыртынан өн бойын қуалай өрнек салады. Ер қасына іліп қою, иыққа іліп алып жүру үшін қайыстан өріп жасалған тұтқабауы болады. Дабылды тұтқасынан ұстап, екінші қолмен ұрып ойнайды. Үлкен дабыл арнайы дайындалған , кішілеулері таяқшамен ұрып ойналады. Дабылдың шанағының сыртына бедерлі өрнек оймыштап, мүйіз бен сүйекті қиюластыра безендірілген түрлері де болған. Кейде сәндік үшін үкі, шашақ тағылады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dabyl ertedegi urmaly saz aspaby Dauysy zor bolgandyktan dabyldy ertede zhaugershilikte el shetine zhau kelgenin habarlauga zhauga attanar zhasakty zhiyuga koldangan Қazak auyz әdebieti үlgilerinde dabyl batyrlardyn bes karuyna kosa alyp zhүretin bujymy retinde korsetiledi Қobylandy batyr zhyrynda Қara kaska at mingen At kujrygyn shart tүjgen Aldyna dabyl tonkerip Artyna sauyt boktergen dep sipattalady Dabyl katty dybys belgi signal beretin aspap bolgandyktan baska da turmystyk kazhettilikterge pajdalanylgan Қazaktyn muzykalyk aspaptaryn zerttegen mamandardyn biri B Sarybaev oz enbeginde birkatar zertteushilerdin dabyl turaly ajtkandaryna silteme zhasap dabyldyn baska da kazhettilikterge koldanylganyn zhazady Osygan oraj P Tihovtyn Dabyldy meshit munarasyna alyp shygyp dindarlarga kele zhatkan merekeni habarlau үshin koldangan degen mәlimetin zhәne 1769 zhyly kazak auylynda bolgan P Pallastyn bajyrgy ortada emdeu daualaumen zhyn shakyryp alastaumen shugyldangan kүn rajyna әser etip kalauynsha kubylta alatyn baksylardyn da dabyldy koldangany turaly zhazgan deregin dәjek retinde keltiruge bolady Sonymen birge dabyldy anshylar an kus үrkitu үshin de koldangan Sayatshy dabyl kagyp үjrek kaz shil kyrgauyl siyakty kustardy үrkitip ushyryp baryp koldagy kusyn bosatyp ushkan zhabajy kusty ildirgen Halyktyk merekeler men toj tomalaktarda sondaj ak halykty zhiynga guryptyk rәsimderge zhiyu maksatynda keninen pajdalanylgan dabyl kejin kele tүrlenip muzykalyk aspap retinde bi kimyldaryn sүjemeldeuge koldanylyp zhүr Dabyldy shanagyn iyuge onaj konetin tal kajyn tәrizdi agashtardy zhukarta shauyp alyp morga komip balkytyp shenberlendire iip zhasajdy Igen kezde zharylyp ketpeui үshin ishki zhagynan pyshakpen koldenendej zhii kertip arnauly kalyppen iip әbden kepkenshe kolenke zherge koyady Zhetkilikti dәrezhede kepkennen kejin shenberdin kosylgan tusy bekitilip zhelimdelip myk agash shegemen shegelenedi Budan son kolemine karaj dabyldyn shanagynyn eki betine asty үsti tүgi mukiyat tazartylgan buzau nemese tүjenin ilenbegen terisi kerile kaptalady Dabyl ote үlken bolgan zhagdajda kon kepken son kysyp syndyryp zhibermeui үshin shanaktyn ish zhagynan bir birine timejtindej etip ajkysh ujkysh agash kergiler salynady Shanagy sәndi boluy үshin syrtynan on bojyn kualaj ornek salady Er kasyna ilip koyu iykka ilip alyp zhүru үshin kajystan orip zhasalgan tutkabauy bolady Dabyldy tutkasynan ustap ekinshi kolmen uryp ojnajdy Үlken dabyl arnajy dajyndalgan kishileuleri tayakshamen uryp ojnalady Dabyldyn shanagynyn syrtyna bederli ornek ojmyshtap mүjiz ben sүjekti kiyulastyra bezendirilgen tүrleri de bolgan Kejde sәndik үshin үki shashak tagylady DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet