Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нұра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылымдарының кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).
- 1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,
- 1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,
- 1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,
- 1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
Өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш кітабы "Сенің Отаның" 1958 жылы жарық көрген. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі негізінде мультфильм жасалған. Ысқақов көптеген мәтіндерінің авторы. А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Я. Франко, В.Маяковский, Н.Хикмет, С.Вургу т.б. ақындардың шығармалары қазақ тіліне аударуға қатысқан. Өлеңдері орыс, өзбек, түрікмен татар, т.б. тілдерге аударылған. Әр дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.
Өмірбаяны
Тарақты тайпасынан шыққан.
1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.
Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Қарағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.
1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.
1948 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.
Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.
Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Ысқақовты жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес. Қапаста бес жыл қасірет шеккен Ысқақов 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ КСРО Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті. Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. 1951 жылында репрессияға ұшырап, 1956 жылында ақталған.
Шығармалары
- Сенің Отаның. Өлеңдер. A., 1959;
- Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А., 1959;
- Москвані тыңдаймын. Өлеңдер. А., 1962;
- Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;
- Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;
- Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;
- Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;
- Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;
- Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;
- Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;
- Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.
Дереккөздер
- Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- Яһуда Амандықов = Орта жүздің Ноқта ағасы Тарақты шежіресі — Алматы: Комплекс, 2009. — 1120 б. — 2000 таралым. — ISBN 965-611-88-2.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bүrkit Ibragimuly Yskakov 4 11 1924 Қaragandy oblysy Nura audany Kokmoldir auyly 22 1 1991 Almaty akyn filologiya gylymdarynyn kandidaty 1970 2 dүniezhүzilik sogyska katyskan ҚazҰU dy bitirgen 1948 1946 1949 zhyldary Pioner kazirgi Akzhelken zhurnaly 1949 1960 Leninshil zhas kazirgi Zhas alash gazeti 1960 1969 zhyldary Bilim zhәne enbek kazirgi Zerde zhurnalynda kyzmetker 1969 1991 zhyldary Әdebiet zhәne oner institutynda gylymi kyzmetter atkargan Өlenderi baspasozde 1938 zhyldan zhariyalana bastagan Tungysh kitaby Senin Otanyn 1958 zhyly zharyk korgen Қarlygashtyn kujrygy nege ajyr ertegisi negizinde multfilm zhasalgan Yskakov koptegen mәtinderinin avtory A S Pushkin M Yu Lermontov I Ya Franko V Mayakovskij N Hikmet S Vurgu t b akyndardyn shygarmalary kazak tiline audaruga katyskan Өlenderi orys ozbek tүrikmen tatar t b tilderge audarylgan Әr dәrezheli Otan sogysy ordenimen zhәne medaldarmen marapattalgan ӨmirbayanyTarakty tajpasynan shykkan 1924 zhyly 4 karashada Қaragandy oblysynyn Nura audanyna karasty Kokmoldir degen zherde tugan Ol