Гидрогеология — жер астындағы сулардың тегін, ағысын, физика-химиялық қасиеттерін және олардың жер бетіне шығуын зерттейтін геология ғылымының бір саласы. Ол жер асты суларының пайда болуын, таралуын, алмасуын, физикалық қасиеттерін, химиялық құрамының қалыптасуын, жер бетіне шығу жолдарын, қозғалысын, режимін, тау жыныстары арасындағы орналасу пішіндерін, қорының шамасын, ластануын, пайдалану тәсілдерін зерттейді. Гидрогеология геологияның бір саласы болып табылатындықтан, жер асты суларын тау жыныстарымен, Жер қыртысының даму тарихымен тығыз байланыста зерттейді. Гидрогеология жер асты суларын кәсіпорындар мен қалаларды, басқа елді мекендерді, демалыс және емдеу орындарын, мал жайылымдарын сумен қамтамасыз етуге, жер суғаруға, суландыруға пайдаланудың, судан әр түрлі тұздарды және өндірістік маңызы бар химиялық элементтерді ажыратып алудың жолдарын белгілейді. Күрделі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салғанда, кен өндіруде, шахта қазғанда жер асты суының тигізетін әсерін анықтайды. Зерттейтін мәселелеріне байланысты Гидрогеологияның мынадай негізгі салалары бар: жалпы Гидрогеология, жер асты суының алмасуы (гидрогеодинамика), аймақтық Гидрогеология, жер асты суын іздеу мен барлау әдістері, кен орындары Гидрогеологиясы, гидрогеохимия, мелиоративтік Гидрогеология, минералдық сулары туралы ілім, мұнай Гидрогеологиясы, Гидрогеология Жер туралы ғылымдармен, олардың ішінде ең алдымен геодинамикамен, геохимиямен, геофизикамен, гидрологиямен, сондай-ақ физика, химия, математикамен тығыз байланысты.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0
- *Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Gidrogeologiya zher astyndagy sulardyn tegin agysyn fizika himiyalyk kasietterin zhәne olardyn zher betine shyguyn zerttejtin geologiya gylymynyn bir salasy Ol zher asty sularynyn pajda boluyn taraluyn almasuyn fizikalyk kasietterin himiyalyk kuramynyn kalyptasuyn zher betine shygu zholdaryn kozgalysyn rezhimin tau zhynystary arasyndagy ornalasu pishinderin korynyn shamasyn lastanuyn pajdalanu tәsilderin zerttejdi Gidrogeologiya geologiyanyn bir salasy bolyp tabylatyndyktan zher asty sularyn tau zhynystarymen Zher kyrtysynyn damu tarihymen tygyz bajlanysta zerttejdi Gidrogeologiya zher asty sularyn kәsiporyndar men kalalardy baska eldi mekenderdi demalys zhәne emdeu oryndaryn mal zhajylymdaryn sumen kamtamasyz etuge zher sugaruga sulandyruga pajdalanudyn sudan әr tүrli tuzdardy zhәne ondiristik manyzy bar himiyalyk elementterdi azhyratyp aludyn zholdaryn belgilejdi Kүrdeli gidrotehnikalyk zhәne meliorativtik kurylystar salganda ken ondirude shahta kazganda zher asty suynyn tigizetin әserin anyktajdy Zerttejtin mәselelerine bajlanysty Gidrogeologiyanyn mynadaj negizgi salalary bar zhalpy Gidrogeologiya zher asty suynyn almasuy gidrogeodinamika ajmaktyk Gidrogeologiya zher asty suyn izdeu men barlau әdisteri ken oryndary Gidrogeologiyasy gidrogeohimiya meliorativtik Gidrogeologiya mineraldyk sulary turaly ilim munaj Gidrogeologiyasy Gidrogeologiya Zher turaly gylymdarmen olardyn ishinde en aldymen geodinamikamen geohimiyamen geofizikamen gidrologiyamen sondaj ak fizika himiya matematikamen tygyz bajlanysty DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geologiya Almaty Mektep baspasy 2003 ӀSVN 5 7667 8188 1 ӀSVN 9965 16 512 2 Munaj zhәne gaz geologiyasy tanymdyk zhәne kәsiptik tehnologiyalyk terminderinin tүsindirme sozdigi Anyktamalyk basylym Almaty 2003 ISBN 9965 472 27 0 Russko kazahskij tolkovyj geograficheskij slovar Pod obshej redakciej akademika AN KazSSR prof S K Kenesbaeva i kandidata filol nauk A A Abdrahmanova Alma Ata Izd vo Nauka 1966 str 204 Akademiya nauk Kazahskoj SSR Institut yazykoznaniya Sektor fizicheskoj geografii Sostaviteli Zh Aubakirov S Abdrahmanov K Bazarbaev Қazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul geologiya bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz