Архимед заңы – аэростатика мен гидростатиканың сұйыққа (газға) батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең әрі одан әрқашан да жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін анықтайтын негізгі заңы. Дененің ығыстырып шығарған сұйығының ауырлық центріне (орталығына) түсетін итеруші күшті архимедтік не гидростатикалық көтеруші күш деп атайды. Егер дененің салмағы архимедтік күштен кем болса, онда дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал дененің салмағы архимедтік күштен артық болса, онда дене сұйыққа батып кетеді. Дененің салмағы архимедтік күшке тең болса, дене сұйық ішінде жүзіп жүреді. Бұл заңды Архимед б.з.б. 3 ғасырда ашқан. Архимед заңы денелердің сұйықта, не газда жүзуінің теориялық негізі болып саналады.
![image](https://www.wp1.kk-kz.nina.az/image/aHR0cHM6Ly93d3cud3AxLmtrLWt6Lm5pbmEuYXovaW1hZ2UvYUhSMGNITTZMeTkxY0d4dllXUXVkMmxyYVcxbFpHbGhMbTl5Wnk5M2FXdHBjR1ZrYVdFdlkyOXRiVzl1Y3k5MGFIVnRZaTgyTHpZd0wxQnlhVzVqYVhCcGIxOWthVjlCY21Ob2FXMWxaR1ZmWjJGc2JHVm5aMmxoYldWdWRHOHVjRzVuTHpJeE1IQjRMVkJ5YVc1amFYQnBiMTlrYVY5QmNtTm9hVzFsWkdWZloyRnNiR1ZuWjJsaGJXVnVkRzh1Y0c1bi5wbmc=.png)
Архимед күші
Архимед күші — тепе-теңдік жағдайдағы сұйыққа тұтастай немесе жартылай батырылған кез келген дененің бетіне төменнен жоғарыға қарай тік бағытта әсер ететін . Архимед күші ауырлық күшіне қарсы бағытталған. Тік жоғары бағытталған көтеруші күш (Архимед күші) көлемі дене көлеміндей сұйық салмағына тең болады: Р = gV = G; G - дененің салынған ортаның тығыздығы, V — дененің көлемі. Дененің салмағы мен көтеруші күштің шамаларын салыстырып, дененің сұйық ішіндегі тепе-теңдік жағдайын анықтауға болады. Егер: Р < G болса, онда дене сұйықтыққа батып кетеді. Р > G жағдайында дене сұйық бетіне қалқып шығады, ал Р = G кезінде дене сұйық ішінде жүзіп жүреді.
Формуласы : Fa=pc*Vд*g , яғни Архимед күші тең болады сұйықтық тығыздығының, дене көлемінің және еркін түсу үдеуінің көбейтіндісіне.
Архимед күші жайлы аңыз
Аңызда айтылатындай, патшасы Гиерон Архимедке зергер жасаған тәждің таза алтыннан немесе алтын мен күмістің қоспасынан жасалынғанын анықтауды тапсырды. Бұл есепті шеше алмай, Архимед көп күн әуреленді. Бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде кенеттен ойына әлгі есептің шешуі келген екен дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана куанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен. Сірә, жаңалық ашқан адам ерекше бір сезімге бөленетін болар.
1-тәжірибе
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық (1, а-сурет). Осыдан кейін денені толық суға батырайық (1, ә-сурет). Динамометр көрсетуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек, бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады? Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүйене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін-бірі теңгеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен дене тек сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі һ1 су бағаны F1 күшпен, ал төменгі жағын биіктігі һ2 су бағаны F2 күшпен қысады. Мұндағы һ2, су бағанының биіктігі һ1 биіктіктен көп, сондықтан F2 күші де F1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш F1 және F2 күштерінің айырымына тең, яғни
F = F2 - F1
Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.
2-тәжірибе
Енді биіктігі һ табанының ауданы S болатын параллелепипед тәрізді денеге тығыздығы ρс сұйық тарапынан әрекет ететін ығыстырушы күштің мәнін анықтайық. Алдымен дененің үстіңгі бөлігіне сұйықтың түсіретін қысым күшін есептейік. h1 сұйық бағанының дененің үстіңгі бетіне түсіретін қысымы
p1 = ρсg h1 онда
F1 = p1S = ρсg h1S
болады. Ал дененің төменгі бетіне сұйықтың түсіретін қысым күші:
F2 = p2S = ρсg h2S, мұндағы
p2 = ρсg h2 - биіктігі h2 сұйық бағанының қысымы.
Онда Fы = F2 - F1 = ρсg (h2 - h1)S
Параллелипипед биіктігі һ(һ= h2 - h1) екенін ескерсек, онда
Fы = ρсghS немесе Fы= ρсgVд
болады, мұндағы Vд=Sh – дененің көлемі.
Ығыстырушы күштің формуласына сұйықтың тығыздығы кіретініне назар аударайық. Ал бұдан дене көлемінің сұйық тығыздығына көбейтіндісі дененің алатын көлеміндегі сұйық массасын береді: mс = ρс Vд Егер дене сұйыққа толық батпаған болса, онда ρс Vд көбейтіндісі дененің сұйыққа батқан бөлігі алатын көлеміндегі сұйық массасын береді, яғни Fы= ρсgVб.б. , мұндағы Vб.б. – дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі. Бұл өрнектің оң жағы сұйыққа батырылған дене ығыстырған сұйықтың салмағына тең екенін байқауға болады.
3-тәжірибе
Ығыстырушы күштің мәнін біз теориялық түрде қорытып шығардық. Енді алынған нәтижені тәжірибеде тексерейік. Динамометр ілгегіне цилиндр тәрізді дене және осы дене ішіне толық сыятындай ыдыс ілейік (2, а-сурет). Осыдан кейін денені суға батырғанға дейінгі динамометр көрсетуін белгілеп алайық. Үстелге шүмегінің деңгейіне дейін су құйылған ыдыс және оның қасына кішірек сауыт қояйық. Енді денені абайлап ыдыстағы суға батырамыз. Ығыстырушы күштің әрекетінен динамометр серіппесінің көрсеткіші жоғары көтеріле бастайды. Дене суға батқан сайын суды ығыстыра түседі де, ығыстырылған су сауытка құйылады. Дене суға толық батқан кезде, динамометр дененің судағы салмағы қаншаға азайғанын көрсетеді (2,ә-сурет). Егер дене ығыстырып шығарған сүйықты динамометрге ілінген ыдысқа құйсақ, онда динамометр көрсеткіші өзінің бұрынғы орнына қайтадан келеді (2,б-сурет). Бұдан дененің салмағы ыдыстан ағып шыққан сұйықтың салмағына тең шамаға азайғанын байқаймыз. Осы байланысты Архимед те байқаған болатын. Енді Архимед заңын тұжырымдайық: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын Fы күшті архимед күші (Fа) деп те атайды. Сонымен:
Fа = ρсgVд
Архимед күші сұйыққа батырылған дененің тығыздығына тәуелді болмайтынына көңіл аударыңдар. Архимед заңын тұжырымдауда біз «салмақ» сөзін қолдандық. Салмақ дегеніміз - дененін тірекке әрекет ететін күші екенін есімізге түсірейік. Тірек жерге қатысты козғалмайтын болса, онда дененің салмағы өзінің сан мәні жағынан ауырлық күшіне тен болады. Біз «салмақ» ұғымын салмақ пен ауырлық күшінің сан мәндері бір-біріне тең болатын жағдайлар үшін қолдандық және қолданатын боламыз. Ауадағы немесе кез келген газдағы денеге де ығыстырушы күш әрекет етеді. Егер біз бір денені газға батырып, жоғарыдағыдай тәжірибе жасаған болсақ, онда газ ішіндегі денені ығыстыратын күш сол дене ығыстырған газдың салмағына тең болатындығын байқаймыз. Бұл күш денеге әрекет ететін ауырлық күшінен едәуір аз болғандықтан, оны байқау да қиын. Алайда осы ығыстырушы күш есебінен ауа шарлары, дирижабльдер жоғары көтеріледі.
4-тәжірибе
Пішіні күрделі немесе үлкендеу денелердің тығыздығын Архимед заңына негізделген гидростатикалық өлшеу әдісі арқылы анықтауға болады. Алдымен дененің салмағы ауада өлшенеді. Осыдан кейін дене тығыздығы белгілі сұйыққа толық батырылады. Денеге әрекет ететін екі күш бұл жағдайда тең және қарама-қарсы бағытталғандықтан (ауырлық күші төмен қарай, ал архимед күші жоғары қарай), дененің сұйық ішіндегі Р1 салмағы дененің ауадағы Р = mg салмағынан Fа=pg Vд архимед күшіне тең шамаға кем болады, яғни Р1=Р - Fа , ал бұдан сұйыққа толық батырылған денеге әрекет ететін архимед күші Fа=Р- Р1 немесе ρсgVы.с. = Р- Р1
мұндағы Vы.с. - дене ығыстырған сұйықтың немесе газдың көлемі. Егер дене сұйыққа толық бататын болса, онда ығыстырылған сұйықтың көлемі дененің көлеміне (Vд= Vы.с.) тең болады. Дененің салмағы Р= ρдgVд екенін ескерсек, онда
мұндағы ρд- дененің тығыздығы. Түрлендіруден кейін
аламыз, ал бұдан дененің тығыздығы:
болады.
Дененің жүзу шарттары
Сұйықтықта немесе газда орналасқан дененің жүзуі, немесе батуы оның ауырлық күші мен Архимед күштерінің
модульдерінің қатынасымен анықталады. Әр бір дене үшін келесі үш жағдай болуы мүмкін:
— дене батады;
— дене сұйықтықта немесе газда жүзеді;
— дене жүзбейінше қалқып шыға береді.
Басқа формулировка (мұнда — дене тығыздығы,
— дене батырылған ортаның тығыздығы):
— дене батады;
— дене сұйықтықта немесе газда жүзеді;
— дене жүзбейінше қалқып шыға береді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
- Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл — физика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arhimed zany aerostatika men gidrostatikanyn sujykka gazga batyrylgan denege kolemi sol denenin kolemindej sujyktyn salmagyna ten әri odan әrkashan da zhogary karaj bagyttalgan keri iterushi kүsh әser etetindigin anyktajtyn negizgi zany Denenin ygystyryp shygargan sujygynyn auyrlyk centrine ortalygyna tүsetin iterushi kүshti arhimedtik ne gidrostatikalyk koterushi kүsh dep atajdy Eger denenin salmagy arhimedtik kүshten kem bolsa onda dene sujyk betine kalkyp shygady al denenin salmagy arhimedtik kүshten artyk bolsa onda dene sujykka batyp ketedi Denenin salmagy arhimedtik kүshke ten bolsa dene sujyk ishinde zhүzip zhүredi Bul zandy Arhimed b z b 3 gasyrda ashkan Arhimed zany denelerdin sujykta ne gazda zhүzuinin teoriyalyk negizi bolyp sanalady Arhimed kүshi Arhimed kүshiArhimed kүshi tepe tendik zhagdajdagy sujykka tutastaj nemese zhartylaj batyrylgan kez kelgen denenin betine tomennen zhogaryga karaj tik bagytta әser etetin Arhimed kүshi auyrlyk kүshine karsy bagyttalgan Tik zhogary bagyttalgan koterushi kүsh Arhimed kүshi kolemi dene kolemindej sujyk salmagyna ten bolady R gV G G denenin salyngan ortanyn tygyzdygy V denenin kolemi Denenin salmagy men koterushi kүshtin shamalaryn salystyryp denenin sujyk ishindegi tepe tendik zhagdajyn anyktauga bolady Eger R lt G bolsa onda dene sujyktykka batyp ketedi R gt G zhagdajynda dene sujyk betine kalkyp shygady al R G kezinde dene sujyk ishinde zhүzip zhүredi Formulasy Fa pc Vd g yagni Arhimed kүshi ten bolady sujyktyk tygyzdygynyn dene koleminin zhәne erkin tүsu үdeuinin kobejtindisine Arhimed kүshi zhajly anyzAnyzda ajtylatyndaj patshasy Gieron Arhimedke zerger zhasagan tәzhdin taza altynnan nemese altyn men kүmistin kospasynan zhasalynganyn anyktaudy tapsyrdy Bul esepti sheshe almaj Arhimed kop kүn әurelendi Bir kүni toltyra su kujylgan vannaga tүsken kezde kenetten ojyna әlgi eseptin sheshui kelgen eken dejdi Өzinin ashkan zhanalygyna shattana kuangan ol Evrika Taptym dep Sirakuz koshelerinin bojymen ajgajlap zhүgirgen eken Sirә zhanalyk ashkan adam erekshe bir sezimge bolenetin bolar 1 tәzhiribe1 suret Arhimedtin ashkan zhanalygynyn mәn magynasyn tүsinu үshin karapajym tәzhiribe zhasap korejik Dinamometr ilgegine kandaj da bir dene ilejik te onyn shkalasynyn korsetui bojynsha auyrlyk kүshinin mәnin belgilep alajyk 1 a suret Osydan kejin deneni tolyk suga batyrajyk 1 ә suret Dinamometr korsetui ozgergenin bajkajmyz Nelikten Denenin massasyn ozgertkenimiz zhok Demek bul zhagdajda denege auyrlyk kүshinen baska ony sudan ygystyratyn kүsh әreket etedi Ol kүsh kalaj pajda bolady Sujyktyn kysymy turaly bilimimizge sүjene otyryp osy sujykka batyrylgan denege kandaj kүshter әreket etetinin karastyrajyk Denenin bүjir zhaktaryna әreket etetin kүshter ten zhәne olar birin biri tengerip turady Bul kүshterdin әreketinen dene tek sygylady Denenin үstingi zhagyn biiktigi һ1 su bagany F1 kүshpen al tomengi zhagyn biiktigi һ2 su bagany F2 kүshpen kysady Mundagy һ2 su baganynyn biiktigi һ1 biiktikten kop sondyktan F2 kүshi de F1 kүshten kop bolady Demek deneni sujyktan ygystyratyn kүsh F1 zhәne F2 kүshterinin ajyrymyna ten yagni F F2 F1 Sonymen sujykka batyrylgan denege osy deneni sujyktan ygystyratyn kүsh әreket etedi 2 tәzhiribeEndi biiktigi һ tabanynyn audany S bolatyn parallelepiped tәrizdi denege tygyzdygy rs sujyk tarapynan әreket etetin ygystyrushy kүshtin mәnin anyktajyk Aldymen denenin үstingi boligine sujyktyn tүsiretin kysym kүshin eseptejik h1 sujyk baganynyn denenin үstingi betine tүsiretin kysymy p1 rsg h1 onda F1 p1S rsg h1S bolady Al denenin tomengi betine sujyktyn tүsiretin kysym kүshi F2 p2S rsg h2S mundagy p2 rsg h2 biiktigi h2 sujyk baganynyn kysymy Onda Fy F2 F1 rsg h2 h1 S Parallelipiped biiktigi һ һ h2 h1 ekenin eskersek onda Fy rsghS nemese Fy rsgVd bolady mundagy Vd Sh denenin kolemi Ygystyrushy kүshtin formulasyna sujyktyn tygyzdygy kiretinine nazar audarajyk Al budan dene koleminin sujyk tygyzdygyna kobejtindisi denenin alatyn kolemindegi sujyk massasyn beredi ms rs Vd Eger dene sujykka tolyk batpagan bolsa onda rs Vd kobejtindisi denenin sujykka batkan boligi alatyn kolemindegi sujyk massasyn beredi yagni Fy rsgVb b mundagy Vb b denenin sujykka batkan boliginin kolemi Bul ornektin on zhagy sujykka batyrylgan dene ygystyrgan sujyktyn salmagyna ten ekenin bajkauga bolady 3 tәzhiribe2 suret Ygystyrushy kүshtin mәnin biz teoriyalyk tүrde korytyp shygardyk Endi alyngan nәtizheni tәzhiribede tekserejik Dinamometr ilgegine cilindr tәrizdi dene zhәne osy dene ishine tolyk syyatyndaj ydys ilejik 2 a suret Osydan kejin deneni suga batyrganga dejingi dinamometr korsetuin belgilep alajyk Үstelge shүmeginin dengejine dejin su kujylgan ydys zhәne onyn kasyna kishirek sauyt koyajyk Endi deneni abajlap ydystagy suga batyramyz Ygystyrushy kүshtin әreketinen dinamometr serippesinin korsetkishi zhogary koterile bastajdy Dene suga batkan sajyn sudy ygystyra tүsedi de ygystyrylgan su sauytka kujylady Dene suga tolyk batkan kezde dinamometr denenin sudagy salmagy kanshaga azajganyn korsetedi 2 ә suret Eger dene ygystyryp shygargan sүjykty dinamometrge ilingen ydyska kujsak onda dinamometr korsetkishi ozinin buryngy ornyna kajtadan keledi 2 b suret Budan denenin salmagy ydystan agyp shykkan sujyktyn salmagyna ten shamaga azajganyn bajkajmyz Osy bajlanysty Arhimed te bajkagan bolatyn Endi Arhimed zanyn tuzhyrymdajyk sujykka batyrylgan denege onyn sujykka batkan boligi kolemindegi sujyktyn salmagyna ten ygystyrushy kүsh әreket etedi Sujykka batyrylgan deneni ygystyratyn Fy kүshti arhimed kүshi Fa dep te atajdy Sonymen Fa rsgVd Arhimed kүshi sujykka batyrylgan denenin tygyzdygyna tәueldi bolmajtynyna konil audaryndar Arhimed zanyn tuzhyrymdauda biz salmak sozin koldandyk Salmak degenimiz denenin tirekke әreket etetin kүshi ekenin esimizge tүsirejik Tirek zherge katysty kozgalmajtyn bolsa onda denenin salmagy ozinin san mәni zhagynan auyrlyk kүshine ten bolady Biz salmak ugymyn salmak pen auyrlyk kүshinin san mәnderi bir birine ten bolatyn zhagdajlar үshin koldandyk zhәne koldanatyn bolamyz Auadagy nemese kez kelgen gazdagy denege de ygystyrushy kүsh әreket etedi Eger biz bir deneni gazga batyryp zhogarydagydaj tәzhiribe zhasagan bolsak onda gaz ishindegi deneni ygystyratyn kүsh sol dene ygystyrgan gazdyn salmagyna ten bolatyndygyn bajkajmyz Bul kүsh denege әreket etetin auyrlyk kүshinen edәuir az bolgandyktan ony bajkau da kiyn Alajda osy ygystyrushy kүsh esebinen aua sharlary dirizhablder zhogary koteriledi 4 tәzhiribePishini kүrdeli nemese үlkendeu denelerdin tygyzdygyn Arhimed zanyna negizdelgen gidrostatikalyk olsheu әdisi arkyly anyktauga bolady Aldymen denenin salmagy auada olshenedi Osydan kejin dene tygyzdygy belgili sujykka tolyk batyrylady Denege әreket etetin eki kүsh bul zhagdajda ten zhәne karama karsy bagyttalgandyktan auyrlyk kүshi tomen karaj al arhimed kүshi zhogary karaj denenin sujyk ishindegi R1 salmagy denenin auadagy R mg salmagynan Fa pg Vd arhimed kүshine ten shamaga kem bolady yagni R1 R Fa al budan sujykka tolyk batyrylgan denege әreket etetin arhimed kүshi Fa R R1 nemese rsgVy s R R1 mundagy Vy s dene ygystyrgan sujyktyn nemese gazdyn kolemi Eger dene sujykka tolyk batatyn bolsa onda ygystyrylgan sujyktyn kolemi denenin kolemine Vd Vy s ten bolady Denenin salmagy R rdgVd ekenin eskersek onda Vd Pgrd displaystyle V d P over g rho d dd mundagy rd denenin tygyzdygy Tүrlendiruden kejin P P1 Pgrdgrc displaystyle P P 1 P over g rho d g rho c dd alamyz al budan denenin tygyzdygy rd PP P1rc displaystyle rho d P over P P 1 rho c dd bolady Denenin zhүzu sharttarySujyktykta nemese gazda ornalaskan denenin zhүzui nemese batuy onyn auyrlyk kүshi FP displaystyle mathbf F P men Arhimed kүshterinin FA displaystyle mathbf F A modulderinin katynasymen anyktalady Әr bir dene үshin kelesi үsh zhagdaj boluy mүmkin FP gt FA displaystyle mathbf F P gt mathbf F A dene batady FP FA displaystyle mathbf F P mathbf F A dene sujyktykta nemese gazda zhүzedi FP lt FA displaystyle mathbf F P lt mathbf F A dene zhүzbejinshe kalkyp shyga beredi Baska formulirovka munda pd displaystyle mathbf p d dene tygyzdygy po displaystyle mathbf p o dene batyrylgan ortanyn tygyzdygy pd gt po displaystyle mathbf p d gt mathbf p o dene batady pd po displaystyle mathbf p d mathbf p o dene sujyktykta nemese gazda zhүzedi pd lt po displaystyle mathbf p d lt mathbf p o dene zhүzbejinshe kalkyp shyga beredi DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Su sharushylygy Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Fizika zhәne astronomiya Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 634 8 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul fizika bojynsha makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz