Астрофизика (грек. аstron – жұлдыз және физика) – аспан денелерінің физика күйі мен химия құрамын және олардың жүйелерін, жұлдызаралық орта мен галактикааралық орталарды, сондай-ақ оларда өтетін химия процестерді зерттейтін астрономияның бөлімі. Астрофизика жеке ғылым пән ретінде телескоптың жасалуынан (17 ғасыр) кейін дами бастады. 19 ғасырдың ортасында ашылған спектрлік анализ бен фотография тәсілдерді қолдануға байланысты астрофизиканың жаңа саласы – практикалық астрофизика дүниеге келді.
Зерттеу әдістеріне қарай астрофизика астрофотография, , , радиоастрономия, рентгендік астрономия, тағы басқа салаларға бөлінеді. Атомдық физиканың 20 ғасырдың бас кезіндегі табыстары мен жаңа әрі жетілдірілген физика тәсілдер теориялық астрофизиканың қалыптасып, дамуына қолайлы жағдай туғызды. Теория астрофизикада аспан денелері құрылысының теориясы (жұлдыз атмосферасының құрылысы, жұлдыздардың ішкі құрылысы, тағы басқа) және оларда өтетін процестер қарастырылады. Негізінен ол жұлдыздар атмосферасының физикасы, жұлдыздардың ішкі құрылысының теориясы, газ, тозаң және , ал зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне қарай Күн физикасы, құйрықты жұлдыздар мен метеорлар физикасы, планеталар физикасы, тағы басқа болып бөлінеді. Құйрықты жұлдыздар мен метеорларды зерттеу – астрофизиканың басты мәселелерінің бірі. Астрофизикалық зерттеулер заттың физика және техникалық тәжірибелер арқылы анықталатын қасиеттерін одан әрі толықтыра түседі. Күндегі процестердің Жер бетіндегі құбылыстарға тигізетін әсерін және оның заңдылықтарын зерттейді. Астрофизиканың үлкен саласы – радиоастрономия. Оптикалық және радиастрономиялық тәсілдерді біріктіре пайдалану асқын алып жұлдыздар мен квазарларды ашуға, шаян тәрізді тұмандық жарқылының табиғатын және біздің Галактикадағы (Жұлдызаралдағы) сутегі элементінің орналасуы мен қозғалуы ерекшеліктерін анықтауға, сондай-ақ планеталар атмосфераларының құрамдарын анықтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда астрофизика ғылымының дамуына Астрофизика институты ғалымдары елеулі үлес қосты. Мұнда негізгі зерттеулер бақылау арқылы немесе практикалық астрофизика саласында жүргізіледі, сондай-ақ теория астрофизиканың кейбір салалары қамтылған. Зерттеу объектілері: галактик. тұмандықтар, жұлдыздар, Күн, Галактика, , планеталар, құйрықты жұлдыздар, жұлдыздық және планетааралық тозаңдықтар физикасы және космология. Институттағы алғашқы астрофизикалық ғылым-зерттеу жұмысы зодиактік жарықты зерттеуге арналды. Астероидтар белдеуінде астероидтар мен метеороидтардың ұсақталу себебінен зодиактік жарық құбылысының пайда болу теориясы жасалды.
1953 жылы басылып шыққан «Газ-тозаң тұмандықтарының атласы» осы бағыттағы зерттеулердің алғашқы нәтижесі болды. Одан кейінгі жұмыстар поляриметриялық және спектро-фотометриялық тәсілдермен әр түрлі тұмандықтар кешенін зерттеуге арналды. 1968 жылы осындай зерттеулерді жинақтай келе Галактикадағы 120 объектінің жарқырауы, морфологиясы және олардың ғарышта тарала орналасуы жөніндегі деректер қамтылған каталог жарияланды. 1981 жылдан айнасының диам. 1 м-лік телескоп-рефлектор арқылы ультракүлгін сәулесі мол 500-ге жуық актив галактиканың спектрлері зерттелді. Алғаш рет жүздеген объектілердің сәулелік жылдамдықтары анықталып, 50-ге жуық жаңа Сейферт галактикалары мен бірқатар квазарлар ашылды. 409 объектінің дерегі бар каталог жарияланды. Алып планеталар атмосферасының физикасы жөнінде маңызды жұмыстар орындалды. Күн жүйесі денелерінің (құйрықты жұлдыздардың) құрылымы мен химия құрамдарын зерттеу фотоэлектрлік, фотографиялық, фотометрия, поляриметрия және спектрофотометрия, тағы басқа тәсілдермен жүргізіледі. Институтта бақылаудың автоматтандырылған жүйелері қолданылады. Зодиактік жарық - қыстыгүні не жазғытұрым, Күн батып қас қарайған соң, өкшесі Күн батыс жақтан шығып зодиак жұлдыздарын қуалайды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Дагаев М.М., Чаругин В.М., Астрофизика, А., 1996.
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. - 430 б. ISBN 9965-808-78-3
Сілтемелер
- Астрофизика – и ее понятия. Тепловое излучение и его законы
- Астрофизика с точки зрения физика Мұрағатталған 24 маусымның 2011 жылы.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Astrofizika grek astron zhuldyz zhәne fizika aspan denelerinin fizika kүji men himiya kuramyn zhәne olardyn zhүjelerin zhuldyzaralyk orta men galaktikaaralyk ortalardy sondaj ak olarda otetin himiya procesterdi zerttejtin astronomiyanyn bolimi Astrofizika zheke gylym pәn retinde teleskoptyn zhasaluynan 17 gasyr kejin dami bastady 19 gasyrdyn ortasynda ashylgan spektrlik analiz ben fotografiya tәsilderdi koldanuga bajlanysty astrofizikanyn zhana salasy praktikalyk astrofizika dүniege keldi AstrofizikaAndromeda galaktikasy Zertteu әdisterine karaj astrofizika astrofotografiya radioastronomiya rentgendik astronomiya tagy baska salalarga bolinedi Atomdyk fizikanyn 20 gasyrdyn bas kezindegi tabystary men zhana әri zhetildirilgen fizika tәsilder teoriyalyk astrofizikanyn kalyptasyp damuyna kolajly zhagdaj tugyzdy Teoriya astrofizikada aspan deneleri kurylysynyn teoriyasy zhuldyz atmosferasynyn kurylysy zhuldyzdardyn ishki kurylysy tagy baska zhәne olarda otetin procester karastyrylady Negizinen ol zhuldyzdar atmosferasynyn fizikasy zhuldyzdardyn ishki kurylysynyn teoriyasy gaz tozan zhәne al zerttejtin obektilerinin erekshelikterine karaj Kүn fizikasy kujrykty zhuldyzdar men meteorlar fizikasy planetalar fizikasy tagy baska bolyp bolinedi Қujrykty zhuldyzdar men meteorlardy zertteu astrofizikanyn basty mәselelerinin biri Astrofizikalyk zertteuler zattyn fizika zhәne tehnikalyk tәzhiribeler arkyly anyktalatyn kasietterin odan әri tolyktyra tүsedi Kүndegi procesterdin Zher betindegi kubylystarga tigizetin әserin zhәne onyn zandylyktaryn zerttejdi Astrofizikanyn үlken salasy radioastronomiya Optikalyk zhәne radiastronomiyalyk tәsilderdi biriktire pajdalanu askyn alyp zhuldyzdar men kvazarlardy ashuga shayan tәrizdi tumandyk zharkylynyn tabigatyn zhәne bizdin Galaktikadagy Zhuldyzaraldagy sutegi elementinin ornalasuy men kozgaluy erekshelikterin anyktauga sondaj ak planetalar atmosferalarynyn kuramdaryn anyktauga mүmkindik berdi Қazakstanda astrofizika gylymynyn damuyna Astrofizika instituty galymdary eleuli үles kosty Munda negizgi zertteuler bakylau arkyly nemese praktikalyk astrofizika salasynda zhүrgiziledi sondaj ak teoriya astrofizikanyn kejbir salalary kamtylgan Zertteu obektileri galaktik tumandyktar zhuldyzdar Kүn Galaktika planetalar kujrykty zhuldyzdar zhuldyzdyk zhәne planetaaralyk tozandyktar fizikasy zhәne kosmologiya Instituttagy algashky astrofizikalyk gylym zertteu zhumysy zodiaktik zharykty zertteuge arnaldy Asteroidtar beldeuinde asteroidtar men meteoroidtardyn usaktalu sebebinen zodiaktik zharyk kubylysynyn pajda bolu teoriyasy zhasaldy 1953 zhyly basylyp shykkan Gaz tozan tumandyktarynyn atlasy osy bagyttagy zertteulerdin algashky nәtizhesi boldy Odan kejingi zhumystar polyarimetriyalyk zhәne spektro fotometriyalyk tәsildermen әr tүrli tumandyktar keshenin zertteuge arnaldy 1968 zhyly osyndaj zertteulerdi zhinaktaj kele Galaktikadagy 120 obektinin zharkyrauy morfologiyasy zhәne olardyn garyshta tarala ornalasuy zhonindegi derekter kamtylgan katalog zhariyalandy 1981 zhyldan ajnasynyn diam 1 m lik teleskop reflektor arkyly ultrakүlgin sәulesi mol 500 ge zhuyk aktiv galaktikanyn spektrleri zertteldi Algash ret zhүzdegen obektilerdin sәulelik zhyldamdyktary anyktalyp 50 ge zhuyk zhana Sejfert galaktikalary men birkatar kvazarlar ashyldy 409 obektinin deregi bar katalog zhariyalandy Alyp planetalar atmosferasynyn fizikasy zhoninde manyzdy zhumystar oryndaldy Kүn zhүjesi denelerinin kujrykty zhuldyzdardyn kurylymy men himiya kuramdaryn zertteu fotoelektrlik fotografiyalyk fotometriya polyarimetriya zhәne spektrofotometriya tagy baska tәsildermen zhүrgiziledi Institutta bakylaudyn avtomattandyrylgan zhүjeleri koldanylady Zodiaktik zharyk kystygүni ne zhazgyturym Kүn batyp kas karajgan son okshesi Kүn batys zhaktan shygyp zodiak zhuldyzdaryn kualajdy DerekkozderҚazak enciklopediyasy Dagaev M M Charugin V M Astrofizika A 1996 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Ғylymtanu Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar ҒӨF EKO 2006 zhyl 430 b ISBN 9965 808 78 3SiltemelerAstrofizika i ee ponyatiya Teplovoe izluchenie i ego zakony Astrofizika s tochki zreniya fizika Muragattalgan 24 mausymnyn 2011 zhyly Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet