Байсерке Құлышұлы (1841, Шу өзенінің бойы — 1906, сонда) — күйші, , Жетісу күй мектебінің негізін салушылардың бірі. Байсеркенің әкесі он саусағынан өнері төгілген ісмер, халық музыкасының парқын білетін сергек жан болған. Байсерке домбыраны бала кезінен меңгеріп, Жетісу алабы мен көрші қырғыз елінің күйлерін 16-17 жасында-ақ игерген, алқалы басқосуларда дәулескер күйшілермен күй тартысына түсіп, алыс-жақынға таныла бастаған.
Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Байсеркенің домбырашы-күйшіліктің алуан сырына қанықтырған ұстаздары — Есім, үржарлық Сарша дейтін домбырашылар. Байсерке домбырамен бірге мандолина, балалайка сияқты аспаптарды да еркін меңгеріп, өнерін кемелдендіре түседі. Бұрыннан белгілі күйлерді тартуды місе тұтпай, өзі куә болған өмір құбылыстарының әсерлі сәттерін күй тіліне түсіруге машықтанады. Алғашқы “Ат ойыны”, “Жекпе-жек” күйлері өзінің ойнақы ырғағымен жастарды еліктіре баурап, ел ішіне тез тарап үлгереді. Байсерке күйлері өмір шындығына негізделген. Оның “Келіншек”, баласы дүние салғанда егіліп отырып тартқан “Солқылдақ”, қазақ даласындағы жұтқа (1890) арналған “Төрт қарға”, Ресей отаршылдығының кеудемсоқ өктемдігіне наразылығын білдірген “Ұран күй” сияқты туындылары өзі ғұмыр кешкен ортасы мен заманының шежіре сырындай. Байсеркенің Жетісу өңіріне кеңінен мәлім болған “Қалипа — Қалыш” күйіне Далабек батырдың басынан өткен оқиға арқау болған. Күйлері ән әуендес саздылығымен, нақышты ырғағымен ерекшеленеді. Байсеркенің және оның дарынды шәкірттері , , бойларындағы асыл өнерін (1880-1930), Темірбек Ахметов (1919-52), Нұрғиса Тілендиев (1924-98) сияқты біртуар күйші-домбырашылар кейінгі ұрпаққа жеткізген.
Байсеркенің өмірі мен шығармашылығын алғаш зерттегендер: А. Жұбанов пен Б.Г. Ерзакович. Әдебиет және өнер институтының дыбыс жазба қорында “Байсеркенің 10 күйі” сақтаулы. Мұндағы күйлердің нотасын Б.Г. Ерзакович хатқа түсірген. З. Жанұзақованың құрастыруымен жарық көрген “Қазақ халқының аспаптық музыкасы ” (1964) деп аталатын кітапта Байсеркенің “Жекпе-жек”, “Қалипа — Қалыш”, “Қалипа”, “Қалыш”, Б. Мүптекеева мен С. Медеубекұлы шығарған “Жетісудың күйлері” (1998) атты кітапта “Жекпе-жек”, “Толқытатын күй” (“Толқытпа”) деп аталатын күйлердің нотасы жарық көрді. Байсеркенің күйлері “Отырар сазы” оркестрінің, жеке домбырашылардың репертуарына енген.
Дереккөздер
- Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Жаныс — Алматы: Издательство Өнер, 2004. — 992 б. — ISBN 9965-595-78-Х.
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bajserke Қulyshuly 1841 Shu ozeninin bojy 1906 sonda kүjshi Zhetisu kүj mektebinin negizin salushylardyn biri Bajserkenin әkesi on sausagynan oneri togilgen ismer halyk muzykasynyn parkyn biletin sergek zhan bolgan Bajserke dombyrany bala kezinen mengerip Zhetisu alaby men korshi kyrgyz elinin kүjlerin 16 17 zhasynda ak igergen alkaly baskosularda dәulesker kүjshilermen kүj tartysyna tүsip alys zhakynga tanyla bastagan Dulat tajpasynyn Zhanys ruynan Bajserkenin dombyrashy kүjshiliktin aluan syryna kanyktyrgan ustazdary Esim үrzharlyk Sarsha dejtin dombyrashylar Bajserke dombyramen birge mandolina balalajka siyakty aspaptardy da erkin mengerip onerin kemeldendire tүsedi Burynnan belgili kүjlerdi tartudy mise tutpaj ozi kuә bolgan omir kubylystarynyn әserli sәtterin kүj tiline tүsiruge mashyktanady Algashky At ojyny Zhekpe zhek kүjleri ozinin ojnaky yrgagymen zhastardy eliktire baurap el ishine tez tarap үlgeredi Bajserke kүjleri omir shyndygyna negizdelgen Onyn Kelinshek balasy dүnie salganda egilip otyryp tartkan Solkyldak kazak dalasyndagy zhutka 1890 arnalgan Tort karga Resej otarshyldygynyn keudemsok oktemdigine narazylygyn bildirgen Ұran kүj siyakty tuyndylary ozi gumyr keshken ortasy men zamanynyn shezhire syryndaj Bajserkenin Zhetisu onirine keninen mәlim bolgan Қalipa Қalysh kүjine Dalabek batyrdyn basynan otken okiga arkau bolgan Kүjleri әn әuendes sazdylygymen nakyshty yrgagymen erekshelenedi Bajserkenin zhәne onyn daryndy shәkirtteri bojlaryndagy asyl onerin 1880 1930 Temirbek Ahmetov 1919 52 Nurgisa Tilendiev 1924 98 siyakty birtuar kүjshi dombyrashylar kejingi urpakka zhetkizgen Bajserkenin omiri men shygarmashylygyn algash zerttegender A Zhubanov pen B G Erzakovich Әdebiet zhәne oner institutynyn dybys zhazba korynda Bajserkenin 10 kүji saktauly Mundagy kүjlerdin notasyn B G Erzakovich hatka tүsirgen Z Zhanuzakovanyn kurastyruymen zharyk korgen Қazak halkynyn aspaptyk muzykasy 1964 dep atalatyn kitapta Bajserkenin Zhekpe zhek Қalipa Қalysh Қalipa Қalysh B Mүptekeeva men S Medeubekuly shygargan Zhetisudyn kүjleri 1998 atty kitapta Zhekpe zhek Tolkytatyn kүj Tolkytpa dep atalatyn kүjlerdin notasy zharyk kordi Bajserkenin kүjleri Otyrar sazy orkestrinin zheke dombyrashylardyn repertuaryna engen DerekkozderBaspa bas direktory Әshirbek Kopish Bәjdibek baba Alyp bәjterek urpaktarynyn shezhiresi Zhanys Almaty Izdatelstvo Өner 2004 992 b ISBN 9965 595 78 H Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 II tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet