Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Арыс атасы Ақпан - айтулы батыр, құралайды көзге атқан мерген, қыран топшылы аңшы, көңілі шалқар, жүрегі қобалжып тайсалмас, өзгелерден секем алу, сезіктену білмес, ешкімнен тепкі көрмей өскен жан.
Ақпан батыр Келімбердіұлы | |
Өмір сүрген жылдары | 1531-1605 |
---|---|
Туған жері | Түркістан аймағындағы қасиетті Қазығұрт тауы маңында |
Қайтыс болған жері | Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ор өзенінің бойы |
Мемлекет | Қазақ хандығы |
Әскер түрі | Атты әскер |
Атағы | Беклербегі, қолбасшы |
Басқарды | Он мың әскер |
Шайқасы | Қазақ пен қалмақ соғысы |
Ақпан батыр Келімбердіұлы тарихи таңбасы, нақты дәлелі бар тұлға. Бұл туралы есімі елге мәшһүр әйгілі ақын Қашаған Күржіманұлы өзінің «Атамекен» атты жыр-дастанында:
Ақпан деген қарт батыр,
Ел басына қос атты,
Жетелетіп жүргізді,
Жауға мінер бос атты...
Бес жүз әскер-ауыр қол,
Бастығы Ақпан батыр сол,
Көпті көрген көнеге,
Қараңғы тұман ол жүрсе,
Табылады екен сара жол.
– деп, Ақпан батырдың ел қорғаудағы ересен ерлігі мен еңбегін, мадақтап жырға қосқан.
Ыбырай-ахун Құлбайұлы да өз жырында былайша таңбалаған:
Сөз айтайын Ақпаннан,
Сырдағы құба ақ талдан,
Ақпан деген ауылым
Аумайтын басқа бақ қонған.
Қарсыласы Ақпанның
Табанға түсіп тапталған,
Неше түрлі халыққа
Ерлігі артық мақталған,
Ғұмыры тамам болғанша
Жері жоқ жаудан тоқталған .
Бірі даңқты жырау, екіншісі ғұлама ахун осындай деп Ақпан батыр туралы дерек қалдырған.
Өмірбаян
Ақпан батыр Келімбердіұлы - 1531 жылы Түркістан аймағындағы қасиетті Қазығұрт тауы маңында дүниеге келген.
Ақпан жастайынан далалық өмірдің қыр-сырына қанығып өсіп, жан-тәнін шымырландыра, шынықтырар ұлттық сын түрлерінен, бес сайыс, жеті сайыстарды жетік меңгеруімен, ептілік, ерлік қасиетімен көзге түсті. Әкесінен, аталас туыс ағаларынан сарбаздықты үйреніп, садақпен мылтық ата жүріп, мергендікті меңгере, қайтпас қайсарлығы қалыптасты.
Ақпан батыр, Қазақ хандары – Хақназар, Шығай, Тәуекел, еңсегей бойлы ер Есім хандар билеген дәуірде, 1531–1605 жылдары өмір сүріп, жорықпен, жортуымен аттан түспеген, жерін-елін ерлікпен қорғаған батыр.
Келінбердіұлы Ақпан батыр Амандәулетқызы Айшамен тіл табысып, шаңырақ құрады. Айшадан Қаракүшік атты бір ұлды болады. Бұл қуаныштары ұзаққа созылмай, 1592-ші жылы, Ақпанның жары Айша сырқаттанып, бірнеше күн ауырып, жалғызы Қаракүшігін Ақпанға аманаттап бақиға өтіп кетеді. Осыдан кейін Ақпан Жаппас ауылының аруы Алтынға бас қосады. Ақпан батыр, Алтын арудан Қармыс, Сармыс атты екі ұлды болады.
XVII ғасырдың басында соғыста, Ақпан батыр басшылығымен Еділ, Жайық, Сағыз, Қобда, Елек, Ор, Жем, Ырғыз, Тобыл арасында қалмақты талқандап жеңіске жеткенімен, Ақпан батыр 74 жасында улы қарудан ажал құшып, 1605 жылы кәзіргі Ақтөбе облысы Хромтау ауданы, Ор өзенінің бойынында жерленеді.
Ел алғысына бөленген ерлік жорығы
Ақпанның ерекше ел алғысына бөленген ерлік жорығы - Хақназарұлы Бозғыл Баһадүрдің басшылығымен, Қазақ Елін шауып кеткен Баба сұлтанға қарсы соғыста көрінді. Сол соғыста, Адай немересі Ақпан батыр таңдаулы жүздікті басқарды. Келесі бір жорықта, Баба сұлтанның Арыслан есімді мыңбасы сардарын жекпе-жекке шақырған Ақпан батыр Келімбердіұлы жеңіске жетіп, жауының басын наркескен қылышымен кесіп алып, ақ найзасының ұшына шаншып, жауларға сес көрсетеді.
Тарихи деректерде қалмақтардың, Ноғай әмірлігі мен Қазақ хандығына қарсы соғысы 1525 жылы басталса, 1571 жылы күшейе келе, «200 жылдық қалмақ пен қазақ соғысы» аталып, 1771 жылы аяқталған.
Қалмақтар 1598-ші жылы Ресейге ант беріп, бодан болғандықтан, білтелі мылтықпен зеңбіректер алып, орыс патшалығына арқа сүйеп, ноғайлар мен Кіші Жүз қазақтарын тосын тонағандарымен, қазақтар соғыс амал-айласын шебер пайдалана, жауын жасқап, үнемі жеңіске жетіп отырған.
Беклербегі атағы
1599-шы жылы желтоқсан айында, Ер Қосай Құдайбердіұлы (Құдайке) Бестөбедегі қыстауында, билігіндегі аз Алшын мен Кеншін ұрпақтарынан бекітілген алты алқабилерінің келісімімен Адай немересі Ақпан батырды өз орнына, беклербегілікке, Қазақ ханы «Еңсегей бойлы ер Есім–Есмұхаммедпен ақылдаса бекіттірді. Осы соғыстарда Ақпан батыр Кіші Жүз сарбаздарын басқарды.
XVII ғасырдың басында соғыста, Ақпан батыр басшылығымен Кіші Жүз сарбаздары Еділ, Жайық, Сағыз, Қобда, Елек, Ор, Жем, Ырғыз, Тобыл арасында қалмақ әскерлері талқандалып, жеңіске жетті.
Жерді жаудан азат ету жолындағы шайқас
Қосай Құдайкеұлы Тәуекел ханның өтінішімен қоныс аударып, Сауранды бір айналып, Сырдан өтіп, билігіндегі аз Алшын мен Кеншін ұрпақтарын бастап, Әмударияның шығысы, Қаратау-Бестөбе арасын қыстау еткен. Қосай ата сол кездері, Қазақ ханы Есмұхаммед («Есім») ханмен және Харазым ойын, билігіндегі аз Алшын – Кеншін ұрпақтарымен қыстайтын болғандықтан, Хиуа ханы Хажымұхаммед(«Хажым») пен достық қарым-қатынаста болған. 1600-ші жылдары жүз он жасында, Қосай Құдайберді («Құдайке»)ұлы өз ажалынан бақиға аттанғаннан кейін, Хиуа ханы Хажымұхаммед («Хажым»), «Мал салыққа қосымша жан салық - қыз салық» салады. Харазым шахтың мұрагері Хиуа хандығымен соғысып, берекет таппайтынын, жүйелі сөзбен түсінген, Алшын Кеншін ұрпақтары, ақыл, сабырмен шешу жолын ойласады.
69 жасар қарт Ақпан батыр Харазымды қыстаған билігіндегі аз Алшын - Кеншін ұрпақтарын бастап, «Жібек жолы» арқылы көшіп, Қырға, Үстіртке шығады. Төрт түлігін Үстіртте төлдетіп, «қозыкөш» жылжи қонып, Сам құмынан Шағырлы жолында үйкті айнала қонып, ерулейді. Жағалай қонған көштің ортасындағы, есте жоқ ескі дәуірден қалған Сақ обасы үйік төбені, ерулегенде қарауыл төбе етіп пайдалануы үшін, 500 үйден, 500 батыр сарбаздар қоржындап құмды тас тасып, үйікті биіктетті. Көпшілік ұйғарымымен, 1600-жылдан бері «Адайнемересі Ақпан үйігі» аталуда. Сол кездері, Хиуа ханының билігі жүріп тұрған Маңғыстаудың үш түбегіне көп бөгелмей, Каспий теңізін жағалай, Жемге бағыт ала көшеді.
1600 жылдары өз елінен орын таппаған қалмақтардың алғашқы көші шығыстан батысқа Ертіс, Есіл, Торғай, Ырғыз, Мұңалжар, Ор, Елек, Қобда, Сағыз, Жем, Маңғыстау, Еділ, Жайық арасына келіп, елден тасалау жерге жайғасып, қазақтардан ата мекенін тартып алуға кіріскен болатын. Хажым ханның «Қыз салық» қысымына шыдай алмаған аз Алшынды бастап келген Келінбердіұлы Ақпан батыр Жемді жағалай келіп, жігіттерін барлауға жібереді.
1605-жылы, күз басында, Ақпан батыр Қазақ елі мен жер тұтастығы үшін, «Үш Жүздің» әскери көмегімен, ізіндегі аз Алшын-Кеншін баһадүр сарбаздары бірлігінде, аянбай, арыстанша алысып, Атамекен-Қазақ Жерінен жауларын ығыстырып жеңіске жеткен.
1605-жылы, қыркүйек айының соңында Ақпан батыр шаһид болып, Құнанырыс батыр, қазан айының басында бақилық мекені шамамен, Қобда - Ырғыз арасындағы қос мазарға жерленген.
Ақпан батыр және оның ұрпақтарымен байланысты жер-су атаулары
Ғалым Серікбол Қондыбай өзінің еңбектерінде Маңғыстауда Ақпан есімімен аталатын бірнеше жер, құдық аттарын атап көрсеткен. «Сеңгір құмының (Қарақия ауданы) оңтүстік-шығысында Ақпан сор, Жабайұшқан тауының оңтүстік ернеуінде Ақпан тауы бар. Тау ішінде көрік ұстап, кеуекті ұстахана қылып пайдаланған Ақпан үңгірі, одан 3 шақырым жерде Ақпансордың жағасында Ақпан құдығы бар.
Ақпан - тау Сеңгірқұмның (Қарақия ауданы) оңтүстік-шығысында, биіктігі — 224 м. Ақпан сорынан оңтүстік-шығыста 4 км жерде, Сенектен солтүстік-шығыста 47 км, Қызылсу аулынан шығыс-солтүстік-шығыста 37 км жерде. Жабайұшқан қырының оңтүстiк ернегiнде.
"Ақпан үйігі" - Бейнеу ауданының Сам құмы, Шағырлы бетінде, Тұрыш ауылының солтүстік жағында 45 км. жерде «Ақпанның үйігі» деп аталатын тарихи қорым бар. Бейнеуден Шағырлы жолымен 60 км, күншығысқа 14 км, барлығы 74 км. Бұл жөнінде Маңғыстауға белгілі шежіреші қария Естерек Жаманбаев 1993 жылы «Жаңа өмір» газетінде: «...Доңызтау жағында Ақпанның үйігі деген қорым бар. Ол-Келінбердінің Ақпаны үйген үйік» - делінген. (Е.Жаманбаев, «Жаңа өмір», 10.03.1997 ж.)
Бірінші Адай болысының құрамындағы Ақпан ауылы жазда Жем өзенінің екі жағын жағалап, Оймауыт, Сам құмын, қыста Бостан құмы мен Сахар тауы етегінде, Шерқала тауына дейін келеді.
Қазіргі Ақтөбе облысы Хромтау ауданының оңтүстік шығысындағы Қопа елді мекенен 45-50 шақырым жерде Ақпансай, Ақпантөбе деген жер-су атаулары күні бүгінге дейін ешкандай өзгеріссіз, байырғы атаулары сақталып қалған жерлер.
Ақпан батырдың ұрпақтарынан шыққан тарихи тұлғалар
- Жұмағали Қалдықараев екінші дүниежүзілік соғыста өшпес ерлік көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Ол Беларусь елінің Мозырь қаласыда каза болып, сол жерде жерленген. Мозырь қаласында және Бейнеу кентінде Жұмағали батырдың есімін иеленген мектептер, Жаңаөзен қаласында көше, Бейнеу және Ақтау қаласында кеудемүсіндері бар.
- Алдияр Ниязұлы (ишан) - көріпкелдігі мен тәуіпшілдігі бар, діни сауатты, 40 жасында "Ишан" атанған. Ақтөбе обылысы Байғанин жерінде мешіт ұстап, бала оқытқан. Қасиетті, зайырлы кісі болған.
- Берман Құлманбетұлы - Орта Азияға белгілі қасиетті сынықшы. Ерекшелігі өзінің білімін мойындатып, медицинамен бірге емшілік жасаған.
- Тәжібай емші - Емшілігімен қазақ, өзбек, түркмен, қарақалпақ елідеріне сыйлы емші.
- Діни сауатты молдалар: Сапақұлы Жақып, Айғұл, Жұбандық, Яхудаұлы Өмірзақ, Атаберді, Бөпеш, Жұбанияз, Ізмағанбет, Сәрсенбай, Смағұл, Қыдырмағанбет, Ыбырайым, Есназар, Тойғұлы, Жарылқасын, Шоңбай, Анапия, Өмірзақ, Садық, Аблен
- Қазақ өнерін дамытуға өз үлестерін қосқан жыршылар мен күйшілер: Бисенғали, Сағын, Есенғали, Ідірейіс, Қарақұл, Қауханұлы Айтмағанбет
- Жауырыны жерге тимеген, алып күш иелері: Атанбекұлы Қайырқожа - Су ішсе он түйе қанатын тас астауды арқалап жүретін балуан. Нәдірқожа, Өтеген, Өтенбет, Тілеумағанбет балуандар.
- Атақты ұсталар: Өтебайұлы Жылыс, Айтбайұлы Үмбет, Сүйіндікұлы Байторы, Кенжеқара Байділдаұлы, Ияғұл Тәңірбергенұлы, Шабай Тәңірбергенұлы, Төлеміс Шабайұлы, Құттымұрат Ияғұлұлы, Мұқан Қалдығұлұлы, Құдайберген Тәкібасұлы, Көнебай Сарыұлы, Шалабайұлы Сапар, Аймағамбет Тәкібасұлы, Сабыр Сарыұлы, Құдайберген Қожабергенұлы, Қауқан Байманұлы, Нұрғали Мақсымұлы, Жұмағанбет Қарағұлұлы, Ермекбей Бекпенбетұлы, Ержан Кенжеқараұлы, Айдарұлы Сапар ұста.
- Билeр: Отыншы би Шахмардан(Түймеші) ұлы- Отыншы би Жeм , Сағыз бойында өмір сүргeн,жастайынан ұшқыр ойлы ақыл-парасатымен көзге түскен. Шешімсіз дау қалдырмай, қиын түйінніңжігін тауып, бойындағы сөз маржанын жерінежеткізе, қызыл тілдің шебері, айтыс-тартыста озыпшыққан жүйелі сөздің жүйрігі, тайынбай, тайсалмай, шындықты, әділетті жақтаған абзаладам болған. Eл бірлігі, мемлекет басқару, Отан қорғау, сыртқы жаулардың шабуылдарына тойтарыс берумәсeлeлері туралы, кіші жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрған. Ол әділ би, аузы дуалы шешен, ағайын-туыс, ру арасындағы дау-дамайлар, жер-су дауы, ішкі және ру аралық көптеген күрделі мәселелерді шешуде төрелік еткен. Отыншы Шахмардан(Түймеші) ұлы1851 жылы 12 тамыз Жем өзені бойында Бакашы қауымында өткен Сакал сыпар бітімге катыскан Адайдың игі жаксыларының бірі.
- Тарихшы, шежірешілер: Отарұлы Қонысбай
Ақпаннан ұл туса, темірге күн туады
Ақпанда екі адамның бірі ұста-шебер болған. «Ақпаннан ұл туса, темірге күн туады» - деген сөздер ел аузында содан қалса керек. Ұсташылық өнері Ақпанның баласы Қаракүшіктен қалған дейді көне көз қариялар. Қаракүшік 13-14 жасында ұста дүкенінің иесі болған. Қаракүшіктен кейінгі аты аңызға айналған ұстаның бірі - Жылысұлы Мыңбай ұста. Мыңбай ата Қыдыр көрген қасиетті, шаңырағына Хазіреті Дәуіт орнап темір мен алтын-күмістің ұстасы және зергер болған. Кенжеқара және Қаражан ұсталар бес атар винтовканы қолдан жасаған шеберлер.
Дереккөздер
- Қазақ ССР ғылым академиясы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты. "Бес ғасыр жырлайды" Жазушы баспасы 1989ж.
- Ж.Жылқышыұлы, «Адай шежіресі», Алматы, 2011 жыл.
- Өмірзак Озғанбаев. Ақпан батыр //Ақтөбе газеті, 22.09.2022 жыл.
- Қазақстан тарихы Жалпы білім беретін мектеп оқулығы. Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Алматы: Атамүра, 2008ж.
- Қаржаубай Медиханұлы «Жеті баулы Беріш ұрпақтары шежіресі»
- Қаржаубай Рейімбайұлы. Арқалы Ақпан батырым. Алматы: 2011 ж.
- Өмірзак Озғанбаев. Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022 жыл.
- Қашаған Күржіманұлы. «Атамекен» жыр-дастаны «Бес ғасыр жырлайды» Алматы, 1989ж.
- Ыбырай акұн Құлбайұлы «», «Арыс» баспасы. Актобе:1994 ж.
- Серікбол Қондыбай. «Маңғыстаудың жер-су атаулары», «Арыс» баспасы. 2010ж.
- Естерек Жаманбаев. «Жаңа өмір» газеті, 10.03.1997ж.
- Қ.Сүлейменов. Жаңа өмір газеті, 21.12.1991ж.
- Сайын Назарбекұлы «Алашқа айбын болған Ақпан батыр» Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022 жыл.
- «Особенности сельского хозяйства Адайского уезда», под руководством М.В.Ларина, Б.К.Щелокова, «Лениздат», 1928 г.
- Аманғалиева Нургул Жолмуратовна . Ғылыми-тәжірибелік тарихи-танымдық конференция материалдары. Ақтөбе қаласы, Баишев университеті 2022ж.
- Есберген Іңірбайұлы "Маңғыстау батырлары" Сардар баспасы. 2010ж.
- Есберген Іңірбайұлы "Есімдері елдің есінде" Үш қиян. Алматы қаласы. 2020ж.
- Указ Президиума Верховного Совета СССР «О присвоении звания Героя Советского Союза генералам, офицерскому, сержантскому и рядовому составу Красной Армии» от 15 января 1944 года // Ведомости Верховного Совета Союза Советских Социалистических Республик : газета. — 1944. — 23 января (№ 4 (264)). — С. 1
- Герои Советского Союза: Краткий биографический словарь / Пред. ред. коллегии И. Н. Шкадов. — М.: Воениздат, 1987. — Т. 1 /Абаев — Любичев/. — 911 с Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997ж.; «Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978 ж.;
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bul makala әli tekseristen otpedi Tekserilmegen makalalardagy mәlimetter senimsiz boluy mүmkin Tekserushilerge nuskaulykty oku үshin on zhaktagy korset degendi basynyz Makala tekserushilerge makalany tekserildi dep belgileu үshin bul үlgini alyp tastanyz Makalany tirkelgenine 6 aj bolgan 500 ondeme zhasagan barlyk katysushylar zhәne osy eki sharttyn bireuin bolsada kanagattandyratyn katysushylar tekserildi dep belgilej alady 2015 zhyldyn shildesinen bergi tekserilmegen makalalar myna sanatta tizimdeledi Sanat Uikipediya Tekserilmegen makalalar Osy ajdagy tekserilmegen makalalar sanatyn bastau Osy ajdagy tekserildi dep belgilengen makalalar https kk wikipedia org w index php title Arnajy Zhuyktagy ozgerister amp tagfilter Tekserildi dep belgiledi Bul makalany 2024 02 17 16 36 kezinde 9 aj buryn 1nter pares zhurnaly үlesi songy ret ondedi Tekserilmegender 2120 1 akpan 2023 Arys atasy Akpan ajtuly batyr kuralajdy kozge atkan mergen kyran topshyly anshy konili shalkar zhүregi kobalzhyp tajsalmas ozgelerden sekem alu seziktenu bilmes eshkimnen tepki kormej osken zhan Akpan batyr KelimberdiulyӨmir sүrgen zhyldary1531 1605Tugan zheriTүrkistan ajmagyndagy kasietti Қazygurt tauy manyndaҚajtys bolgan zheriAktobe oblysy Hromtau audany Or ozeninin bojyMemleketҚazak handygyӘsker tүriAtty әskerAtagyBeklerbegi kolbasshyBaskardyOn myn әskerShajkasyҚazak pen kalmak sogysy Baska magynalar үshin Akpan degen betti karanyz Akpan batyr Kelimberdiuly tarihi tanbasy nakty dәleli bar tulga Bul turaly esimi elge mәshһүr әjgili akyn Қashagan Kүrzhimanuly ozinin Atameken atty zhyr dastanynda Akpan degen kart batyr El basyna kos atty Zheteletip zhүrgizdi Zhauga miner bos atty Bes zhүz әsker auyr kol Bastygy Akpan batyr sol Kopti korgen konege Қarangy tuman ol zhүrse Tabylady eken sara zhol dep Akpan batyrdyn el korgaudagy eresen erligi men enbegin madaktap zhyrga koskan Ybyraj ahun Қulbajuly da oz zhyrynda bylajsha tanbalagan Soz ajtajyn Akpannan Syrdagy kuba ak taldan Akpan degen auylym Aumajtyn baska bak kongan Қarsylasy Akpannyn Tabanga tүsip taptalgan Neshe tүrli halykka Erligi artyk maktalgan Ғumyry tamam bolgansha Zheri zhok zhaudan toktalgan Biri dankty zhyrau ekinshisi gulama ahun osyndaj dep Akpan batyr turaly derek kaldyrgan ӨmirbayanAkpan batyr Kelimberdiuly 1531 zhyly Tүrkistan ajmagyndagy kasietti Қazygurt tauy manynda dүniege kelgen Akpan zhastajynan dalalyk omirdin kyr syryna kanygyp osip zhan tәnin shymyrlandyra shynyktyrar ulttyk syn tүrlerinen bes sajys zheti sajystardy zhetik mengeruimen eptilik erlik kasietimen kozge tүsti Әkesinen atalas tuys agalarynan sarbazdykty үjrenip sadakpen myltyk ata zhүrip mergendikti mengere kajtpas kajsarlygy kalyptasty Akpan batyr Қazak handary Haknazar Shygaj Tәuekel ensegej bojly er Esim handar bilegen dәuirde 1531 1605 zhyldary omir sүrip zhorykpen zhortuymen attan tүspegen zherin elin erlikpen korgagan batyr Kelinberdiuly Akpan batyr Amandәuletkyzy Ajshamen til tabysyp shanyrak kurady Ajshadan Қarakүshik atty bir uldy bolady Bul kuanyshtary uzakka sozylmaj 1592 shi zhyly Akpannyn zhary Ajsha syrkattanyp birneshe kүn auyryp zhalgyzy Қarakүshigin Akpanga amanattap bakiga otip ketedi Osydan kejin Akpan Zhappas auylynyn aruy Altynga bas kosady Akpan batyr Altyn arudan Қarmys Sarmys atty eki uldy bolady XVII gasyrdyn basynda sogysta Akpan batyr basshylygymen Edil Zhajyk Sagyz Қobda Elek Or Zhem Yrgyz Tobyl arasynda kalmakty talkandap zheniske zhetkenimen Akpan batyr 74 zhasynda uly karudan azhal kushyp 1605 zhyly kәzirgi Aktobe oblysy Hromtau audany Or ozeninin bojynynda zherlenedi El algysyna bolengen erlik zhorygyAkpannyn erekshe el algysyna bolengen erlik zhorygy Haknazaruly Bozgyl Baһadүrdin basshylygymen Қazak Elin shauyp ketken Baba sultanga karsy sogysta korindi Sol sogysta Adaj nemeresi Akpan batyr tandauly zhүzdikti baskardy Kelesi bir zhorykta Baba sultannyn Aryslan esimdi mynbasy sardaryn zhekpe zhekke shakyrgan Akpan batyr Kelimberdiuly zheniske zhetip zhauynyn basyn narkesken kylyshymen kesip alyp ak najzasynyn ushyna shanshyp zhaularga ses korsetedi Tarihi derekterde kalmaktardyn Nogaj әmirligi men Қazak handygyna karsy sogysy 1525 zhyly bastalsa 1571 zhyly kүsheje kele 200 zhyldyk kalmak pen kazak sogysy atalyp 1771 zhyly ayaktalgan Қalmaktar 1598 shi zhyly Resejge ant berip bodan bolgandyktan bilteli myltykpen zenbirekter alyp orys patshalygyna arka sүjep nogajlar men Kishi Zhүz kazaktaryn tosyn tonagandarymen kazaktar sogys amal ajlasyn sheber pajdalana zhauyn zhaskap үnemi zheniske zhetip otyrgan Beklerbegi atagy1599 shy zhyly zheltoksan ajynda Er Қosaj Қudajberdiuly Қudajke Bestobedegi kystauynda biligindegi az Alshyn men Kenshin urpaktarynan bekitilgen alty alkabilerinin kelisimimen Adaj nemeresi Akpan batyrdy oz ornyna beklerbegilikke Қazak hany Ensegej bojly er Esim Esmuhammedpen akyldasa bekittirdi Osy sogystarda Akpan batyr Kishi Zhүz sarbazdaryn baskardy XVII gasyrdyn basynda sogysta Akpan batyr basshylygymen Kishi Zhүz sarbazdary Edil Zhajyk Sagyz Қobda Elek Or Zhem Yrgyz Tobyl arasynda kalmak әskerleri talkandalyp zheniske zhetti Zherdi zhaudan azat etu zholyndagy shajkasҚosaj Қudajkeuly Tәuekel hannyn otinishimen konys audaryp Saurandy bir ajnalyp Syrdan otip biligindegi az Alshyn men Kenshin urpaktaryn bastap Әmudariyanyn shygysy Қaratau Bestobe arasyn kystau etken Қosaj ata sol kezderi Қazak hany Esmuhammed Esim hanmen zhәne Harazym ojyn biligindegi az Alshyn Kenshin urpaktarymen kystajtyn bolgandyktan Hiua hany Hazhymuhammed Hazhym pen dostyk karym katynasta bolgan 1600 shi zhyldary zhүz on zhasynda Қosaj Қudajberdi Қudajke uly oz azhalynan bakiga attangannan kejin Hiua hany Hazhymuhammed Hazhym Mal salykka kosymsha zhan salyk kyz salyk salady Harazym shahtyn murageri Hiua handygymen sogysyp bereket tappajtynyn zhүjeli sozben tүsingen Alshyn Kenshin urpaktary akyl sabyrmen sheshu zholyn ojlasady 69 zhasar kart Akpan batyr Harazymdy kystagan biligindegi az Alshyn Kenshin urpaktaryn bastap Zhibek zholy arkyly koship Қyrga Үstirtke shygady Tort tүligin Үstirtte toldetip kozykosh zhylzhi konyp Sam kumynan Shagyrly zholynda үjkti ajnala konyp erulejdi Zhagalaj kongan koshtin ortasyndagy este zhok eski dәuirden kalgan Sak obasy үjik tobeni erulegende karauyl tobe etip pajdalanuy үshin 500 үjden 500 batyr sarbazdar korzhyndap kumdy tas tasyp үjikti biiktetti Kopshilik ujgarymymen 1600 zhyldan beri Adajnemeresi Akpan үjigi ataluda Sol kezderi Hiua hanynyn biligi zhүrip turgan Mangystaudyn үsh tүbegine kop bogelmej Kaspij tenizin zhagalaj Zhemge bagyt ala koshedi 1600 zhyldary oz elinen oryn tappagan kalmaktardyn algashky koshi shygystan batyska Ertis Esil Torgaj Yrgyz Munalzhar Or Elek Қobda Sagyz Zhem Mangystau Edil Zhajyk arasyna kelip elden tasalau zherge zhajgasyp kazaktardan ata mekenin tartyp aluga kirisken bolatyn Hazhym hannyn Қyz salyk kysymyna shydaj almagan az Alshyndy bastap kelgen Kelinberdiuly Akpan batyr Zhemdi zhagalaj kelip zhigitterin barlauga zhiberedi 1605 zhyly kүz basynda Akpan batyr Қazak eli men zher tutastygy үshin Үsh Zhүzdin әskeri komegimen izindegi az Alshyn Kenshin baһadүr sarbazdary birliginde ayanbaj arystansha alysyp Atameken Қazak Zherinen zhaularyn ygystyryp zheniske zhetken 1605 zhyly kyrkүjek ajynyn sonynda Akpan batyr shaһid bolyp Қunanyrys batyr kazan ajynyn basynda bakilyk mekeni shamamen Қobda Yrgyz arasyndagy kos mazarga zherlengen Akpan batyr zhәne onyn urpaktarymen bajlanysty zher su ataularyAkpan үjigi Ғalym Serikbol Қondybaj ozinin enbekterinde Mangystauda Akpan esimimen atalatyn birneshe zher kudyk attaryn atap korsetken Sengir kumynyn Қarakiya audany ontүstik shygysynda Akpan sor Zhabajushkan tauynyn ontүstik erneuinde Akpan tauy bar Tau ishinde korik ustap keuekti ustahana kylyp pajdalangan Akpan үngiri odan 3 shakyrym zherde Akpansordyn zhagasynda Akpan kudygy bar Akpan tau Sengirkumnyn Қarakiya audany ontүstik shygysynda biiktigi 224 m Akpan sorynan ontүstik shygysta 4 km zherde Senekten soltүstik shygysta 47 km Қyzylsu aulynan shygys soltүstik shygysta 37 km zherde Zhabajushkan kyrynyn ontүstik erneginde Akpan үjigi Bejneu audanynyn Sam kumy Shagyrly betinde Turysh auylynyn soltүstik zhagynda 45 km zherde Akpannyn үjigi dep atalatyn tarihi korym bar Bejneuden Shagyrly zholymen 60 km kүnshygyska 14 km barlygy 74 km Bul zhoninde Mangystauga belgili shezhireshi kariya Esterek Zhamanbaev 1993 zhyly Zhana omir gazetinde Donyztau zhagynda Akpannyn үjigi degen korym bar Ol Kelinberdinin Akpany үjgen үjik delingen E Zhamanbaev Zhana omir 10 03 1997 zh Birinshi Adaj bolysynyn kuramyndagy Akpan auyly zhazda Zhem ozeninin eki zhagyn zhagalap Ojmauyt Sam kumyn kysta Bostan kumy men Sahar tauy eteginde Sherkala tauyna dejin keledi Қazirgi Aktobe oblysy Hromtau audanynyn ontүstik shygysyndagy Қopa eldi mekenen 45 50 shakyrym zherde Akpansaj Akpantobe degen zher su ataulary kүni bүginge dejin eshkandaj ozgerissiz bajyrgy ataulary saktalyp kalgan zherler Akpan batyrdyn urpaktarynan shykkan tarihi tulgalarZhumagali Қaldykaraev ekinshi dүniezhүzilik sogysta oshpes erlik korsetip Kenes Odagynyn Batyry atagyn algan Ol Belarus elinin Mozyr kalasyda kaza bolyp sol zherde zherlengen Mozyr kalasynda zhәne Bejneu kentinde Zhumagali batyrdyn esimin ielengen mektepter Zhanaozen kalasynda koshe Bejneu zhәne Aktau kalasynda keudemүsinderi bar Aldiyar Niyazuly ishan koripkeldigi men tәuipshildigi bar dini sauatty 40 zhasynda Ishan atangan Aktobe obylysy Bajganin zherinde meshit ustap bala okytkan Қasietti zajyrly kisi bolgan Berman Қulmanbetuly Orta Aziyaga belgili kasietti synykshy Ereksheligi ozinin bilimin mojyndatyp medicinamen birge emshilik zhasagan Tәzhibaj emshi Emshiligimen kazak ozbek tүrkmen karakalpak eliderine syjly emshi Dini sauatty moldalar Sapakuly Zhakyp Ajgul Zhubandyk Yahudauly Өmirzak Ataberdi Bopesh Zhubaniyaz Izmaganbet Sәrsenbaj Smagul Қydyrmaganbet Ybyrajym Esnazar Tojguly Zharylkasyn Shonbaj Anapiya Өmirzak Sadyk Ablen Қazak onerin damytuga oz үlesterin koskan zhyrshylar men kүjshiler Bisengali Sagyn Esengali Idirejis Қarakul Қauhanuly Ajtmaganbet Zhauyryny zherge timegen alyp kүsh ieleri Atanbekuly Қajyrkozha Su ishse on tүje kanatyn tas astaudy arkalap zhүretin baluan Nәdirkozha Өtegen Өtenbet Tileumaganbet baluandar Atakty ustalar Өtebajuly Zhylys Ajtbajuly Үmbet Sүjindikuly Bajtory Kenzhekara Bajdildauly Iyagul Tәnirbergenuly Shabaj Tәnirbergenuly Tolemis Shabajuly Қuttymurat Iyagululy Mukan Қaldygululy Қudajbergen Tәkibasuly Konebaj Saryuly Shalabajuly Sapar Ajmagambet Tәkibasuly Sabyr Saryuly Қudajbergen Қozhabergenuly Қaukan Bajmanuly Nurgali Maksymuly Zhumaganbet Қaragululy Ermekbej Bekpenbetuly Erzhan Kenzhekarauly Ajdaruly Sapar usta Biler Otynshy bi Shahmardan Tүjmeshi uly Otynshy bi Zhem Sagyz bojynda omir sүrgen zhastajynan ushkyr ojly akyl parasatymen kozge tүsken Sheshimsiz dau kaldyrmaj kiyn tүjinninzhigin tauyp bojyndagy soz marzhanyn zherinezhetkize kyzyl tildin sheberi ajtys tartysta ozypshykkan zhүjeli sozdin zhүjrigi tajynbaj tajsalmaj shyndykty әdiletti zhaktagan abzaladam bolgan El birligi memleket baskaru Otan korgau syrtky zhaulardyn shabuyldaryna tojtarys berumәseleleri turaly kishi zhүzdin basshylary men bedeldi adamdary bas koskan zhiyndarga turakty katysyp turgan Ol әdil bi auzy dualy sheshen agajyn tuys ru arasyndagy dau damajlar zher su dauy ishki zhәne ru aralyk koptegen kүrdeli mәselelerdi sheshude torelik etken Otynshy Shahmardan Tүjmeshi uly1851 zhyly 12 tamyz Zhem ozeni bojynda Bakashy kauymynda otken Sakal sypar bitimge katyskan Adajdyn igi zhaksylarynyn biri Tarihshy shezhireshiler Otaruly ҚonysbajAkpannan ul tusa temirge kүn tuadyAkpanda eki adamnyn biri usta sheber bolgan Akpannan ul tusa temirge kүn tuady degen sozder el auzynda sodan kalsa kerek Ұstashylyk oneri Akpannyn balasy Қarakүshikten kalgan dejdi kone koz kariyalar Қarakүshik 13 14 zhasynda usta dүkeninin iesi bolgan Қarakүshikten kejingi aty anyzga ajnalgan ustanyn biri Zhylysuly Mynbaj usta Mynbaj ata Қydyr korgen kasietti shanyragyna Hazireti Dәuit ornap temir men altyn kүmistin ustasy zhәne zerger bolgan Kenzhekara zhәne Қarazhan ustalar bes atar vintovkany koldan zhasagan sheberler DerekkozderҚazak SSR gylym akademiyasy M O Әuezov atyndagy әdebiet zhәne oner instituty Bes gasyr zhyrlajdy Zhazushy baspasy 1989zh Zh Zhylkyshyuly Adaj shezhiresi Almaty 2011 zhyl Өmirzak Ozganbaev Akpan batyr Aktobe gazeti 22 09 2022 zhyl Қazakstan tarihy Zhalpy bilim beretin mektep okulygy Қabyldinov Z E Қajypbaeva A T Almaty Atamүra 2008zh Қarzhaubaj Medihanuly Zheti bauly Berish urpaktary shezhiresi Қarzhaubaj Rejimbajuly Arkaly Akpan batyrym Almaty 2011 zh Өmirzak Ozganbaev Ғylymi tәzhiribelik tarihi tanymdyk konferenciya materialdary Aktobe kalasy Baishev universiteti 2022 zhyl Қashagan Kүrzhimanuly Atameken zhyr dastany Bes gasyr zhyrlajdy Almaty 1989zh Ybyraj akun Қulbajuly Arys baspasy Aktobe 1994 zh Serikbol Қondybaj Mangystaudyn zher su ataulary Arys baspasy 2010zh Esterek Zhamanbaev Zhana omir gazeti 10 03 1997zh Қ Sүlejmenov Zhana omir gazeti 21 12 1991zh Sajyn Nazarbekuly Alashka ajbyn bolgan Akpan batyr Ғylymi tәzhiribelik tarihi tanymdyk konferenciya materialdary Aktobe kalasy Baishev universiteti 2022 zhyl Osobennosti selskogo hozyajstva Adajskogo uezda pod rukovodstvom M V Larina B K Shelokova Lenizdat 1928 g Amangalieva Nurgul Zholmuratovna Ғylymi tәzhiribelik tarihi tanymdyk konferenciya materialdary Aktobe kalasy Baishev universiteti 2022zh Esbergen Inirbajuly Mangystau batyrlary Sardar baspasy 2010zh Esbergen Inirbajuly Esimderi eldin esinde Үsh kiyan Almaty kalasy 2020zh Ukaz Prezidiuma Verhovnogo Soveta SSSR O prisvoenii zvaniya Geroya Sovetskogo Soyuza generalam oficerskomu serzhantskomu i ryadovomu sostavu Krasnoj Armii ot 15 yanvarya 1944 goda Vedomosti Verhovnogo Soveta Soyuza Sovetskih Socialisticheskih Respublik gazeta 1944 23 yanvarya 4 264 S 1 Geroi Sovetskogo Soyuza Kratkij biograficheskij slovar Pred red kollegii I N Shkadov M Voenizdat 1987 T 1 Abaev Lyubichev 911 s Mangystau enciklopediyasy Almaty 1997zh Қazak Sovet enciklopediyasy 12 tomdyk Almaty 1972 1978 zh Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet