Бейсенбі Дөненбайұлы (1803 жылы туып, 1872 жылы қайтыс болған). "Сегіз қырлы, бір сырлы" би әрі күйші. Онын туып өскен, өмір сүрген жері Қытай Халық Республикасындағы Алтай аймағы, Буыршын ауданы.
Шыққан тегі Найман тайпасы.
Бейсенбі би өмірбаяны
Бейсенбі бидің туған, дүниеден қайтқан жылдары ертедегі Уақ тайпасынан шыққан Ер Көкше батыр мен Жанат, биі өмір шежіресі арқылы анықталды.
Қазақ күй өнерінде Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебінің орны ерекше. Сол мектептің белді өкілдерінің бірі, XIX ғасырда өмір сүрген Бейсенбі Дөненбайұлы.
Ол 1803 жылы Алтай аймағының Буыршын ауданы Оймақы ауылында туып, 1872 жылы қайтыс болған. Әділ билігімен, асқан домбырашы, сазгерлігімен танылған Бейсенбінің мұралары бізге толықтай жетті деуге болады.
14 жасынан бастап күй шығара бастаған ол күйшілігімен қатар әділ билігімен де елге танымал болған. 1836 жылы Алтайда Көгедай төреге көмекші ретінде төрт би сайланады. Сол төрт бидің бірі – Бейсенбі Дөненбайұлы болған. Оны ел-жұрты ерекше құрметтеп Бежең деп атап кетіпті.
Шертпе күй тармағына Байжігіттей терең үңілген сол заманның күйшілері көп. Осыдан болар, Шығыс Қазақстан, Алтай, Тарбағатай, Шұбартау, Семей т.б жерлерде осы күй мақамымен қанат жайған саңлақтар көп деуге толық негіз бар.
Алтай өңірін мекендеген, Байжігіттің шертпе дәстүрін ары қарай дамытқан, қазақ халқының қара қылды қақ жарған әділ биі болған, дарынды сазгер домбырашы, күйші Бейсенбі Дөненбай ұлы туралы айтар болсақ, әңгіме көп.
Бейсенбінің күйлері көбінесе, сарынының ескілігімен, әуезділігімен ерекшеленеді. Бежеңнің 150-ге жуық күйі, оның ішінде қырықтан астам әр түрлі атаудағы «Кеңес» күйлері бүгінгі күнге жетті дейді зерттеушілер.
Оның көп күйлерінің шыққан уақыты, шығу тарихы – өзі билік құрған кезеңдегі оқиғалармен байланысты өрбиді. Бежең күйлерін мазмұнына қарай кеңес күйлері, ат туралы күйлер, арнау күйлер деп үшке бөлуге болады.
Бейсенбі күйші Байжігіт бабасының күйлерін ойнап, тарихын айтып отыратын деген деректер халық ауызынан бүгінге жеткен.
1836 жылы аға сұлтан Құнанбай бастаған топ Алтайға барады. Оны күтіп алуға көп адам жиналып, үлкен кеңес құрады. Солардың ішінен, шешендігімен көзге ерекше түскен Бейсенбіні төбе би етіп тағайындап, ұлы жиналысты жалғастырады.
Сол Бейсенбі би адал да, ақылды, дүниеге кең көңілімен, ашық та парасатты мінезімен, әділ билігімен, Алтай қазақтарының адал да, әділетті көсемдерінің біріне айналады.
Бейсенбі билік айтарда қасиетті қара домбырасын өзіне ақылшы, жансерік етіп, халық ерекше ықыласпен қабылдайтын күй өнерін пайдалану арқылы шешімі күрделі дау-дамайға тура, әділ шешім жасап отырған.
Бейсенбі күйлері, негізінен шертпе күй мақамында. Өзіндік ерекшелік қол таңбасын қалдырған. Оң қолдың қағу түрлері, белгілі өлшемдегі такт түрлері күйдің соңына дейін сан алуан өзгеруінде. Бейсенбі күйлерінің ерекшелігі, бір-біріне ұқсамайтындығы.
Кеңес күйлері философиялық тақырыпқа құрылған болса, ат туралы күйлер өзіне серік болған, шашасына шаң жұқпас небір жорға мен жүйрік аттарының жүрісін суреттейді. Ал, арнау күйлері әр түрлі оқиғалар мен адамдарға арналғандықтан, болмысы жағынан да әр түрлі болып келеді.
Бейсенбі келелі кеңестерде сөз бастаған шешен де болғанын жоғарыда айттық. «Бас кеңес», «Кеңес басы», «Көк иірім кеңес», «Төрт бидің кеңесі», «Жай кеңес» сияқты 40-тай кеңес күйі, «Ала көз аттың жүрісі», «Көк шұбар аттың жүрісі», «Қара құлақ аттың жүрісі», «Майда қоңыр», «Майда жал» секілді 20 шақты атқа арналған күйлері бар.
Арнау күйлерінің ішінде «Айми», «Кербез сылқым», «Ажар», «Жеке батыр», «Екеуім-екеуім», «Танысаңшы» қатарлы күйлерінің орны ерекше.
«Тансаңшы» атты күйдің қысқаша тарихына тоқтала кетсек.
Сол заманның бір азаматы нағашы жұртына жаяу-жалпы келе жатса керек. Алдынан жер қайысқан қалың жылқы кезігеді, соны тамашалап келе жатқан жолаушыны ұры деп ойлаған жылқышылар, қол-аяғын матап би алдына әкеледі. Соны сезген Бейсенбі би домбырада, ұрымын деме, «Тансаңшы» деп күй төгеді, домбыра үнін түсінген жолаушы жігіт, «мен жолаушы қонақ едім» деп құтылған екен.
Бейсенбі кезінде сөз иесі шешен, ел иесі әділ би, күй иесі , қайрат иесі батыр, құс иесі құсбегі, сергек ойлы азамат болған.
Бейсенбі жас кезінде бүкіл (Абак, ) ортаға шығар қосбасшысы болған. Сол кезден бастап ортасындағы дау-шарды бітіріп, екі ұлт арасына таныла бастаған. Жаугершілік заман мен даугершілік өмір Бейсенбіні әр жақтан сынға салады. Жанат елінін он мыңдаған жылқысы мен қаптаған қосына иелік етіп, кедей-кепшікке қолының ашықтығымен мырза атанған. Бейсенбі би 88-ге қараған жасында дүниеден қайтқан.
Бейсенбі күйінің көбі аттың жүрісі мен аңның аттарына байланысты болып келеді.
Бейсенбінің "Кеңес" күйінің бірнеше түрі бар. Өйткені Бейсенбі Керейдің төрт биінің бірі болып сайланғаннан кейін кеңесті күймен бастайтын болған. Шежірешілердің айтуына қараганда "Кеңесте" талқыға түсіп, шешім етілетін істің мән-жайын күй сарынмен кеңес басталғанша толғап отырады екен.
Бейсенбі би жайлы аңыздар
Бейсенбі би жайлы аңыз
Бейсенбінің "Жеңілдім" күйінің шығу тарихы былай баяндалады. Бейсенбімен замандас Жайыр деген азамат Қобықгы жайлап жүрген жылқыларының біріне мініп Ертістен өтіп Қаба, Буыршын елдерін аралапты. Жігерлі жігіт ел аралағыш болады, өрнені білгіш болады. Сөйлей-сөйлей шешен, көре-көре көсем болады дегендей жалыны жарқылдап, талабы тасқындап өскен жас елін аралап жүріп бір байдың үйіне түсіпті. Байдың қонақжай әйелі күтіп алса керек. Ән шырқап, күй тартып, күймен көлемді жинап, отыратын жерін өлең-жырмен сейілдетіп, ел жүрегін жадыратып, қауымның қонақжай меймандостығына бөленіпті. Ауылға аялдап қалған қонақ жігіттен күдіктеніп, ел жігітгері "Салт" жүрген деген сылтаумен ұстап, аяғына кісен салып қояды. Бір күні Жайыр кісенді үзіп, ауыл шетінен бір көлік тауып мініп (тұғыр ат) түнделетіп жөнеледі. Күн түндігін жауып, айналаны қымтап, көңілі ортайып, бір белден аса бергенде, екі-үш отаудың үстінен шығады. Ат басын тежеп тесіле қарайды.
. Ақ орда, керме толы сандақ қатарынан сап түзеп тұр екен. Жайырдың аңсары ауады. Бірін мініп, бірін қосағына алып кетуге ыңғайланып, тықырын сездірмей ауылға аяңцайды. Жұлдыз жамбасқа аунап, таң шапағы білінер кез болса да, орда ұйқыға жатпаған екен. Үйге жақындаған сайын естілген күй сарыны күздің ұзақ сары таңына дейін үзілмегенін сезеді. Демін ішінен алып келе жатқан күйдің құдіретті сазынан шыға алмай қалады. Ауылға іліне күйге дендей құлақ түреді. Төңкеріле толқып, баяулатып, кейде күреңітіп, пернені бебеулете шыгып жатқан күйдің тылсым сарынына сүйінеді. Кейбірі өзі шертіп жүрген таныс күй, енді бірі естіген күйлері, ал қайсыбірі жаңа тың сарын сияқты. Күй сазына елтіп отырған жігітті ауыл күзетшілері байқап қалып, ту сыртынан бассалып, түн қатып жүрген ұры-қары екен деп ұстап алыпты.
Күн төбеден ауа дастарқан жиналып, сапырылған қымызга қанған үлкендер тысқа шыққанда:
-Бізге жауап бермеді. Бидің өзіне апарыңцар, жауапты орда иесінің өзіне ғана берем деп өтініп отыр, - деп Бейсенбіге ұсталған "ұры" жайлы хабар тиеді. Бейсенбі: "Қалайда көп талқысын көрген бірі ғой" деп ойлайды.
-Сен кімсің? - дейді бір ділмөр ажырая, кім екенін тез біле қойғысы келіп.
-Бидің алдына алып барыңдар, - дедім гой!
-Көптің алды талқы, бидің алды тез. "Сөз шынына, пышақ қынына тоқтайды". Ауылға не үшін келдің? Орданыц түбінде не себепті тың тыңдап отырдың? - деп сұрайды тағы бірі.
Би көбіне шешендерін сөйлетіп, өзі тыңдаушы болып, жауапкердің ішкі дүниесінен сыр тартып, сынап отырады екен. Сол әдетімен Бейсенбі домбырасын сыңар ішекпен дыңғырлатып толғаумен отыра береді.
-Жер көріп, ел тану азаматтың міндеті, атамыздың салты. Сол ата мұра ауылдарыңыздың ортасына Қобықты жақтан келіп танысып жүр едім, - деп бастайды "ұры" сөзін. Ол жүрген жолы мен қонған ауылына дейін қалдырмай тізіп айтады. Бейсенбі мұның сөзін ден қоя тыңдап: "Ұры" болса да қотандағы қойдың ірге жауы емес, алыстан аңсайтын арыстың азаматының бірі ғой" деп ойлады. "Бұл ауылға қалай келдің?" деген сұраққа Жайыр болған, басынан кешкен жайды баяндайды.
-Қашып жүрген адамда күй бола ма, байдың аулы маңынан тауып мінгенім қойшының тұғыр торысы еді. Бір жүйрікті тақымға басып ырғытып жөнелсем деп армандап келе жатқанда, осы ауылдың үстінен шықтым. Кермедегі саңлақтарды көріп, бірін мініп, бірін қосарға алып кетпекші едім, амал қанша, - деп тоқтайды.
-Мен кермеге жақындаганда күйге елтіп тұрғандай жусаған аттардың маган құлақ тіккені болмады, мен де сол күй сарынына азырақ құлақ қойып тыңдадым. Күй мені іргеге тарта берді. Өнерге өуестіктің азаматқа пайдасы да, зияны да болады ғой. Бүгін жақсылардың алдында "ұры" атанып отырғаным да осы күй құмарлығымнан еді, - деп тынады.
-Атың кім? - деді Бейсенбі сөзге кірісіп, өз атын білетін күйшілердің бірі болар ма деген жылы шыраймен.
-Атым .
Бейсенбі Жайырға ойлы көзбен қарайды. Әзімдей күйші болып шығады демесе де, "Күй кұмарлығымнан ұры атанып отырмын" деген сөзін еске алып, қолындағы домбырасын ұсынады. Жайыр домбыраның құлақ күйін келтіріп алып, түнде өзі тыңдаған сарынын тыңдаушының құлақ құрышын қандырта отырып орындайды да домбыраны иесіне ұсынады.
-Би-еке, қажыған ой; байланған қолдың домбыра пернесін қате басқаны болса кешіресіз, мені өзіне баурап әкеткен, жіпсіз байлап алған осы күй болатын. Шоқпардан жығылып қолды болғаным жоқ. Айыбым атқа мініп, қашып құтылу еді. Күйге құмарлығым халық алдында жауап бергізіп отыр. Би алдында сөйлеймін деп, түнімен жауап бермегенім де осы жайым болатын, - дейді.
Бейсенбі Жайыр деген күйші бар деп бұрын естімеген. Қазіргі сәтте Жайырдың істеген мен сөзіне ой толғап құмарлығы мен адамшылығы Бейсенбіні екі ұшты ойға қалдырды. Өтірікші алдакестің бірі ме, бұл күйді бұрын біле ме, қалай тез үйреніп алған. Осындай алғыр болса, халқының шоқтығы биігінің бірі болар, сынап көрейін деген ойға тиянақтап, Бейсенбі Жайырды қатарға отырғызып күтсе керек. Жайыр екеуі күймен айтысыпты. Бірінің шерткен күйін бірі шертпей жаңадан бастап бір түн күй айтысқа түсіп бірін-бірі жеңісе алмапты. Бір кезде Жайыр пернені қолымен басып, үлкен башпаймен бір күй шертіп, домбыраны Бейсенбіге ұсынып:
-Қол шеберлігіңці байқадық. Енді башпаймен шертіп жарысқа түссек қайтеді, - депті.
Сонда домбыраны бұрын башпаймен шертіп әдеттен бегендіктен, Бейсенбі "Жеңілдім" деген күйін сол жерде шертіп, жауап қайырса керек. Бидің бір күйінің тарихы осылай баяндалады. Бейсенбі Жайырды күтіп, ат мінгізіп, шапан жауып құрметтеп, халықтың қалаулы азаматы деп таниды.
Бейсенбі би жайлы аңыз
"Тентектің басқаны тоғыз, мінезі егіз". Әділеті жоқ өктем күш шырмап жатқан заманда елі үшін егеске түскен нар ұлдары болған. Солардың бірі Жайыр. Егескен жерінен есе қайырмай қоймайтын осы бір жолы Қобықты басып жатқан қытай уандары мен монгол Күздейлері қырына Жайыр да ілініп қалады. Бір айғыр үйірі жоғалып кеткен Күздей жылқысын Жайырдан көріп, ұстап алып ұры п қинап дүрелеумен еріксіз алдым дегізеді. Иең кім десе "Бейсенбі" дейді. Жайырда көп жылқы мен айып төлейтін мал жоқ. Сондықтан Жайырды алға салып, Бейсенбінің алдына кесім айтқызып, төлетіп алуға келеді. Бейсенбі Күздейдің алдында ұры дан жауап алудан бұрын домбыраны алып күйлейді. Жайыр домбыра шанағынан төгілген "Тансаң шы, тансаңшы" деген күмбірді тап басады. Бейсенбі күйдің тілін ұқтың ба дегендей, әуендеп тұрған күйдің өредігінде Жайырға көз киығын тастаган екен. Жайыр ұзын қара мұртының шалғысын қайыра салып, сақалын салалап, кеудесін кере түсіпті. Күй тілін қалтқысыз ұққанына көзі жеткен би Күздейдің алдында ұры дан мықтап жауап алады. Жайыр жылқыны алмағанын, Күздейдің жолсыздықпен байлап сабаганына шыдамай алдым деп, еріксіз мойындағанып айтып, би алдында Күздейге есе бермепті.
Бейсенбінің "Тансаңшы" деген күйі осылай туыпты. Қазір кейбір күйшілеріміздің күй тарихымен таныстығы болмағандықтан "Таңсамал" деген атпен орындап жүр.
Бейсенбі жасаған өмір кезеңі Абақ елінің іргесін Алтай алқабына біржола тұрақтандырған кез еді. Бұл жау шапты дейтін үрейлі өмірден арылып, қазақтардың еркіндей бастаған жылдары саналады. Осы қалың қауым ортасында өз өнерімен танылып, әділдігімен көзге түсіп, шешендігімен ел аузына іліккен Бейсенбінің дәуірлеген тұсы еді. Оның айтқан биліктері халық арасында кең тараған.
Ер Көкше би қартайған шагында "артыма дау қалдырмай бітіріп, сөз қалдырмай тындырып кетемін" деп, армандап жүрген кезінде "Көкбесті" дауы ушыққан екен. Дауга іліккен Көкбесті Абақ елініңерен жүйрігі болып, бөйге бермеген соң Уақ қастандықпен өлтірсе керек.
-Көрінің сөзі тәтті, сәтті, жастың жалыны қатты" деген. Жас биім, билігіңді сен айтшы? - деп, билікті Абақ елінің ортасына сөйледі. Соны мен, Бейсенбі екі арыстың ортасында тұңгыш рет билік құрды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bejsenbi Donenbajuly 1803 zhyly tuyp 1872 zhyly kajtys bolgan Segiz kyrly bir syrly bi әri kүjshi Onyn tuyp osken omir sүrgen zheri Қytaj Halyk Respublikasyndagy Altaj ajmagy Buyrshyn audany Shykkan tegi Najman tajpasy Bejsenbi bi omirbayanyBejsenbi bidin tugan dүnieden kajtkan zhyldary ertedegi Uak tajpasynan shykkan Er Kokshe batyr men Zhanat bii omir shezhiresi arkyly anyktaldy Қazak kүj onerinde Altaj Tarbagataj kүjshilik mektebinin orny erekshe Sol mekteptin beldi okilderinin biri XIX gasyrda omir sүrgen Bejsenbi Donenbajuly Ol 1803 zhyly Altaj ajmagynyn Buyrshyn audany Ojmaky auylynda tuyp 1872 zhyly kajtys bolgan Әdil biligimen askan dombyrashy sazgerligimen tanylgan Bejsenbinin muralary bizge tolyktaj zhetti deuge bolady 14 zhasynan bastap kүj shygara bastagan ol kүjshiligimen katar әdil biligimen de elge tanymal bolgan 1836 zhyly Altajda Kogedaj torege komekshi retinde tort bi sajlanady Sol tort bidin biri Bejsenbi Donenbajuly bolgan Ony el zhurty erekshe kurmettep Bezhen dep atap ketipti Shertpe kүj tarmagyna Bajzhigittej teren үnilgen sol zamannyn kүjshileri kop Osydan bolar Shygys Қazakstan Altaj Tarbagataj Shubartau Semej t b zherlerde osy kүj makamymen kanat zhajgan sanlaktar kop deuge tolyk negiz bar Altaj onirin mekendegen Bajzhigittin shertpe dәstүrin ary karaj damytkan kazak halkynyn kara kyldy kak zhargan әdil bii bolgan daryndy sazger dombyrashy kүjshi Bejsenbi Donenbaj uly turaly ajtar bolsak әngime kop Bejsenbinin kүjleri kobinese sarynynyn eskiligimen әuezdiligimen erekshelenedi Bezhennin 150 ge zhuyk kүji onyn ishinde kyryktan astam әr tүrli ataudagy Kenes kүjleri bүgingi kүnge zhetti dejdi zertteushiler Onyn kop kүjlerinin shykkan uakyty shygu tarihy ozi bilik kurgan kezendegi okigalarmen bajlanysty orbidi Bezhen kүjlerin mazmunyna karaj kenes kүjleri at turaly kүjler arnau kүjler dep үshke boluge bolady Bejsenbi kүjshi Bajzhigit babasynyn kүjlerin ojnap tarihyn ajtyp otyratyn degen derekter halyk auyzynan bүginge zhetken 1836 zhyly aga sultan Қunanbaj bastagan top Altajga barady Ony kүtip aluga kop adam zhinalyp үlken kenes kurady Solardyn ishinen sheshendigimen kozge erekshe tүsken Bejsenbini tobe bi etip tagajyndap uly zhinalysty zhalgastyrady Sol Bejsenbi bi adal da akyldy dүniege ken konilimen ashyk ta parasatty minezimen әdil biligimen Altaj kazaktarynyn adal da әdiletti kosemderinin birine ajnalady Bejsenbi bilik ajtarda kasietti kara dombyrasyn ozine akylshy zhanserik etip halyk erekshe ykylaspen kabyldajtyn kүj onerin pajdalanu arkyly sheshimi kүrdeli dau damajga tura әdil sheshim zhasap otyrgan Bejsenbi kүjleri negizinen shertpe kүj makamynda Өzindik erekshelik kol tanbasyn kaldyrgan On koldyn kagu tүrleri belgili olshemdegi takt tүrleri kүjdin sonyna dejin san aluan ozgeruinde Bejsenbi kүjlerinin ereksheligi bir birine uksamajtyndygy Kenes kүjleri filosofiyalyk takyrypka kurylgan bolsa at turaly kүjler ozine serik bolgan shashasyna shan zhukpas nebir zhorga men zhүjrik attarynyn zhүrisin surettejdi Al arnau kүjleri әr tүrli okigalar men adamdarga arnalgandyktan bolmysy zhagynan da әr tүrli bolyp keledi Bejsenbi keleli kenesterde soz bastagan sheshen de bolganyn zhogaryda ajttyk Bas kenes Kenes basy Kok iirim kenes Tort bidin kenesi Zhaj kenes siyakty 40 taj kenes kүji Ala koz attyn zhүrisi Kok shubar attyn zhүrisi Қara kulak attyn zhүrisi Majda konyr Majda zhal sekildi 20 shakty atka arnalgan kүjleri bar Arnau kүjlerinin ishinde Ajmi Kerbez sylkym Azhar Zheke batyr Ekeuim ekeuim Tanysanshy katarly kүjlerinin orny erekshe Tansanshy atty kүjdin kyskasha tarihyna toktala ketsek Sol zamannyn bir azamaty nagashy zhurtyna zhayau zhalpy kele zhatsa kerek Aldynan zher kajyskan kalyn zhylky kezigedi sony tamashalap kele zhatkan zholaushyny ury dep ojlagan zhylkyshylar kol ayagyn matap bi aldyna әkeledi Sony sezgen Bejsenbi bi dombyrada urymyn deme Tansanshy dep kүj togedi dombyra үnin tүsingen zholaushy zhigit men zholaushy konak edim dep kutylgan eken Bejsenbi kezinde soz iesi sheshen el iesi әdil bi kүj iesi kajrat iesi batyr kus iesi kusbegi sergek ojly azamat bolgan Bejsenbi zhas kezinde bүkil Abak ortaga shygar kosbasshysy bolgan Sol kezden bastap ortasyndagy dau shardy bitirip eki ult arasyna tanyla bastagan Zhaugershilik zaman men daugershilik omir Bejsenbini әr zhaktan synga salady Zhanat elinin on myndagan zhylkysy men kaptagan kosyna ielik etip kedej kepshikke kolynyn ashyktygymen myrza atangan Bejsenbi bi 88 ge karagan zhasynda dүnieden kajtkan Bejsenbi kүjinin kobi attyn zhүrisi men annyn attaryna bajlanysty bolyp keledi Bejsenbinin Kenes kүjinin birneshe tүri bar Өjtkeni Bejsenbi Kerejdin tort biinin biri bolyp sajlangannan kejin kenesti kүjmen bastajtyn bolgan Shezhireshilerdin ajtuyna karaganda Keneste talkyga tүsip sheshim etiletin istin mәn zhajyn kүj sarynmen kenes bastalgansha tolgap otyrady eken Bejsenbi bi zhajly anyzdarBejsenbi bi zhajly anyz Bejsenbinin Zhenildim kүjinin shygu tarihy bylaj bayandalady Bejsenbimen zamandas Zhajyr degen azamat Қobykgy zhajlap zhүrgen zhylkylarynyn birine minip Ertisten otip Қaba Buyrshyn elderin aralapty Zhigerli zhigit el aralagysh bolady orneni bilgish bolady Sojlej sojlej sheshen kore kore kosem bolady degendej zhalyny zharkyldap talaby taskyndap osken zhas elin aralap zhүrip bir bajdyn үjine tүsipti Bajdyn konakzhaj әjeli kүtip alsa kerek Әn shyrkap kүj tartyp kүjmen kolemdi zhinap otyratyn zherin olen zhyrmen sejildetip el zhүregin zhadyratyp kauymnyn konakzhaj mejmandostygyna bolenipti Auylga ayaldap kalgan konak zhigitten kүdiktenip el zhigitgeri Salt zhүrgen degen syltaumen ustap ayagyna kisen salyp koyady Bir kүni Zhajyr kisendi үzip auyl shetinen bir kolik tauyp minip tugyr at tүndeletip zhoneledi Kүn tүndigin zhauyp ajnalany kymtap konili ortajyp bir belden asa bergende eki үsh otaudyn үstinen shygady At basyn tezhep tesile karajdy Ak orda kerme toly sandak katarynan sap tүzep tur eken Zhajyrdyn ansary auady Birin minip birin kosagyna alyp ketuge yngajlanyp tykyryn sezdirmej auylga ayancajdy Zhuldyz zhambaska aunap tan shapagy biliner kez bolsa da orda ujkyga zhatpagan eken Үjge zhakyndagan sajyn estilgen kүj saryny kүzdin uzak sary tanyna dejin үzilmegenin sezedi Demin ishinen alyp kele zhatkan kүjdin kudiretti sazynan shyga almaj kalady Auylga iline kүjge dendej kulak tүredi Tonkerile tolkyp bayaulatyp kejde kүrenitip perneni bebeulete shygyp zhatkan kүjdin tylsym sarynyna sүjinedi Kejbiri ozi shertip zhүrgen tanys kүj endi biri estigen kүjleri al kajsybiri zhana tyn saryn siyakty Kүj sazyna eltip otyrgan zhigitti auyl kүzetshileri bajkap kalyp tu syrtynan bassalyp tүn katyp zhүrgen ury kary eken dep ustap alypty Kүn tobeden aua dastarkan zhinalyp sapyrylgan kymyzga kangan үlkender tyska shykkanda Bizge zhauap bermedi Bidin ozine aparyncar zhauapty orda iesinin ozine gana berem dep otinip otyr dep Bejsenbige ustalgan ury zhajly habar tiedi Bejsenbi Қalajda kop talkysyn korgen biri goj dep ojlajdy Sen kimsin dejdi bir dilmor azhyraya kim ekenin tez bile kojgysy kelip Bidin aldyna alyp baryndar dedim goj Koptin aldy talky bidin aldy tez Soz shynyna pyshak kynyna toktajdy Auylga ne үshin keldin Ordanyc tүbinde ne sebepti tyn tyndap otyrdyn dep surajdy tagy biri Bi kobine sheshenderin sojletip ozi tyndaushy bolyp zhauapkerdin ishki dүniesinen syr tartyp synap otyrady eken Sol әdetimen Bejsenbi dombyrasyn synar ishekpen dyngyrlatyp tolgaumen otyra beredi Zher korip el tanu azamattyn mindeti atamyzdyn salty Sol ata mura auyldarynyzdyn ortasyna Қobykty zhaktan kelip tanysyp zhүr edim dep bastajdy ury sozin Ol zhүrgen zholy men kongan auylyna dejin kaldyrmaj tizip ajtady Bejsenbi munyn sozin den koya tyndap Ұry bolsa da kotandagy kojdyn irge zhauy emes alystan ansajtyn arystyn azamatynyn biri goj dep ojlady Bul auylga kalaj keldin degen surakka Zhajyr bolgan basynan keshken zhajdy bayandajdy Қashyp zhүrgen adamda kүj bola ma bajdyn auly manynan tauyp mingenim kojshynyn tugyr torysy edi Bir zhүjrikti takymga basyp yrgytyp zhonelsem dep armandap kele zhatkanda osy auyldyn үstinen shyktym Kermedegi sanlaktardy korip birin minip birin kosarga alyp ketpekshi edim amal kansha dep toktajdy Men kermege zhakyndaganda kүjge eltip turgandaj zhusagan attardyn magan kulak tikkeni bolmady men de sol kүj sarynyna azyrak kulak kojyp tyndadym Kүj meni irgege tarta berdi Өnerge ouestiktin azamatka pajdasy da ziyany da bolady goj Bүgin zhaksylardyn aldynda ury atanyp otyrganym da osy kүj kumarlygymnan edi dep tynady Atyn kim dedi Bejsenbi sozge kirisip oz atyn biletin kүjshilerdin biri bolar ma degen zhyly shyrajmen Atym Bejsenbi Zhajyrga ojly kozben karajdy Әzimdej kүjshi bolyp shygady demese de Kүj kumarlygymnan ury atanyp otyrmyn degen sozin eske alyp kolyndagy dombyrasyn usynady Zhajyr dombyranyn kulak kүjin keltirip alyp tүnde ozi tyndagan sarynyn tyndaushynyn kulak kuryshyn kandyrta otyryp oryndajdy da dombyrany iesine usynady Bi eke kazhygan oj bajlangan koldyn dombyra pernesin kate baskany bolsa keshiresiz meni ozine baurap әketken zhipsiz bajlap algan osy kүj bolatyn Shokpardan zhygylyp koldy bolganym zhok Ajybym atka minip kashyp kutylu edi Kүjge kumarlygym halyk aldynda zhauap bergizip otyr Bi aldynda sojlejmin dep tүnimen zhauap bermegenim de osy zhajym bolatyn dejdi Bejsenbi Zhajyr degen kүjshi bar dep buryn estimegen Қazirgi sәtte Zhajyrdyn istegen men sozine oj tolgap kumarlygy men adamshylygy Bejsenbini eki ushty ojga kaldyrdy Өtirikshi aldakestin biri me bul kүjdi buryn bile me kalaj tez үjrenip algan Osyndaj algyr bolsa halkynyn shoktygy biiginin biri bolar synap korejin degen ojga tiyanaktap Bejsenbi Zhajyrdy katarga otyrgyzyp kүtse kerek Zhajyr ekeui kүjmen ajtysypty Birinin shertken kүjin biri shertpej zhanadan bastap bir tүn kүj ajtyska tүsip birin biri zhenise almapty Bir kezde Zhajyr perneni kolymen basyp үlken bashpajmen bir kүj shertip dombyrany Bejsenbige usynyp Қol sheberliginci bajkadyk Endi bashpajmen shertip zharyska tүssek kajtedi depti Sonda dombyrany buryn bashpajmen shertip әdetten begendikten Bejsenbi Zhenildim degen kүjin sol zherde shertip zhauap kajyrsa kerek Bidin bir kүjinin tarihy osylaj bayandalady Bejsenbi Zhajyrdy kүtip at mingizip shapan zhauyp kurmettep halyktyn kalauly azamaty dep tanidy Bejsenbi bi zhajly anyz Tentektin baskany togyz minezi egiz Әdileti zhok oktem kүsh shyrmap zhatkan zamanda eli үshin egeske tүsken nar uldary bolgan Solardyn biri Zhajyr Egesken zherinen ese kajyrmaj kojmajtyn osy bir zholy Қobykty basyp zhatkan kytaj uandary men mongol Kүzdejleri kyryna Zhajyr da ilinip kalady Bir ajgyr үjiri zhogalyp ketken Kүzdej zhylkysyn Zhajyrdan korip ustap alyp ury p kinap dүreleumen eriksiz aldym degizedi Ien kim dese Bejsenbi dejdi Zhajyrda kop zhylky men ajyp tolejtin mal zhok Sondyktan Zhajyrdy alga salyp Bejsenbinin aldyna kesim ajtkyzyp toletip aluga keledi Bejsenbi Kүzdejdin aldynda ury dan zhauap aludan buryn dombyrany alyp kүjlejdi Zhajyr dombyra shanagynan togilgen Tansan shy tansanshy degen kүmbirdi tap basady Bejsenbi kүjdin tilin uktyn ba degendej әuendep turgan kүjdin orediginde Zhajyrga koz kiygyn tastagan eken Zhajyr uzyn kara murtynyn shalgysyn kajyra salyp sakalyn salalap keudesin kere tүsipti Kүj tilin kaltkysyz ukkanyna kozi zhetken bi Kүzdejdin aldynda ury dan myktap zhauap alady Zhajyr zhylkyny almaganyn Kүzdejdin zholsyzdykpen bajlap sabaganyna shydamaj aldym dep eriksiz mojyndaganyp ajtyp bi aldynda Kүzdejge ese bermepti Bejsenbinin Tansanshy degen kүji osylaj tuypty Қazir kejbir kүjshilerimizdin kүj tarihymen tanystygy bolmagandyktan Tansamal degen atpen oryndap zhүr Bejsenbi zhasagan omir kezeni Abak elinin irgesin Altaj alkabyna birzhola turaktandyrgan kez edi Bul zhau shapty dejtin үrejli omirden arylyp kazaktardyn erkindej bastagan zhyldary sanalady Osy kalyn kauym ortasynda oz onerimen tanylyp әdildigimen kozge tүsip sheshendigimen el auzyna ilikken Bejsenbinin dәuirlegen tusy edi Onyn ajtkan bilikteri halyk arasynda ken taragan Er Kokshe bi kartajgan shagynda artyma dau kaldyrmaj bitirip soz kaldyrmaj tyndyryp ketemin dep armandap zhүrgen kezinde Kokbesti dauy ushykkan eken Dauga ilikken Kokbesti Abak elinineren zhүjrigi bolyp bojge bermegen son Uak kastandykpen oltirse kerek Korinin sozi tәtti sәtti zhastyn zhalyny katty degen Zhas biim biligindi sen ajtshy dep bilikti Abak elinin ortasyna sojledi Sony men Bejsenbi eki arystyn ortasynda tungysh ret bilik kurdy DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Dalanyn dara dilmarlary Almaty ZhShS Қazakstan baspa үji 2001 592 bet ISBN 5 7667 5647 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet