Алания — Солтүстік Кавказдың орталық бөлігінде 9-13 ғ-да болған мемлекет. Өздерін ирондар, византиялықтар, аландар, грузиндер, остар деп атаған алан тайпалары б.з. 1-ші ғ-ында Солтүстік Каспий, Дон өңіріндегі сармат қоныстарынан бөлініп, Азов (Азу) т-нің маңы мен Солтүстік Кавказға келіп қоныстанған. 372 ж. аландарды ғұндар жаулап алды. Аландардың бір бөлігі ғұндармен бірге “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” қатысты, Галлия, Испания арқылы Солтүстік Африкаға дейін жетті. Ал олардың екінші бөлігі Солтүстік Кавказдың орталық бөлігіне орнықты. Онда аландар мен жергілікті Кавказ тайпаларының бірлестігі пайда болды. Бұл бірлестікті аландар басқарғандықтан византиялықтар оны Алания деп атаған. 8-9 ғ-да Алания Хазар қағандығының құрамында болып, одан 9 ғ-дың соңы — 10 ғ-дың басына қарай бөлініп шығып, өз мемлекетін құрған. Алания Хазарияның Византиямен сыртқы байланыстарында маңызды рөл атқарды. 10 ғ. Аланияға Византиядан христиан діні енді. Аландардың жартылай отырықшылыққа көше бастауы нәтижесінде қалалар пайда болды. Археологиялық қазба жұмыстары аландардың бірнеше қаласы болғандығын айғақтап отыр. Аланияның астанасы Магас қаласы болды. Мемлекет басшысы “кэркундедж” деп аталды. Елдегі бар билік әскери ақсүйектер — “богаторлар” (батырлар) қолында болған. Шыңғыс хан құрған империя жасақтарының 1237 — 39 ж. шапқыншылығы Аланияның құлауына себепші болды. Магас қаласын қоршауды Мөңке хан басқарды. Қаланы қорғау кезінде 270 мыңнан астам аландықтар қаза тапты. Алания құлағаннан кейін 14 ғ-да аландар арасында ислам діні тарай бастады. Қазіргі осетиндер аландардың үрім-бұтағы болып есептелінеді.
Дереккөздер
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Alaniya Soltүstik Kavkazdyn ortalyk boliginde 9 13 g da bolgan memleket Өzderin irondar vizantiyalyktar alandar gruzinder ostar dep atagan alan tajpalary b z 1 shi g ynda Soltүstik Kaspij Don onirindegi sarmat konystarynan bolinip Azov Azu t nin many men Soltүstik Kavkazga kelip konystangan 372 zh alandardy gundar zhaulap aldy Alandardyn bir boligi gundarmen birge Halyktardyn uly konys audaruyna katysty Galliya Ispaniya arkyly Soltүstik Afrikaga dejin zhetti Al olardyn ekinshi boligi Soltүstik Kavkazdyn ortalyk boligine ornykty Onda alandar men zhergilikti Kavkaz tajpalarynyn birlestigi pajda boldy Bul birlestikti alandar baskargandyktan vizantiyalyktar ony Alaniya dep atagan 8 9 g da Alaniya Hazar kagandygynyn kuramynda bolyp odan 9 g dyn sony 10 g dyn basyna karaj bolinip shygyp oz memleketin kurgan Alaniya Hazariyanyn Vizantiyamen syrtky bajlanystarynda manyzdy rol atkardy 10 g Alaniyaga Vizantiyadan hristian dini endi Alandardyn zhartylaj otyrykshylykka koshe bastauy nәtizhesinde kalalar pajda boldy Arheologiyalyk kazba zhumystary alandardyn birneshe kalasy bolgandygyn ajgaktap otyr Alaniyanyn astanasy Magas kalasy boldy Memleket basshysy kerkundedzh dep ataldy Eldegi bar bilik әskeri aksүjekter bogatorlar batyrlar kolynda bolgan Shyngys han kurgan imperiya zhasaktarynyn 1237 39 zh shapkynshylygy Alaniyanyn kulauyna sebepshi boldy Magas kalasyn korshaudy Monke han baskardy Қalany korgau kezinde 270 mynnan astam alandyktar kaza tapty Alaniya kulagannan kejin 14 g da alandar arasynda islam dini taraj bastady Қazirgi osetinder alandardyn үrim butagy bolyp eseptelinedi DerekkozderҚazak ulttyk enciklopediyasy Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet