Azərbaycanca AzərbaycancaБеларускі БеларускіDansk DanskDeutsch DeutschEspañola EspañolaFrançais FrançaisIndonesia IndonesiaItaliana Italiana日本語 日本語Қазақ ҚазақLietuvos LietuvosNederlands NederlandsPortuguês PortuguêsРусский Русскийසිංහල සිංහලแบบไทย แบบไทยTürkçe TürkçeУкраїнська Українська中國人 中國人United State United StateAfrikaans Afrikaans
Қолдау
www.wp1.kk-kz.nina.az
  • Уикипедия

Бекбосын Домбайұлы 1848 1889 Орта жүз Найман тайпасының Қаракерей руының Семіз Найман елінің Байтайлақ атасынан шыққан О

Бекбосын Домбайұлы

Бекбосын Домбайұлы
www.wp1.kk-kz.nina.azhttps://www.wp1.kk-kz.nina.az

Бекбосын Домбайұлы (1848—1889) — Орта жүз Найман тайпасының Қаракерей руының Семіз-Найман елінің Байтайлақ атасынан шыққан Орта жүзге белгілі би, ділмәр шешен болған. Өз заманында Алшынбай, Құнанбай сынды билермен дәм-тұздас, дастар-қандас, сұхбаттас болған. Атақты ақын Дулат Бабатайұлымен, қу дауысты Құттыбай бимен, Абаймен де кездесіп, әңгіме-дүкен құрғаны туралы мәліметтер ұшырасады.

Ол 1848 жылы Қарақолда туған. Сүйегі Семіз Найманның Байтайлақ табынан шығады. Байтайлақ Қожабергеннің Керікбай, ­Домбай, Қабатай деген үш баласының ­Домбайынан туатын Бекбосын ел ішіндегі күрмеуі қиын дауларды шешіп, «қара қылды қақ жарар» әділдікпен төрелік еткен адам. Әділдігімен, бетке айтатын турашылдығымен даңқы аспандаған Бекбосын би бірде Садыр Найман еліндегі Төсібектің ­Базарбайы деген мықтының Қаракерейден жылқы барымталап, олжалаған малын ­туыстарына пышақ үстінен үлестіріп жіберетінін естиді. Осыдан әбден запы болған ел адамдары Бекбосын шешенге келіп: «Төлегетайдың екі баласы бір-бірімен шабысып жатыр деген атаққа қалармыз. Базарбайға тоқтау айтпасаңыз болмас» дейді. ­Бекбосын Базарбай ауылына аттанып, ат басын қонақүйге емес, байдың өз үйіне тірейді. – Уа, сөйле! Кім бар? – деген ­дауысты естіген Базарбай: – Мынауың кім? Барып білші, – деп күтуші жігітін жұмсайды. – Қаракереймін, – деп шешен жауапты қысқа қайырады. Бұған шамданған Базарбай: – Каракерей болса, менің әкем Садырды көріп пе? – деп күтушісін қайыра жұмсайды. – Көрдім, – деп саңқ ете қалады Бекбосын. – Шұбар аты астында, шолақ найзасы қолында, Алатау мен Тарбағатай арасында күңіреніп жүр екен, жарықтық. «Жұмаққа барайын десем, Құдайдан қорқамын, тозаққа барайын десем, сайтаннан қорқамын. Балам Базарбайға айта бар, ағам Қаракерейдің жылқысын өзіне қайтарсын» деп үш қайтара сәлем айтты. – Апыр-ай, менен бір ағаттық кетіпті. Өзіңді көрмесем де, сөзіңді естуім бар еді, Беке! – деп Базарбайдың өзі үйден атып шығып, Бекбосынды қолтықтап түсіріп алыпты. Осыдан кейін Қаракерей мен Садыр ара­сындағы барымта сап тыйылған екен дейді. Домбай биден тараған Әділбек, Қарабек ұрпақтары Қарақол ауылында, Астана, Алматы, Семей, Өскемен жақтарды мекен етеді. Сол сияқты, Қожабергеннің Қабатайынан тараған Бекбосын, Берікбол ұрпақтары да Қарақол, Сағат ауылдары мен ­Қазақ­станның әр түкпірінде бар. Жалпы бұл өңірдегі Байтайлақ ­табынан тараған 8 қажы: Тапқанбай, ­Саң­қайбай, Досбай, Босмойын, Шәкірт, Бекберген, Бекжан, Шаған­дардың бәрі де кезінде бес парызын өтеп, Мекке, Мәдинаға сапар шегіп, қажы атанғандар. Домбай, Бекбосын, Серең билер де осы Байтайлақ табынан. Саңқайбай қажы байлығы мен атақ-даңқы үш жүзге мәлім болған жан еді. Ел ішінде Саңқайбай қажының қарақұрым жылқысы Қарақол өзенінен су ішкенде өзен суы тартылып қалады-мыс деген әңгіме әлі күнге дейін айтылады. Тарбағатайдың Ақшәулі тауынан бастау алатын ұзына бойы 186 шақырымға созылатын жойқын өзеннің суын сор­ғытатын қалың жылқының есебін шамалай беріңіз. Саңқайбай қажы 1847 жылы туып, 1924 жылы 77 жасқа қараған шағында дүниеден өткен. Бұл кісінің ұрпақтары да Қарақол, Семей, Алматы маңында. Бекбосыннан Қонақбай, Заманбек, Мөрлібек деген ұлдар туған. Олардан тараған ұл-қыздардың өзі бір қауым. Жалпы Бекбосын шешендігімен ғана емес, еліне қорған болатын батырлығымен де аты шыққан адам. Бір жылы Бақанас-Көксала өзені бойындағы Семіз Найман елінің Қазығұл руының адамдары барым­таға келген бір тобықты жігітін аңдау­сызда өлтіріп алыпты. Бірақ сол кезде Тобықты адамдары дер кезінде құн сұрай алмай қалған екен. Араға біраз уақыт салып, өлген жігіттің аға­йын­дары құн алып бер деп болыс Абайға барыпты. Соны есіткен казығұлдықтар «Құнанбайдың болыс баласы келе жатыр» деп дүрлігіп, арнайы ат жіберіп, Бекбосын биді алдырады. Он шақты адаммен Қазығұл еліне келген ­Абайды қарсы алғандардың арасынан ­Бекбосын суырылып шығып а­мандасып: – Жақсы жігіт жоқ іздейді, жаман жігіт не іздейді. Бірді көп іздейді, көпті кім іздейді? Жүрістерің суыт, қабақтарың қату ғой. Тобықтының сөзі Кеңгірбай еді, көзі Өскенбай еді. Құнекеңнің көзіндей боп жалғыз келгенің қалай, Абай? Базекем, Базаралым аман болса игі еді, – деп Абайды құшағынан босатпай тұрып алыпты дейді. Сонда сөз қадірін білетін, жөн білетін дана Абай: – Алысқа жолаушылап бара жатқан соң, жолай бұрылып едік, рақмет, – деп Қазығұл ауылынан түстеніп қана аттанып кетіпті. Сөйтсе, осының алдында ғана Базаралы Қауменұлы бастаған Жігітектің 17 адамы ­итжеккенге ­ай­далған екен. Бекбосын бидің осы оқиғаны тұспалдағанынан тұжырым жасаған Абай дауласып жатуды орынсыз көрген екен. Бекбосын Домбайұлы бұғанасы қатпай дау-шарға кірісіп, төрелік айтқаны жайлы Тынышбек Әбішұлы ағамыз айтып отыратын: «Қара­ке­рейден тарайтын Байыс, Байсиық елдерінің арасындағы бір барымтада Домбайдың жылқысы қолды болыпты. Домбай ақ-адал малын қуып, ­Байыс еліне қанша барса да қайтып ала ­алмапты. Бірде Байыс елінде сиез өтіп, ол жиынның басы Тана мырза деген хабар құлағына тиген он екі жасар Бекбосын әкесі Домбайдан рұқсат сұрап, жолға шықпақ болады. – Балам, әлі бұғанасы қатпаған жассың. Ол жерде «түу» дегенде түкірігі жерге түспейтін, иісі қазаққа белгілі би, шонжарлар болады. Сенімен олар сөйлесуші ме еді, қой, балам! – дейді Домбай баласының әрекетін құптай қоймай. Бірақ баласының алған бетінен қайтпас түрін көріп, ақырында батасын беріп, қасына ел адамдарын қосып аттандырады. Сиез жұмысы аяқталар тұста Бекбосын бала ордаға кіріп келіп, сәлем берсе, сәле­мін ешкім ала қоймайды. Тана мырза екі қолын желкесінің астына қойып жататын кісі екен. Сонда Бекбосын: – Сөздің басы сәлем еді, Елдің басы Тана мырзадай данам еді. Танекем жарықтық дүниеден күдер үзіп, Жамбасына басқан ба қара жерді. Қайран, ағатайым-ай! – деп дауыс салып төрге ұмтылғанда, Тана мырза: – Ой, мынауың бала емес, бәле ғой өзі, – деп басын көтеріп алған екен. Бекбосын осы жолы жылқысын айдап қайтыпты». Қарақолдан шығып, қазақ еліне атағы мәлім болған ­Бекбосын Домбайұлы 1848-1883 жылдар шама­сында құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмыр кешкен біртуар тұлға, Қаракерей-Семіз Найман елінен шыққан белгілі би.

Тарбағатай тауының күнгейін жайлаған Семіз-Найман елінде көптеген батыр мен билер болғаны әмбеге аян. Сөздің қадірін білер, қара сөздің майын тамызар, ел шетіне келген жаудың бетін қайтарар батыр бабаларымыз көптеп шықты. Солардың бірі және бірегейі – кезінде Абаймен сөз жарыстырып сынға түскен, Абай Құнанбайұлының өзі «Бекбосын шешен» деп ат берген, небәрі 35 жыл ғұмыр кешкен Бекбосын биді қазақ халқы ұмыта алмайды.


Жастай дүниеден қайтқан Бекбосын бидің зираты Таскескен ауданы Б. Әбжанов атындағы «Қарақол» кеңшарының орталығында жатыр. Бекбосын би Домбайұлынан тараған ұрпақ Семей, Талдықорған облыстарының (қазіргі Алматы облысы) Үшарал, Үйгентас, Үржар, Аягөз, Таскескен аудандарында тұрады.

Дереккөздер

  1. Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақалада еш сурет жоқ.

Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
Суретті мыннан табуға болады:

  • осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;
  • мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
  • өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).

уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер

Bekbosyn Dombajuly 1848 1889 Orta zhүz Najman tajpasynyn Қarakerej ruynyn Semiz Najman elinin Bajtajlak atasynan shykkan Orta zhүzge belgili bi dilmәr sheshen bolgan Өz zamanynda Alshynbaj Қunanbaj syndy bilermen dәm tuzdas dastar kandas suhbattas bolgan Atakty akyn Dulat Babatajulymen ku dauysty Қuttybaj bimen Abajmen de kezdesip әngime dүken kurgany turaly mәlimetter ushyrasady Ol 1848 zhyly Қarakolda tugan Sүjegi Semiz Najmannyn Bajtajlak tabynan shygady Bajtajlak Қozhabergennin Kerikbaj Dombaj Қabataj degen үsh balasynyn Dombajynan tuatyn Bekbosyn el ishindegi kүrmeui kiyn daulardy sheship kara kyldy kak zharar әdildikpen torelik etken adam Әdildigimen betke ajtatyn turashyldygymen danky aspandagan Bekbosyn bi birde Sadyr Najman elindegi Tosibektin Bazarbajy degen myktynyn Қarakerejden zhylky barymtalap olzhalagan malyn tuystaryna pyshak үstinen үlestirip zhiberetinin estidi Osydan әbden zapy bolgan el adamdary Bekbosyn sheshenge kelip Tolegetajdyn eki balasy bir birimen shabysyp zhatyr degen atakka kalarmyz Bazarbajga toktau ajtpasanyz bolmas dejdi Bekbosyn Bazarbaj auylyna attanyp at basyn konakүjge emes bajdyn oz үjine tirejdi Ua sojle Kim bar degen dauysty estigen Bazarbaj Mynauyn kim Baryp bilshi dep kүtushi zhigitin zhumsajdy Қarakerejmin dep sheshen zhauapty kyska kajyrady Bugan shamdangan Bazarbaj Karakerej bolsa menin әkem Sadyrdy korip pe dep kүtushisin kajyra zhumsajdy Kordim dep sank ete kalady Bekbosyn Shubar aty astynda sholak najzasy kolynda Alatau men Tarbagataj arasynda kүnirenip zhүr eken zharyktyk Zhumakka barajyn desem Қudajdan korkamyn tozakka barajyn desem sajtannan korkamyn Balam Bazarbajga ajta bar agam Қarakerejdin zhylkysyn ozine kajtarsyn dep үsh kajtara sәlem ajtty Apyr aj menen bir agattyk ketipti Өzindi kormesem de sozindi estuim bar edi Beke dep Bazarbajdyn ozi үjden atyp shygyp Bekbosyndy koltyktap tүsirip alypty Osydan kejin Қarakerej men Sadyr ara syndagy barymta sap tyjylgan eken dejdi Dombaj biden taragan Әdilbek Қarabek urpaktary Қarakol auylynda Astana Almaty Semej Өskemen zhaktardy meken etedi Sol siyakty Қozhabergennin Қabatajynan taragan Bekbosyn Berikbol urpaktary da Қarakol Sagat auyldary men Қazak stannyn әr tүkpirinde bar Zhalpy bul onirdegi Bajtajlak tabynan taragan 8 kazhy Tapkanbaj San kajbaj Dosbaj Bosmojyn Shәkirt Bekbergen Bekzhan Shagan dardyn bәri de kezinde bes paryzyn otep Mekke Mәdinaga sapar shegip kazhy atangandar Dombaj Bekbosyn Seren biler de osy Bajtajlak tabynan Sankajbaj kazhy bajlygy men atak danky үsh zhүzge mәlim bolgan zhan edi El ishinde Sankajbaj kazhynyn karakurym zhylkysy Қarakol ozeninen su ishkende ozen suy tartylyp kalady mys degen әngime әli kүnge dejin ajtylady Tarbagatajdyn Akshәuli tauynan bastau alatyn uzyna bojy 186 shakyrymga sozylatyn zhojkyn ozennin suyn sor gytatyn kalyn zhylkynyn esebin shamalaj beriniz Sankajbaj kazhy 1847 zhyly tuyp 1924 zhyly 77 zhaska karagan shagynda dүnieden otken Bul kisinin urpaktary da Қarakol Semej Almaty manynda Bekbosynnan Қonakbaj Zamanbek Morlibek degen uldar tugan Olardan taragan ul kyzdardyn ozi bir kauym Zhalpy Bekbosyn sheshendigimen gana emes eline korgan bolatyn batyrlygymen de aty shykkan adam Bir zhyly Bakanas Koksala ozeni bojyndagy Semiz Najman elinin Қazygul ruynyn adamdary barym taga kelgen bir tobykty zhigitin andau syzda oltirip alypty Birak sol kezde Tobykty adamdary der kezinde kun suraj almaj kalgan eken Araga biraz uakyt salyp olgen zhigittin aga jyn dary kun alyp ber dep bolys Abajga barypty Sony esitken kazyguldyktar Қunanbajdyn bolys balasy kele zhatyr dep dүrligip arnajy at zhiberip Bekbosyn bidi aldyrady On shakty adammen Қazygul eline kelgen Abajdy karsy algandardyn arasynan Bekbosyn suyrylyp shygyp a mandasyp Zhaksy zhigit zhok izdejdi zhaman zhigit ne izdejdi Birdi kop izdejdi kopti kim izdejdi Zhүristerin suyt kabaktaryn katu goj Tobyktynyn sozi Kengirbaj edi kozi Өskenbaj edi Қunekennin kozindej bop zhalgyz kelgenin kalaj Abaj Bazekem Bazaralym aman bolsa igi edi dep Abajdy kushagynan bosatpaj turyp alypty dejdi Sonda soz kadirin biletin zhon biletin dana Abaj Alyska zholaushylap bara zhatkan son zholaj burylyp edik rakmet dep Қazygul auylynan tүstenip kana attanyp ketipti Sojtse osynyn aldynda gana Bazaraly Қaumenuly bastagan Zhigitektin 17 adamy itzhekkenge aj dalgan eken Bekbosyn bidin osy okigany tuspaldaganynan tuzhyrym zhasagan Abaj daulasyp zhatudy orynsyz korgen eken Bekbosyn Dombajuly buganasy katpaj dau sharga kirisip torelik ajtkany zhajly Tynyshbek Әbishuly agamyz ajtyp otyratyn Қara ke rejden tarajtyn Bajys Bajsiyk elderinin arasyndagy bir barymtada Dombajdyn zhylkysy koldy bolypty Dombaj ak adal malyn kuyp Bajys eline kansha barsa da kajtyp ala almapty Birde Bajys elinde siez otip ol zhiynnyn basy Tana myrza degen habar kulagyna tigen on eki zhasar Bekbosyn әkesi Dombajdan ruksat surap zholga shykpak bolady Balam әli buganasy katpagan zhassyn Ol zherde tүu degende tүkirigi zherge tүspejtin iisi kazakka belgili bi shonzharlar bolady Senimen olar sojlesushi me edi koj balam dejdi Dombaj balasynyn әreketin kuptaj kojmaj Birak balasynyn algan betinen kajtpas tүrin korip akyrynda batasyn berip kasyna el adamdaryn kosyp attandyrady Siez zhumysy ayaktalar tusta Bekbosyn bala ordaga kirip kelip sәlem berse sәle min eshkim ala kojmajdy Tana myrza eki kolyn zhelkesinin astyna kojyp zhatatyn kisi eken Sonda Bekbosyn Sozdin basy sәlem edi Eldin basy Tana myrzadaj danam edi Tanekem zharyktyk dүnieden kүder үzip Zhambasyna baskan ba kara zherdi Қajran agatajym aj dep dauys salyp torge umtylganda Tana myrza Oj mynauyn bala emes bәle goj ozi dep basyn koterip algan eken Bekbosyn osy zholy zhylkysyn ajdap kajtypty Қarakoldan shygyp kazak eline atagy mәlim bolgan Bekbosyn Dombajuly 1848 1883 zhyldar shama synda kujrykty zhuldyzdaj kyska gumyr keshken birtuar tulga Қarakerej Semiz Najman elinen shykkan belgili bi Tarbagataj tauynyn kүngejin zhajlagan Semiz Najman elinde koptegen batyr men biler bolgany әmbege ayan Sozdin kadirin biler kara sozdin majyn tamyzar el shetine kelgen zhaudyn betin kajtarar batyr babalarymyz koptep shykty Solardyn biri zhәne biregeji kezinde Abajmen soz zharystyryp synga tүsken Abaj Қunanbajulynyn ozi Bekbosyn sheshen dep at bergen nebәri 35 zhyl gumyr keshken Bekbosyn bidi kazak halky umyta almajdy Zhastaj dүnieden kajtkan Bekbosyn bidin ziraty Taskesken audany B Әbzhanov atyndagy Қarakol kensharynyn ortalygynda zhatyr Bekbosyn bi Dombajulynan taragan urpak Semej Taldykorgan oblystarynyn kazirgi Almaty oblysy Үsharal Үjgentas Үrzhar Ayagoz Taskesken audandarynda turady DerekkozderDalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz

Жарияланған күні: Ақпан 03, 2025, 13:34 pm
Ең көп оқылған
  • Наурыз 25, 2025

    Баулер (Нойербург)

  • Наурыз 25, 2025

    Баквиль

  • Наурыз 26, 2025

    Бакпюи

  • Наурыз 27, 2025

    Анридорфф

  • Наурыз 25, 2025

    Анривиль

Күнделікті
  • Айдахо

  • Органикалық дүние

  • Өсімдіктер

  • Уикимедиа қоры

  • 28 ақпан

  • Бундестаг

  • Третьяков галереясы

  • Classic (радио)

  • Хамелеон

  • Дүйсенбі

NiNa.Az - Студия

  • Уикипедия

Ақпараттық бюллетеньге тіркелу

Біздің пошталық тізімге жазылу арқылы сіз әрқашан бізден соңғы жаңалықтарды аласыз.
Байланысу
Бізбен хабарласыңы
DMCA Sitemap Feeds
© 2019 nina.az - Барлық құқықтар сақталған.
Авторлық құқық: Dadaş Mammedov
Жоғарғы