zhastajynan kiyalshyl armanshyl bolgan eken Zerek zhas el auzyndagy kissa dastandardy zejin koya tyndap zhattap alyp zhүredi Sonyn әseri bolsa kerek kejin ozi de olen shygara bastajdy Onyn en algashky oleni Ana turaly zhyr dep atalady Odan son Қaragandy komsomoly gazetinde әr tүrli takyrypka zhazgan olenderi zharyk kore bastajdy Sondaj olenderinin biri akynnyn tugan zherge arnagan Kokmoldir degen zhyry Yskakovtyn shygarmashylyk omirge ken kulash uruy 1940 zhyly Қaragandy mugalimder institutyna tүsuinen bastalady Sol zhyldary zhazgan olenderi Sovettik Қaragandy Қaragandy komsomoly gazetterinde үzbej zhariyalanyp turady da okuyn bitirgen son 1942 zhyly Sovettik Қaragandy gazetine kyzmetke keledi Sol zhyly әskerge alynyp sogyska attanady 1946 zhyly eline zhenispen oralgan zhauynger akyn enbek zholyn buryngy ozi istegen gazette zhalgastyrady da kop uzamaj Almatyga baryp Pioner Bilim zhәne enbek zhurnalynda Leninshil zhas gazetinde tilshi bolim mengerushisi zhauapty hatshy kyzmetterin atkarady 1948 zhyly Әl Farabi atyndagy Қazak ulttyk universitetin bitirip Ғylym Akademiyasynyn aspiraturasyna tүsedi Bүrkit Yskakov sayasi kozkarasy үshin kudalauga ushyrady Ajyptau үkimetinde Yskakovtyn erterekte Zhas kalam үjirmesi men ESEP ke elin sүjgen erler partiyasy katysyna kosymsha Үndistan degen olendi S Sejfullinnin Aziya I Zhansүgirovtyn Gimalaj olenderine eliktep zhazgansyn dep kinәlagan Sodan 1951 zhyly zhappaj kugyn sүrgin tusynda Үkimetke karsy үgit zhүrgizip zhүr degen zhalamen zhazyksyz zhazalanyp 25 zhylga bas erkinen ajyrylady Sojtip 27 zhasar zhigit 30 zhyldyk zhazany arkalap kete barady Lagerde tozak otynyn torinde zher kazyp shan zhutyp sharshap shaldygyp tityktap zhүrse de olendi kojmajdy olen zhyr oneshinen tүjdik tүjdik kujyldy Ol kazak poeziyasynda Tutkyn zhyry Lagerdegi olender dep atalatyn poeziyanyn zhana tүrin bastady Ұly sogystyn oty men suygynan aman oralgan akyn kapasta korgen kajgy kasiretin bүrkemej bүkil үnimen shyrkap zhүrdi Tas ozennin yzgary olender cikli okyrmannyn ojynan shykkan dүnie Akyldy agamyz akademik M Қarataevtyn Akyndarymyzdyn abaktyda otyryp zhazgan olenderi bizge zhetken zhok sol olkylyktyn ornyn olardyn akyn urpagy Yskakovty zhyrlary torltyrgandaj Onyn bul olenderinen Sәkennin syry Bejimbettin muny Iliyastyn үni estilgendej bolady deui tegin emes Қapasta bes zhyl kasiret shekken Yskakov 1956 zhyly 20 karashadagy kaulysy bojynsha tolyk aktalyp erkin omirge oraldy da sүjikti kәsibin zhalgastyrdy Zhurnalistika әdebiet gylym salasynda zhemisti kyzmet atkardy Қazak KSRO Ғylym Akademiyasynyn M O Auezov atyndagy әdebiet zhәne oner institutynda aga gylymi kyzmetker bolyp 1991 zhyly dүnieden otkenge shejin uzak zhyldar enbek etti Akynnyn shygarmalary 1938 zhyldan bastady 1951 zhylynda repressiyaga ushyrap 1956 zhylynda aktalgan ShygarmalarySenin Otanyn Өlender A 1959 Kishkene teatr Mektep sahnasyna arnalgan pesa A 1959 Moskvani tyndajmyn Өlender A 1962 Өnerpaz bolsan Өlender A 1965 Kishken komekshi Suretti kitapsha A 1966 Қarlygashtyn kujrygy nege ajyr A 1966 Өlender balladalar ertegiler A 1974 Қazak tatar bajlanysy Monografiya A 1976 Zhyldar zhyrlajdy Өlender A 1979 Shabyt shuagy Өlender men poema A 1984 Zhetkinshek Өlender men dastandar A 1985 DerekkozderҚaragandy Қaragandy oblysy Enciklopediya Almaty Atamura 2006 ISBN 9965 34 515 5 Yaһuda Amandykov Orta zhүzdin Nokta agasy Tarakty shezhiresi Almaty Kompleks 2009 1120 b 2000 taralym ISBN 965 611 88 2 Қazak әdebieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2010 zhyl ISBN 9965 26 096 6Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet