Алаш милициясы, халықтық милиция — 1917 ж. желтоқсанның 5-13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінің шешіміне сәйкес құрылған Алаш автономиясының қарулы жасақтары.
Съездің күн тәртібіндегі 10 мәселенің төртіншісі “милиция туралы” болды. Осы мәселе бойынша Алаш қозғалысының белгілі өкілі Халел Ғаббасов жасады. Съезд Алаш автономиясы аталған ұлттық мемлекеті аяғынан тік тұрғызу үшін және тек кеңестік негіздегі автономияларды ғана қорғап-қолдауға бейім тұрған “бостандықтың жауы — болшевизммен күресу үшін” “халықтық милиция” атанған ұлттық әскер құру бағдарламасын бекітті. Осыған сәйкес Алаш автономиясына кіретін облыстар мен уездерде құрылуға тиісті милиция бөлімдерінің саны анықталып, оларды соғыс өнеріне үйрету, қажетті қару-жарақпен және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдары айқындалды.
Негізінен атты әскер түрінде жасақталатын халықтық милиция қатарына әскери қызметті атқаруға жарамды 20 мен 35 жастың арасындағы ер азаматтар алынатын болды. Бөкей, Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарындағы милиция қызметкерлерінің жалпы саны 13500 болсын делініп, әр облыс бойынша әскер қатарына шақырылғандар саны мына мөлшерде белгіленді:
- Бөкейде — 1000
- Оралда — 2000
- Торғайда — 3000
- Ақмолада — 4000
- Семейде — 1500
- Жетісу облысында — 2000
Милицияға қару-жарақ пен оқ-дәріні Алашорданың ұлттық қорынан алу белгіленді. Милиционерлерді әскери тәртіп пен өнерге үйрету үшін офицерлер мен нұсқаушыларды: 100 милиционерге 1 офицер, 50 милиционерге бір нұсқаушы шақырылатын болды. Қазақ офицерлерін даярлау үшін Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажеттігі съезд шешімдерінде баса көрсетілді. Милицияны ұйымдастыруға байланысты жұмсалатын шығын 68960000 сом болып анықталды. Бұл қаражат аталған 6 облысты мекендеген қазақтар есебінен жиналатын болды. Съезд қарарларына сәйкес халықтық милиция жасақтарын құру ісі көп кешікпей басталып, осы бағыттағы жұмыстар 1918 жылдың жазынан, елде азамат соғысы басталуына байланысты жаңа қарқын алды. Алашорда үкіметі бұл бағыттағы жұмыстарды тек қана Орынбор қазақ әскерінің басшылығымен ғана емес, сонымен қатар Самарадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінен тұратын үкіметпен (“Комуч”) және Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен (1918 ж. қарашадан — Колчак үкіметімен) бірлесе, соңғыларының көмегіне сүйеніп жүргізді. Алашорданың батыс бөлімшелерінің жетекшілері Жанша Досмұхамедов және Халел Досмұхамедов “КОМУЧ” үкіметінің есебінен 600 винтовка, бір пулемет алса, Алашорданың Торғай бөлімшесі 300 мылтық, 20 мың патронға ие болды. Орынбор казак әскерлерінің атаманы тікелей көмегімен Қостанай және Ырғыз уездерінде екі атты полкті жасақтау жүзеге асырылды.
1918 ж. тамыздың 12-нде Алашорданың әскери бөлімінің бастығы капитан (кейбір деректерде подполковник) Хамит Тоқтамышев Уақытша Сібір үкіметінің соғыс министрінің атына жазған хатында Семейде құрамында 750 жауынгер мен 38 офицері бар Алаш полкінің құрылғанын баяндай келіп, Зайсанда халықтық милицияның 200 адамнан, Павлодарда 150, Қарқаралыда 250 және Өскеменде 250 адамнан тұратын әскери құрамалар жасақталғанын хабарлап, Қазақстанның әртүрлі аудандарында қызылдарға қарсы соғысқа тікелей кіріскендігі туралы жазады.
Ә.Бөкейхановтың 1919 жылғы ақпанның 11-нде Колчак үкіметінің ресми делегациясымен жүргізген келіссөздерінде келтірілген мәліметтеріне қарағанда сол кезде азамат соғысы майдандарында Қызыл Армияға қарсы күреске қатысқан Алаш қарулы күштерінің саны 3000-нан асқан. Осы келіссөздің барысында Алашорда делегациясының басшысы Бөкейханов Сібір үкіметі өкілінің “Милицияны қалай түсінуге болады?” — деген сұрағына “Милиция — біздің әскеріміз. Ол қазір іс жүзінде бар: 700 жігітіміз Жетісу майданында, 540 адам Троицк түбінде, 2000 адам Орал облысында соғыс әрекеттеріне қатынасуда”, — деп жауап берді. Бұл мәліметтерге Алашорданың батыс бөлімшесі ұйымдастырған әскери құрамаларды қоссақ, “халықтық милиция” атты Алаш автономиясы әскерінің қатарында бес мыңға жуық адам болған. Нашар қаруланған, соғыс тәжірибесі жоқ “халықтық милиция” бөлімдері Қазақстандағы азамат соғысының барысына ықпал ете алған жоқ. Алашорданың таратылуымен бірге ол құрған “халықтық милиция” бөлімдері де таратылды.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
- Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alash miliciyasy halyktyk miliciya 1917 zh zheltoksannyn 5 13 kүnderi Orynborda otken 2 zhalpykazak sezinin sheshimine sәjkes kurylgan Alash avtonomiyasynyn karuly zhasaktary Alash miliciyasy 1919 zh Sezdin kүn tәrtibindegi 10 mәselenin tortinshisi miliciya turaly boldy Osy mәsele bojynsha Alash kozgalysynyn belgili okili Halel Ғabbasov zhasady Sezd Alash avtonomiyasy atalgan ulttyk memleketi ayagynan tik turgyzu үshin zhәne tek kenestik negizdegi avtonomiyalardy gana korgap koldauga bejim turgan bostandyktyn zhauy bolshevizmmen kүresu үshin halyktyk miliciya atangan ulttyk әsker kuru bagdarlamasyn bekitti Osygan sәjkes Alash avtonomiyasyna kiretin oblystar men uezderde kuryluga tiisti miliciya bolimderinin sany anyktalyp olardy sogys onerine үjretu kazhetti karu zharakpen zhәne kiim keshekpen kamtamasyz etu zholdary ajkyndaldy Negizinen atty әsker tүrinde zhasaktalatyn halyktyk miliciya kataryna әskeri kyzmetti atkaruga zharamdy 20 men 35 zhastyn arasyndagy er azamattar alynatyn boldy Bokej Oral Torgaj Akmola Semej zhәne Zhetisu oblystaryndagy miliciya kyzmetkerlerinin zhalpy sany 13500 bolsyn delinip әr oblys bojynsha әsker kataryna shakyrylgandar sany myna molsherde belgilendi Bokejde 1000 Oralda 2000 Torgajda 3000 Akmolada 4000 Semejde 1500 Zhetisu oblysynda 2000 Miliciyaga karu zharak pen ok dәrini Alashordanyn ulttyk korynan alu belgilendi Milicionerlerdi әskeri tәrtip pen onerge үjretu үshin oficerler men nuskaushylardy 100 milicionerge 1 oficer 50 milicionerge bir nuskaushy shakyrylatyn boldy Қazak oficerlerin dayarlau үshin Orynbor kazak әskerinin tәzhiribesi men komegin pajdalanu kazhettigi sezd sheshimderinde basa korsetildi Miliciyany ujymdastyruga bajlanysty zhumsalatyn shygyn 68960000 som bolyp anyktaldy Bul karazhat atalgan 6 oblysty mekendegen kazaktar esebinen zhinalatyn boldy Sezd kararlaryna sәjkes halyktyk miliciya zhasaktaryn kuru isi kop keshikpej bastalyp osy bagyttagy zhumystar 1918 zhyldyn zhazynan elde azamat sogysy bastaluyna bajlanysty zhana karkyn aldy Alashorda үkimeti bul bagyttagy zhumystardy tek kana Orynbor kazak әskerinin basshylygymen gana emes sonymen katar Samaradagy Қuryltaj zhinalysy mүshelerinen turatyn үkimetpen Komuch zhәne Ombydagy Uakytsha Sibir үkimetimen 1918 zh karashadan Kolchak үkimetimen birlese songylarynyn komegine sүjenip zhүrgizdi Alashordanyn batys bolimshelerinin zhetekshileri Zhansha Dosmuhamedov zhәne Halel Dosmuhamedov KOMUCh үkimetinin esebinen 600 vintovka bir pulemet alsa Alashordanyn Torgaj bolimshesi 300 myltyk 20 myn patronga ie boldy Orynbor kazak әskerlerinin atamany tikelej komegimen Қostanaj zhәne Yrgyz uezderinde eki atty polkti zhasaktau zhүzege asyryldy 1918 zh tamyzdyn 12 nde Alashordanyn әskeri boliminin bastygy kapitan kejbir derekterde podpolkovnik Hamit Toktamyshev Uakytsha Sibir үkimetinin sogys ministrinin atyna zhazgan hatynda Semejde kuramynda 750 zhauynger men 38 oficeri bar Alash polkinin kurylganyn bayandaj kelip Zajsanda halyktyk miliciyanyn 200 adamnan Pavlodarda 150 Қarkaralyda 250 zhәne Өskemende 250 adamnan turatyn әskeri kuramalar zhasaktalganyn habarlap Қazakstannyn әrtүrli audandarynda kyzyldarga karsy sogyska tikelej kiriskendigi turaly zhazady Ә Bokejhanovtyn 1919 zhylgy akpannyn 11 nde Kolchak үkimetinin resmi delegaciyasymen zhүrgizgen kelissozderinde keltirilgen mәlimetterine karaganda sol kezde azamat sogysy majdandarynda Қyzyl Armiyaga karsy kүreske katyskan Alash karuly kүshterinin sany 3000 nan askan Osy kelissozdin barysynda Alashorda delegaciyasynyn basshysy Bokejhanov Sibir үkimeti okilinin Miliciyany kalaj tүsinuge bolady degen suragyna Miliciya bizdin әskerimiz Ol kazir is zhүzinde bar 700 zhigitimiz Zhetisu majdanynda 540 adam Troick tүbinde 2000 adam Oral oblysynda sogys әreketterine katynasuda dep zhauap berdi Bul mәlimetterge Alashordanyn batys bolimshesi ujymdastyrgan әskeri kuramalardy kossak halyktyk miliciya atty Alash avtonomiyasy әskerinin katarynda bes mynga zhuyk adam bolgan Nashar karulangan sogys tәzhiribesi zhok halyktyk miliciya bolimderi Қazakstandagy azamat sogysynyn barysyna ykpal ete algan zhok Alashordanyn taratyluymen birge ol kurgan halyktyk miliciya bolimderi de taratyldy DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H Қazak ulttyk enciklopediyasyBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet