Домалақ ана, Шайхы Мизамбекқызы Нұрила (1378, Түркістан — 28 мамыр 1456, қазіргі Бәйдібек ауданы аумағы, Балабөген өзені) – есімі ел ұранына айналған абыз аналардың бірі. 6 – 7 ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек бидің үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Түркістандық немересі.

Атасы Мақтым Ағзамның өсиетімен Домалақ ана он тоғыз жасында (1397) Бәйдібек биге тұрмысқа шығады. Ел ішіндегі деректерге қарағанда, оған «Дихнат мама» деген атауды түп тегі түрікпен Қара Хайдар деген кісі қойған. «Дихнат мама» – парсы сөзі. Қазақ тілінде «Әулие ана» деген мағына береді. «Дихнат мама» сөзі уақыт өте келе дыбыстық өзгерістерге ұшырап, «Домалақ анаға» айналған. Одан тараған ұрпақтарының бәрі де білімімен, ақылымен ерекшеленіп, ел билеген. Жарықшақ деген ұлы Жетісу өлкесінің ұлысбегі болған. 1429 ж. Уәйіс хан қайтыс болып, әке тағына ұлы Есенбұға отырады. Сол күннен бастап Жарықшақ Есенбұға ханның бас уәзірі болады.
Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті.
Домалақ ана өмірінің соңғы жылдары Ташкент қаласында өтеді. Алайда ері Бәйдібектің түсінде берген аяны бойынша, өздерінің ескі қонысы Қаратауға барып тұруға қамданып, жол шегеді. 1456 жылдың жиырма сегізінші мамырында көш Балабөген өзенінің жағасына жеткен кезде Домалақ ана сол жерде намаз оқып тұрып көз жұмады. Өзінің тілегі бойынша Домалақ ана сол жазыққа жерленеді.
Аңыз-әңгімелер
Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз» – деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ.
Кесенесі
Толық мақаласы: Домалақ ана кесенесі
Координаты — 42°52′30″ с. е. 69°40′11″ ш. б. / 42.87500° с. е. 69.66972° ш. б. (G) (O) (Я)
Домалақ ана қос Бөгеннің сағасындағы бір жазыққа жерленген. Айналасын көгілдір таулар қоршаған сол жазықта қазір бозарып сәулетті күмбез көрінеді. Ол – Домалақ ана кесенесі. Кесене 1957 ж. қайта жөндеуден өткізілді. Әулие ананың қасиетін қастерлеген ұрпағының ана бейітіне ағылған ізі, салған жолы ескіріп көрген емес.
Немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шери ұстаны алдырып, Домалақ ананың басына төрт қанатты, төбесі күмбезбен көмкерілген кесене там (1456) тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып, қайта өңделген. 1957 ж. қайта жаңартылған кесене де көп уақыт сақталмаған. 1996 ж. Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Бұл күмбез-зират елдің арнайы келіп зиярат ететін орнына айналған.
Дереккөздер
- “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Domalak ana Shajhy Mizambekkyzy Nurila 1378 Tүrkistan 28 mamyr 1456 kazirgi Bәjdibek audany aumagy Balabogen ozeni esimi el uranyna ajnalgan abyz analardyn biri 6 7 gasyrlar togysynda omir sүrgen Bәjdibek bidin үshinshi әjeli Alban Suan Dulattyn anasy Tүrkistandyk nemeresi Domalak ana kesenesi Atasy Maktym Agzamnyn osietimen Domalak ana on togyz zhasynda 1397 Bәjdibek bige turmyska shygady El ishindegi derekterge karaganda ogan Dihnat mama degen ataudy tүp tegi tүrikpen Қara Hajdar degen kisi kojgan Dihnat mama parsy sozi Қazak tilinde Әulie ana degen magyna beredi Dihnat mama sozi uakyt ote kele dybystyk ozgeristerge ushyrap Domalak anaga ajnalgan Odan taragan urpaktarynyn bәri de bilimimen akylymen erekshelenip el bilegen Zharykshak degen uly Zhetisu olkesinin ulysbegi bolgan 1429 zh Uәjis han kajtys bolyp әke tagyna uly Esenbuga otyrady Sol kүnnen bastap Zharykshak Esenbuga hannyn bas uәziri bolady Өzgeni de balasyndaj korip toniregine analyk mejirin shashkan barynsha kishipejil aldagy kүnnin zhajyn ojlap ajtar sozi akikatka ajnalgan bolzhampaz koregen kasietin kurmettegen urpaktary sol zamannyn ozinde ak onyn atyn atamaj zharatylysynan bojy shagyn bolgandygyna karaj Domalak ana Domalak ene dep atap ketipti Domalak ana omirinin songy zhyldary Tashkent kalasynda otedi Alajda eri Bәjdibektin tүsinde bergen ayany bojynsha ozderinin eski konysy Қaratauga baryp turuga kamdanyp zhol shegedi 1456 zhyldyn zhiyrma segizinshi mamyrynda kosh Balabogen ozeninin zhagasyna zhetken kezde Domalak ana sol zherde namaz okyp turyp koz zhumady Өzinin tilegi bojynsha Domalak ana sol zhazykka zherlenedi Anyz әngimelerDomalak ananyn kadir kasieti erte ak tanylgan El auzynda ol kisi zhoninde anyz әngime kop Solardyn biri mynadaj Bәjdibek zamanynda zhajlauynda үjir үjir zhylkysy kele kele tүjesi otar otar kojy orgen shygys pen batyska keruender zhүrgizgen askan baj adam bolgan Birde Alatau asyp kelgen kalyn zhau Қaratau zhonyn zhajlap otyrgan Bәjdibektin auylyn shauyp san myn zhylkysyn tүre ajdap ketedi Bәjdibek bastagan el azamattary auylda bolmasa kerek Sodan zhau shapty degen habardy estip Bәjdibek elden zhasak zhiyp kasyna үlken әjeli tugan alty ulyn alyp zhauga attangaly zhatkanda Nurilә Baj eke maldyn kuty zhylkynyn iesi kula ajgyr kolda kaldy Amandyk bolsa alty kүnnen kejin zhylky zhauga kajyru bermej ozi auylga keledi Zhaudy kuma azamattar aman bolsyn osy tilegimdi beriniz dep oz otauynyn beldeuinde matamen bajlauly turgan zhүgen kuryk timegen shu asau ajgyrdy korsetipti Birak zhauga kektengen batyr әjelinin tilin almaj zhasagyn bastap zhүrip ketipti Bәjdibek zhasagy zhauga Kүjik asuynda zhetip kyrgyn urys salypty Alajda zhasanyp kelgen zhau attanga ilesip atka kongan az zhasakka tendik bermepti Osy sogysta kaza tapkan alty ulyn zhazygyna zherlep keri kajtypty Arada alty kүn otkende bajlauly turgan kula ajgyr zher kүnirente dүlej kүshpen kisinedi dejdi Sol kүni kesh shamasynda shygystan kalyn shan koterilip uzamaj Bәjdibektin kalyn zhylkysy korinedi Ereuildep baryp keri kajtara almagan zhylkyny Domalak ana osylajsha үjde otyryp ak tүgel kajtaryp alsa kerek Mundaj әngimeler kop ak KesenesiTolyk makalasy Domalak ana kesenesi Koordinaty 42 52 30 s e 69 40 11 sh b 42 87500 s e 69 66972 sh b 42 87500 69 66972 G O Ya Domalak ana kos Bogennin sagasyndagy bir zhazykka zherlengen Ajnalasyn kogildir taular korshagan sol zhazykta kazir bozaryp sәuletti kүmbez korinedi Ol Domalak ana kesenesi Kesene 1957 zh kajta zhondeuden otkizildi Әulie ananyn kasietin kasterlegen urpagynyn ana bejitine agylgan izi salgan zholy eskirip korgen emes Nemeresi Dulat Buharadan Abdulla Sheri ustany aldyryp Domalak ananyn basyna tort kanatty tobesi kүmbezben komkerilgen kesene tam 1456 turgyzady Domalak ana kesenesi birneshe ret buzylyp kajta ondelgen 1957 zh kajta zhanartylgan kesene de kop uakyt saktalmagan 1996 zh Mangystaudan arnajy әkelingen ak taspen zhanadan 12 m biiktikte segiz zhapyrakty etip orilip negizgi boliginin үstine kүmbez ornatylgan Bul kүmbez zirat eldin arnajy kelip ziyarat etetin ornyna ajnalgan Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 5 tom