Бірліктер жүйесі – физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің кейбірін ғана (ұзындық, масса және уақыт) қамтитын, ал қалған өлшеу бірліктері сол негізгі бірліктердің туындысы ретінде анықталатын жүйе; физикалық теориялардың негізінде құралған, физикалық шамалардың табиғатта болатын өзара байланысын көрсететін, физикалық шамалардың қандай да бір жүйесінің негізгі және туынды бірліктерінің жиынтығы.
Бірліктердің абсолюттік жүйесіне енетін кез келген физикалық шаманың туынды бірліктерін анықтағанда, сол шаманы негізгі бірліктер арқылы өрнектелетін шамалармен байланыстыратын формула қолданылады. Бұл формуладағы пропорционалдық коэффициент бірге тең деп ұйғарылады. Бірліктердің абсолюттік жүйесін ғылымға тұңғыш рет 19 ғасырдың 30-жылдары неміс ғалымы енгізген. Ол негізгі бірліктер ретінде: ұзындық бірлігіне миллиметрді, масса бірлігіне миллиграмды және уақыт бірлігіне секундты алған. Бірліктердің абсолюттік жүйесі қазіргі уақытта ескірген жүйе болып саналады.
Бірліктер жүйесі (өлшеуіштердің метрлік жүйесі, бірліктердің СГС жүйесі, бірліктердің МКС және МТС жүйелері) механикада кеңінен қолданылады. Техникада ұзақ уақытқа дейін үшінші негізгі бірлік ретінде масса орнына күш қабылданған бірліктердің МКГС жүйесі де пайдаланылады. Неміс математигі Карл Гаусс (1777–1855) енгізген бұл жүйе бірліктердің абсолют жүйесі деп аталды. Бұдан кейін Гаусс тәсілі бойынша бірліктердің электрлік және магниттік жүйелері енгізілді.
Бірліктердің СГС жүйесі
Бірліктердің СГС жүйесі – үш негізгі өлшем бірлігінен (сантиметр, грамм, секунд: СГС) тұратын физикалық шамалардың бірліктер жүйесі. Ол 1881 жылы электриктердің Парижде өткен 1-халықаралық конгресінде қабылданған. Бірліктердің СГС жүйесі механиканың және электр динамикасының өлшем бірліктерін қамтиды. Алғашында электр динамикасы үшін электрмагниттік (СГСМ) және электрстатикалық (СГСЭ) деп аталатын бірліктердің СГС жүйесінің екі түрі қолданылды. СГСЭ жүйесінің негізіне электр зарядының өзара әсерін, ал СГСМ жүйесінің негізіне магнит зарядының өзара әсерін сипаттайтын Кулон заңы алынады. бірліктердің СГСМ жүйесінде вакуумның магниттік өтімділігі (магнит тұрақтысы): Ұ0 = 1, ал электрлік өтімділігі (электр тұрақтысы) ε0 = 1/с2 с2/м2, мұндағы с – жарық жылдамдығы. Бірліктердің СГСМ жүйесіндегі магнит ағынының өлшем бірлігі – максвелл (Мкс), магнит индукциясының өлшем бірлігі – гаусс (Гс), магнит өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі – (Э), магнит қозғаушы күшінің өлшем бірлігі – (Гб). Бұл жүйеде электрлік өлшем бірліктеріне атау берілмейді. Ал бірліктердің СГСЭ жүйесінде ε0 = 1, Ұ0 = 1/с2 с2/см2 және онда электрлік бірліктердің атауы болмайды; олардың мөлшерін өлшеу қолайсыз, сондықтан бұл жүйенің бірліктері көбінесе теориялық еңбектерде қолданылады. 20 ғасырдың екінші жартысынан бірліктердің симметриялық (аралас) СГС жүйесі (немесе Гаусс жүйесі) кеңінен қолданыла бастады. Бұл жүйеде Ұ0 = 1 және ε0 = 1. Бұл жүйенің магниттік бірліктері бірліктердің СГСМ жүйесінің бірліктерімен, ал электрлік бірліктері бірліктердің СГСЭ жүйесімен бірдей болып келеді. Бірліктердің СГС жүйесінің негізінде жылу (Цельсий градусын қоса отырып; СГСӘС), жарық (люменді қоса отырып; СГСЛ), радиоактивтілік және иондағыш сәуле (рентгенді қоса отырып; СГСР) бірліктерінің жүйесі құрастырылады. Бірліктердің СГС жүйесінің өлшеу бірліктері физика мен астрономияның теориялық жұмыстарында ғана қолданылады.
Бірліктердің табиғи жүйесі
Бірліктердің табиғи жүйесі – негізгі бірліктер ретінде іргелі физикалық тұрақтылар қабылданған (мысалы, гравитациялық тұрақты – G, вакуумдағы жарық жылдамдығы – с, Планк тұрақтысы – һ, Больцман тұрақтысы – k, Авогадро саны – NА, электрон заряды – е, электронның тыныштық массасы – me, т.б.) жүйе. Бірліктердің табиғи жүйесінің негізгі бірліктерінің шамасы табиғат құбылыстарына байланысты анықталады; бұл оның – өлшем бірліктерін таңдау практикалық өлшеу талабынан туатын басқа жүйелерден өзгешелігі. Бірліктердің табиғи жүйесінің алғашқы нұсқасын 1906 жылы неміс физигі Макс Планк ұсынған. Планк негізгі бірліктерге һ, с, G, k сияқты бірліктерді алды. Бұл бірліктер жүйесі жер жағдайына тәуелсіз әрі ғаламның барлық уақытына және кез келген бөлігіне жарамды болып есептеледі. Кейін Планктің жүйесінен басқа да табиғи жүйелер (мысалы, Льюистің, Хартридің, Поль Дирактың, тағыда басқа жүйелері) құрастырылды. Бірліктердің табиғи жүйесінде ұзындық, масса және уақыт сияқты өлшем бірліктерінің шамасы өте аз болса (мысалы, Планк жүйесіндегі ұзындық 4,03Һ10-35метр, масса 5,42Һ10-8 килограмм және уақыт 1,34Һ10-43 секунд), керісінше, температураның өлшем бірлігі өте үлкен шама (3,63Һ1032К) болады. Мұның үстіне бұл жүйенің өлшем бірліктерінің бірліктердің халықаралық жүйесінің (СИ) негізгі өлшем бірліктеріне қарағанда қайталау дәлдігі бірнеше есе төмен. Сондықтан бірліктердің табиғи жүйесі практикалық өлшем жүргізуде кең қолданыс тапқан жоқ. Дегенмен, бұл жүйені теориялық физикада пайдалану кейбір физикалық теңдеулерді қарапайым түрге келтіруге мүмкіндік береді. Бірліктердің халықаралық жүйесі (SІ;CИ) Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 – 18-Бас конференцияларда дәлдене түсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылдан (ГОСТ 9867 – 61) басталды, ал 1982 жылдан ол міндетті түрде қолданыла бастады. Бірліктердің халықаралық жүйесінің артықшылығы – оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін бірліктердің халықаралық жүйесінің бірліктері арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды. Берілген кестеде бірліктердің халықаралық жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, ампер – электрлік және магниттік, кельвин – жылулық, кандела – жарық, моль – молекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
- Балалар энциклопедиясы, III-том
- Қазақ энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Birlikter zhүjesi fizikalyk shamalardyn negizgi birlikterinin kejbirin gana uzyndyk massa zhәne uakyt kamtityn al kalgan olsheu birlikteri sol negizgi birlikterdin tuyndysy retinde anyktalatyn zhүje fizikalyk teoriyalardyn negizinde kuralgan fizikalyk shamalardyn tabigatta bolatyn ozara bajlanysyn korsetetin fizikalyk shamalardyn kandaj da bir zhүjesinin negizgi zhәne tuyndy birlikterinin zhiyntygy Birlikter zhүjesin kabyldagan elder Birlikter zhүjesin kabyldamagan elder AҚSh Myanma zhәne Liberiya Birlikterdin absolyuttik zhүjesine enetin kez kelgen fizikalyk shamanyn tuyndy birlikterin anyktaganda sol shamany negizgi birlikter arkyly ornekteletin shamalarmen bajlanystyratyn formula koldanylady Bul formuladagy proporcionaldyk koefficient birge ten dep ujgarylady Birlikterdin absolyuttik zhүjesin gylymga tungysh ret 19 gasyrdyn 30 zhyldary nemis galymy engizgen Ol negizgi birlikter retinde uzyndyk birligine millimetrdi massa birligine milligramdy zhәne uakyt birligine sekundty algan Birlikterdin absolyuttik zhүjesi kazirgi uakytta eskirgen zhүje bolyp sanalady Birlikter zhүjesi olsheuishterdin metrlik zhүjesi birlikterdin SGS zhүjesi birlikterdin MKS zhәne MTS zhүjeleri mehanikada keninen koldanylady Tehnikada uzak uakytka dejin үshinshi negizgi birlik retinde massa ornyna kүsh kabyldangan birlikterdin MKGS zhүjesi de pajdalanylady Nemis matematigi Karl Gauss 1777 1855 engizgen bul zhүje birlikterdin absolyut zhүjesi dep ataldy Budan kejin Gauss tәsili bojynsha birlikterdin elektrlik zhәne magnittik zhүjeleri engizildi Birlikterdin SGS zhүjesiBirlikterdin SGS zhүjesi үsh negizgi olshem birliginen santimetr gramm sekund SGS turatyn fizikalyk shamalardyn birlikter zhүjesi Ol 1881 zhyly elektrikterdin Parizhde otken 1 halykaralyk kongresinde kabyldangan Birlikterdin SGS zhүjesi mehanikanyn zhәne elektr dinamikasynyn olshem birlikterin kamtidy Algashynda elektr dinamikasy үshin elektrmagnittik SGSM zhәne elektrstatikalyk SGSE dep atalatyn birlikterdin SGS zhүjesinin eki tүri koldanyldy SGSE zhүjesinin negizine elektr zaryadynyn ozara әserin al SGSM zhүjesinin negizine magnit zaryadynyn ozara әserin sipattajtyn Kulon zany alynady birlikterdin SGSM zhүjesinde vakuumnyn magnittik otimdiligi magnit turaktysy Ұ0 1 al elektrlik otimdiligi elektr turaktysy e0 1 s2 s2 m2 mundagy s zharyk zhyldamdygy Birlikterdin SGSM zhүjesindegi magnit agynynyn olshem birligi maksvell Mks magnit indukciyasynyn olshem birligi gauss Gs magnit orisi kerneuliginin olshem birligi E magnit kozgaushy kүshinin olshem birligi Gb Bul zhүjede elektrlik olshem birlikterine atau berilmejdi Al birlikterdin SGSE zhүjesinde e0 1 Ұ0 1 s2 s2 sm2 zhәne onda elektrlik birlikterdin atauy bolmajdy olardyn molsherin olsheu kolajsyz sondyktan bul zhүjenin birlikteri kobinese teoriyalyk enbekterde koldanylady 20 gasyrdyn ekinshi zhartysynan birlikterdin simmetriyalyk aralas SGS zhүjesi nemese Gauss zhүjesi keninen koldanyla bastady Bul zhүjede Ұ0 1 zhәne e0 1 Bul zhүjenin magnittik birlikteri birlikterdin SGSM zhүjesinin birlikterimen al elektrlik birlikteri birlikterdin SGSE zhүjesimen birdej bolyp keledi Birlikterdin SGS zhүjesinin negizinde zhylu Celsij gradusyn kosa otyryp SGSӘS zharyk lyumendi kosa otyryp SGSL radioaktivtilik zhәne iondagysh sәule rentgendi kosa otyryp SGSR birlikterinin zhүjesi kurastyrylady Birlikterdin SGS zhүjesinin olsheu birlikteri fizika men astronomiyanyn teoriyalyk zhumystarynda gana koldanylady Birlikterdin tabigi zhүjesiBirlikterdin tabigi zhүjesi negizgi birlikter retinde irgeli fizikalyk turaktylar kabyldangan mysaly gravitaciyalyk turakty G vakuumdagy zharyk zhyldamdygy s Plank turaktysy һ Bolcman turaktysy k Avogadro sany NA elektron zaryady e elektronnyn tynyshtyk massasy me t b zhүje Birlikterdin tabigi zhүjesinin negizgi birlikterinin shamasy tabigat kubylystaryna bajlanysty anyktalady bul onyn olshem birlikterin tandau praktikalyk olsheu talabynan tuatyn baska zhүjelerden ozgesheligi Birlikterdin tabigi zhүjesinin algashky nuskasyn 1906 zhyly nemis fizigi Maks Plank usyngan Plank negizgi birlikterge һ s G k siyakty birlikterdi aldy Bul birlikter zhүjesi zher zhagdajyna tәuelsiz әri galamnyn barlyk uakytyna zhәne kez kelgen boligine zharamdy bolyp esepteledi Kejin Planktin zhүjesinen baska da tabigi zhүjeler mysaly Lyuistin Hartridin Pol Diraktyn tagyda baska zhүjeleri kurastyryldy Birlikterdin tabigi zhүjesinde uzyndyk massa zhәne uakyt siyakty olshem birlikterinin shamasy ote az bolsa mysaly Plank zhүjesindegi uzyndyk 4 03Һ10 35metr massa 5 42Һ10 8 kilogramm zhәne uakyt 1 34Һ10 43 sekund kerisinshe temperaturanyn olshem birligi ote үlken shama 3 63Һ1032K bolady Munyn үstine bul zhүjenin olshem birlikterinin birlikterdin halykaralyk zhүjesinin SI negizgi olshem birlikterine karaganda kajtalau dәldigi birneshe ese tomen Sondyktan birlikterdin tabigi zhүjesi praktikalyk olshem zhүrgizude ken koldanys tapkan zhok Degenmen bul zhүjeni teoriyalyk fizikada pajdalanu kejbir fizikalyk tendeulerdi karapajym tүrge keltiruge mүmkindik beredi Birlikterdin halykaralyk zhүjesi SI CI Өlshem men salmak zhonindegi 11 Bas konferenciyada 1960 kabyldangan fizikalyk shamalar birlikterinin zhүjesi Kejin ol Өlshem men salmak zhonindegi 12 18 Bas konferenciyalarda dәldene tүsti Ony KSRO da koldanu 1963 zhyldan GOST 9867 61 bastaldy al 1982 zhyldan ol mindetti tүrde koldanyla bastady Birlikterdin halykaralyk zhүjesinin artykshylygy onyn gylym men tehnikanyn barlyk salasyn kamtityn әmbebaptygy zhәne proporcionaldyk koefficientteri bolmajtyn tendeuler negizinde kurylatyn tuyndy birlikterinin bir birimen үjlesimdiligi Sondyktan esepteu kezinde eger barlyk shamalardyn mәnin birlikterdin halykaralyk zhүjesinin birlikteri arkyly ornektejtin bolsak onda formulaga birlik tandauga tәueldi emes koefficientterdi endirudin kazheti bolmajdy Berilgen kestede birlikterdin halykaralyk zhүjesinin negizgi kosymsha zhәne kejbir tuyndy birlikterinin ataluy men belgilenui keltirilgen Algashky үsh negizgi birlik metr kilogramm sekund mehanikalyk tabigaty bar barlyk shamalardyn үjlesimdi tuyndy birlikterin kurastyruga mүmkindik beredi Al kalgan tort negizgi birlik amper kelvin kandela mol mehanikalyk tabigaty bolmajtyn shamalardyn үjlesimdi tuyndy birlikterin kurastyru үshin kosylgan mysaly amper elektrlik zhәne magnittik kelvin zhylulyk kandela zharyk mol molekulalyk fizika men himiya salasyndagy shamalar үshin Ondyk eselik birlikter men үlestik birlikterdin ataluy arnauly kosymsha zhalgaulardyn komegimen kurastyrylady DerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Mehanika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2007 29 1 b ISBN 9965 08 234 0 Balalar enciklopediyasy III tom Қazak enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet