Антонио Лучо Вивальди (итал. Antonio Lucio Vivaldi; 4 наурыз 1678 жылы, Венеция — 28 шілде 1741, Вена) — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады .
Антонио Лучо Вивальди итал. Antonio Vivaldi | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Толық аты | Antonio Lucio Vivaldi |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Мемлекет |
|
Мамандықтары | |
Аспаптары | |
Жанрлары | |
{{{Есімі}}} |
Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестрлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы.
Өмірбаяны
Балалық шақ
Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурыз күні осы кезеңдегі Венеция республикасының астанасы Венецияда туған. XX ғасырға дейін Вивальдидің өмірбаянын зерттеушілерде композитордың туған жылы туралы әртүрлі деректер болды. Мәселен, бірі 1675 жылы туған десе, бірі бұдан ертерек деген болжамдар айтқан. 1963 жылы қаңтарда ағылшын ғалымы Эрик Пол (Eric Paul) тапқан (Венеция төңірегі) келуі туралы жазбалар Вивальдидің туған жылын бекітуге мүмкіндік берді. Табылған жазбаларға сәйкес, Антонио Вивальди 1678 жылы 4 наурызда туылып, осы соборда шоқындырылды. Бала әлсіз болып туған, өлуге шақ қалған соң, оны тезарада шоқындыру қажет болды.
Антонионың ата-бабалары лауазымды тұлғалар болды. Композитордың әкесі Джованни Баттиста (1655-1736) осы қалада туған. Джованни он жасында анасымен Венецияға көшіп барды. Мұнда әкесі шаштараз мамандығын үйренді. Осы кезеңдерде италияндық шаштараздарда тұтынушылардың уақыты бос өтпесін деп түрлі музыкалдық аспаптар орналастырылатын еді. Уақыт өте келе, Джованни осы аспаптарға деген қызығушылығы оянып, нәтижесінде өмірінің соңына дейін музыкаға арнады.
1677 жылы Джованни Камилле Каликчиоға (1655-1728) үйленіп, бір жылдан соң ұлдары Антонио дүниеге келеді. шіркеулік жазбаларға қарағанда, Антонионың үш әпкесі – Маргарита Габриэла, Чечилия Мария, Дзанетта Анна және екі ағасы – Бонавентура Томасо пен Франческо Гаэтано болған. Ағалары әкесінің ізін жалғап, шаштаразшы болды.
1685 жылы Джованни Баттистаның есімі «Sovvegno dei musicisti de Santa Secilia» атты музыкалды қоғамды қалыптастырушылардың тізімінде аталды. Аталмыш қоғамның директоры атақты композитор, бірқатар опералардың авторы болды. Нәтижесінде Джованни Қасиетті Марк шіркеуінің капелласында (католик шіркеудің хорында) бас скрипкашы болды. Айта кетерлігі, сол кезеңдерде әкесінің толық есімі Джованни Баттиста Росси болған еді. Антонионың әкесіне тартқан сары шаштылығы үшін оны «сары дін қызметкері» деп атайтын (итал. il prette rosso).
Композитордың жастық шағы мен музыкалдық білімі туралы деректер аз. Сондықтан, Антонионы скрипка өнеріне үйреткен, музыкадағы алғашқы ұстазы әкесі болған деп болжанады. Антонио он жасынан бастап скрипкада ойнай бастайды. 1689—1692 жылдар арасында әкесінің Венецияға келіп-кетуі жиілеп кеткен соң, оны шіркеудегі капеллада ұлы Антонио алмастырып отырды.
Кей деректерге сүйенсек, Антонио музыка теориясын Джованни Легренцидан үйренді деседі. Алайда, Легренцидің 1690 жылы қайтыс болғанын ескерсек, оның жас Антониоға ұстаздық етуі күмән тудырады. Антонионың скрипкада шеберлікпен ойнауы және атақты рим скрипкашысы Арканджело Кореллидің музыкалды стиліне ұқсастығы оның аталмыш скрипка шеберінен дәріс алған деген болжамдар бар. Алайда, қазіргі күнге дейін бұл болжамды растайтын дәлелдер жоқ. Сонымен қатар, хронологиялық деректерде Антонионың шіркеулік қызметі оның 1703 жылы Римдегі оқуымен сәйкес келмейді.
Жастық шақ
Әкесінің шіркеудегі қызметі және діни өмірі Жас Антонионың алдағы мансабын анықтағандай болды. Ол діни қызметкер болу туралы шешім қабылдады. Бұл түсінікті де еді. Себебі, сол кезде Италияда діни қызмет пен музыкалдық мансапты бірге алып жүру қалыпты жағдай еді. 1693 жылы 18 қыркүйектен бастап монах болу үшін шашын қырықтыру ырымы жасалды, 1700 жылы 18 қыркүйекте дьякон атағын алды. 1703 жылдың 23 наурызында шіркеу қызметкері болып тағайындалды . Келесі күні Сан-Джованни ин Олео шіркеуінде өзінің алғашқы литургиялық (құдайға сиыну) мессасын жасады.
1703 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Пьета» жетім балаларға арналған консерваториясында скрипкадан (maestro di violino) сабақ бере бастады. Аталмыш консерватория қыздар музыкалдық мектебінің ең алды болып саналатын. Кейіннен оркестр дирижері және концерттердің директоры (maestro de concerti) болды. Вивальдиге түрлі рухани және ақсүйектік той-думандардың әуендерін шығарып отыру міндеттелді. Музыкант мамандығын аббата-минорита дәрежесімен бірге алып жүрген Вивальди, діни қызметкерге тиым салынған қылық көрсеткені үшін бұл дәрежесінен айырылып қалды. Вивальди 1703 жылы Қасиетті Иоан шіркеуінде Лукреция Трэвизан графиня 90 рет жасалатын таң намазын оқуды тапсырды. 17 тамыз, 1704 жылы viola d’amoreдан сабақ бергені үшін қосымша сыйақы алды. Таңертеңгі ант намазының жартысын орындаған Вивальди денсаулығына байланысты Лукреция Трэвизанның тапсырмасынан бастартады. 1705 жылы Венециядағы Джузеппе Сала баспасы композитордың 12 сонатын шығармалар топтамасы түрінде басты. Екінші топтаманы 1709 жылы Венециядағы Бартоли баспасында скрипкаға арналған және чембаломен (клавесиннің итальяндық атауы) сүйемелденетін 12 сонатты бастырып шығарады. Вивальдидің алғашқы рет сахнаға шығуы 1706 жылы француз елшілігінің сарайында болды. Осы кезеңде композитор Брагор алаңынан жаңа ауданына көшеді. 1711 жылы «L’estro armonico» атты 12 концерт («Гармоническое вдохновение») жарияланды. Осы жылы ол қойылған концерттері үшін жылдық сыйақы алып, шәкірттерінің концерттерін басқарды. Ал 1713 жылдан бастап «Пиета» («Ospedale della Pietа») қыздар консерваториясының директоры болды. Осы жылдары жас Вивальди оқытушылық қызметімен қоса композиторлық қызметімен қарқынды айналысты. Сондықтан болар композитор туған жері Венецияда, тіпті оның сыртында да өте үлкен атаққа ие болды, жұртқа кеңінен таныла бастады. Венеция осы кезде халықаралық туризмнің орталығы екендігін ескерсек, Вивальдидің есімі шетелдерде де танылды. Осылайша, 1709 жылы «Пиетаның» ораториясының (драмалық сюжетке құрылып, негізінен концерттік орындауға лайықталған хор) көрсетілімі кезінде Вивальди Дания королі қабылдауында болып, таныстырылды. Вивальди осы таныстықтың құрметіне және корольдің құрметіне арнап скрипкада ойналатын 12 сонатаны сыйға тартты. 1712 жылы Венецияға келуі кезінде Антонио неміс композиторы Готтфрид Хайнрихпен (Gottfried Heinrich Stölzel) кездесті. Нәтижесінде, Готфрид Штольцль Антониомен жеке байланыста болған алғашқы неміс композиторы болып саналады.
Композиторлық қызметінің басталуы. Венеция (1713—1718)
1713 жылы Вивальди өзінің алғашқы үш актылы «Ottone in villa» («Вилладағы Оттон») операсын жазды. Операның сахналанған көрінісі аталған жылдың 17 мамырында венециандық Театро делле Грацие (Teatro delle Grazie) сахнасында қойылды . Бұл опера шытырман оқиғалы сюжетке құрылған. Вивальди тығыз қарым-қатынаста болған Доменико Лаллидің либереттосына жазылған аталмыш опера кей эпизодтарда Рим империясының тарихынан сыр шертеді. Операның сәтті шығуының нәтижесінде Вивальди Сан-Анджело театрының директоры Модоттодан тапсырыс алады. Модоттомен Вивальди өзінің «Фераспе» (1739) атты соңғы операсына дейін бірге тығыз жұмыс атқарған еді . жыл өткен соң, яғни 1714 жылы ол өзінің Грацио Браччьолидің либереттосына құрылған «Orlando finto pazzo» («Роланд, мнимый безумец») деп аталатын екінші операсын жазды. Опера итальян ақыны Людовико Аристоның «Қаһарлы Ролланд» поэмасының желісі бойынша жазылды. Жуырда, композитор латын мәтінінде жазылған «Моисей, бог фараонов» (1714) және «Юдифь торжествующая» (1716) атты екі ораторий жазды. 1715 жылы Сан-Анджело театры үшін «Nerone fatto Cesare» («Нерон, ставший Цезарем») операсына 12 бөлімді арий жазды. 1716 жылы Вивальди Сан-Анджело театрының тапсырысы бойынша «L’incoronazione di Dario» («Коронация Дария») операсын жазды. Осы жылы Венециядағы беделді театрлардың бірі Сан-Мозе театрының репертуарына «La costanza trionfante degl’amori e de gl’odii» («Постоянство, торжествующее над любовью и ненавистью») атты опера жазды. Аталған опералардың премьерасы 1716 жылғы карнавалда қойылды. 1718 жылы Вивальдидің «Scanderbegh» («Скандербег») операсы Флоренция театрында қойылды. Бұл оқиға өз кезегінде Вивальдидің шет елдердегі танымалдылығының айғағы.
Жалпы алғанда, 1713 пен 1718 жылдың аралығындағы жылдар Вивальдидің композиторлық қызметіндегі ең жемісті жылдары болып саналады. Осы жылдары жалпы саны 8 опера жазды .
Мантуедегі өмірі (1719—1722)
Композитор өмірінің 1719– 1722 жылдардағы кезеңі туралы деректер шамалы ғана. Композитордың 1737 жылдан бастап жазылған хаттарына қарағанда, Вивальди өмірінің осы кезеңдерін Германияның Мантуя қаласында өткізген. «La Verita in Cimento» операсының либреттосының бас бетінде Вивальди өзін Maestro di Capella di Camera il Principe Filippo Langravio d’Assia Darmstadt деп атайды. Бұл өз кезегінде 1720-1723 жылдарда Вивальди Австрия императорының әскерін басқарған маркграф Филипп Гессен-Дармштадтскийдің әскер қатарында қызмет етті деген қорытынды тудырды. Филипп Гессен-Дармштадтский осы кезеңде Австрияның VІ Карлдың Мантуе мен Неапольдегі әскерін басқарды.
Мантуеде Вивальди опера әншісі, француз шаштаразының қызы Анна Жиромен (Anna Giraud) танысты. Осы таныстық Вивальдидің болашақ өміріне үлкен әсер етті. Вивальди драмматург Карло Гольдониге жазған хаттарында Анна Жироны өзінің «тәртіпті оқушы» деп жазады. Зерттеушілердің пікірінше, Анна Жироның опера әншісі болып қалыптасуына Вивальдидің еңбегі зор. Шындығында, итальяндық опера композиторлары ән өнерінің техникасын терең меңгерген. Анна туралы замандасы Карло Гольдони: «Ол әдемі, нәзік, қыпша бел, күлім көз, қолаң шаш және оймақ ауыз қыз еді. Оның дауысы зор емес, бірақ актерлік қабілеті жоғары еді» деп суреттейді. Вивальдидің қасына Аннамен бірге оның апкесі Паолина да жолсерік болды. Паолина композитордың мед бикесі болып қызмет етті. Себебі, осы кезең —композитордың бронхиалды астма ауруымен науқастанып жүрген кезі. Мантуедегі үшжылдық әскери қызметінен соң, композитор Анна мен Паолинаны алып, Венецияға қайта оралады. Венецияндықтар Аннаны «сарышашты дін қызметкерінің нақсүйері» деп кекеткен еді. Шындығында композитордың апалы-сіңлілі Жиролармен тығыз қатынастары діни қызметші үшін шіркеудегі діни қызметкерлер тарапынан қолдау таппады. Осылайша Вивальдидің айналасы қара өсекке толды. Халық арасында оны әтек (гаремде қызмет ету үшін әдейі тарттырылған еркек) деп мазақтаушылар болды. Нәтижесінде, Вивальди мен діни қызметкер арасында ынтымақтастық бұзылды. 1738 жылы Феррара қаласының кардинал-архиепископы Вивальдиге қалаға кіруіне тыйым салды . Алайда болған кедергілерге, сөздерге қарамастан Вивальди апалы-сіңлілі Жироларды құрмет тұтып, олардың ары мен ұятын қорғап жүрді.
Римдік кезең (1723—1724)
1723 жылы Вивальдидің Рим қаласына жасаған алғашқы саяхаты болды. Римге саяхатында Вивальди өзінің жаңа туындысы: «Ercole sul Termodonte» («Термодонтадағы Геркулес») атты операсымен барды. Атақты, композитор және музыка теоретигі Римге келісімен римдіктердің Вивальди операсын жақсы қабылдағандығын байқап, «осы кезден бастап басқа әуен тыңдамайтындығын» айтты. 1724 жылдың ақпанында Вивальди «Giustino» («Джустино») операсының премьерасына қатысу үшін Римге қайта келді.. Вивальдидің биік профессионалды шеберлігін көрсететін Римдегі үшінші әрі соңғы операсы — «La virtù trionfante dell’amore, e dell’odio, overo Il Tirane» (1724) («Махаббат пен зұлымдықты билейтін жарылқаушы») атты опера. Осы кезеңде Вивальдидің рим папасы ХІІІ Бенедиктпен кездесті. Алайда, неміс зерттеушісі Карл Хеллердің (Karl Heller) пікірінше Вивальдидің аудиенциясы ХІІІ Бенедикттен алдын басқарған ХІІІ Инокентийдің кезінде болуы мүмкін деген болжам айтады. Егер Вивальди ХІІІ Бенедиктпен кездескен болса, онда композитор Римде көп уақыт болды. Өйткені Бенедикт XIII рим папасы болып сайланған жыл 1724 жылы 29 маусымда сайланған еді. 1725 жылы Амстердамда композитордың 1720 жылдар шамасында жазылған «Il Cimento dell’Armonia e dell’Invenzione» («Искус гармонии и инвенции» или «Үндестік пен Өнертапқыштықтың дауы») атты 12 концерттен тұратын циклы қойылды. Осы циклдың алғашқы төрт концерті Вивальдидің «Жыл мезгілдері» атты әлемге әйгілі музыкасы сол кездің өзінде жұртқа танымал бола бастады. Шындығында, Ресейде «Времена года» деп қате аталып кеткенімен, түпнұсқада концерт «Жылдың төрт мезгілі» (Le quattro stagione) деп аталады. Сонымен қатар, Вивальдидің халыққа танымал шығармалары көп. Олар: «La notte» (түн), «Il cardellino» (пайызторғай балапаны), рухани, діни шығармалары: «Gloria», «Magnificat», «Stabat Mater», «Dixit Dominus».
Өмірінің соңғы жылдары
Композитордың Венециядан кеткен уақыты белгісіз, бірақ шамамен 1740 жылдары ол туған жерін тастап, Рим императоры VI Карлға аттанады. Вивальди Венаға қолайсыз уақытта келді. Себебі, ол келгеннен кейін бірнеше айдан соң VI Карл қайтыс болып, Австрияның қазынасы үшін соғыс басталды. Венада қолдау таппаған Вивальди жаңа жұмыс қарастыру мақсатында Дрезден, Саксонияға қарай бет алды. Шамамен осы уақытта композитор науқасқа шалдықты. Ауру, ұмыт қалған, әрі өмір сүруге ақшасы қалмаған Вивальди Венаға оралып, 1741 жылы 28 шілдеде осында қайтыс болды. Дәрігер Антонио Вивальдидің өлімін «ішкі қабынудан» деп бекітті. Композитор кедейлерге арналған зиратта жерленді. Небары 19 флорин 45 крейцер төленді. Бір ай өткен соң әпкелері Маргарита мен Дзанетта Антонионың өлімі туралы хабар алды. 26 тамызда сот приставы Антонионың бар мүлкін қарыздарына жазады.
Италияның виртуоз скрипкашысы Антонионың музыкалды мұрасы XVIII—XIX ғасырларда танылған жоқ еді. Тек бертін келе, яғни XX ғасырдың 20-шы жылдары 200 жыл тұңғиықта жатқан композитор мұрасы итальяндық музыкатанушы Вивальдидің қолжазбаларын тапты . Иоганн Себастьян Бах Антонионың шығармаларына транскрипция жасады. Осыдан келіп, XX ғасырда Вивальдидің аспаптық шығармашылығының толық жинағы жарияланды. Вивальдидің аспаптық концерттері классикалық симфонияның қалыптасуының алғашқы қадамдары еді. Антонио Вивальдидің авторлығында 94 опера бар, дегенмен оның 40-қа жуығы ғана анықталған.
Вивальди шығармашылығын зерттеушілердің бірі — атақты неміс композиторы Бах. А. Казелланың айтуы бойынша «Бах — оның музыкалды дарынын түсінген жалғыз зерттеуші» болған. Сонымен қатар, Вивальди шығармашылығының зерттелуіне орасан зор үлес қосқан француз және неміс музыкатанушылары — Марк Пеншерль (Mark Pincherle) мен Вальтер Кольнедер (Walter Kolneder).
Шығармалары
Антонио Вивальди 40-қа жуық операның авторы, оның ішінде «Қаһарлы Ролланд» (Orlando furioso), «Цезерге айналған Нерон» (Nerone fatto Cesare, 1715, осында), «Коронация Даридің тәж кигізу жорасы» (L’incoronazione di Dario, 1716, осында), «Махабатты жеңген өтірік» (L’inganno trionfante in amore, 1725, осында), «Фарнак» (1727), «Кунегонда» (1727), «Олимпиада» (1734), «Гризельда» (1735, «Сан-Самуэле» театры, Венеция), «Аристид» (1735), «Тамерлан» (1735, Филармониялық театр, Верона), «Оракул в Мессении» (1738, «Сант-Анджело» театры, Венеция), «Ферасп» (1739); «Фараондардың құдайы Моисей» ораториясы (Moyses Deus Pharaonis, 1714), « Жеңімпаз Юдифь» (Juditha Triumphans devicta Holo-fernis barbarie, 1716), «Бақсының тәжім етуі» (L’Adorazione delli tre Re Magi, 1722) және басқалары.;
500-ден астам концерттердің авторы, оның ішінде:
- ішекті аспаптар оркестрі мен бассо континуоға арналған 44 концерт;
- 49 кончерто гроссо;
- ішекті оркестірдің сүйемелдеуімен арнайы бір аспапқа арналған немесе бассо континуоға арналған 352 концерт (253 скрипкаға, 26 виолончельге, 6 виоль д’амурға, 13 көлденең және 3 бойлық аралы флейтаға, 12 гобойға, 38 фаготқа, 1 мандолинге арналған);
- ішекті оркестірдің сүйемелдеуімен екі аспапқа арналған немесе бассо континуоға арналған 38 концерт (25 скрипкаға, 2 виолончелге, 3 скрипка және виолончелге, 2 валторнаға, 1 мандолинге арналған);
- ішекті оркестірдің сүйемелдеуімен үш аспапқа арналған немесе бассо континуоға арналған 32 концерт.
Бассо контунионың сүйемелдеуімен түрлі аспапта ойналатын 100-ден астам сонаттардың авторы; жоғарғы дәрежелі кантанта, серенада, симфония, және басқа да шіркеулік шығармалардың авторы.
Музыкалық фрагменттері
- Көктем. 1 Бөлім. Аллегро
- Көктем. 2 Бөлім. Ларго
- Көктем. 3 Бөлім. Аллегро
- Жаз. 1 Бөлім. Аллегро нон мольто
- Жаз. 2 Бөлім. Адажио
- Жаз. 3 Бөлім. Престо
- Күз. 1 Бөлім. Аллегро
- Күз. 2 Бөлім. Адажио мольто
- Күз. 3 Бөлім. Аллегро
- Қыс. 1 Бөлім. Аллегро нон мольто
- Қыс. 2 Бөлім. Ларго
Дереккөздер
- Антонио/ Большая советская энциклопедия. Вивальди(қолжетпейтін сілтеме)
- Karl Heller. Antonio Vivaldi: The Red Priest of Venice. Chapter Three. Vivaldi’s Training as Priest and His Appointment as Musico di Violino Professore Veneto — P:Amadeus Press, 1997 — p. 37 — ISBN 1-57467-015-8
- Walter Kolneder. Antonio Vivaldi: his life and work. — University of California Press, 1970 — ISBN 0-520-01629-7
- Электронды қоры. «Вивальди. Өмірі және шығармашылығы». Биография. Мұрағатталған 24 наурыздың 2010 жылы.Vivaldi.org.ru
- Музыкалды энциклопедия. Вивальди. Ю. В. Келдыштың редакциясы бойынша. 6 томдық. Т 1. — М.: Кеңес энциклопедиясы, 1973. Мұрағатталған 3 шілденің 2013 жылы.
- Reinhard Strohm. The Operas of Antonio Vivaldi. — L.S. Olschki, 2008 — p. 111 — ISBN 88-222-5682-4
- Игорь Белецкий. Антонио Вивальди: краткий очерк жизни и творчества. — И:Музыка, Ленинградское отд., 1975
- Муз-лит-ра. Вивальди — биография. Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2017 жылы.Muzlitra.ru
- Julie Anne Sadie. Companion to Baroque Music. — P:University of California Press, 1998 — p.40 — ISBN 0-520-21414-5
- Классикаға бойұру. Вивальди — Ercole sul Termodonte.
- Compton Mackenzie, Christopher Stone. Gramophone, Том 85,Выпуски 1029—1031 — И:General Gramophone Publications Ltd., 2008 — стр. 107
- Karl Heller. Antonio Vivaldi: The Red Priest of Venice. Chapter Six. «In moltissime città d’Europa» — A Diversity of Activities During the Years of Artistic Maturity (1718—1731) — P:Amadeus Press, 1997 — p. 149 — ISBN 1-57467-015-8
- Е. В. Коровкина. Кто есть кто в мире: 1500 имён. — И:Olma Media Group, 2003 — ISBN 5-8123-0088-7
- Фонд Foà-Giordano, библиотека Национального университета Турина
Әдебиеттер
- Барбье П Венеция Вивальди: Музыка и праздники эпохи барокко = La Venise de Vivaldi: Musique et fêtes baroques — СПб: Лимбах Иван, 2009. — Б. 280. — ISBN 978-5-89059-140-1.
- Вирджилио Боккарди Вивальди — Жизнь замечательных людей. — Москва: Молодая гвардия, 2007. — Т. 1085. — Б. 778. — ISBN 978-5-235-03014-5.
- Eleanor Selfridge-Field A new chronology of Venetian opera and related genres, 1660-1760. The calendar of Venetian opera — Stanford University Press, 2007. — Т. 1085. — Б. 272. — ISBN 978-0-80474-4379.
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Antonio Vivaldi |
- Classical Connect сайтындағы Вивальди шығармашылығына арналған мәліметтер Classical Connectтегі классикалық музыканың ақысыз кітапханасы
- Антонио Вивальди — классикалық музыка фонотекасындағы "Жыл мезгілдері" топтамасы Мұрағатталған 30 қазанның 2013 жылы. классикалық музыканың ақысыз кітапханасы
- Проект «Anima Veneziana». Вивальди өмірбаяны мен шығармашылығының орыс тіліндегі баспасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Antonio Lucho Vivaldi ital Antonio Lucio Vivaldi 4 nauryz 1678 zhyly Veneciya 28 shilde 1741 Vena italyandyk kompozitor skripkashy pedagog dirizhyor katoliktik dini kyzmetshi Vivaldi XVIII gasyrdagy italyandyk skripka onerinin kornekti okilderinin biri bolyp sanalady Antonio Lucho Vivaldi ital Antonio VivaldiNegizgi akparatTolyk atyAntonio Lucio VivaldiTugan kүni4 nauryz 1678 1678 03 04 Tugan zheriVeneciya Қajtys bolgan kүni28 shilde 1741 1741 07 28 63 zhas Қajtys bolgan zheriVena Қasietti Rim imperiyasyMemleketMamandyktarykompozitor pedagog Aspaptaryskripka klavesinZhanrlaryopera kameralyk muzyka Esimi Muzykant kozi tirisinde keremet atakka bolenip halyk tarapynan mojyndalgan Europadagy iri mәdeni kajratker Koncherto grosso ansambl orkestrlik koncerttin sheberi 40 tan astam operalardyn avtory Vivaldidin tanymaldylygy aspaptyk koncertterinin әsirese skripkanyn arkasynda keldi Onyn atakty tuyndysy skripkaly 4 koncertten turatyn Zhyl mezgilderi Vremena goda atty seriyaly shygarmasy ӨmirbayanyBragordagy Әulie Ioannyn shirkeui 1678 zhyly osy shirkeude Antonio shokyndyryldy Balalyk shak Antonio Vivaldi 1678 zhyly 4 nauryz kүni osy kezendegi Veneciya respublikasynyn astanasy Veneciyada tugan XX gasyrga dejin Vivaldidin omirbayanyn zertteushilerde kompozitordyn tugan zhyly turaly әrtүrli derekter boldy Mәselen biri 1675 zhyly tugan dese biri budan erterek degen bolzhamdar ajtkan 1963 zhyly kantarda agylshyn galymy Erik Pol Eric Paul tapkan Veneciya toniregi kelui turaly zhazbalar Vivaldidin tugan zhylyn bekituge mүmkindik berdi Tabylgan zhazbalarga sәjkes Antonio Vivaldi 1678 zhyly 4 nauryzda tuylyp osy soborda shokyndyryldy Bala әlsiz bolyp tugan oluge shak kalgan son ony tezarada shokyndyru kazhet boldy Antonionyn ata babalary lauazymdy tulgalar boldy Kompozitordyn әkesi Dzhovanni Battista 1655 1736 osy kalada tugan Dzhovanni on zhasynda anasymen Veneciyaga koship bardy Munda әkesi shashtaraz mamandygyn үjrendi Osy kezenderde italiyandyk shashtarazdarda tutynushylardyn uakyty bos otpesin dep tүrli muzykaldyk aspaptar ornalastyrylatyn edi Uakyt ote kele Dzhovanni osy aspaptarga degen kyzygushylygy oyanyp nәtizhesinde omirinin sonyna dejin muzykaga arnady Vivaldidin koltanbasy 1677 zhyly Dzhovanni Kamille Kalikchioga 1655 1728 үjlenip bir zhyldan son uldary Antonio dүniege keledi shirkeulik zhazbalarga karaganda Antonionyn үsh әpkesi Margarita Gabriela Chechiliya Mariya Dzanetta Anna zhәne eki agasy Bonaventura Tomaso pen Franchesko Gaetano bolgan Agalary әkesinin izin zhalgap shashtarazshy boldy 1685 zhyly Dzhovanni Battistanyn esimi Sovvegno dei musicisti de Santa Secilia atty muzykaldy kogamdy kalyptastyrushylardyn tiziminde ataldy Atalmysh kogamnyn direktory atakty kompozitor birkatar operalardyn avtory boldy Nәtizhesinde Dzhovanni Қasietti Mark shirkeuinin kapellasynda katolik shirkeudin horynda bas skripkashy boldy Ajta keterligi sol kezenderde әkesinin tolyk esimi Dzhovanni Battista Rossi bolgan edi Antonionyn әkesine tartkan sary shashtylygy үshin ony sary din kyzmetkeri dep atajtyn ital il prette rosso Kompozitordyn zhastyk shagy men muzykaldyk bilimi turaly derekter az Sondyktan Antoniony skripka onerine үjretken muzykadagy algashky ustazy әkesi bolgan dep bolzhanady Antonio on zhasynan bastap skripkada ojnaj bastajdy 1689 1692 zhyldar arasynda әkesinin Veneciyaga kelip ketui zhiilep ketken son ony shirkeudegi kapellada uly Antonio almastyryp otyrdy Kej derekterge sүjensek Antonio muzyka teoriyasyn Dzhovanni Legrencidan үjrendi desedi Alajda Legrencidin 1690 zhyly kajtys bolganyn eskersek onyn zhas Antonioga ustazdyk etui kүmәn tudyrady Antonionyn skripkada sheberlikpen ojnauy zhәne atakty rim skripkashysy Arkandzhelo Korellidin muzykaldy stiline uksastygy onyn atalmysh skripka sheberinen dәris algan degen bolzhamdar bar Alajda kazirgi kүnge dejin bul bolzhamdy rastajtyn dәlelder zhok Sonymen katar hronologiyalyk derekterde Antonionyn shirkeulik kyzmeti onyn 1703 zhyly Rimdegi okuymen sәjkes kelmejdi Zhastyk shak Әkesinin shirkeudegi kyzmeti zhәne dini omiri Zhas Antonionyn aldagy mansabyn anyktagandaj boldy Ol dini kyzmetker bolu turaly sheshim kabyldady Bul tүsinikti de edi Sebebi sol kezde Italiyada dini kyzmet pen muzykaldyk mansapty birge alyp zhүru kalypty zhagdaj edi 1693 zhyly 18 kyrkүjekten bastap monah bolu үshin shashyn kyryktyru yrymy zhasaldy 1700 zhyly 18 kyrkүjekte dyakon atagyn aldy 1703 zhyldyn 23 nauryzynda shirkeu kyzmetkeri bolyp tagajyndaldy Kelesi kүni San Dzhovanni in Oleo shirkeuinde ozinin algashky liturgiyalyk kudajga siynu messasyn zhasady 1703 zhyldyn 1 kyrkүjeginen bastap Peta zhetim balalarga arnalgan konservatoriyasynda skripkadan maestro di violino sabak bere bastady Atalmysh konservatoriya kyzdar muzykaldyk mektebinin en aldy bolyp sanalatyn Kejinnen orkestr dirizheri zhәne koncertterdin direktory maestro de concerti boldy Vivaldige tүrli ruhani zhәne aksүjektik toj dumandardyn әuenderin shygaryp otyru mindetteldi Muzykant mamandygyn abbata minorita dәrezhesimen birge alyp zhүrgen Vivaldi dini kyzmetkerge tiym salyngan kylyk korsetkeni үshin bul dәrezhesinen ajyrylyp kaldy Vivaldi 1703 zhyly Қasietti Ioan shirkeuinde Lukreciya Trevizan grafinya 90 ret zhasalatyn tan namazyn okudy tapsyrdy 17 tamyz 1704 zhyly viola d amoredan sabak bergeni үshin kosymsha syjaky aldy Tanertengi ant namazynyn zhartysyn oryndagan Vivaldi densaulygyna bajlanysty Lukreciya Trevizannyn tapsyrmasynan bastartady 1705 zhyly Veneciyadagy Dzhuzeppe Sala baspasy kompozitordyn 12 sonatyn shygarmalar toptamasy tүrinde basty Ekinshi toptamany 1709 zhyly Veneciyadagy Bartoli baspasynda skripkaga arnalgan zhәne chembalomen klavesinnin italyandyk atauy sүjemeldenetin 12 sonatty bastyryp shygarady Vivaldidin algashky ret sahnaga shyguy 1706 zhyly francuz elshiliginin sarajynda boldy Osy kezende kompozitor Bragor alanynan zhana audanyna koshedi 1711 zhyly L estro armonico atty 12 koncert Garmonicheskoe vdohnovenie zhariyalandy Osy zhyly ol kojylgan koncertteri үshin zhyldyk syjaky alyp shәkirtterinin koncertterin baskardy Al 1713 zhyldan bastap Pieta Ospedale della Pieta kyzdar konservatoriyasynyn direktory boldy Osy zhyldary zhas Vivaldi okytushylyk kyzmetimen kosa kompozitorlyk kyzmetimen karkyndy ajnalysty Sondyktan bolar kompozitor tugan zheri Veneciyada tipti onyn syrtynda da ote үlken atakka ie boldy zhurtka keninen tanyla bastady Veneciya osy kezde halykaralyk turizmnin ortalygy ekendigin eskersek Vivaldidin esimi shetelderde de tanyldy Osylajsha 1709 zhyly Pietanyn oratoriyasynyn dramalyk syuzhetke kurylyp negizinen koncerttik oryndauga lajyktalgan hor korsetilimi kezinde Vivaldi Daniya koroli kabyldauynda bolyp tanystyryldy Vivaldi osy tanystyktyn kurmetine zhәne koroldin kurmetine arnap skripkada ojnalatyn 12 sonatany syjga tartty 1712 zhyly Veneciyaga kelui kezinde Antonio nemis kompozitory Gottfrid Hajnrihpen Gottfried Heinrich Stolzel kezdesti Nәtizhesinde Gotfrid Shtolcl Antoniomen zheke bajlanysta bolgan algashky nemis kompozitory bolyp sanalady Veneciyadagy Pieta kyzdar konservatoriyasyKompozitorlyk kyzmetinin bastaluy Veneciya 1713 1718 1713 zhyly Vivaldi ozinin algashky үsh aktyly Ottone in villa Villadagy Otton operasyn zhazdy Operanyn sahnalangan korinisi atalgan zhyldyn 17 mamyrynda veneciandyk Teatro delle Gracie Teatro delle Grazie sahnasynda kojyldy Bul opera shytyrman okigaly syuzhetke kurylgan Vivaldi tygyz karym katynasta bolgan Domeniko Lallidin liberettosyna zhazylgan atalmysh opera kej epizodtarda Rim imperiyasynyn tarihynan syr shertedi Operanyn sәtti shyguynyn nәtizhesinde Vivaldi San Andzhelo teatrynyn direktory Modottodan tapsyrys alady Modottomen Vivaldi ozinin Feraspe 1739 atty songy operasyna dejin birge tygyz zhumys atkargan edi zhyl otken son yagni 1714 zhyly ol ozinin Gracio Brachcholidin liberettosyna kurylgan Orlando finto pazzo Roland mnimyj bezumec dep atalatyn ekinshi operasyn zhazdy Opera italyan akyny Lyudoviko Aristonyn Қaһarly Rolland poemasynyn zhelisi bojynsha zhazyldy Zhuyrda kompozitor latyn mәtininde zhazylgan Moisej bog faraonov 1714 zhәne Yudif torzhestvuyushaya 1716 atty eki oratorij zhazdy 1715 zhyly San Andzhelo teatry үshin Nerone fatto Cesare Neron stavshij Cezarem operasyna 12 bolimdi arij zhazdy 1716 zhyly Vivaldi San Andzhelo teatrynyn tapsyrysy bojynsha L incoronazione di Dario Koronaciya Dariya operasyn zhazdy Osy zhyly Veneciyadagy bedeldi teatrlardyn biri San Moze teatrynyn repertuaryna La costanza trionfante degl amori e de gl odii Postoyanstvo torzhestvuyushee nad lyubovyu i nenavistyu atty opera zhazdy Atalgan operalardyn premerasy 1716 zhylgy karnavalda kojyldy 1718 zhyly Vivaldidin Scanderbegh Skanderbeg operasy Florenciya teatrynda kojyldy Bul okiga oz kezeginde Vivaldidin shet elderdegi tanymaldylygynyn ajgagy Zhalpy alganda 1713 pen 1718 zhyldyn aralygyndagy zhyldar Vivaldidin kompozitorlyk kyzmetindegi en zhemisti zhyldary bolyp sanalady Osy zhyldary zhalpy sany 8 opera zhazdy Mantuedegi omiri 1719 1722 Per Leone Geccidin 1723 zhyly salyngan Vivaldi mүsinine arnalgan karikaturasy Kompozitor omirinin 1719 1722 zhyldardagy kezeni turaly derekter shamaly gana Kompozitordyn 1737 zhyldan bastap zhazylgan hattaryna karaganda Vivaldi omirinin osy kezenderin Germaniyanyn Mantuya kalasynda otkizgen La Verita in Cimento operasynyn librettosynyn bas betinde Vivaldi ozin Maestro di Capella di Camera il Principe Filippo Langravio d Assia Darmstadt dep atajdy Bul oz kezeginde 1720 1723 zhyldarda Vivaldi Avstriya imperatorynyn әskerin baskargan markgraf Filipp Gessen Darmshtadtskijdin әsker katarynda kyzmet etti degen korytyndy tudyrdy Filipp Gessen Darmshtadtskij osy kezende Avstriyanyn VI Karldyn Mantue men Neapoldegi әskerin baskardy Mantuede Vivaldi opera әnshisi francuz shashtarazynyn kyzy Anna Zhiromen Anna Giraud tanysty Osy tanystyk Vivaldidin bolashak omirine үlken әser etti Vivaldi drammaturg Karlo Goldonige zhazgan hattarynda Anna Zhirony ozinin tәrtipti okushy dep zhazady Zertteushilerdin pikirinshe Anna Zhironyn opera әnshisi bolyp kalyptasuyna Vivaldidin enbegi zor Shyndygynda italyandyk opera kompozitorlary әn onerinin tehnikasyn teren mengergen Anna turaly zamandasy Karlo Goldoni Ol әdemi nәzik kypsha bel kүlim koz kolan shash zhәne ojmak auyz kyz edi Onyn dauysy zor emes birak akterlik kabileti zhogary edi dep surettejdi Vivaldidin kasyna Annamen birge onyn apkesi Paolina da zholserik boldy Paolina kompozitordyn med bikesi bolyp kyzmet etti Sebebi osy kezen kompozitordyn bronhialdy astma auruymen naukastanyp zhүrgen kezi Mantuedegi үshzhyldyk әskeri kyzmetinen son kompozitor Anna men Paolinany alyp Veneciyaga kajta oralady Veneciyandyktar Annany saryshashty din kyzmetkerinin naksүjeri dep keketken edi Shyndygynda kompozitordyn apaly sinlili Zhirolarmen tygyz katynastary dini kyzmetshi үshin shirkeudegi dini kyzmetkerler tarapynan koldau tappady Osylajsha Vivaldidin ajnalasy kara osekke toldy Halyk arasynda ony әtek garemde kyzmet etu үshin әdeji tarttyrylgan erkek dep mazaktaushylar boldy Nәtizhesinde Vivaldi men dini kyzmetker arasynda yntymaktastyk buzyldy 1738 zhyly Ferrara kalasynyn kardinal arhiepiskopy Vivaldige kalaga kiruine tyjym saldy Alajda bolgan kedergilerge sozderge karamastan Vivaldi apaly sinlili Zhirolardy kurmet tutyp olardyn ary men uyatyn korgap zhүrdi Rimdik kezen 1723 1724 1723 zhyly Vivaldidin Rim kalasyna zhasagan algashky sayahaty boldy Rimge sayahatynda Vivaldi ozinin zhana tuyndysy Ercole sul Termodonte Termodontadagy Gerkules atty operasymen bardy Atakty kompozitor zhәne muzyka teoretigi Rimge kelisimen rimdikterdin Vivaldi operasyn zhaksy kabyldagandygyn bajkap osy kezden bastap baska әuen tyndamajtyndygyn ajtty 1724 zhyldyn akpanynda Vivaldi Giustino Dzhustino operasynyn premerasyna katysu үshin Rimge kajta keldi Vivaldidin biik professionaldy sheberligin korsetetin Rimdegi үshinshi әri songy operasy La virtu trionfante dell amore e dell odio overo Il Tirane 1724 Mahabbat pen zulymdykty bilejtin zharylkaushy atty opera Osy kezende Vivaldidin rim papasy HIII Benediktpen kezdesti Alajda nemis zertteushisi Karl Hellerdin Karl Heller pikirinshe Vivaldidin audienciyasy HIII Benediktten aldyn baskargan HIII Inokentijdin kezinde boluy mүmkin degen bolzham ajtady Eger Vivaldi HIII Benediktpen kezdesken bolsa onda kompozitor Rimde kop uakyt boldy Өjtkeni Benedikt XIII rim papasy bolyp sajlangan zhyl 1724 zhyly 29 mausymda sajlangan edi 1725 zhyly Amsterdamda kompozitordyn 1720 zhyldar shamasynda zhazylgan Il Cimento dell Armonia e dell Invenzione Iskus garmonii i invencii ili Үndestik pen Өnertapkyshtyktyn dauy atty 12 koncertten turatyn cikly kojyldy Osy cikldyn algashky tort koncerti Vivaldidin Zhyl mezgilderi atty әlemge әjgili muzykasy sol kezdin ozinde zhurtka tanymal bola bastady Shyndygynda Resejde Vremena goda dep kate atalyp ketkenimen tүpnuskada koncert Zhyldyn tort mezgili Le quattro stagione dep atalady Sonymen katar Vivaldidin halykka tanymal shygarmalary kop Olar La notte tүn Il cardellino pajyztorgaj balapany ruhani dini shygarmalary Gloria Magnificat Stabat Mater Dixit Dominus Өmirinin songy zhyldary Kompozitordyn Veneciyadan ketken uakyty belgisiz birak shamamen 1740 zhyldary ol tugan zherin tastap Rim imperatory VI Karlga attanady Vivaldi Venaga kolajsyz uakytta keldi Sebebi ol kelgennen kejin birneshe ajdan son VI Karl kajtys bolyp Avstriyanyn kazynasy үshin sogys bastaldy Venada koldau tappagan Vivaldi zhana zhumys karastyru maksatynda Drezden Saksoniyaga karaj bet aldy Shamamen osy uakytta kompozitor naukaska shaldykty Auru umyt kalgan әri omir sүruge akshasy kalmagan Vivaldi Venaga oralyp 1741 zhyly 28 shildede osynda kajtys boldy Dәriger Antonio Vivaldidin olimin ishki kabynudan dep bekitti Kompozitor kedejlerge arnalgan ziratta zherlendi Nebary 19 florin 45 krejcer tolendi Bir aj otken son әpkeleri Margarita men Dzanetta Antonionyn olimi turaly habar aldy 26 tamyzda sot pristavy Antonionyn bar mүlkin karyzdaryna zhazady Italiyanyn virtuoz skripkashysy Antonionyn muzykaldy murasy XVIII XIX gasyrlarda tanylgan zhok edi Tek bertin kele yagni XX gasyrdyn 20 shy zhyldary 200 zhyl tungiykta zhatkan kompozitor murasy italyandyk muzykatanushy Vivaldidin kolzhazbalaryn tapty Iogann Sebastyan Bah Antonionyn shygarmalaryna transkripciya zhasady Osydan kelip XX gasyrda Vivaldidin aspaptyk shygarmashylygynyn tolyk zhinagy zhariyalandy Vivaldidin aspaptyk koncertteri klassikalyk simfoniyanyn kalyptasuynyn algashky kadamdary edi Antonio Vivaldidin avtorlygynda 94 opera bar degenmen onyn 40 ka zhuygy gana anyktalgan Vivaldi shygarmashylygyn zertteushilerdin biri atakty nemis kompozitory Bah A Kazellanyn ajtuy bojynsha Bah onyn muzykaldy darynyn tүsingen zhalgyz zertteushi bolgan Sonymen katar Vivaldi shygarmashylygynyn zertteluine orasan zor үles koskan francuz zhәne nemis muzykatanushylary Mark Pensherl Mark Pincherle men Valter Kolneder Walter Kolneder ShygarmalaryVivaldi portreti Avtory Francua Morelon de lya Kave 1723 Antonio Vivaldi 40 ka zhuyk operanyn avtory onyn ishinde Қaһarly Rolland Orlando furioso Cezerge ajnalgan Neron Nerone fatto Cesare 1715 osynda Koronaciya Daridin tәzh kigizu zhorasy L incoronazione di Dario 1716 osynda Mahabatty zhengen otirik L inganno trionfante in amore 1725 osynda Farnak 1727 Kunegonda 1727 Olimpiada 1734 Grizelda 1735 San Samuele teatry Veneciya Aristid 1735 Tamerlan 1735 Filarmoniyalyk teatr Verona Orakul v Messenii 1738 Sant Andzhelo teatry Veneciya Ferasp 1739 Faraondardyn kudajy Moisej oratoriyasy Moyses Deus Pharaonis 1714 Zhenimpaz Yudif Juditha Triumphans devicta Holo fernis barbarie 1716 Baksynyn tәzhim etui L Adorazione delli tre Re Magi 1722 zhәne baskalary 500 den astam koncertterdin avtory onyn ishinde ishekti aspaptar orkestri men basso kontinuoga arnalgan 44 koncert 49 koncherto grosso ishekti orkestirdin sүjemeldeuimen arnajy bir aspapka arnalgan nemese basso kontinuoga arnalgan 352 koncert 253 skripkaga 26 violonchelge 6 viol d amurga 13 koldenen zhәne 3 bojlyk araly flejtaga 12 gobojga 38 fagotka 1 mandolinge arnalgan ishekti orkestirdin sүjemeldeuimen eki aspapka arnalgan nemese basso kontinuoga arnalgan 38 koncert 25 skripkaga 2 violonchelge 3 skripka zhәne violonchelge 2 valtornaga 1 mandolinge arnalgan ishekti orkestirdin sүjemeldeuimen үsh aspapka arnalgan nemese basso kontinuoga arnalgan 32 koncert Basso kontunionyn sүjemeldeuimen tүrli aspapta ojnalatyn 100 den astam sonattardyn avtory zhogargy dәrezheli kantanta serenada simfoniya zhәne baska da shirkeulik shygarmalardyn avtory Muzykalyk fragmentteriKoktem 1 Bolim Allegro akp Koktem 2 Bolim Largo akp Koktem 3 Bolim Allegro akp Zhaz 1 Bolim Allegro non molto akp Zhaz 2 Bolim Adazhio akp Zhaz 3 Bolim Presto akp Kүz 1 Bolim Allegro akp Kүz 2 Bolim Adazhio molto akp Kүz 3 Bolim Allegro akp Қys 1 Bolim Allegro non molto akp Қys 2 Bolim Largo akp DerekkozderAntonio Bolshaya sovetskaya enciklopediya Vivaldi kolzhetpejtin silteme Karl Heller Antonio Vivaldi The Red Priest of Venice Chapter Three Vivaldi s Training as Priest and His Appointment as Musico di Violino Professore Veneto P Amadeus Press 1997 p 37 ISBN 1 57467 015 8 Walter Kolneder Antonio Vivaldi his life and work University of California Press 1970 ISBN 0 520 01629 7 Elektrondy kory Vivaldi Өmiri zhәne shygarmashylygy Biografiya Muragattalgan 24 nauryzdyn 2010 zhyly Vivaldi org ru Muzykaldy enciklopediya Vivaldi Yu V Keldyshtyn redakciyasy bojynsha 6 tomdyk T 1 M Kenes enciklopediyasy 1973 Muragattalgan 3 shildenin 2013 zhyly Reinhard Strohm The Operas of Antonio Vivaldi L S Olschki 2008 p 111 ISBN 88 222 5682 4 Igor Beleckij Antonio Vivaldi kratkij ocherk zhizni i tvorchestva I Muzyka Leningradskoe otd 1975 Muz lit ra Vivaldi biografiya Muragattalgan 26 kyrkүjektin 2017 zhyly Muzlitra ru Julie Anne Sadie Companion to Baroque Music P University of California Press 1998 p 40 ISBN 0 520 21414 5 Klassikaga bojuru Vivaldi Ercole sul Termodonte Compton Mackenzie Christopher Stone Gramophone Tom 85 Vypuski 1029 1031 I General Gramophone Publications Ltd 2008 str 107 Karl Heller Antonio Vivaldi The Red Priest of Venice Chapter Six In moltissime citta d Europa A Diversity of Activities During the Years of Artistic Maturity 1718 1731 P Amadeus Press 1997 p 149 ISBN 1 57467 015 8 E V Korovkina Kto est kto v mire 1500 imyon I Olma Media Group 2003 ISBN 5 8123 0088 7 Fond Foa Giordano biblioteka Nacionalnogo universiteta TurinaӘdebietterBarbe P Veneciya Vivaldi Muzyka i prazdniki epohi barokko La Venise de Vivaldi Musique et fetes baroques SPb Limbah Ivan 2009 B 280 ISBN 978 5 89059 140 1 Virdzhilio Bokkardi Vivaldi Zhizn zamechatelnyh lyudej Moskva Molodaya gvardiya 2007 T 1085 B 778 ISBN 978 5 235 03014 5 Eleanor Selfridge Field A new chronology of Venetian opera and related genres 1660 1760 The calendar of Venetian opera Stanford University Press 2007 T 1085 B 272 ISBN 978 0 80474 4379 SiltemelerOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Antonio VivaldiClassical Connect sajtyndagy Vivaldi shygarmashylygyna arnalgan mәlimetter Classical Connecttegi klassikalyk muzykanyn akysyz kitaphanasy Antonio Vivaldi klassikalyk muzyka fonotekasyndagy Zhyl mezgilderi toptamasy Muragattalgan 30 kazannyn 2013 zhyly klassikalyk muzykanyn akysyz kitaphanasy Proekt Anima Veneziana Vivaldi omirbayany men shygarmashylygynyn orys tilindegi baspasy