Бейбарыс (2006 ж. дейін – Чкалово) — Атырау облысы Махамбет ауданындағы ауыл, Бейбарыс ауылдық округі орталығы.
Ауыл | |
Бейбарыс | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы | Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары | 47°27′11″ с. е. 51°47′25″ ш. б. / 47.45306° с. е. 51.79028° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°27′11″ с. е. 51°47′25″ ш. б. / 47.45306° с. е. 51.79028° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | 1938 |
Бұрынғы атаулары | Чкалово |
Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | ▲2553 адам (2021) |
Этнохороним | бейбарыстық, бейбарыстықтар |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | 060711 |
Автомобиль коды | 06 |
Бейбарыс шекарасы |
Географиялық орны
Жайық өзенінің оң жағалауында, аудан орталығы – Махамбет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 26 км-дей, Атырау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 км жерде орналасқан.
Халқы
1989 жылы елді мекенде 1837 адам тұрған.1999 жылы тұрғындар саны 2125 адам (1089 ер адам және 1062 әйел адам) болса, 2009 жылы 2429 адамды (1211 ер адам және 1218 әйел адам) құрады.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 2553 адамды (1291 ер адам және 1262 әйел адам) құрады.
Тарихы
Бейбарыс ауылының негізі 1938 жылы қаланған. Сол кездегі "Сарайшық ауылдық" советіне қарасты «Павлов» колхозын төраға Ян-Бон Чун, «Авангард» колхозын төраға Ким Семен басқарды. 1953 жылы ұсақ колхоздарды ірілендіру саясаты негізінде Жаманқаладағы «Верный путь» колхозымен және Жалғансайдағы «1 Май» колхозы бірігіп, іріленіп, «1 Май» колхозы құрылады. Жалғансайдағы «1 Май» колхозын 1май мерекесі қарсаңында құрылуына байланысты осылай атау ұйғарылған. Ал «Сарайшық» ауылдық советіне қарасты «Павлов» және «Авангард» колхоздарының бірігуі нәтижесінде «Чкалов» колхозы құрылды. 1960 жылдары «1 Май» мен «Чкалов» колхоздары қосылып «1 Май» совхозы құрылды. Совхоз орталығы әуелгі кезде МТС орналасқан Жаманқалада болса, кейін 1965 жылы Чкалов селосына көшіріледі. Сол жылдардан бері қарай совхозға И.Д.Брагин, Ш.Қуанышалиев, Ғ.Нұғыманов, Н.Сұлтанов, Қ.Сиранов сияқты азаматтар басшылық жасап, оның көркейіп, өркендеуіне елеулі үлестерін қосты. Қазіргі уақытта «1 Мамыр» ЖШС-тігін А.Ескариев басқарады. Чкалов селосы атауы 2007 жылы Бейбарыс селосы болып өзгертілді. Чкалов селосы болып, 1937 жылы Советтер Одағының батыры В.П. Чкаловтың Америкаға тура қонбастан ұшып баруын ұлығылау аталған еді. 1978 жылы «Чкалов ауылдық советі» «Чкалов селолық Кеңесі» болып қайта құрылды.1992 жылдан бері «Чкалов селолық округі» болып аталады. Округ қарамағына Редут, Сорочинко, Чкалов селолары кірген. Қарамырза, Тоқал, Бұзаутүбек, Қызылжар, Мойнақ учаскелері де округке енеді. 2006 жылы Чкалов селосы Бейбарыс селосы болып қайта аталды.
Мәдени-әлеуметтік мекемелері
- А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп - алғашқы мектеп 1938 жылдың күзінде шағын бір бөлмелі саман тастан қаланған шатырсыз жәй үйде 1-ші, 2-ші, 3-ші орыс-кәріс сыныптары болып ашылды. Ол үй күні бүгінге дейін бар. Мектептің арнаулы құрылысын салу 1940-1941 жылдары басталды. Мектеп алғашқы кезде «Сарайшық орта мектебі» деп аталған. Жаманқала мен Сарайшықтағы бұзылған шіркеулердің тастарын әкеліп, орталау (1-8 сыныптар) орыс-кәріс мектебіне пайдалануға берілді. Ал, 9-10 сыныптар оқушылары Сорочинко мен Жаманқаладағы интернаттарда жатып оқыды. Мектепке Чкалов есімі 1938 жылы В.П.Чкаловтың еш жерге қонбастан Америкаға ұшып баруын ұлығылау негізінде селоға Чкалов есімін беруге байланысты аталды. Ал Чкалов орта мектебінің алғашқы құрылысына қосымша ғимараттар 1953-1965 жылдары салынды. 2013 жылы "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасымен салынған 300 орындық мектеп ғимараты пайдалануға берілді. 2019 жылы 24 қаңтарда Чкалов орта мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді.
- "Балдырған" бөбекжай-бақшасы – алғаш рет 1938 жылы ашылған. 1966 жылы наурызда жаңа 40 балалық балабақша ашылды. 1971 жылы балабақша совхоз кеңсесінің босаған ғимаратына көшірілді. 1987 жылы 140 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді.
- «Жас Дәурен» мәдениет үйі – Чкалов селолық клуб үйінің іргетасы 1942 жылы қаланды. 1987 жылы типтік жобада 2 қатарлы жаңа иәдениет үйі пайдалануға берілді.
Діни ұйымдары
- "Қасым хан" мешіті - 2020 жылы қазан айында ашылған. Мешіт сыйымдылығы 300 адамға шақталған.
Елді мекендегі көшелер
- Абай Құнанбаев көшесі
- Амангелді Иманов көшесі
- Астана көшесі
- Әжігерей Қалымов көшесі
- Әйтеке би көшесі
- Бану Хисмеденова көшесі
- Бауыржан Момышұлы көшесі
- Бейбітшілік көшесі
- Дінмұхамед Қонаев көшесі
- Жамал Дүйсенғалиева көшесі
- Қуаныш Сиранов көшесі
- Төле би көшесі
Дереккөздер
- Махамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы
- Чкалов атындағы орта мектебінің тарихы тарихы Мұрағатталған 6 ақпанның 2022 жылы.
- 1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том
- 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
- 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
- [Бейбарыс ауылының тарихы https://chkalov.mahambet-bb.kz/images-new/000/1/2-converted.pdf Мұрағатталған 27 шілденің 2022 жылы.]
- БАС МҮФТИ БЕЙБАРЫС АУЫЛЫНДА «ҚАСЫМ ХАН» МЕШІТІН САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА АШТЫ
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bejbarys 2006 zh dejin Chkalovo Atyrau oblysy Mahambet audanyndagy auyl Bejbarys auyldyk okrugi ortalygy AuylBejbarysӘkimshiligiEl Қazakstan ҚazakstanStatusyAuyldyk okrug ortalygyOblysyAtyrauAudanyMahambetAuyldyk okrugiBejbarysTarihy men geografiyasyKoordinattary47 27 11 s e 51 47 25 sh b 47 45306 s e 51 79028 sh b 47 45306 51 79028 G O Ya Koordinattar 47 27 11 s e 51 47 25 sh b 47 45306 s e 51 79028 sh b 47 45306 51 79028 G O Ya Қurylgan uakyty1938Buryngy ataularyChkalovoUakyt beldeuiUTC 5 00TurgyndaryTurgyny 2553 adam 2021 Etnohoronimbejbarystyk bejbarystyktarSandyk identifikatorlaryPoshta indeksi060711Avtomobil kody06Bejbarys Bejbarys kartadaBejbarysBejbarys shekarasy Baska magynalar үshin Bejbarys ajryk degen betti karanyz Geografiyalyk ornyZhajyk ozeninin on zhagalauynda audan ortalygy Mahambet auylynan ontүstik shygyska karaj 26 km dej Atyrau kalasynan soltүstik batyska karaj 23 km zherde ornalaskan Halky1989 zhyly eldi mekende 1837 adam turgan 1999 zhyly turgyndar sany 2125 adam 1089 er adam zhәne 1062 әjel adam bolsa 2009 zhyly 2429 adamdy 1211 er adam zhәne 1218 әjel adam kurady 2021 zhylgy sanak korytyndysy bojynsha 2553 adamdy 1291 er adam zhәne 1262 әjel adam kurady TarihyBejbarys auylynyn negizi 1938 zhyly kalangan Sol kezdegi Sarajshyk auyldyk sovetine karasty Pavlov kolhozyn toraga Yan Bon Chun Avangard kolhozyn toraga Kim Semen baskardy 1953 zhyly usak kolhozdardy irilendiru sayasaty negizinde Zhamankaladagy Vernyj put kolhozymen zhәne Zhalgansajdagy 1 Maj kolhozy birigip irilenip 1 Maj kolhozy kurylady Zhalgansajdagy 1 Maj kolhozyn 1maj merekesi karsanynda kuryluyna bajlanysty osylaj atau ujgarylgan Al Sarajshyk auyldyk sovetine karasty Pavlov zhәne Avangard kolhozdarynyn birigui nәtizhesinde Chkalov kolhozy kuryldy 1960 zhyldary 1 Maj men Chkalov kolhozdary kosylyp 1 Maj sovhozy kuryldy Sovhoz ortalygy әuelgi kezde MTS ornalaskan Zhamankalada bolsa kejin 1965 zhyly Chkalov selosyna koshiriledi Sol zhyldardan beri karaj sovhozga I D Bragin Sh Қuanyshaliev Ғ Nugymanov N Sultanov Қ Siranov siyakty azamattar basshylyk zhasap onyn korkejip orkendeuine eleuli үlesterin kosty Қazirgi uakytta 1 Mamyr ZhShS tigin A Eskariev baskarady Chkalov selosy atauy 2007 zhyly Bejbarys selosy bolyp ozgertildi Chkalov selosy bolyp 1937 zhyly Sovetter Odagynyn batyry V P Chkalovtyn Amerikaga tura konbastan ushyp baruyn ulygylau atalgan edi 1978 zhyly Chkalov auyldyk soveti Chkalov selolyk Kenesi bolyp kajta kuryldy 1992 zhyldan beri Chkalov selolyk okrugi bolyp atalady Okrug karamagyna Redut Sorochinko Chkalov selolary kirgen Қaramyrza Tokal Buzautүbek Қyzylzhar Mojnak uchaskeleri de okrugke enedi 2006 zhyly Chkalov selosy Bejbarys selosy bolyp kajta ataldy Mәdeni әleumettik mekemeleriA Bajtursynuly atyndagy orta mektep algashky mektep 1938 zhyldyn kүzinde shagyn bir bolmeli saman tastan kalangan shatyrsyz zhәj үjde 1 shi 2 shi 3 shi orys kәris synyptary bolyp ashyldy Ol үj kүni bүginge dejin bar Mekteptin arnauly kurylysyn salu 1940 1941 zhyldary bastaldy Mektep algashky kezde Sarajshyk orta mektebi dep atalgan Zhamankala men Sarajshyktagy buzylgan shirkeulerdin tastaryn әkelip ortalau 1 8 synyptar orys kәris mektebine pajdalanuga berildi Al 9 10 synyptar okushylary Sorochinko men Zhamankaladagy internattarda zhatyp okydy Mektepke Chkalov esimi 1938 zhyly V P Chkalovtyn esh zherge konbastan Amerikaga ushyp baruyn ulygylau negizinde seloga Chkalov esimin beruge bajlanysty ataldy Al Chkalov orta mektebinin algashky kurylysyna kosymsha gimarattar 1953 1965 zhyldary salyndy 2013 zhyly 100 mektep 100 auruhana bagdarlamasymen salyngan 300 oryndyk mektep gimaraty pajdalanuga berildi 2019 zhyly 24 kantarda Chkalov orta mektebine Ahmet Bajtursynulynyn esimi berildi Baldyrgan bobekzhaj bakshasy algash ret 1938 zhyly ashylgan 1966 zhyly nauryzda zhana 40 balalyk balabaksha ashyldy 1971 zhyly balabaksha sovhoz kensesinin bosagan gimaratyna koshirildi 1987 zhyly 140 oryndyk zhana balabaksha pajdalanuga berildi Zhas Dәuren mәdeniet үji Chkalov selolyk klub үjinin irgetasy 1942 zhyly kalandy 1987 zhyly tiptik zhobada 2 katarly zhana iәdeniet үji pajdalanuga berildi Dini ujymdary Қasym han meshiti 2020 zhyly kazan ajynda ashylgan Meshit syjymdylygy 300 adamga shaktalgan Eldi mekendegi koshelerAbaj Қunanbaev koshesi Amangeldi Imanov koshesi Astana koshesi Әzhigerej Қalymov koshesi Әjteke bi koshesi Banu Hismedenova koshesi Bauyrzhan Momyshuly koshesi Bejbitshilik koshesi Dinmuhamed Қonaev koshesi Zhamal Dүjsengalieva koshesi Қuanysh Siranov koshesi Tole bi koshesiDerekkozderMahambet audanynyn kejbir әkimshilik aumaktyk birlikterin kajta atau turaly Chkalov atyndagy orta mektebinin tarihy tarihy Muragattalgan 6 akpannyn 2022 zhyly 1989 zhylgy Қazak KSR bojynsha Bүkilodaktyk halyk sanagynyn korytyndylary 3 tom 2009 zhylgy Қazakstan Respublikasy halkynyn Ұlttyk sanagynyn korytyndylary Astana 2011 1 tom Muragattalgan 8 zheltoksannyn 2019 zhyly 2021 zhylgy ulttyk halyk sanagynyn korytyndylary Bejbarys auylynyn tarihy https chkalov mahambet bb kz images new 000 1 2 converted pdf Muragattalgan 27 shildenin 2022 zhyly BAS MҮFTI BEJBARYS AUYLYNDA ҚASYM HAN MEShITIN SALTANATTY ZhAҒDAJDA AShTY