Дауылпаз — қазақтың ұрып ойналатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл музыкалық аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.
Дауылпаз | |
Dauylpaz | |
аспап ПМУ мұражай кешенінде сақталған. Торайғырова. | |
Жіктелуі | |
---|---|
Туыстас аспаптары |
Дауылпаз – дара аспап Шеті мен шегі, ұшы-қиыры пейіліндей кең қазағымның даласы тек мал мен егін шаруашылығы үшін ғана қолайлы болып қоймаған. Асқақ тауының бөктері мен сыңғыр күлкілі арудай мөлдір бұлақтарының етегінде әлемді мойындатар тамаша туындылар дүниеге келді. Оны да жасап шыққан – хат танымайтын, бірақ «өмір» мектебінің үздік оқушылары болған – қазақтар. Сахаралы сайын даламызда дүниеге келген аспаптың бірі – қазақтың қоңыр даусындай, арыстанның айбаты сыяр – дауылпаз аспабы.
Дауылпаз – өзінің аты айтып тұрғандай үні дауылды, күркіремелі. Оны дара аспап деуімнің себебі: дауылпаздың үніндей аспаптар кемшін. Дауылпазды алғаш көшпелі қауымның өкілдері, яғни малшы-бақташылар төрт түлікті, аң-құстарды, жан-жануарларды үркіту мақсатында пайдаланған. Өздерінің үні жетпеген жерді дауылпаз жалғап отырған. Кейін дауылпаз халық арасына тарап, ханның қол астына дейін жетеді. Дауылпазды соғу арқылы хан әскерін бір ортаға жинап немесе шақырған. Үкім немесе бір шешім шығарса да дауылпаздың үнімен қорытындылаған. Бертін келе, дауылпазды ем-домның көзі ретінде қолданған. Бақсы-балгерлер дауылпазды ұрып өздерінің көзге көрінбес жындарын шақырған. Сол арқылы дертіне шипа іздеп келген адамдарды ауруынан айықтырған. Дауылпаз – тек музыкалық аспап қана болмаған, оның атқарған маңызды қызметтері өте көп екенін осыдан-ақ біле аламыз. Ол бірден музыкалық мұраның бір бөлшегі ретінде дүниеге келе салмаған. Қайта музыканың қажетіне соңында барып жараған секілді. Кейін ел ішіндегі өнерлілердің қолынан түспей хан сарайында болсын, халық арасында болсын дауылпаздың үнімен өнерлерін паш еткен.
Дауылпаз – қазақ ұрмалы аспаптарының қатарына кіреді. Оны ұрып қана қолданғандықтан, кез келген күшке шыдас беру үшін тұрпаты қатты үйеңкі, қарағай, қайың секілді ағаштардан тұтас ойып жасаған. Дауылпаздың көлемі әрқалай болғанмен, оның жасалуы оңай шаруа емес. Біріншіден, ол жасалатын ағаштың тұлғасы да берік. Оның жарылып кетпес үшін өте ыждағатты шыдамдылық пен асқан шеберлікті талап еткен. Дауылпаздың ойылған бетіне әбден илеуі қанған теріні бекітеді. Салмағы қолға түспес үшін оған мойынға асып жүру үшін бау тағылып және дауысы анық әрі нық шығу үшін арнайы ұратын таяқ жасайды. Дауылпазды қолдануына қарай түрліше безендіреді. Хан сарайындағы дауылпаздар түрлі зергерлік әшекейлер мен алтын, асыл тастармен әдіптеледі. Дауылпазды пайдаланатын ортасына байланысты көлемін де әрқалай қылып жасайды. Ханның соғыс үшін қолданатын дауылпазы адам көтере алмас ауыр әрі өте үлкен болған. Оны орданың ортасына қойып, жанына дауылпазшыны сайлаған. Дауылпазды қарапайым адамдар жасай алмаған. Оны қыр-сырына қанық шеберлер ғана жасап шығарған. Дауылпазды ұлттық ойындарымыз «қыз қуу», «арқан тарту», «қазақша күрес» т.б. ойындарымыздың басталғаны мен аяқталғанын аңғарту үшін де дабыл орнына пайдаланған. Дауылпаздың қазіргі жасаулы қолданылып жүрген түрі – оның түпнұсқасынан әлдеқайда өзгерек. Бірақ қалпына келтіріліп, дамытылып жасалған нұсқасына да қуанамыз. Мүлдем жоғалып кеткенде қайтер едік?... Дауылпаздың қайта халқымен қауышуына ерекше еңбек сіңірген жандарды ауызға алмай кету – күнәнің үлкені шығар. Алғаш дауылпазды қазақ халқының ұлттық оркестрінің қатарына енгізіп, өнерін елге көрсеткен – Ахмет Жұбанов болатын. Дауылпаздың дамытылған, байытылған нұсқасын шебер Д. Шоқпарұлы жасап шығарған. Дауылпаз аспабына белгілі қолөнер шебері Қ.Қасымов пен танымал дирижер Ш.Қажығалиевтердің де еңбектері ұшан-теңіз.
Дауылпаз тек қазақ халқында ғана кездеспейді. Түбі бір түркі жұртында, оның ішінде өзбек пен қырғыз ағайындарымызда тұрқы дауылпазға келетін музыкалық мұралары бар. Атаулары да қазақтың дауылпазына ұқсайды. Өзбектерде «тәбльбасс» делінсе, қырғыздарда «доолбас» деп аталады.
Қазір дауылпаздың екі түрі белгілі.
- Оның бірі - этнографиялық сипаттамасы бойынша қалпына келтірілген түрі.
- Екіншісі - үлкен оркестрлер үшін жетілдіріп жасалған үлгісі. Ол 1933 - 34 ж. ш-да белгілі қолөнер шебері , коми. А.Жұбанов, дирижер Ш.Қажығалиевтердің ұсыныстары бойынша жасалды. Жетілдірілген дауылпаздың жан-жағында терісін босатып не керіл тұратын, дыбысын жоғарылату немесе төмендету үшін жасалған арнаулы құлақтары бар. Ежелгі дауылпазда бұл бөлшектер болмаған. Аспаптың осы екі түрлі үлгі-нүсқасы да қазір халық аспаптар ансамбль оркестрлерінде қолданып жүр. Дауылпаздың бірнеше көне нұсқасы Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайында сақтаулы. Оның әлденеше үлгісін шебер Д.Шоқпарұлы жасады.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Dauylpaz kazaktyn uryp ojnalatyn kone saz aspaby Erterekte bul muzykalyk aspap sogys kuraly retinde ajbar berip kyr korsetu үshin koldangan Bertin kele dauylpazdy anshylyk pen kusbegilikke de pajdalanatyn bolgan Onyn zhasalu әdisi kүrdeli Dauylpazdyn shapaty ozegi alyngan syrty zhumyr biteu agashtan ojyp zhasalgan Beti әbden ilenip kenkej shynyltyr terimen kaptalady Zhajga bajlap nemese mojynga iykka ilip alyp zhүruge arnalgan aspaly bauy men uryp ojnajtyn shagyn tayakshasy bolady Dauylpazdyn shanagynyn syrtyn mүjizben tүrli tastarmen oyu ornekpen bezendirip sәndel zhasajdy DauylpazDauylpazaspap PMU murazhaj kesheninde saktalgan Torajgyrova ZhikteluiҚazaktyn saz aspaptary Tuystas aspaptarybaraban Dauylpaz dara aspap Sheti men shegi ushy kiyry pejilindej ken kazagymnyn dalasy tek mal men egin sharuashylygy үshin gana kolajly bolyp kojmagan Askak tauynyn bokteri men syngyr kүlkili arudaj moldir bulaktarynyn eteginde әlemdi mojyndatar tamasha tuyndylar dүniege keldi Ony da zhasap shykkan hat tanymajtyn birak omir mektebinin үzdik okushylary bolgan kazaktar Saharaly sajyn dalamyzda dүniege kelgen aspaptyn biri kazaktyn konyr dausyndaj arystannyn ajbaty syyar dauylpaz aspaby Dauylpaz ozinin aty ajtyp turgandaj үni dauyldy kүrkiremeli Ony dara aspap deuimnin sebebi dauylpazdyn үnindej aspaptar kemshin Dauylpazdy algash koshpeli kauymnyn okilderi yagni malshy baktashylar tort tүlikti an kustardy zhan zhanuarlardy үrkitu maksatynda pajdalangan Өzderinin үni zhetpegen zherdi dauylpaz zhalgap otyrgan Kejin dauylpaz halyk arasyna tarap hannyn kol astyna dejin zhetedi Dauylpazdy sogu arkyly han әskerin bir ortaga zhinap nemese shakyrgan Үkim nemese bir sheshim shygarsa da dauylpazdyn үnimen korytyndylagan Bertin kele dauylpazdy em domnyn kozi retinde koldangan Baksy balgerler dauylpazdy uryp ozderinin kozge korinbes zhyndaryn shakyrgan Sol arkyly dertine shipa izdep kelgen adamdardy auruynan ajyktyrgan Dauylpaz tek muzykalyk aspap kana bolmagan onyn atkargan manyzdy kyzmetteri ote kop ekenin osydan ak bile alamyz Ol birden muzykalyk muranyn bir bolshegi retinde dүniege kele salmagan Қajta muzykanyn kazhetine sonynda baryp zharagan sekildi Kejin el ishindegi onerlilerdin kolynan tүspej han sarajynda bolsyn halyk arasynda bolsyn dauylpazdyn үnimen onerlerin pash etken Dauylpaz kazak urmaly aspaptarynyn kataryna kiredi Ony uryp kana koldangandyktan kez kelgen kүshke shydas beru үshin turpaty katty үjenki karagaj kajyn sekildi agashtardan tutas ojyp zhasagan Dauylpazdyn kolemi әrkalaj bolganmen onyn zhasaluy onaj sharua emes Birinshiden ol zhasalatyn agashtyn tulgasy da berik Onyn zharylyp ketpes үshin ote yzhdagatty shydamdylyk pen askan sheberlikti talap etken Dauylpazdyn ojylgan betine әbden ileui kangan terini bekitedi Salmagy kolga tүspes үshin ogan mojynga asyp zhүru үshin bau tagylyp zhәne dauysy anyk әri nyk shygu үshin arnajy uratyn tayak zhasajdy Dauylpazdy koldanuyna karaj tүrlishe bezendiredi Han sarajyndagy dauylpazdar tүrli zergerlik әshekejler men altyn asyl tastarmen әdipteledi Dauylpazdy pajdalanatyn ortasyna bajlanysty kolemin de әrkalaj kylyp zhasajdy Hannyn sogys үshin koldanatyn dauylpazy adam kotere almas auyr әri ote үlken bolgan Ony ordanyn ortasyna kojyp zhanyna dauylpazshyny sajlagan Dauylpazdy karapajym adamdar zhasaj almagan Ony kyr syryna kanyk sheberler gana zhasap shygargan Dauylpazdy ulttyk ojyndarymyz kyz kuu arkan tartu kazaksha kүres t b ojyndarymyzdyn bastalgany men ayaktalganyn angartu үshin de dabyl ornyna pajdalangan Dauylpazdyn kazirgi zhasauly koldanylyp zhүrgen tүri onyn tүpnuskasynan әldekajda ozgerek Birak kalpyna keltirilip damytylyp zhasalgan nuskasyna da kuanamyz Mүldem zhogalyp ketkende kajter edik Dauylpazdyn kajta halkymen kauyshuyna erekshe enbek sinirgen zhandardy auyzga almaj ketu kүnәnin үlkeni shygar Algash dauylpazdy kazak halkynyn ulttyk orkestrinin kataryna engizip onerin elge korsetken Ahmet Zhubanov bolatyn Dauylpazdyn damytylgan bajytylgan nuskasyn sheber D Shokparuly zhasap shygargan Dauylpaz aspabyna belgili koloner sheberi Қ Қasymov pen tanymal dirizher Sh Қazhygalievterdin de enbekteri ushan teniz Dauylpaz tek kazak halkynda gana kezdespejdi Tүbi bir tүrki zhurtynda onyn ishinde ozbek pen kyrgyz agajyndarymyzda turky dauylpazga keletin muzykalyk muralary bar Ataulary da kazaktyn dauylpazyna uksajdy Өzbekterde tәblbass delinse kyrgyzdarda doolbas dep atalady Қazir dauylpazdyn eki tүri belgili Onyn biri etnografiyalyk sipattamasy bojynsha kalpyna keltirilgen tүri Ekinshisi үlken orkestrler үshin zhetildirip zhasalgan үlgisi Ol 1933 34 zh sh da belgili koloner sheberi komi A Zhubanov dirizher Sh Қazhygalievterdin usynystary bojynsha zhasaldy Zhetildirilgen dauylpazdyn zhan zhagynda terisin bosatyp ne keril turatyn dybysyn zhogarylatu nemese tomendetu үshin zhasalgan arnauly kulaktary bar Ezhelgi dauylpazda bul bolshekter bolmagan Aspaptyn osy eki tүrli үlgi nүskasy da kazir halyk aspaptar ansambl orkestrlerinde koldanyp zhүr Dauylpazdyn birneshe kone nuskasy Қazaktyn halyk muzyka aspaptary murazhajynda saktauly Onyn әldeneshe үlgisin sheber D Shokparuly zhasady DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet