Амазон ойпаты - Оңтүстік Америкадағы, сондай-ақ жер шарындағы ең үлкен ойпат.
Ауданы 5 млн кm². Андыдан Атлант мұхитына дейін Гвиана және Бразилия таулы үстірті аралығында, дүние жүзіндегі ең суы мол өзен - алабын алып жатыр. Негізінен палеозойдың теңіз шөгінділері және мезозой-кайнозойдың құрылықтағы шөгінділерімен толықтырылған Оңтүстік Америка платформасының синеклизасында орналасқан.
Климаты ыстық (айлық орта температурасы -24-28С) және ылғалды (жылдық орта жауын-шашын мөлшері 1500-3000мм). Амазон ойпаты Батыс Амазон және Шығыс Амазон ойпаты болып екіге бөлінеді.
Батыс Амазон ойпаты
Батыс Амазон ойпаты – өте кең (1600км дейін), тегіс жазық. Климаты экваториалдық, үнемі ылғалды. Өзендері баяу ағады. Пальма, , какао ағаштары өседі. Батыс Амазон ойпатында жалпақ тұмсық маймылдар, құмырсқа жегіш; қос мекенділерден тапир, пекар; құс және бауырымен жорғалаушылар көп.
Шығыс Амазон ойпаты
Шығыс Амазон ойпатының ( мен Тапажос өзендері сағасынан шығысқа қарай) ені тар (350 км-ге дейін), шет жақтарында палеозойдың теңіз шөгінділері мен докембрийдің кристалды жыныстары ашылып жатады. Шығыс Амазон ойпатыны көп тілімделген. Климаты субэкваториалдық. Селдір орман өседі, қызыл топырақты жері ойдым саванналар. Шығыс Амазон ойпатында жануарлардан құмырсқа жегіш, бұғымазам, кеміргіштер көп. Амазон ойпатында халық сирек қоныстанған. Негізгі қатынас жолы – өзен. Марганец, темір кені, Мадейра маңында мұнай бар.
Галерея
- Амазон өзенінің сағасы
- Амазон ойпатында орналасқан тропикалық ормандар
- Пираньялар
- Икитос (Перу) - суда жүзетін деревня.
Дереккөздер
- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
- https://web.archive.org/web/20080414025841/http://zelenyshluz.narod.ru/articles/amazonia.htm
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Amazon ojpaty Ontүstik Amerikadagy sondaj ak zher sharyndagy en үlken ojpat Amazon ozeninin alaby Audany 5 mln km Andydan Atlant muhityna dejin Gviana zhәne Braziliya tauly үstirti aralygynda dүnie zhүzindegi en suy mol ozen alabyn alyp zhatyr Negizinen paleozojdyn teniz shogindileri zhәne mezozoj kajnozojdyn kurylyktagy shogindilerimen tolyktyrylgan Ontүstik Amerika platformasynyn sineklizasynda ornalaskan Klimaty ystyk ajlyk orta temperaturasy 24 28S zhәne ylgaldy zhyldyk orta zhauyn shashyn molsheri 1500 3000mm Amazon ojpaty Batys Amazon zhәne Shygys Amazon ojpaty bolyp ekige bolinedi Batys Amazon ojpatyBatys Amazon ojpaty ote ken 1600km dejin tegis zhazyk Klimaty ekvatorialdyk үnemi ylgaldy Өzenderi bayau agady Palma kakao agashtary osedi Batys Amazon ojpatynda zhalpak tumsyk majmyldar kumyrska zhegish kos mekendilerden tapir pekar kus zhәne bauyrymen zhorgalaushylar kop Shygys Amazon ojpatyShygys Amazon ojpatynyn men Tapazhos ozenderi sagasynan shygyska karaj eni tar 350 km ge dejin shet zhaktarynda paleozojdyn teniz shogindileri men dokembrijdin kristaldy zhynystary ashylyp zhatady Shygys Amazon ojpatyny kop tilimdelgen Klimaty subekvatorialdyk Seldir orman osedi kyzyl topyrakty zheri ojdym savannalar Shygys Amazon ojpatynda zhanuarlardan kumyrska zhegish bugymazam kemirgishter kop Amazon ojpatynda halyk sirek konystangan Negizgi katynas zholy ozen Marganec temir keni Madejra manynda munaj bar GalereyaAmazon ozeninin sagasy Amazon ojpatynda ornalaskan tropikalyk ormandar Piranyalar Ikitos Peru suda zhүzetin derevnya Derekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 https web archive org web 20080414025841 http zelenyshluz narod ru articles amazonia htm